Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЖІРИБЕ.doc
Скачиваний:
72
Добавлен:
05.06.2015
Размер:
962.05 Кб
Скачать

2. Мақсаты:

Тақырып бойынша Конституцияның ұғымы мен мәнін және ерекше белгілерін айқындай отырып, қоғам мен мемлекетте ең жоғарғы заңдық күші бар, адам азаматының құқықтары мен бостандықтарын, міндеттерін,

мемлекеттік құрылысын, ел басының өкілеттілігін, өкіметтің заң шығарушы, атқарушы және сот органдарын, сондай – ақ жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдарын және олардың қызметін бекітуші әрі реттеуші негізгі заңына сипаттама бере отыра студенттер Ата Заңның мазмұнын білуге міндетті.

3. Оқыту мақсаты:

- ҚР Конституциясының негізгі ережелерімен таныстыру;

- Жағдайлық есептерді құру және шешуге дағдыландыру;

- Конституция баптарымен жұмыс істеу барысында құқықтық терминдерге, сондай- ақ Конституцияның баптарына сипаттама беруге үйрету;

- Конституциялық – құқықтық қатынастардың айрықша белгілерін анықтауға үйрету;

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары

1. Конституция құқығының ұғымы, пәні, ролі және қайнар көзі.

2. Конституциялық - құқықтық қатынастардың ұғымы, олардың объектілері мен субъектілері.

3. Конституция ұғымы және құқықтық актілер жүйесіндегі оның ролі.

4. Конституциялық заңдылық ұғымы және оның ерекшеліктері.

5.Білім берудің және оқытудың әдістері жағдайлық есептер.

Есеп №1.

Шарт: ҚР институтында оқитын студент Ли Чан, өзімен бірге оқитын группалас қызына, яғни, Павловаға некелесу туралы және де некелескеннен кейін Қытай халық Республикасының азаматтығын алуға ұсыныс жасады. Павлова ұсынысты қабылдады, бірақ оған ең алдымен, ҚР азаматтығынан шығу керектігін айтты. Қандай жағдайда ҚР азаматтығынан шығуға болды?

Есеп №2.

Шарт: Алматы медицина академиясының аспирантурасында оқитын шетел азаматы Пауль Зинчер Қазақстанның азаматтығын алғысы келді, өйткені асперантураны бітірген соң, оған Астанада жұмыс ұсынды. Қандай негіздермен және қандай жолмен Қазақстанның азаматтығын алуға болды?

Есеп №3.

Шарт: Томас Гоппинс, оның әйелі Кейс және олардың 12,15,19 жасар балалары АҚШ азаматтары бола тұра, өз отандарын тастап Қазақстанға келіп, Қазақстанның азаматтығын алғысы келді. Сұрақ : Гоппинс отбасы қандай органға жүгінуі тиіс? Олар қандай жолмен Қазақстан азаматтығын ала алады және олардың үш баласының азаматтықтары мәселесі қалай шешіледі?

Есеп № 4

Шарт: Ұлыбритания азаматы Чарлз Блейер Астана қаласында тұрып мехникалық зауытта бас инженер қызметін атқарады. М.Синицкая есімді азматшаға үйленген соң ҚР азаматтығын қабылдауды ұйғарады . Сұрақ: ол үшін қай органға және қандай құжатпен жүгінуі тиіс?

Есеп № 5

Шарт: Тілші Нестерова шетел азматына тұрмысқа шығып, онымен бірге Бразилияға кетіп қалады. Бірақ, жүкітілік кезінде Қазақстандағы үйіне келіп қызын дүниеге әкеледі. Сұрақ: Нестерованың қызының азаматығын анықтаңыз?

6. Әдебиет

Негізгі

1. Баққұлов С. Д. «Құқық негіздері».Оқулық, 2-ші басылым. Алматы, 2004.-

248 бет. II- бөлімі.28-44 беттер.

2. Оспанов Қ.И «Құқық негіздері».2- бас., толықтырылған. - Алматы: Жеті

жарғы, 2007.-304 бет. II- бөлімі.

3. ҚР Конституциясы. Алматы 2008 ж.

4. Конституцияның түсіндірме сөздігі. Алматы 1996 ж.

Қосымша

1. Ашитов З.О., Ашитов Б.З. «ҚР Құқық негіздері». Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

2. Ағарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы 2003 ж.

3. Сәкен Өзбек, Өмірәлі Қопабаев «Мемлекет және құқық теориясы».Алматы

«Жеті Жарғы» 2006 ж.

4. Табанов С.А. «Салыстырмалы құқық негіздері».Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

5. Сапарғалиев Ғ. «Заң терминдерін түсіндірме сөздігі». Алматы «Жеті

Жарғы» 1995 ж.

6. Жамбылова Р. «Заң терминдерінің қазақша – орысша, орысша – қазақша

анықтамалық сөздігі» Алматы 2001 ж.

7. Сапарғалиев Ғ.Ибраева А. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы

«Жеті Жарғы» 1997 ж.

8. Сапарғалиев Ғ. «ҚР Конституциялық құқығы» Алматы 1997 ж.

9. Төлеуғалиев Ғ. «ҚР азаматтық құқығы» Алматы 2001 ж.

10.Баянов Е.«ҚР Мемлекеті мен құқығының негіздері».Алматы 2003 ж.