Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЖІРИБЕ.doc
Скачиваний:
72
Добавлен:
05.06.2015
Размер:
962.05 Кб
Скачать

3. Оқыту мақсаты:

– Студенттер еңбек құқығының ұғымы мен қайнар көздерін білу, еңбек құқықтық қатынастарды білу, жеке еңбек келісім шартына тұру, жеке еңбек келісім шартының бұзылуын білу, жұмыс уақыты мен демалыс уақытының құқықтық реттелуін білу, сонымен бірге еңбекті қорғаудың құқықтық шараларын білу, еңбек дауларын шешу тәртібін толық сипаттамларын білу.

- Шағын топтарда бірігіп жауап берген сұрақтар мен талқыланып жатқан түсініктерге сипаттама беруге дағдылып үйрену.

- Басқа студенттердің жауаптарын тыңдай білу және оларды толықтыру.

- Конституция баптарына түсінік бере отырып, құқықтық терминдерді сауатты қолдану.

- Шағын топтар коммуникативтік дағдыларды, тақырыптық тапсырмаларды бірлесіп орындауды өркендетеді.

- Сабақ барысындағы жауап беру кезінде себеп салдар байланыстарына назар аудару қажет.

- Студенттердің жауап бері барысында дидактикалық материалдарды сауатты қолдана білуі қажет (кестелер, слайдтар т.б.)

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Еңбек құқығының түсінігі, пәні мен қайнар көзі.

2. Еңбек құқығының жүйесі.

3. Еңбек құқықтық қатынастардың түсінігі және мазмұны.

4. Жеке еңбек келісім шартының түсінігі мен тәртібі.

5. Туынды және тікелей жеке еңбек келісім шарты.

6. Жеке еңбек келісім шартын бұзу негіздері.

7. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты.

8. Еңбек дауларын шешу тәртібі.

9. Еңбекті қорғаудың түсінігі мен мағынасы.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері. Шағын топтар.

Шағын топтарға тапсырма:

1 топ.

1. Еңбек құқығының түсінігі.

2. Еңбек құқығының мақсаты.

3. Еңбек құқықтық қатынастары.

4. Еңбек құқығының қайнар көздері.

2 топ.

1.Жеке еңбек шартының жасалуы ұғымы.

2.Жеке еңбек шартының бұзылу түсінігі.

3. Жұмыс уақытының түсінігі және түрлері мен демалыс уақыты.

4. Демалыс уақытының түсінігі және түрлері.

3 топ.

1. ҚР Конституциясының 24 бабына түсінік беру.

2. Еңбек дауларын шешу тәртібі.

3. Жалақы ұғымы және оның реттелу әдістері.

4. Жалақы төлеу жүйесі.

4 топ.

1. Еңбек шартының тараптарының материалдық жауапкершілігі.

2. Еңбекті қорғау түсінігі.

3. Еңбек келісім шартының тәртібі.

4. Еңбек тәртібінің және көтермелеу шарасының ұғымы.

6. Әдебиет:

Негізгі

1.Баққұлов С. Д.«Құқық негіздері» Оқулық, 2 - ші басылым. Алматы, 2004 .-

248 бет.IX- бөлімі 137-149 беттер.

2.Оспанов Қ.И.«Құқық негіздері» 2- бас., толықтырылған. - Алматы: Жеті

жарғы, 2007. - 304 бет.VIII бөлім 238-272 беттер..

3. ҚР Конституциясы.II бөлім Адам және азамат Алматы 2008 ж.

4. Конституцияның түсіндірме сөздігі. Алматы 1996 ж.

5. ҚР Еңбек туралы заңы 1999 ж.

Қосымша

1. Ашитов З.О., Ашитов Б.З. «ҚР құқық негіздері». Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

2. Ағарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы 2003 ж.

3. Сәкен Өзбек, Өмірәлі Қопабаев «Мемлекет және құқық теориясы».Алматы

«Жеті Жарғы» 2006 ж.

4. Табанов С.А. «Салыстырмалы құқық негіздері».Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

5. Сапарғалиев Ғ. «Заң терминдерін түсіндірме сөздігі». Алматы «Жеті

Жарғы» 1995 ж.

6. Жамбылова Р. «Заң терминдерінің қазақша – орысша, орысша – қазақша

анықтамалық сөздігі» Алматы 2001 ж.

7. Сапарғалиев Ғ.Ибраева А. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы

«Жеті Жарғы» 1997 ж.

8. Сапарғалиев Ғ. «ҚР Конституциялық құқығы» Алматы 1997 ж.

9. Төлеуғалиев Ғ. «ҚР азаматтық құқығы» Алматы 2001 ж.

10.Баянов Е.«ҚР Мемлекеті мен құқығының негіздері».Алматы 2003 ж.

  1. Бақылау: «Қазақстан Республикасының еңбек құқығының негіздері» тақырыбы бойынша тест бақылаудың сұрақтары.

1. Жалпы құқық жүйесінде еңбек құқығы.

2. Еңбек құқығы қандай қатынастарды реттейді

3. Еңбек құқығының негізгі мақсаты.

4. Еңбек құқығының қосымша мақсаты.

5. Еңбек құқығының пәні.

6. Еңбек құқығының қайнар көзі.

7. Еңбек құқығының жүйесі.

8. Еңбек құқығының жалпы бөлімі қандай құқықтық нормалардан

Қалыптасқан.

9. Еңбек құқығының Арнайы бөліміне қандайн құқық нормалары

жатады.

10. «Еңбек қорғау туралы Заң» қабылданған уақыты.

11. Еңбек келісімді қатынастарының субъектілері.

12. Еңбек шарты қандай құқықтар мен міндеттерден тұрады.

13. Жалпы ережелер бойынша еңбек шарты заңда көрсетілген қай жастан

бастап жасалынады.

14. Ерекше жағдайларда еңбек шарты заңға сәйкес белгілі бір жастан

жасалынады.

15. Еңбек келісім түрлі шарттардан қалыптасады.

16. Жұмыс уақыты әр түрлі болады.

17. Шектелген жұмыс уақыты қандай еңбекшілерге қолданады.

18. Еңбек қорғау міндеті қандай жеке тұлғаларға жүктелген.

19. Еңбек тәртібін бұзғандығы үшін заңмен белгіленген жазалар.

20. Сапалы еңбек көрсеткені үшін жұмысшыларға қолданатын сыйлықтар

неше топқа бөлінеді.

- «ҚР еңбек құқығы» тақырыбы бойынша оқиғалық есептер.

№1 Есеп.

Марат құрлысшы болып істейді оның аптасына жұмыс уақыты 45 сағат. Ал шартта олай жазылмаған.

Сұрақ:Ол қанша уақыты жұмыс істеуі керек?

№2 Есеп.

Айгүл жүкті болғансон ол демалысқа шықты. Ол жалаусынаң 20%-ін алады.

Сұрақ: Бұл дұрыс проценттін жалақыма?

№3 Есеп.

Бахыт мемлекеттік жұмыс орынында хатшы болып істейді. Оның тәңертен 9.00-де жұмыс орнында болуы керек еді,бірақ отбасы жағдайына байланысты жарты сағатқа кешігіп келеді. Оның басшысы айғайлап жұмыстаң қуып шығады.

Сұрақ: Басшысы жұмыстан шығармай не істеу керек еді?

№4 Есеп.

Асқаров Даурен 2-ші топ мүгедегі,бірақ оған мемлекеттен ешқандай көмек көрсетілмейді.

Сұрақ: Бұл қандай құқық бұзушылық және қандай бап бойынша кепілдік берілген?

№5 Есеп.

Азамат пен Бағдат екеуі мемлекеттік жұмысқа орналасамыз деп бет бұрады. Бірақ Азамат өзінің туысы арқылы конкурстен өтіп кетеді.

Сұрақ: Бұл қандай бапқа кайшы келді?

№6 Есеп.

Максим биылғы жылы Москвадан көшіп келді. Оны мемлекеттік жұмысқа бірден алды.

Сұрақ: Мемлекеттік жұмысқа тұру үшін қандай талаптар сай болу керек (бап бойынша)?

№7 Есеп.

Асхат есімді азамат Заң Университетін 2007 жылдың 4 маусымында бітірген болатын. Бірақ, ата – анасы оны өз мамандығы бойынша орналастырмайды. Ол хатшы болып қызмет атқарады.

Сұрақ: Бұл Конституцияның нешінші бабына қайшы келіп отыр?

№8 Есеп.

Т есімді азамат С есімді азаматтың қол астында жұмыс жасайды. Оның жұмысында барлық қауіпсіздік шаралары мен қауіпсіздік киімдері түгелдей қамтылған. Бір күні Т есімді азамат жұмыс уақытында белгісіз себептермен жұмыста 3 сағат болмайды, сонымен қоса еңбек ету барысында қауіпсіздік шаралары мен қауіпсіздік киімін кимей жұмысқа кірісіп, денсаулығына зиян келтіреді.

Сұрақ: Т есімді азамат жұмыс беруші С есімді азаматқа денсаулығы жөнінде шағымдана алады ма?

№9 Есеп.

Б есімді азамт мектепте оқитын 14 жастағы Р есімді азаматты ата – анасының рұқсатынсыз жұмысқа алады. Бір айдан кейін жұмыс беруші Б есімді азамат 14 жастағы Р есімді азаматты аптасына 36 сағат жұмыс істеуге күштеп көндіреді.

Сұрақ: Бұл жерде қандай заңсыз оқиға көрініс тапқан?

№10 Есеп.

С есімді азаматша жұмыс орнына 25 минут кешігіп келді және ол бірнеше рет қайталанды.

Сұрақ: С есімді азаматтың ісі дұрыс па?

1.Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы»