Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЖІРИБЕ.doc
Скачиваний:
72
Добавлен:
05.06.2015
Размер:
962.05 Кб
Скачать

7. Бақылау:

-«Саяси-әкімшілік аясындағы басқару» тақырыбы бойынша тестік бақылау жұмысының сұрақтары.

1. Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының негіздері»

2. Мақсаты:

Аталған саланың қағидалары мен қайнар көздерін, азаматтық құқықтық қатынастардың мазмұнын, азаматтық- құқықтық жауапкершіліктің қолданылу негіздерін, мәмілелер мен келісім- шарттарға отыру ережелерін зерделеу.

3. Оқыту мақсаты:

- Студенттерді азаматтық құқықтың пәні мен ролін түсінуге үйрету.

- Жағдайлық есептерді құруға және оларды шешуге дағдыландыру. – Жағдайлық есептерді құру және оларды шешу студенттердің ойлау қабілетін дамытып, түзетуге және білім деңгейлерін жеке тексеру үшін қажет. – Азаматтық құқықтық қатынастардағы мәмілелермен келісім-шарттардың құрылуы бойынша студенттердің алған білімін пайдалану. –Азаматтық –құқықтық жауапкершілігінің қолданылу шарттарын түсіну.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Азаматтық құқықтың ұғымы және пәні.

2. Азаматтық құқықтың рөлі және мазмұны.

3. Азаматтық құқықтық қатынастардың ұғымы.

4. Азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері мен субъектілері.

5. Азаматтық құқық қабілеттілігінің ұғымы және оның мазмұны.

6. Азаматтық әрекет қабілеттілігінің ұғымы және оның түрлері.

7. Мәміле және келісім-шарт ұғымы.

8. Меншік құқығы және оның мазмұны.

5.Білім берудің және оқытудың әдістері: жағдайлық есептер.

№1 Есеп.

А есімді қарт адам қайтыс болады. Бұл адамның жеке иеленген пәтері бар.Өсиет бойынша, өзінің балалары болмағандықтан, А есімді азамат пәтерін ешкімге қалдырған жоқ.

Сұрақ: Бұл пәтер кімнің иелігіне өтеді?

№2 Есеп.

А есімді азамат Д есімді азаматтың атасынан қалған мұрасына яғни жеріне қол сұқпақшы болды.

Сұрақ: А есімді азаматтың қылығы дұрыс па?

№3 Есеп.

Манго деген атақты фирмасымен Пуча фирмасы арасында шарт жасалады. Уақыт өте келе араларында келіспеушілік пайда болды. Енді шарт бұзуға тура келді.

Сұрақ: Шартты бұзу үшін қандай құқық негіздері айналысады?

№4 Есеп.

Қ есімді азаматша шетел валютасын өз иелігіне меншіктенеді.

Сұрақ: Заң бойынша жазаға тартыла ма?

№5 Есеп.

Бір аса бай, ауқатты жанұяда мұрагерлікті бөлу жөнінде өзара келіспеушіліктер пайда болды

Сұрақ: Бұл жағдайда қандай құқық негіздері шешеді және айналысады?

№6 Есеп.

Б есімді азамат Д есімді азаматтың рұқсатынсыз мүлкін иеленеді.

Сұрақ: Д есімді азаматтың сотқа жүгінуге құқығы бар ма?

6. Әдебиет:

Негізгі

1. Баққұлов С. Д.«Құқық негіздері».Оқулық, 2-ші басылым. Алматы 2004 . -

248 бет. IV- бөлімі. 54-102 беттер.

2. Оспанов Қ.И "Құқық негіздері"2 - бас., толықтырылған. - Алматы: Жеті

жарғы. 2007. - 304 бет. IV- бөлімі. 93-112 беттер.

3. ҚР Конституциясы. II Адам және азамат Алматы 2008 ж.

4. Конституцияның түсіндірме сөздігі. Алматы 1996 ж.

5. Азаматтық кодексі жалпы бөлімі 1994 ж.

6. Азаматтық кодексі ерекше бөлімі 1999 ж.