Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЖІРИБЕ.doc
Скачиваний:
72
Добавлен:
05.06.2015
Размер:
962.05 Кб
Скачать

Қосымша

1. Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. «ҚР-ның Құқық негіздері». Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

2. Ағарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы 2003 ж.

3. Сәкен Өзбек, Өмірәлі Қопабаев «Мемлекет және құқық теориясы».Алматы

«Жеті Жарғы» 2006 ж.

4. Табанов С.А. «Салыстырмалы құқық негіздері».Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

5. Сапарғалиев Ғ. «Заң терминдерін түсіндірме сөздігі». Алматы «Жеті

Жарғы» 1995 ж.

6. Жамбылова Р. «Заң терминдерінің қазақша – орысша, орысша – қазақша

анықтамалық сөздігі» Алматы 2001 ж.

7. Сапарғалиев Ғ.Ибраева А. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы

«Жеті Жарғы» 1997 ж.

8. Сапарғалиев Ғ. «ҚР Конституциялық құқығы» Алматы 1997 ж.

9. Төлеуғалиев Ғ. «ҚР азаматтық құқығы» Алматы 2001 ж.

10.Баянов Е.«ҚР-ның Мемлекеті мен құқығының негіздері».Алматы 2003 ж.

7. Бақылау

- «Мемлекет пен құқық туралы, мемлекеттік құбылыстар туралы негізгі ұғымдар» тақырыбы бойынша тестілік бақылау жұмысы, жағдайлық есептер.

1. Мемлекет және құқық теориясы.

2. Мемлекет және құқық теориясының пәніне қандай қатынастар

жатады.

3. Мемлекет құқық теориясы келесі қоғамдық қатынастарды

қарастырады.

4. Мемлекет және құқық теориясы.

5. Алғашқы уақытында құқық келесі түрлерінде қолданады.

6. Жалпы әдеттік құқығының бірінші қайнар көзі.

7. Жалпы кодифициялық құқығының бірінші қайнар көзі.

8. Қазақстан мемлекетінде алғашқы мерзімдерде келесі құқығын

қолданады.

9. Қазақтардың белгілі кодифициялық құқығының қайнар көзі (түп

нұсқасы).

10. Жалпы мемлекет және құқық теория бойынша ҚҰҚЫҚ ұғымы келесі

мәніне жатады.

11. Қазіргі Қазақстан Республикасында құқық бір түрінде қолданады.

12. Прецеденттік құқығының ережелері әртүрлі мемлекеттерде

қалыптасқан.

13. Кодификациялық құқығының қайнар көзі немесе түп нұсқасы.

14. Заңдар жиынтығының ең жоғарғы заңдық күші бар нормативтік акт

табылатын.

15. Жалпы құқығының негізгі мақсаты.

16. Әкімшілік, азаматтық, қылмыстың жауаптылықтар келесі негіздерден

қабылданған.

17. Азаматтық жауаптылық әр түрлі негіздермен байланысты.

18. Қылмыстық жауаптылық жалпы ережелер бойынша белгілі бір

жастан тартылады.

19. Қылмыстық Кодекстің 15-ші бабының 2-ші тармағына сәйкес қылмыстық жауаптылық белгіленген бір жастан қолданады.

20. Диспозиция, санкция, гипотеза түрлі әлеументтік нормаларына жатады.

- Жағдайлық есептер

№ 1 тапсырма

Шарт: Құқықтық нысандардың біреуіне анықтама берген студент Жаров былай дейді:

«Құқықтық әдет ғұрып» - бұл бір-біріне ұқсайтын істерге ереже болып қалатын, нақты іс бойынша сот шешімі. Ал, оған студент Аверин қарсы былай дейді: «Құқықтық әдет ғұрып» - бұл тәртіп ережесі ұзақ уақыт бойы қайталана беретін мемлекетпен санкцияланған жалпыға міндетті тарихи ереже.

Сұрақ: Олардың қайсынікі дұрыс? Прецеденттік құқықтың белгілерін және оның қолданылу аумағын атаңыз.

№ 2 тапсырма

Шарт: Студент Алхимовтың ойынша, нормативтік акт ол құқық нормалары жүйеленетін, құзіретті органдардан берілген жазбаша құжаты деп санайды. Студент Ефремов келіспеді. Оның ойынша нормативтік акт кейіннен ұқсас заңды істердің шешілуінің міндетті ережелері болатын нақты іс бойынша соттың шешімі.

Сұрақ: Бұл таласта кімнің тұжырымы дұрыс? Нормативтік актілердің маңыздылығын анықтаңыз? Қандай мемлекеттік органдар заңды актілерді шығарады? Заңды актілерге мысал келтіріңіз.

№ 3 тапсырма

Шарт: Акимов құқықтық мемлекеттің белгілерін былай деп атайды:

Заңның үстемділігі.

Басқару элитасын тотальді бақылау.

Билікті бөлу қағидаттары.

Жеке тұлғаның құқығы мен бостандығына кепіл.

Соттың тәуелсіздігі.

Сұрақ: Акимов неден қателесті? Құқықтық мемлекеттің тағы қандай белгілері бар? Құқықтық мемлекеттің қағидасы жүзеге асатын шарттарды атаңыз?

№ 4 тапсырма

Шарт: Студент Мартюшов қоғамдағы құқықтық функцияны қарастыра отырып, ол ең бастысы тәрбие, сонымен бірге жалпы және арнайы құқық бұзушылыққа ескерту жасау, ал қосымшасына қоғамдағы қатынастарды реттеу деп өз ойын айтты.

Сұрақ: Құқықтың функциясы мен нысандарын атаңыз?.

№ 5 тапсырма

Шарт: Студент Симкина құқықтық актілерді жалпы сипаттау барысында Конституцияны Азаматтық туралы заң, азаматтық кодекс және еңбек туралы заң жоғарғы заңдық күші бар нормативтік актілер деп сипаттайды.

Сұрақ: Конституция дегеніміз не? Құқықтық актілердің жалпы жүйесіндегі Конституцияның маңызы қандай? Оның жоғарғы заңдық күші немен анықталады?

1.Тақырыбы «Қазақстан Республикасының конституциялық құқық негіздері»