Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЖІРИБЕ.doc
Скачиваний:
72
Добавлен:
05.06.2015
Размер:
962.05 Кб
Скачать

7. Бақылау:

- «Интеллектуалдық меншік түсінігі» тақырыбы бойынша жазбаша бақылау жұмысы.

1. Интеллектуалдық меншік құқығының құқықтық реттелуі.

2. Интеллектуалдық меншік құқығы субъектісінің құқығының және міндеттерінің мазмұны.

3. Авторлық құқығының және оның міндеттерінің реттелуі.

4. Интеллектуалдық меншік объектісінің ерекше құқығының мәні .

5. Интеллектуалдық меншік құқығының рәсімделу тәртібі және бұзылған құқықтарды іске асыру тәсілдері.

1.Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік құқығының негіздері.

2. Мақсаты:

Студенттерді Қазақстанда кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың нақты түсініктерімен таныстыру, ҚР-да кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың қайнар көздерін, жеке кәсіпкерлік қызметтің түсінігін, кәсіпкерлік қызмет түрлерімен таныстыру.

3.Оқыту міндеттері:

- іскерлік ойынын өткізуді үйрену.

Іскерлік ойын — белсенді оқытудың бастаушы әдістерінің бірі болып табылады. Оқыту әдісі ретінде іскерлік ойын келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс: ойынға қатысушылар арасында рөлдерді бөліп алу, ойынға қатысушылардың қызметнің біріктілігі; үйлестірілген шешімдер қабылдауға қажетті шарт ретінде ойын бойынша диалогтық қарым-қатынас; ойынның бастаушы тірегі болатын ұжымда жалпыға бірдей ойындық мақсаттың болуы (ойындық жүйе) ; ойынға терме енгізу (ойламаған жерден пайда болған жағдайлар); уақытты тиімді қолдана білу; ойын жүргізілуіне және білімдеріне қарай жарысқа қатысуларына байланысты қорытынды бағалар жүйесін қолдану; интеллектуалдық және эмоционалдық жағдайды тудыратын ойында ынталандыру жүйесінің болуы, іскерлік ойынның тоқтаусыз және қызықты болуы; іскерлік ойынның тиімділігі - оқытылатын бірлескен ойынға жетістілікті дамыту және тәрбиелеу.

- кәсіпкерлікке жалпы сипаттама беру.

-ҚР-да кәсіпкерлік қызметтің негізгі талаптарымен танысу.

-Конституция баптарымен жұмыс барысында ҚР территориясындағы

-кәсіпкерлік қызмет қағидаларына сипаттама беру.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Кәсіпкерлік қызмет түсінігі, белгілері.

2.Кәсіпкерлік қызмет субьектілері, объектілері.

3.Кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу.

4. Кәсіпкерлік түсінігі, оның құқықтары мен міндеттері.

5. ҚР-да кәсіпкерліктің құқықтық негіздері.

6. Кәсіпкерлік саласындағы құқықтық қатынас.

7. Кәсіпкерліктің конституциялық қағидалары.

8. ҚР-да монополистік қызметті реттеу.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: іскерлік ойын.

Тақырып бойынша тапсырма:

-іскерлік ойынның сценариін жазу.

-сценариге және хронометражға сәйкес ойынды жүргізу.

- іскерлік ойынға студенттердің барлығы қатысуы тиіс.

-іскерлік ойын жүргізу барысында қосымша пайда болған сұрақтарды талдау.

-қорытынды шығару.

Іскерлік ойынның мысалы:

Іскерлік ойынды өткізу әдістемесі « Үстел ортасындағы қаламсап»

Қажетті нәрселер:

  1. Бөлек қағаздарға басылған сұрақтар.

  2. таза парақтар, қаламсаптар.

  3. Жұмыс дәптері.

Жұмыс барысы:

  1. Топтағы барлық топтар 3 топтамаға бөлінеді.

  2. Әрбір топ бөлек столға отырады да таза парақ пен қаламсап дайындайды.

3. Қағазға қатысушы студенттердің аты жөні, факультеті, топтың нөмірі, іскерлік ойынның атауы және өткізілген күні жазылады.

4. Тапсырмалар: нақты бір сұраққа барлық топ жауап береді.

5. Әр студент параққа өзінің тегін және жауаптың бір нұсқасын жазып көршісіне береді де қаламсабын столдың ортасына жылжытып жібереді.

6. Оқытушы топтардың жұмысын және барлығының қатысуын қадағалайды. Дұрыс жауаптың жалпы бір нұсқасы дәптерге жазылады.

7. Оқытушы студенттердің жауаптарын бағалап, тиісті бал қояды.

8. Жауап жазылған парақтарға оқытушы тиісті ұпай және қолын қояды.

9. Студенттерге ұпай сабақ барысында есептеліп қойылады.

10. Журналдың төменгі бос орнына іскерлік ойынның өткізілгендігі жазылып, топ жетешісі (староста) қолын қояды.

11. Студенттердің жасаған жұмыс жазбаларын оқытушы сақтап қояды.

Іскерлік ойын барысында келесі сұрақтарды ашу:

1. Кәсіпкерлік түсінігі.

2. Кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу.

3. Кәсіпкерлік қызмет негіздерінің конституциялық бекітілуі.

4. Жеке кәсіпкерлік түсінігі.

5. Кәсіпкерлік қызмет негіздері.

6. Жеке меншік кәсіпкерлігі.

7. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру нысандары.

8. Кәсіпкерлік қызметпен айналысу тәртібі.

9. Кәсіпкерлік қызмет құқығына шектеу қою.

10. Кәсіпкерлік қызметті қорғау.