Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЖІРИБЕ.doc
Скачиваний:
72
Добавлен:
05.06.2015
Размер:
962.05 Кб
Скачать

7. Бақылау:

- «ҚР қылмыстық құқығының негіздері» тақырыбы бойынша тестік сұрақтар.

- жағдайлық есептер.

  1. Жалпы құқық жүйесіндегі қылмыстық құқық.

  2. Қылмыстық құқықтың пәні.

  3. Қылмыстық құқықтың қайнар көздері.

  4. Қылмыстық құқықтың негізгі мақсаты.

  5. Қылмыстық құқықтың қосымша мақсаты.

  6. Қылмыстық құқықтың жүйесі.

  7. ҚР қылмыстық Кодексінің қабылданған мерзімі.

  8. Қылмыстық құқық көптеген құқықтық ережелерден қалыптасқан.

  9. Қоғамдық қатынастарға қарсы қылмыстарды қылмыстық кодекс реттейді.

  10. Қылмыстық кодекс түрлі ережелерді белгілейді.

  11. Қылмыс құрамы.

  12. Қылмыстың объективтік жағының сипаттамасы.

  13. Себеп, кінә, мақсат.

  14. Құқыққа кайшылық,ерекше қоғамдық қауіпсіздік, кінәлілік, жазалау сипатталады.

  15. Мемлекеттік мәжбүрлеудің басқа шараларының ерекшелігімен қылмыстық құқық бойынша жазалау.

  16. Қылмыстық жауапкершілікке жалпы ережелер бойынша белгілі жастан таратылады.

  17. ҚР Қылмыстық Кодексіне сәйкес қылмыстық жауапкершілік.

  18. Белгілі жасқа жеткен, есі дұрыс тұлғаның жауаптылыққа тартылуы.

  19. Қылмыстық жауапкершілікті заңды жауаптылықтың түрі ретінде қарастырады.

  20. ҚР Қылмыстық кодексі қабылданды.

- «ҚР қылмыстық құқығының негіздері» тақырыбы бойынша жағдайлық есептер.

№1 Есеп.

14 жасар Петров көшеден атылмаған оқ тауып алды. Оқтын шын екеніне көз жеткізгісі келген ол оқты ауладағы ашық отқа тастады. Оттың атылу нәтижесінде 5 жасар қыз ауыр жарақатын алды.

Сұрақ: Петровтың іс әрекетінде қылмыстық белгілері бар ма?

№2 Есеп.

Шаткулов жеміс бағын күзетуші еді. Ол түнде белгісіз екі адамның баққа ұрланып кіріп, қаптарына алма толтыра бастағанын көріп қалып, қаруын оқтап, соларға қарап атып жібереді. Ол екеуінің Қ және Е есімді азаматтар екенін кейін анықталды. Нәтижесінде Е есімді азамат жараланды.

Сұрақ: Шаткуловты жауапқа тартуға болады ма?

№3 Есеп.

Б есімді азамт өзінің танысы Кадиярованың үйінде қонақта отырып, спирт араластырылған қолдан жасалған арақты ішіп, ауырып, емханаға әкелінеді, Емханада ол қайтыс болады.

Сұрақ: Аталған жағдайда қылмыс құрамы бар ма?

Бар болса қылмыстың объективтік жағына түсінік беріңіз?

№4 Есеп.

Дәрігер терапевт Ашимова ауылында тұратын мамасына демалысқа қыдырып келеді. Түн ішінде көршілері терезе қағып, соқыр шек қысып ауыра бастаған баласына көмек көрсетуін өтінеді. Ашимова ауруды қарап шығып мен еш көмек көрсете алмаймын, тез арада аудандық емханаға хабарлау керек деп, үйіне кетіп қалады. Аудан орталығымен байланыс болмағандықтан дәрігерлік көмек дер кезінде көрсетілмей, бала қайтыс болды.

Сұрақ: Ашимованың әрекеті қылмыстық әрекет болып санала ма?

№5 Есеп.

Жаманбаев, Дарханбаев, Асылбеков ақшалай көмек мақсатымен автокөлікті иемдену мақсатында автокөлік жүргізушісіне шабуыл жасады. Содан сол азаматтар автокөлік жүргізушісін қорқытып, өздері қылмыс болған жерден қашып кетеді. Сонымен қоса Жаманбаев қылмыстың ізін жою үшін, автокөлік жүргізушісінің төлқұжатын алып кетеді.

Cұрақ:Қылмыстың объект және объекттік жақтарын, сонымен қоса қылмысқа жауапты кім?

№6 Есеп.

Шыңғыс пен Сәрсенбек аңшылықтан қайтып келе жатып, жол жөнекей

автокөлікті тоқтатады. Жолда қатты сілкіністің себебінен, Шыңғыс қаруын

автокөлік ішіне түсіріп алады. Құлаған қарудан оқ атылып, Сәрсенбек қайтыс болады.

Сұрақ: Қылмыстың субъект және субъекттік жақтарын анықтаңыз?

Қылмыскер қай бапқа сәйкес жазаланады?

№7 Есеп.

ПТУ-дың 17 жасар қатысушысы П.С. есімді азамат аңшы қаруымен учаскі инспекторын өлтіргені үшін сотталады. Себебі инспектор оның әкесін өзінің танысының үйін өртеп жібергені үшін соттайды. П.С. есімді азамат сот үкімі шыққан кезде 18 жаста болатын.

Cұрақ: Қылмыстың негізгі жауаптысын анықтаңыз?

Қабылдаған шешім белгілі бір жаза болуы мүмкін бе?

№8 Есеп.

Жұмыссыз С.К. есімді азамат зейнетақы тасып жүрген пошташыға шабуыл жасап, оны өлтіреді және 20000 теңгесін алып, қылмыс болған жерден қашып кетеді. Қылмыстық істі сол күні қозғап, С.К. есімді азамат бірнеше уақыттан кейін, конституциялық бапқа сәйкес сотталған. Бұл қылмыс өте жауыз мақсатпен орындалған деп, С.К. есімді азамат өмірінің соңғы деміне дейін бас бостандығынан айырылады.

Сұрақ:Осы қылмыстың субъект және субъект жақтарын атаңыз.

Бұл қылмысты адамның өміріне және денсаулығына шабуыл деп қарастыруға бола ма?

№9 Есеп.

Мемлекеттік құрылыс ведомствадан тысқары қорғау орталығының күзетшісі С.Е. есімді азамат сол орталық қоймасының Н.К. есімді жұмысымен келісіп, қоймаға жасырын кіреді. Қоймадан 80000 теңге тұратын бірнеше жәшік керамика плиткаларын алып шығып, қойманың қорғалатын территориясында қалдырады. Полиция қызметкерлері екі сыбайлас жемқорды сол қылмыс үстінде ұстайды.

Сұрақ: Осы қылмыстың жауапты негізін суреттеңіз (объект және объекттік жақтарын, субъект және субъекттік жақтарын) қарастыру?

№10 Есеп.

Мемлекеттік кәсіпорынның авто тұрағының күзетшісі К. есімді азамат, осы кәсіпорынға тиісті жүк автокөлігімен үйіне қашып кетеді. Бірақ, көшеде жол полиция қызметшісіне ұсталған, нәтижесінде қылмыстық іс қозғалып, авто көлікті ұрланғаны үшін бас бостандығынан айырады.

Сұрақ: Осы істі жекеменшікке қарсы қылмысқа жатқызуға бола ма?

Осы қылмыстың негізгі міндетін, объект және объекттік жақтарын, субъект және субъекттік жақтарын қарастыру?

№11 Есеп.

Бірнеше рет сотталған В.П. есімді азамат ломбардқа топтық шабуылды жоспарлап дайындаған. Қылмыстың негізгі мақсаты – ломбардтағы ақша мен аманат байлықтарын игеру және бұл қылмысқа кәмелет жасқа толмаған жастарды қызықтырған. В.П. есімді азамат қылмыстың уақытын, қосымша ақпараттарды хабарлайды. Ломбардта полиция қызметкерлерімен тосқауыл ұйымдастырылып, үш шабуыл жасаушыны қылмыс үстінде ұстады.

Сұрақ: Қылмыстық жауапкершіліктің негізгі және жеңілдеу жақтарын

суреттеңіз?

№12 Есеп.

Кәмелет жасқа толмаған А.В. және Т.Н. есімді азаматтар И.П. есімді азаматшаның өміріне және денсаулығына қауіп төндіріп, ұрлық жасайды. И.П. есімді азаматша өзін сақтау мақсатында қорғануға тырысты, нәтижесінде ұрыс пайда болып, И.П. есімді азаматша өзін қорғау мақсатында шабуылшының біреуін ұрады. Сол ауыр соққының нәтижесінде шабуылдаушы қайтыс болады.

Сұрақ: Қылмыстың субъекттік және объекттік жақтарын атаңыз және

қылмысты жеңілдету тұстарын көрсетіңіз?

1.Тақырыбы. «Қазақстан Республикасының іс жүргізу құқығы».