Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЖІРИБЕ.doc
Скачиваний:
72
Добавлен:
05.06.2015
Размер:
962.05 Кб
Скачать

7. Бақылау :

- «Міндеттемелік құқық негіздері » тақырыбы бойынша тестік сұрақтар.

- оқиғалық есептер

1 есеп

Міндеттеме күші бойынша Валиков Зотованың былғары етігін жөндеп беру қажет болды, бірақ ол орындалу уақытын бұзды. Зотова Валиковтан міндеттемесін орындауын талап етті.

Валиковтың Зотованың алдындағы міндеттемесінің туындауының негізі не болып табылады?

2 есеп

Міндеттеме күші бойынша Докин Валеевтің үйінің шатырын жөндеуге міндетті, ал Валеев Докинға өзендік құм машинасын әкеліп беруге міндеттенді.

Бұлардың қайсысы несие беруші, ал қайсысы борышкер ?

3 есеп

Килькин Малышевтан бір жылға сәйкесінше пайызбен ақша алды Килькин Малышевтан ақшасын қайтарып алатын уақыты келгенде Малышевтің сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз деп танылғандығы және оған қорғаншы тағайындалғаны айқындалды.

Килькин міндеттеме орындалу үшін не істеу қажет?

4 есеп

Поселкеде көршілерМалышева және Грушева біреуі жоқта бақшаны суарып, тауықты тамақтандырып тұруға міндеттелді. Бұл келісім қалай аталу қажет?

5 есеп

Лимонов және Брюсов Шустовқа екі қолды арамен отын жарып беруге міндеттеліп, жұмыстың 50 пайызы болатындай сомада алдын ала төлем алды. Келесі күні жұмысты бастап, 30 пайыз жұмысты орындағанда Лимонов аяқ астынан қайтыс болды. Серіксіз қалған Брюсов жұмысты аяқтай алмады. Шустов оны бұл міндеттен босатты. Лимонов пен Брюсовтың міндеттемесі Лимоновтың өлімімен байланысты тоқтатыла ма. Брюсов Шустов оны міндеттемені орындаудан босатқан соң төлемнің бір бөлігін қайтаруға міндетті ма?

6 есеп

Кәсіпкер Лапшин хабарландыру бойынша офистың сатып алу-сату шарты бойынша кәсіпкер Крутиковқа оферта жіберіп, одан акцепт алды. Қай кез шарт жасау кезеңі болып саналады?

1. Тақырыбы «Қазақстан Республикасының отбасы құқығының негізгі ережелері».

2. Мақсаты:

Отбасы құқығының пәнін реттеу құқықтың жалпы жүйесіндегі бұл саланың рөлі мен мақсаты туралы, неке, отбасы институттарының рөлі, некеге тұрудың шарттары мен некені бұзу, неке жасы түсінігі, некеге тұру кезінде азаматтардың денсаулығын қорғау, отбасы құқықтық қатынастарының түсінігі, қорғаншылық пен қамқоршылық түсінігі, неке-отбасы құқықтық қатынастарында мемлекеттің рөлін реттеу туралы түсінік беру үшін қажет.

3. Оқыту мақсаты:

- осы саланың реттеу пәнін зерделеу.

- жағдайлық есептерді құрастыру және орындау дағдыларын үйрену.

- жағдайлық есептерді орындау жеке студенттің білім деңгейін тексеруге, түзетуге, ойлау қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.

- некеге тұрудың шарттары туралы, отбасындағы құқықтық қатынастар туралы студенттердің білімдерін қалыптастыру.

- жауап беру кезінде дидактикалық материалды қолдана білуді үйрету (слайдтар, кестелер, электронды көшірмелер).

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Отбасы құқығының түсінігі мен қайнар көзі.

2. Отбасы құқықтық қатынастарының түсінігі және мазмұны.

3. Отбасы құқықтық қатынастардың объектілері.

4. Отбасы құқықтық қатынастардың субъектілері.

5. Неке түсінігі және некеге тұру шарттары.

6. Некеге тұруға шектеу қою.

7. Неке бұзу тәртібі.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: жағдайлық есептер.

№1 Есеп.

24 жастағы Наталья Верт және 30 жастағы Сергей Соробин АХАЖ-ға некеге тіркелуге арыз береді. Наталья Верт некеге тіркелгеннен кейін өзінің фамилиясында қалғысы келетінін айтты. Оның болашақ жары, қыз тұрмысқа шыққаннан кейін күйеуінің фамилиясын иемдену керектігін айтып, оған қарсылық білдіреді.

Сұрақ: Бұл келіспеушілікте кімнің айтқаны дұрыс?

Бұл болашақ отбасының жаңа фамилия таңдауға қандай мүмкіндіктері бар?

№2 Есеп.

Разлогов, 8 жасар Софья деген қызы бар Суринаға үйленеді және 1 жылдан кейін қызды асырап алады. 9 жылдан кейін Сурина қайтыс болады. Сурина қайтыс болғаннан кейін 2 жыл өткен соң Разлогов және Софья, бір – бірін ұнататындарына көздері жетіп, некеге тіркелуді шешеді және АХАЖ – ға арыз береді.

Сұрақ: АХАЖ не істеу керек?

№3 Есеп.

Жасына байланысты төменгі зейнетақы алатын 70 жасар Семенова, комуналдық пәтердің бөлмесінде жалғыз өмір сүрген. Ол өзінің жұмыс істейтін, үйленген, 24 жасар баласы бар ұлына ақшалай көмек беруін өтінеді. Бірақ Семенов жалақысының өзінің жанұясына ғана жететінін айтып, анасына көмек көрсетуден бас тартады.

Сұрақ: Семенова не істеу керек?

№4 Есеп.

Монякина және Левада АХАЖ – ға некеге тіркелуге барады. Керекті құжаттарға қол қойған соң, Монякинаның психикалық аурумен ауратындығын, ал Левада туберкулезбен ауыратындығы туралы анықталады.

Сұрақ: АХАЖ оларды некеге тіркей алады ма?

№5 Есеп.

Некеге тіркелгеннен кейін 8 айдан соң Левандовская күйеуінде 1 жыл бұрын Вич инфекциясы анықталғаны туралы кездей соқ біліп қалады.

Сұрақ: Бұл жағдайда ол не істеу керек?

№6 Есеп.

Самохвалова өзінің 12 жасар қызының пайдасы үшін, бірге тұратын күйеуіне алимент төлеткізу үшін сотқа арыз береді. Мұның себебі, күйеуі қызы мен әйелін өмір сүрулеріне керек заттармен қамтамассыз етпейді.

Сұрақ: Бұл жағдайда сот алимент төлеттіру шешімін қабылдағаны дұрыс па?

№7 Есеп.

Балалары болмаған және отбасы құралмаған Зерцаловтар, ажырасу туралы өтінішпен сотқа барады. Сот олардың татуласуына 3 ай уақыт береді.

Сұрақ: Соттың шығарған шешімі дұрыс па?

№8 Есеп.

1985 жылы көлік апатынан қайтыс болған АБдурасуловтардың 7 жасар қызы Гүлнарды 11 жасар Асқар деген ұлы бар Губановтар асырап алады. Өсіп қалған балалар бір – бірін ұнатып және 1988 жылдың көктемінде ата – аналарының келісімі мен некеге тұруды шешеді. Бірақ АХАЖ туысқандар арасында некеге тұру мүмкін еместігін ескертіп, олардың берген арыздарынан бас тартады.

Сұрақ: АХАЖ дұрыс шешім қабылдады ма?

№9 Есеп.

А есімді Б есімді азаматтар ажырасады. Олардың 11 жасар балалары бар.

Сұрақ: Бұл баланың кіммен қалатыны қалай шешіледі?

№10 Есеп.

15 жасар А есімді азамат С есімді ағасының қолында 10 жасынан бастап қамқорлығында болды. Әке шешесінен айырылған кезде оған 1 бөлмелі пәтер қалған. Сол пәтерді сатқысы келеді.

Сұрақ: А есімді азамат сол пәтерді сата алады ма?

№11 Есеп.

Азамат Б мен азаматша С отбасын құруға шешім қабылдады. Шешім қабылдауға себеп азаматша С –ның жүкті болуы. Бірақ азаматша С – ның жасы 18-ге толмаған.

Сұрақ: Осы жағдайда азамат Б мен азаматша С отбасын құра алады ма?

мді ағасының қолында 10 жасынан бастап қамқорлығында болды. Әке шешесінен айыры