Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЖІРИБЕ.doc
Скачиваний:
72
Добавлен:
05.06.2015
Размер:
962.05 Кб
Скачать

7. Бақылау:

- «ҚР салық құқығының жалпы ережелері» тақырыбы бойынша тест сұрақтары.

-«ҚР салық құқығының жалпы ережелері» тақырыбы бойынша жазбаша бақылау жұмысы.

-жағдайлық есептер

Жағдайлық есепті шешіп, осы мысал бойынша есеп құрыңыз

Төменде аталған азаматтардың қайсысы мүлік салығын төлеуден босатылады

1. Борисов-жалғыз басты зейнеткер

2. Будрайтис-Астана қ. әкімдігінде мәдениет жұмыстары бойынша кеңесші

3. Осипов – 1-ші топ мүгедегі

4. Колесников- Латвиядан келген кәсіпкер.

5. Қожахметова- 4 баланың анасы.

1. Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының жер құқығының негіздері»

2. Мақсаты:

Тақырып бойынша жер құқығының түсінігін, жерді

қорғау мақсаттары мен жер құқықтық қатынастарын

қарастыру, мүліктік және мүліктік емес қатынастардың

жүйесін қарастыру, жер дауларын шешу тәртібін және ҚР

Конституциясының 6 бабына толық сипаттамасын

қарастыру.

3. Оқыту мақсаты:

- Тақырып бойынша толық және ашық жауап беріп үйрену.

- Жер заңнамасына түсінік беріп үйрену.

- Бұл саланың пәнін зерделеп үйрену.

- Жер құқықтық қатынасы қатысушыларының қызметінің құқықтылығын бағалай білу.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Жалпы құқық жүйесіндегі жер құқығының түсінігі.

  2. Жер құқығының нормалары.

  3. Жер құқығының жалпы және ерекше бөлімдері.

  4. Жер құқықтық қатынастарының түсінігі.

  5. Жер құқықтық қатынастарының объектілері.

  6. Жер құқықтық қатынастарының субъектілері.

  7. Жерді пайдаланушылардың құқықтар мен міндеттері.

  8. Жерге меншіктік құқықтық актілері.

  9. Жер құқығының пәні.

  10. «Жер туралы» заңның мазмұны.

5.Білім берудің және оқытудың әдістері. жағдайлық есептер.

№1 есеп.

Е есімді азамат С есімді азаматтан жер сатып алады. Бірақ С есімді азамат жерді жалған құжаттармен сатылған. 2 жыл өткен соң, мемлекет оның жерін заңсыз деп тауып жерді мемлекетке қайтаруды талап етеді.

Сұрақ: Мемлекеттің ісі дұрыс па?

№2 есеп

Б есімді азамат өзінің Қ есімді ұлына мұра ретінде жерін қалдырады. Бұл жерді Б есімді азамат қайтыс болғаннан кейін жерді туыстары алып қояды.

Сұрақ: Бұл жер Қ есімді азаматқа беріле ме?

№3 есеп.

А есімді азамат С есімді азаматтан жерді несиеге алады. А есімді азамат өзінің несиеге алған жеріне жеміс дақылдар егеді. Бірақ ол жерге жеміс дақылдар шықпайды.

Сұрақ: А есімді азаматтың не істеуі керек?

№4 есеп.

М есімді азамат мемлекет тарапынан жеңілдікпен жер алды. Алған жері табиғи апат орын алатын өңірде орналасқан. Мемлекеттік органдарға өтініш жазады, өтінішке мемлекет тарапынан жауап келмеді.

Сұрақ: М есімді азаматтың не істеуі керек.

№5 есеп.

Асхат 5 гектар жердің иесі, ол 3 жыл бойы қатарынан жер салығын төлемеген.

Сұрақ: Асхатқа жер салығын төлемегені үшін мемлекет жері тартып алады ма?

№6 есеп.

Самат пен Қайрат есімді азаматтар бірігіп кәсіп ашуларына жер сатып алады. Өз ара кикілжің болғаннан кейін Самат жерді өз атына алғысы келді.

Сұрақ: Бұл жағдайда не істеулері керек?