Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
madi_salyk.doc
Скачиваний:
81
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
512 Кб
Скачать

Қол қойылатын бонус төлеушілер және төлеу мерзімі

Қол қойылатын бонус жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт аумағында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келісімшарт аумағы кеңейтілген кезде жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алу үшін алған біржолғы тіркелген төлемі болып табылады

Төлеушілер ҚР-ның жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын алу конкурсының жеңімпазы болған немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын алған, сондай-ақ ҚР-ның заңнамасында белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған мынадай келісімшарттардың бірін:1) барлауға арналған келісімшартты;   2) пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшартты;3) бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшартты жасасқан жеке немесе заңды тұлға қол қойылатын бонус төлеуші болып табылады. Қол қойылатын бонусты төлеу мерзiмдерi Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қол қойылатын бонус бюджетке салық төлеушінің орналасқан жері бойынша мынадай мерзімдерде:  1) белгіленген соманың елу пайызы – салық төлеушіні ҚР- ның жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес конкурс жеңімпазы деп жариялаған немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн ішінде;  2) белгіленген соманың елу пайызы – жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күшіне енген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешіктірілмей төленеді. Салық декларациясы Жер қойнауын пайдаланушы қол қойылатын бонус жөніндегі декларацияны орналасқан жерi бойынша салық органына төлеу мерзiмi басталған айдан кейiнгi екінші айдың 15-не дейiн табыс етедi.

Жер қойнауын пайдаланушылар төлемдері мен салықтары

ҚР-ның заңнамасында айқындалған тәртіппен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттардың шеңберінде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізген кезде жер қойнауын пайдаланушылар СК белгіленген барлық салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлейді.

ЖҚП арнаулы төлемдерi мен салықтары:   1) жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерiн; а) қол қойылатын бонусты; б) коммерциялық табу бонусын; в) тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдерді; 2) пайдалы қазбаларды өндіру салығын; 3) үстеме пайда салығын қамтиды.

ЖҚП тiркелген төлемдерi бонустар болып табылады. Жер қойнауын пайдалануға арналып жасалған келісімшарттың түріне және талаптарына қарай жер қойнауын пайдаланушы үшін бонустың мынадай түрлері белгіленуі мүмкін: 1) қол қойылатын бонус; 2) коммерциялық табу бонусы.

Қол қойылатын бонус жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт аумағында, сондай-ақ ҚР-ның заңнамасында белгіленген тәртіппен келісімшарт аумағы кеңейтілген кезде жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алу үшін алған біржолғы тіркелген төлемі болып табылады.

Төлеушілер ҚР-ның жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын алу конкурсының жеңімпазы болған немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын алған, сондай-ақ ҚР-ның заңнамасында белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған мынадай келісімшарттардың бірін:1) барлауға арналған келісімшартты;   2) пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшартты;3) бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшартты жасасқан жеке немесе заңды тұлға қол қойылатын бонус төлеуші болып табылады.

Қол қойылатын бонусты төлеу мерзiмдерi Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қол қойылатын бонус бюджетке салық төлеушінің орналасқан жері бойынша мынадай мерзімдерде:  1) белгіленген соманың елу пайызы – салық төлеушіні ҚР- ның жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес конкурс жеңімпазы деп жариялаған немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн ішінде;  2) белгіленген соманың елу пайызы – жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күшіне енген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешіктірілмей төленеді. Салық декларациясы Жер қойнауын пайдаланушы қол қойылатын бонус жөніндегі декларацияны орналасқан жерi бойынша салық органына төлеу мерзiмi басталған айдан кейiнгi екінші айдың 15-не дейiн табыс етедi.

Коммерциялық табу бонусы Жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табу бонусын пайдалы қазбаларды өндiруге арналған және (немесе) келісімшарт аумағындағы пайдалы қазбаларды әрбір коммерциялық табу үшін, оның ішінде кен орындарына қосымша барлау жүргiзу барысындағы табу үшiн бірлескен барлау мен өндiруге арналған келісімшарттар шеңберiнде төлейдi. Пайдалы қазбалардың кен орындарына оларды кейіннен өндіруді көздемейтін барлау жүргізуге арналған келісімшарттар бойынша коммерциялық табу бонусы төленбейді. Төлеушiлер   Жер қойнауын пайдалануға арналып жасалған келісімшарттар шеңберінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде келісімшарт аумағында пайдалы қазбаларды коммерциялық табуы туралы жария еткен жер қойнауын пайдаланушылар коммерциялық табу бонусын төлеушілер б.т. Салық салу объектiсi  Келісімшарт аумағында осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік орган бекіткен пайдалы қазбалар қорларының физикалық көлемі коммерциялық табу бонусын салу объектісі б.т. Коммерциялық табу бонусын есептеу тәртібі Коммерциялық табу бонусының сомасы салық салу объектісінің, салық базасы мен ставкаларының негізінде айқындалады    Коммерциялық табу бонусының ставкасы  Коммерциялық табу бонусы салық базасының 0,1 процент ставкасы бойынша төленедi. Салық декларациясы Коммерциялық табу бонусы жөнiндегi  декларацияны жер қойнауын пайдаланушы орналасқан жерi бойынша салық органына төлеу мерзiмi басталған айдан кейiнгi екінші айдың 15-не дейiн табыс етедi. Коммерциялық табу бонусын төлеу мерзімдері Коммерциялық табу бонусы бюджетке салық төлеушінің тұрғылықты орны бойынша мынадай мерзімдерде:пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарт жасалған күннен бастап 90 күннен кешіктірілмей; 2) кен орындарына қосымша барлау жүргiзу барысында пайдалы қазбалар табылған кезде осы мақсаттар үшін уәкiлеттiк берiлген ҚР-ның мемлекеттік органы кен орнындағы пайдалы қазбалар қорларының қосымша көлемiн бекiткен күннен бастап күнтізбелік 90 күннен кешiктiрiлмей;3) бірлескен барлау мен өндiруге арналған келісімшарт бойынша кен орнында пайдалы қазбалар қорларын осы мақсаттар үшін уәкiлеттiк берiлген ҚР-ның мемлекеттік органы бекiткен күннен бастап күнтізбелік 90 күннен кешiктiрiлмей төленедi.

Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасалғанға дейін келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен жиынтық шығындарды өтеу бойынша жер қойнауын пайдаланушының тiркелген төлемдерi тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем б.т.Төлеушiлер   Келісімшарттарды жасасқанға дейін келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шығын шеккен пайдалы қазбалардың кен орындары бойынша ҚР-ның заңнамасында белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жасасқан жер қойнауын пайдаланушылар тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді төлеушілер б.т. Төлеу тәртібі мен мерзімдері Келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет жұмсаған тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемді жер қойнауын пайдаланушы бюджетке коммерциялық табудан кейінгі өндіру басталған кезден бастап орналасқан жері бойынша мынадай тәртіппен төлейді:1) егер келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемнің жалпы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және құпиялылық туралы келісім жасалған күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшеріне тең немесе одан кем соманы құраса, тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемді жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіруді бастаған жылдан кейінгі жылдың 10 сәуірінен кешіктірмей төлейді. Салық декларациясы  Егер келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің жалпы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және құпиялылық туралы келісім жасалған күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшеріне тең немесе одан кем соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіруге кіріскен жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.

Пайдалы қазбаларды өндiру салығы Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндiру салығын ҚР-ның аумағында өндiрiлетiн минералды шикізат, мұнай, жерасты сулары мен емдік балшықтың әрбір түрi бойынша жеке төлейді. Пайдалы қазбаларды өндiру салығы, төмендегі көзделген жағдайды қоспағанда, ақшалай нысанда төленеді.  Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт бойынша қызметтi жүзеге асыру барысында пайдалы қазбаларды өндіру салығын төлеудің ақшалай нысаны ҚР Yкiметiнiң шешiмi бойынша уәкілетті мемлекеттік орган мен жер қойнауын пайдаланушының арасында жасалатын қосымша келiсiмде белгiленген тәртiппен заттай нысанға ауыстырылуы мүмкiн. Төлеушілер Жер қойнауын пайдалануға арналып жасалған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде техногендiк минералды құралымдардан пайдалы қазбалар алуды қоса алғанда, мұнайды, минералды шикізатты, жерасты сулары мен емдік балшықты өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар пайдалы қазбаларды өндіру салығын төлеушілер болып табылады. Салық салу объектісі Жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірген шикі мұнайдың, газ конденсаты мен табиғи газдың нақты көлемі пайдалы қазбаларды өндіруге салық салу объектісі болып табылады. Салық кезеңі Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша салық кезеңі күнтізбелік тоқсан б.т Төлеу мерзімдері  Салық төлеушi салықтың есептелген сомасын орналасқан жерi бойынша бюджетке салық кезеңiнен кейiнгi екінші айдың 25-інен кешiктiрмей төлеуге мiндеттi. Салық декларациясы Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіруге салық жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi екінші айдың 15-інен кешiктiрмей береді.

ҮСТЕМЕ ПАЙДА САЛЫҒЫҮстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін жер қойнауын пайдаланушы белгіленген тәртіпке сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша салық салу объектісін, сондай-ақ салық салумен байланысты мынадай объектілерді:1) үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табысты; 2) үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін салық салынатын табысты; 3) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жиынтық жылдық табысты;4) үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін шегерімдерді; 5) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша корпоративтік табыс салығын; 6) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша резидент еместің тұрақты мекемесінің таза табыс салығының есеп айырысу сомасын айқындайды. Салықты төлеу мерзімі Үстеме пайда салығы салық төлеушінің орналасқан жері бойынша бюджетке салық кезеңінен кейінгі жылдың 15 сәуірінен кешіктірілмей төленеді. Салық декларациясы Жер қойнауын пайдаланушы үстеме пайда салығы жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңінен кейінгі жылдың 10 сәуірінен кешіктірмей табыс етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]