Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
madi_salyk.doc
Скачиваний:
81
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
512 Кб
Скачать

Салықтың ұғымы,белгілері,функциялары, салықтың элементтері мен олардың сипаты

Салық - мемлекет тарапынан біржақты шығарылған заңдардың негізінде, сол заңдарда нақты айқындалған мөлшерде және қатаң белгіленген мерзімдерде Республикалық немесе жергілікті бюджетті қалыптастыру мақсатында салықтық міндеттемелерін орындауға тиісті заңды және жеке тұлғалардан жүйеленген әрі тұрақты түрде мемлекеттік уәкілетті органдар алатын баламасыз, қайтарымсыз, ақшалай міндетті төлем.

Салық бір мезетте материалдық, экономикалық және заңдық категория бола отырып аса күрделі көпжақты құбылысты ұсынады. Материалдық мәнінде салық – бұл бекітілген тәртіппен және кесімді мерзімде салық төлеушінің мемлекетке беруіне жататын айқындалған ақша сомасы (немесе егер салық натуралды болып табылса, материалдық құндылық)Экономикалық категория ретінде - бұл анықталған тәртіппен және белгіленген мерзімде, бекітілген мөлшерде төлеушіден мемлекетке ақшының біржақты қозғалысын білдіретін (материалдық құндылықты) ақшалай (мүліктік) қатынас.Құқықтық мәнінде - бұл ресми өкім етілген тәртіппен және кесімді мерзімде, айқындалған мөлшерде ақша сомасын мемлекетке беру жөніндегі тұлғаның мендеттемесін туғызатын мемлекеттік қағидат.

Салықтың заңдылық белгілері келесілер:1 тек мемлекетпен қалыптастырылады;2 тек құқықтық нысанда болады;3 мемлекетпен біржақты бекітіледі;4 салықты қалыптастыру салық міндеттемесін туындатады;5 мәжбүрлі сипатта болады;6 салық төлемі ретінде ақшаны алып қою құқыққа сай сипатта болады.

Салықтың экономикалық белгілері:1қоғамдық жиынтық өнімді мемлекет пайдасы үшін бөлу; 2 ерекше ақшалай қатынасты ұсынады; 3 қайтарымсыз төлем болып табылады; 4 баламасыз сипатта болады; 5салық төлеу кезінде меншік нысанының өзгеретіндігі;6 тұрақты экономикалық қатынасты туындатады.

Салық элементтері маңызды мәнге ие нақты солар арқылы салық салудың шарттары қалыптастырылады. 1. Салық субъектісі – салық салу объектісіне ие заңды және жеке тұлға;2. Салық объектісі – салық төлеушінің салық міндеттемесін туындататын мүлкінің, түсімінің, пайдасының болуы. 3. Салық базасы - салық салу объектісінің құн, физикалық немесе өзге де сипаттамаларын білдіреді, олардың негізінде салықтың және бюджетке төленуге жататын басқа да міндетті төлемдердің сомасы айқындалады.

Салық базасын есептеудің негізгі әдістері: тура тәсіл – нақты іс жүріндегі және құжатнамада бекітілген көрсеткіштер негізінде өлшеу; «ұқсастығы бойынша» тәсіл – салық затын ұқсасымен салыстыру жолымен өлшеу; жанама тәсіл – жанама белгілер негізінде анықтау;шартты тәсіл – шартты немесе болжамды көлемін негізге ала отырып айқындалады; тұтастық тәсіл – оның нақты мөлшеріне қарамастан анықталады.

4. Салық ставкасы - салық салу объектісінің немесе салық базасының өлшем бірлігіне салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді есептеу жөніндегі салық міндеттемесінің шамасын білдіреді.Салық сомасын анықтау тәсілі бойынша салық ставкалары бөлінеді: теңестірілген – әрбір салық төлеушіге тең салық сомасы белгіленеді; кесімді – салық салудың әрбір бірлігіне кесімді салық мөлшерін белгілеу (мысалы өндірілген акциздік өнінмің әрбір литріне бір теңге); пайыздық – салық базасының көлемі пайызбен көрніс табатын салық мөлшері.

Қолданылу сипаты бойынша салық ставкасы бөлінеді:жалпы;төмендетілген;жоғарлатылған.

5. Салық кезеңі - салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлеріне қатысты белгіленген уақыт кезеңі түсініледі, ол аяқталған соң салық салу объектісі, салық базасы айқындалады, салықтың және бюджетке төленуге жататын басқа да міндетті төлемдердің сомасы есептеледі

6. Салықты есептеу тәртібі. Төлеуге жататын салық сомасын анықтау жөніндегі міндетті тұлғаның іс-әрекетінің жиынтығын көрсетеді.

Салықты есептеудің сатылары: Салық салу объектісінің есебін жүргізу; Салық салу объектісіне салықты есептеу, салық базасы; Қолдануға жататын салық ставкасын анықтау; Салық жеңілдіктерін қолдану; Салық сомасының есебі.

Еліміздегі салықты өз бетінше төлеудің тәсілдері: декларация негізінде; салық ескертпесінің негізінде; өз бетінше аудару мен салық төлемін жүргізу жолымен; бір реттік талон алу жолымен; патент сатып алу жолымен;Мәжбүрлеу тәсілінің негізінде салық төлеу: Табыс көзінен ұстап қалу;Салық төлеуден жалтарушы тұлғадан мәжбүрлеп өндіріп алу; Салықтарды топтастыру олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын белгілеуге септігін тигізеді.Салықтарды топтастырудың негіздері:1) алыну тәсілдері бойынша; 2) салық салу субъектілері бойынша;

3) салық салу объектілері бойынша; 4) кірісіне салықтық түсімдер (төлемдер) есептелінетін бюджет деңгейі бойынша; 5) салықты енгізудің мақсат-бағдары бойынша; 6) салықтық түсімдерге деген салықтық құқықтарын пайдалану ауқымы бойынша; 7) салықтық төлемдерді төлеу кездері бойынша жіктеу.

Жер салығы және жер салығының салық салу обьектісі +төлеушілері

 1. Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың нысаналы мақсатына және мынадай санаттарға: 1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге;  2) елдi мекендер жерлерiне; 3) өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлерге (бұдан әрi - өнеркәсiп жерлерi);  4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерiне, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерге (бұдан әрi - ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерi);  5) орман қорының жерлерiне;  6) су қорының жерлерiне;   7) босалқы жерлерге тиесiлiгiне қарай қарастырылады.

 Жердің мынадай санаттары: 1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi; 2) орман қорының жерлерi; 3) су қорының жерлерi; 4) босалқы жерлер салық салуға жатпайды. 

Салық салу объектiсi1. Жер учаскесi (жер учаскесiне ортақ үлестiк меншiк кезiнде - жер үлесi) салық салу объектiсi болып табылады. 2. Мыналар салық салу объектiсi болып табылмайды: 1) елдi мекендердiң ортақ пайдалануындағы жер учаскелерi.  Алаңдар, көшелер, өткелдер, жолдар, жағалаулар, саябақтар, скверлер, гүлзарлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған өзге де объектiлер (су құбырлары, жылу құбырлары, электр беру желiлерi, тазарту құрылғылары, күл-қоқыс құбырлары, жылу трассалары және басқа да ортақ пайдаланудағы инженерлiк жүйелер) алып жатқан және соларға арналған жерлер елдi мекендердiң ортақ пайдалануындағы жерлерге жатады; 2) ортақ пайдаланудағы мемлекеттiк автомобиль жолдарының желiсi алып жатқан жер учаскелерi. Бөлінген белдеудегi ортақ пайдаланудағы мемлекеттiк автомобиль жолдарының желiсi алып жатқан жерлерге жер алаптары, жол тарамдары, өткерме жолдар, жасанды құрылғылар, жол бойындағы резервтер мен өзге де жол қызметiн көрсету жөнiндегi құрылғылар, жол қызметiнің қызметтiк және тұрғын үй-жайлары, қардан қорғайтын және әсемдік екпелер орналасқан жерлер жатады; 3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешімi бойынша консервацияланған объектiлер орналасқан жер учаскелерi; 4) жалға берiлетiн үйлердi күтiп-ұстау үшiн сатып алынған жер учаскелерi.

Жекелеген жағдайларда салық салу объектiсiн айқындау1. Темiр жолдар, оқшаулау белдеулерi, темiр жол станциялары, вокзалдар орналасқан жер учаскелерiн қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен темiр жол көлiгi ұйымдарының объектiлерiне берiлген жер учаскелерi темiр жол көлiгiнің ұйымдары үшiн салық салу объектiсi болып табылады. 2. Электр беру желiлерiнің тiректерi мен кiшi станциялар алып жатқан жер учаскелерiн қоса алғанда, балансында электр беру желiлерi бар энергетика және электрлендiру жүйесiнің ұйымдары үшiн осы ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен берiлген жер учаскелерi салық салу объектiсi болып табылады. 3. Мұнай құбырлары, газ құбырлары алып жатқан жер учаскелерiн қоса алғанда, балансында мұнай құбырлары, газ құбырлары бар, мұнай мен газ өндiрудi, тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар үшiн осы ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңнамасындабелгiленген тәртiппен берілген жер учаскелерi салық салу объектiсi болып табылады. 4. Байланыс желiлерiнiң тiректерi алып жатқан жер учаскелерiн қоса алғанда, балансында радиорелелiк, әуе, кабельдiк байланыс желілерi бар байланыс ұйымдары үшiн осы ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берiлген жер учаскелерi салық салу объектiсi болып табылады.

Төлеушілер 1) жеке меншiк құқығындағы; 2) тұрақты жер пайдалану құқығындағы; 3) бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу объектiлерi бар жеке және заңды тұлғалар жер салығын төлеушiлер болып табылады.  Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесінің орналасқан жерінде салық салынатын объектілер бойынша осындай құрылымдық бөлімшесін жер салығын дербес төлеуші деп тануға құқылы.

 мыналар: 1) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимi қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелерi бойынша бiрыңғай жер салығын төлеушiлер; 2) мемлекеттік мекемелер; 3) уәкiлеттi мемлекеттік органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары;  4) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектiң ата-анасының бipeуi, он сегіз жасқа толғанға дейін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар: тұрғын-үй қоры, соның iшiнде, оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi; үй маңындағы жер учаскелерi; өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын жүргiзу, бағбандық үшiн берiлген және құрылыс алып жатқан жерлердi қоса алғанда, саяжай құрылысына арналған жер учаскелерi; гараждар орналасқан жер учаскелерi бойынша; 5) «Ардақты ана» атағына ие болған, «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар: тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi бойынша;үй маңындағы жер учаскелерi бойынша; 6) жеке тұратын зейнеткерлер:тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi бойынша;үй маңындағы жер учаскелерi бойынша; 7) дiни бiрлестiктер жер салығын төлеушiлер болып табылмайды. 

Жекелеген жағдайларда төлеушiнi айқындау1. Егер жер учаскелерiн иелену немесе пайдалану құқығын растайтын құжаттарда немесе тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн жер учаскесiн қоспағанда, бiрнеше тұлғаның ортақ меншiгiндегi (пайдалануындағы) жер учаскесi бойынша осы тұлғалардың әрқайсысы жер салығын төлеушi болып табылады. Пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн жер учаскесi бойынша осы пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясы жер салығын төлеушi болып табылады. 2. Жер учаскесіне арналған сәйкестендіру құжаттары болмаған жағдайда, пайдаланушының жер учаскесіне қатысты жер салығын төлеуші ретінде тану үшін:1) жер учаскесі мемлекеттік меншіктен берілген кезде - жер учаскесін беру туралы мемлекеттік органдардың актілері;2) қалған жағдайларда азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздерде осындай учаскені нақты иеленуі және пайдалануы негіз болып табылады.3. Лизинг алушы қаржы лизингiнің шартына сәйкес жылжымайтын мүлiк объектiсiмен бiрге қаржы лизингiне берiлген (алынған) жер учаскесi бойынша жер салығын төлеушi болып табылады.

Салықты есептеу мен төлеудiң жалпы тәртiбiСалықты есептеу әрбiр жер учаскесi бойынша жеке салық базасына тиiстi салық мөлшерлемесін қолдану арқылы жүргiзіледi. Ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер салықты осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып есептейді. 2. Егер осы тарауда өзгеше белгіленбесе, мемлекет жер учаскесіне меншік құқығын, тұрақты немесе бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығын берген кезде, жер салығы салық төлеушіге жер учаскесіне осындай құқықтар берілген айдан кейінгі айдан бастап есептеледі.3. Жер учаскесiн иелену құқығы немесе пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда, жер салығы жер учаскесiн пайдаланудың нақты кезеңi үшiн есептеледi. 4. Бюджетке жер салығын төлеу жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша жүргiзiледi. 5. Салық жылы iшiнде елдi мекендi қоныстың бiр санатынан басқа санатына ауыстыру кезiнде салық төлеушілерден ағымдағы жылғы жер салығы - осы елдi мекендер үшiн бұрын белгiленген мөлшерлемелер бойынша, ал келесi жылы қоныстардың жаңа санаты үшiн белгiленген мөлшерлемелер бойынша алынады. 6. Елдi мекен таратылған және оның аумағы басқа елдi мекеннiң құрамына қосылған кезде, таратылған елдi мекеннiң аумағында жаңа мөлшерлеме тарату iске асырылған жылдан кейiнгi жылдан бастап қолданылады. 

Салық есептілігі1. Дара кәсіпкерлер (шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімiн қолданатын дара кәсiпкерлердi қоспағанда) және заңды тұлғалар салық салу объектiлерi орналасқан жердегi салық органдарына декларацияны - есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей, сондай-ақ ағымдағы төлемдердiң есеп-қисабын осы бапта белгiленген мерзiмдерде тапсырады. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімiн қолданатын дара кәсiпкерлер салық салу объектiлерi орналасқан жердегi салық органдарына декларацияны есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей тапсырады.

Заңды тұлғалардың салықты есептеу тәртiбi мен төлеу мерзiмдерi 1. Заңды тұлғалар жер салығының сомаларын салық базасына тиiстi салық мөлшерлемесін қолдану арқылы дербес есептейдi.  2. Заңды тұлғалар салық кезеңi iшiнде жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердi есептеуге және төлеуге мiндеттi. 3. Ағымдағы төлемдердің сомасы ағымдағы жылдың 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан, 25 қарашасынан кешіктірілмей тең үлестермен төленуге жатады. Жаңа құрылған салық төлеуші құрылған күннен кейінгі кезекті мерзім ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады. Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін құрылған салық төлеушілер ағымдағы салық кезеңі үшін салық сомасын осы баптың 9-тармағында көзделген мерзімдерде төлейді. 4. Ағымдағы төлемдердің мөлшерi салық кезеңiнiң басында болған салық салу объектiлерi бойынша салық базасына тиiстi салық мөлшерлемелерін қолдану арқылы айқындалады. 5. Жер салығын төлеу бойынша салық мiндеттемелерi туындаған күннен кейiнгi, осы баптың 3-тармағында белгiленген кезектi мерзiм салық мiндеттемелерi туындаған кезде салық кезеңi ішінде салықтың ағымдағы сомаларын төлеудiң бiрiншi мерзiмi болып табылады. 

Жеке тұлғалардың салықты есептеу тәртiбi және төлеу мерзiмдерi1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, жеке тұлғалар (осы тармақтың екінші бөлігінде аталған тұлғаларды қоспағанда) төлеуге жататын жер салығын есептеудi салық органдары тиiстi салық мөлшерлемелері мен салық базасын негiзге ала отырып, ағымдағы жылдың 1 тамызынан кешіктірмей жүргiзедi. 2. Салық кезеңi iшiнде салық салу объектiлерiне құқықтар берілген жағдайда, салық сомасы осы Кодекстің 389-бабы 8-тармағының ережелерi ескерiле отырып есептеледi. 3. Жеке тұлғалар салық органдары есептеген жер салығын бюджетке ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешiктiрмей төлейдi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]