Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
madi_salyk.doc
Скачиваний:
81
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
512 Кб
Скачать

Экспортқа рента салығы

Экспортқа өткiзiлетiн шикi мұнайдың, газ конденсатының, көмірдің көлемi экспортқа рента салығын салу объектiсi болып табылады.Экспорт деп: 1) ҚР-ның аумағынан Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) ҚР-ның кеден заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімінде жүзеге асырылатын тауарларды әкету;2) тауарларды ҚР-ның аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына әкету;3) ҚР-ның аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына қайта өңдеу үшін бұрын әкетілген алыс-берiс шикiзатын қайта өңдеу өнімдерін Кеден одағына мүше басқа мемлекет аумағында өткізу түсініледі.

Экспортқа рента салығын есептеу үшін шикi мұнайдың, газ конденсатының көлемi мынадай тәртіппен:- шикі мұнайды, газ конденсатын Кеден одағынан тысқары жерлерге экспортқа өткізу кезінде – кеден баждарының, алынуы кеден органдарына жүктелген өзге де төлемдердің сомаларын есептеу үшін не КО КЗ және (немесе) ҚР- ның кеден заңнамасына сәйкес өзге де кедендік мақсаттарда пайдаланылатын тауарлардың толық декларациясының 35-бағанында көрсетілген шикі мұнайдың, газ конденсатының көлемі ретінде;-  шикі мұнайды, газ конденсатын КО мүше басқа мемлекеттің аумағына экспортқа өткізу кезінде – ҚР-ның аумағында осындай шикі мұнайды, газ конденсатын экспортқа беру маршрутының басында көлік ұйымының тауарларды қабылдап алу-беру актісінде көрсетілген шикі мұнайдың, газ конденсатының көлемі ретінде айқындалады.Экспортқа нақты өткiзiлетiн шикі мұнай, газ конденсаты бойынша шикi мұнайдың, газ конд-ның көлемi және СК белгіленген тәртіппен есептелген әлемдік баға негізінде есептелген экспортталатын шикi мұнайдың, газ конденсатының құны экспортқа рента салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.Экспортқа іс жүзінде өткізілетін көмірдің көлемін негізге ала отырып есептелген экспортталатын көмірдің құны көмір бойынша экспортқа рента салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.Экспортқа рента салығын төлеудің ақшалай нысаны ҚР Үкіметінің шикі мұнай, газ конденсаты жөніндегі шешімі бойынша уәкілетті мемлекеттік орган мен салық төлеушінің арасында жасалатын қосымша келісімде белгіленген тәртіппен заттай нысанға ауыстырылуы мүмкін.

Көмірді экспорттау кезінде экспортқа рента салығы 2,1 пайыздық мөлшерлеме бойынша есептеледі. Егер тауарларға арналған уақытша және толық декларацияларды ресімдеу күндері әртүрлі салық кезеңдеріне тура келсе, онда экспортқа рента салығын төлеу жөніндегі міндеттемелер тауарларға арналған уақытша және толық декларацияларда көрсетілген, өзінде Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) ҚР-ның кеден заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімі шеңберінде шикі мұнайды, газ конденсатын беру жүзеге асырылған уақыт кезеңі тура келетін салық кезеңінде туындайды.

Күнтiзбелiк тоқсан экспортқа рента салығы бойынша салық кезеңi болып табылады.Салық төлеушi бюджетке салықтың есептелген сомасын салық кезеңiнен кейiнгi екінші айдың 25-нен кешiктiрмей төлеуге мiндеттi. Экспортқа рента салығы жөніндегі декларация салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi екінші айдың 15-нен кешiктiрiлмей табыс етіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]