Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
madi_salyk.doc
Скачиваний:
81
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
512 Кб
Скачать

Мәжбүрлеу тәсілінің негізінде салық төлеу:Табыс көзінен ұстап қалу;Салық төлеуден жалтарушы тұлғадан мәжбүрлеп өндіріп алу;

Салықтарды топтастыру олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын белгілеуге септігін тигізеді.Салықтарды топтастырудың негіздері:1) алыну тәсілдері бойынша;

2) салық салу субъектілері бойынша;

3) салық салу объектілері бойынша;

4) кірісіне салықтық түсімдер (төлемдер) есептелінетін бюджет деңгейі бойынша;

5) салықты енгізудің мақсат-бағдары бойынша;

6) салықтық түсімдерге деген салықтық құқықтарын пайдалану ауқымы бойынша;

7) салықтық төлемдерді төлеу кездері бойынша жіктеу.

Салық салу және мемлекеттің салықтық қызметі

Салық салубұл салықтардың белгіленуі мен жүргізілуі, олардың төленуі немесе өндіріп алынуы бойынша мемлекеттің қызметі.

Салықтық қызмет – бұл өзінің ақша қаражаты түріндегі қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында салық салуды ұйымдастыру және оны жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің қызметі.

Мемлекеттің салықтық қызметі түрлі компоненттер мен бағыттардан тұрады:1) Салықтарды белгілеу мен жүргізу жолымен мемлекеттің салық жүйесін қалыптастыру;2) Салық салу саласындағы мемлекеттік билік органдарының құзыреттерін айқындау және олардың өкілеттіктерін бөлу; 3) Мемлекеттің мамандардырылған салық органдары жүйесін қалыптастыру және олардың қызметін қамтамасыз ету;4) Салық заңнамаларын сақтау, салық міндеттемелерін орындау үшін салықтық бақылауларды ұйымдастыру мен жүргізу;5) Салық жинауды жүзеге асыру, ерікті не мәжбүрлі;6) Салық салу саласында заңдылықтың сақталуы.

Мемлекеттің салықтық қызмет жүзеге асыру әдістері – бұл мемлекеттің салық салу саласында өз функциясын жүзеге асыру амалдары мен тәсілдері.

Салық қызметінің негізгі әдістері:1) Сәйкесінше нормативтік актілерді қабылдау жолымен салықтарды белгілеу мен жүргізу;2) Салық төлеушілердің есебін жүргізу;3) Салық салу объектілерінің есебі;4) Салық түрлері бойынша есептеулер мен өндіріп алулар; 5) Табыс көзінен салықтарды ұстап қалуды ұйымдастыру;6) Салық төлеушілердің айқындалған санаты үшін салық есептілігін белгілеу;7) Салық төлеушінің өз салық міндеттемесін орындауына бақылауды жүзеге асыру;8) Салық төлеушінің өз салықтық міндеттемесін орындауын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдану;9) Мемлекеттің салық қызметін ұйымдастыру (салық органдарының жүйесі – салық әкімшілігі);10) Заңды жауапкершілік белгілеу;

Салық саясаты - мемлекеттiң қаржылық қажеттiлiктерiн, мемлекет пен салық төлеушiлердiң экономикалық мүдделерi тепе-теңдiгiнiң сақталуын, қамтамасыз ету мақсатында жаңа салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi белгiлеу және қолданыстағыларының күшiн жою, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша ставкаларды, салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi, салық базасын өзгерту жөнiндегi шаралар жиынтығы.

САЛЫҚ САЛУ ӘДІСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ САЛЫҚ СТАВКАСЫ БӨЛІНЕДІ:1) теңестірілген-Әр салық төлеушіден бірдей сомада өндіріп алу;2) пропорциональды-Әр салық төлеуші салық салу базасының үлесінде немесе пайыздық көрністе бірдей ставкада төлейді (М: табыстан 30 пайыз)3) прогрессивті-Салық базасы өскен сайын салық ставкасы өседі (М: көліктің жүк көтеру салмағының өсуі);4) Регрессивті-Салық базасының өсуіне орай салық ставкасы төмендейді (М: табысы 10 мың салық 10 пайыз)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]