Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
madi_salyk.doc
Скачиваний:
81
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
512 Кб
Скачать

Салықтық бақылау

Тексерулер мерзiмi отыз жұмыс күнiнен аспауға тиiс. Салықтық тексеру жүргізу мерзімі:  1) құрылымдық бөлімшелері жоқ заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер және ҚР-да орналасқан жері бір орыннан аспайтын жағдайда қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер үшін:  - салықтық тексеруді тағайындаған салық органы - қырық бес жұмыс күніне дейін; - жоғары тұрған салық органы - алпыс жұмыс күніне дейін;  2) құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғалар және ҚР-да орналасқан жері бір орыннан асатын жағдайда қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, сондай-ақ мониторингке жататын ірі салық төлеушілер үшін:    - салықтық тексеруді тағайындаған салық органы - жетпіс бес жұмыс күніне дейін;  - жоғары тұрған салық органы бір жүз сексен жұмыс күніне дейін ұзартуы мүмкін. Уәкілетті орган өзі тағайындаған салықтық тексеру мерзімін: 1) тармақшада көрсетілген салық төлеушілер үшін - алпыс жұмыс күніне дейін;2) тармақшада көрсетілген салық төлеушілер үшін бір жүз сексен жұмыс күніне дейін ұзартуы мүмкін.

Бақылау-касса машиналарын қолдану кезiнде мынадай талаптар қойылады:  1) ақшалай есеп айырысулармен байланысты қызмет басталғанға дейін бақылау-касса машиналарын салық органында есепке қою жүзеге асырылады;  2) тауар, жұмыс, көрсетiлетiн қызмет үшін төленген сомаға бақылау-касса машинасының чегін немесе тауар чегін беру жүзеге асырылады;   3) бақылау-касса машиналарына салық органдары лауазымды адамдарының қолжетімділігі қамтамасыз етiледi.

Салықтық тексеру нәтижелері туралы  хабарламаға шағым жасау тәртібі  Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушілердің (салық агенттерінің) шағымдарын  қарайтын органдар:1. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарауды салық қызметінің жоғары тұрған органы жүргізеді. 2. Салық төлеушінің (салық агентінің) уәкілетті органның лауазымды адамдары жүргізген салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қарауды тікелей уәкілетті орган жүргізеді.3. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға сотқа шағым жасауға құқылы.

Салық төлеушінің (салық агентінің) шағым беру тәртібі

Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) салықтық тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға шағымы салық қызметiнiң жоғары тұрған органына салық төлеушiге (салық агентiне) хабарламаны тапсырған күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде берiледi.Бұл ретте салық төлеушi (салық агентi) шағымның көшiрмесiн салықтық тексеру жүргiзген салық органына жiберуге тиiс.Салық қызметi органына шағым беру күнi оны беру тәсiлiне қарай:1) өзi келу тәртiбiмен – салық қызметi органдары шағымды алған күн;2) почтамен – почтаның немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдау туралы белгiсi қойылған күн болып табылады.Белгіленген мерзімді дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда шағым беруші салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші бойынша шағымды қараушы жоғары тұрған салық қызметі органы бұл мерзімді қалпына келтіруі мүмкін.

Салықтық зерттеу - тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша салық төлеушінің нақты бар болуын немесе жоқтығын растау үшін, сондай-ақ салықтық тексеру актісін тапсыру үшін салық қызметі органдарының жүзеге асыратын іс-шарасы.Салықтық зерттеуді жүргізуге қатысу үшін заңда бегіленген тәртіппен куәгерлер тартылуы мүмкін. Салықтық зерттеу жұмыс уақытында салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша жүргізіледі.

Салық төлеушіні салық  органдарында тіркеу Уәкілетті орган салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасын қалыптастыру жолымен салық төлеушілерді есепке алуды жүргізеді.Салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасы – салық төлеушілерді есепке алуды жүзеге асыруға арналған ақпараттық жүйе. Салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасын қалыптастыру:1) жеке тұлғаны, заңды тұлғаны, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркеу;2) салық төлеушіні:дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат ретінде;қосылған құн салығы бойынша;электрондық салық төлеуші ретінде;қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асырушы салық төлеуші ретінде;салық салу объектісін және (немесе) салық салуға байланысты объектіні орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне алу б.т

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]