Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
madi_salyk.doc
Скачиваний:
81
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
512 Кб
Скачать

1) Салық салынатын табыстың 3 процентінен аспайтын жалпы сомасы мөлшерінде:

- нақты шеккен шығыстардың әлеуметтік сала объектілерін пайдаланған кезде алуға жататын (алынған) табыстардан асып түскен сомасын;алушысы:  - коммерциялық емес ұйым; - әлеуметтiк саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйым; - ҚР-ның аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрме объектілерін жобалау және (немесе) салу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесіне енгізілген заңды тұлға болып табылатын, өтеусiз негiзде берiлген мүлiктiң құнын; 2) мүгедектердің еңбегіне ақы төлеуге жұмсалған шығыстардың 2 еселенген мөлшерін және мүгедектердің жалақысының және басқа да төлемдердің есептелген әлеуметтік салық сомасының 50 пайызын;3) жеке тұлға салық төлеушіде кемінде үш жыл жұмыс істеу міндеттемесі туралы шарт жасасқан жағдайда, салық төлеушімен еңбек қатынастарында тұрмаған жеке тұлғаны оқытуға арналған шығыстарды азайтуға құқығы бар.

Коммерциялық емес ұйымның мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша, депозиттер бойынша сыйақы, грант, кiру жарналары және мүшелiк жарналар, кондоминиумға қатысушылардың жарналары, қайырымдылық және демеушiлiк көмек, өтеусiз алынған мүлiк, өтеусiз негiздегі аударымдар мен қайырмалдық түрiндегі табысы, коммерциялық емес ұйым нысанына азаматтық заңнамада көрсетілген шарттар сақталған жағдайда, салық салуға жатпайды.

Қызметін әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымдар болып табылатын салық төлеушілер бюджетке төленуге жататын корпоративтiк табыс салығының сомасын анықтаған кезде, СК сәйкес есептелген корпоративтiк табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.

Мұндай ұйымдарға төменде көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын, өтеусіз алынған мүлік түріндегі табыстар және депозиттер бойынша сыйақылар ескеріле отырып, олардан алынатын табыстар осындай ұйымдардың жылдық жиынтық табысының кемінде 90 пайызын құрайтын ұйымдар ж.1) медициналық қызметтер көрсету;  2) білім беру қызметін жүргізу құқығына тиісті лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын тәрбие және оқыту жөнінде қызметтер көрсету;

Қызметiн әлеуметтiк салада жүзеге асыратын ұйымдарға мынадай талаптарға сай келетiн:     1) салық кезеңiнде мүгедектер саны қызметкерлердiң жалпы санының кемiнде 51 пайызын құрайтын; 2) салық кезеңiнде мүгедектердiң еңбегiне ақы төлеу бойынша шығыстар еңбекке ақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемiнде 51 пайызын (есту, сөйлеу, сондай-ақ көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдарда – кемiнде 35 пайызын) құрайтын ұйымдар да жатады.

Залал ұғымы 1. Кәсіпкерлік қызметтен шегетін залал деп:

1) түзетулер ескеріле отырып, шегерімдердің жылдық жиынтық табыстан асып түсуі; 2) кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан шегетін залал танылады.2. Бағалы қағаздарды өткізуден шегетін залал:1) бағалы қағаздар бойынша – өткізу құны мен сатып алу құны арасындағы теріс айырма;2) борыштық бағалы қағаздар бойынша – өткізу күніндегі дисконт амортизациясы және (немесе) сыйлықақы ескеріле отырып, өткізу құны мен сатып алу құны арасындағы теріс айырма болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]