Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
madi_salyk.doc
Скачиваний:
81
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
512 Кб
Скачать

Акциз салығы

ҚР-ның аумағында өндiрiлген және ҚР-ның аумағына импортталатын, СК 279-бабында көрсетілген тауарларға акциз салынады. Акцизделетін тауарлар:- спирттің барлық түрлері; - алкоголь өнімі;- темекі бұйымдары;- бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны;

6) Микроавтобустарды, автобустар мен троллейбустарды қоспағанда, 10 немесе одан да көп адам тасымалдауға арналған, двигателінің көлемі 3000 текше сантиметрден асатын моторлы көлік құралдары;

Салық салу объектісі мыналар: 1) акциз төлеушінің өзі шығарған және (н/е) өндірген және (н/е) ыдысқа құйған акцизделетін тауарлармен жүзеге асыратын мынадай операциялары: - акцизделетін тауарларды өткізуі; - акцизделетiн тауарларды алыс-берістік негiзде қайта өңдеуге беруi; - алыс-берiстік, оның iшiнде акцизделетiн шикiзат пен материалдарды, қайта өңдеу өнiмдерi болып табылатын акцизделетiн тауарларды беруi; - жарғылық капиталға жарнасы; - акцизделетін тауарларды заттай ақы нысанында пайдалы қазбаларды өндіру салығын, экспортқа рента салығын төлеу есебіне беру жағдайларын қоспағанда, заттай ақы төлеген кезде акцизделетiн тауарларды пайдалануы;

Төлеушiлер мыналар:  1) ҚР-ның аумағында акцизделетiн тауарлар шығаратын; 2) акцизделген тауарларды ҚР-ның аумағына импорттайтын; 3) ҚР- ның аумағында бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын; 4) егер ҚР-ның заңнамасына сәйкес ҚР-ның аумағында аталған тауарлар бойынша бұрын акциз төленбеген болса, бензин, дизель отыны, шикі мұнай, газ конденсаты тәркіленген, иесiз, мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен және ҚР-ның аумағында мемлекет меншiгiне өтеусiз берiлген акцизделетін тауарларды өткiзудi жүзеге асыратын; 5) егер ҚР-ның заңнамасына сәйкес ҚР-ның аумағында аталған тауарлар бойынша бұрын акциз төленбесе, СК 279-бабында аталған акцизделетін тауарлардың конкурстық массасын өткiзудi жүзеге асыратын;6) СК 279-бабының 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды жинауды (жинақтауды) жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар акциз төлеушілер болып табылады.

Мыналар акциз салудан босатылады: 1) белгіленген талаптарға сай келсе, акцизделетiн тауарлардың экспортына; 2) этил спиртi мен алкоголь өнімін өндiрудi және оның айналымын бақылау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындайтын квоталар шегiнде:  тиісті қызмет түріне лицензиясы болған жағдайда дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру үшін;   өз қызметін бастағаны туралы белгіленген тәртіппен хабарлама жасаған мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына босатылатын этил спиртіне;3) жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау немесе акциздік маркалармен қайта таңбалауға жататын алкоголь өнімі, темекі бұйымдары сияқты акцизделетін тауарларға, егер аталған тауарлар бойынша акциз бұрын төленсе;  4) ҚР-ның заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген медициналық мақсаттағы (бальзамдардан басқа) құрамында спирт бар өнімге.

Акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары бүлiнген, жоғалған кезде мынадай жағдайларда: 1) акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары төтенше жағдайлар нәтижесінде бүлінсе, жоғалса;  2) бүлiнген акциз маркаларын, есепке алу-бақылау маркаларын салық органдары жоюға жасалған есептен шығару актiсi негiзiнде қабылдаса, акциз төленбейдi.

Акциз сомасын есептеу белгiленген акциз ставкасын салық базасына қолдану арқылы жүргiзiледi.

Салықтан шегерім жасау Мыналар: 1) акцизделетiн тауарларды сатып алған немесе оны ҚР-ның аумағына импорттаған кезде Қазақстан Республикасының аумағында; 2) өзі өндірген акцизделетін шикізат үшін; 3) алыс-берістік акцизделетін шикізаттан дайындалған акцизделетін тауарларды беру кезінде төленген акциз сомалары шегерімге жатады. Спирттің барлық түрлеріне, шикі мұнайға, газ конденсатына акциз сомалары шегерімге жатпайды.

Акциз мөлшерлемелері Акциз мөлшерлемелері заттай нысандағы өлшем бiрлiгiне абсолюттiк сомада (тұрлаулы) белгiленедi.  Алкоголь өнiмiне акциздер мөлшерлемесі жоғарыдағы негізге сәйкес не онда су араластырылмаған (жүз пайыздық) спирттiң болу көлемiне байланысты бекiтiледi.   Спирттің барлық түрiне және шарап материалына акциз мөлшерлемелері спирттің және шарап материалының бұдан әрi пайдаланылу мақсаттарына қарай сараланады.

80 көлемдiк пайызды немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртi (алкоголь өнiмiн,- 600 теңге/литр 2Денатуратталған отындық этил спирті (этанол) (түссіз емес, ішкі нарықта тұтыну үшін боялған) - 1,0 теңге/литр 3 80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары- 100% спирт 750 теңге/литр 4 Алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын 80 көлемдік пайыз- 60 теңге/литр 5 Фильтрлі сигареттер * 3900 т/ 1000 дана

Акциз салығын есептеу тәртібі және оны төлеу мерзімдері 1. Егер салық кодексінде өзгеше көзделмесе, акцизделетiн тауарларға акциз есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 20-нан кешiктiрiлмей бюджетке аударылуға жатады. 2. Алыс-берістік шикiзат пен материалдардан өндiрiлген акцизделетiн тауарлар бойынша акциз өнімді тапсырыс берушiге немесе тапсырыс берушi көрсеткен тұлғаға берiлген күнi төленедi. 3. ҚР-ның аумағында өндiрiлген шикi мұнайды, газ конденсатын өнеркәсiптiк қайта өңдеуге беру кезінде акциз олар берiлген күнi төленедi. 4. Шарап материалын және сыраны қоспағанда, салық кодексінің 279-бабының 2) тармақшасында белгiленген акцизделетiн тауарларға акциз есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейiн төленедi.5. Салық органдарының тиісті белгіні қою жолымен тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акциздің төлену фактісін растауы не растаудан дәлелді бас тартуы ҚР-ның Үкіметі көздеген тәртіппен жүзеге асырылады.

Акциз төленетiн жер  1. Төмендегі 2 және 3-тармақтарында аталған жағдайларды қоспағанда, акциз төлеу ол төленетін объектінің орналасқан жерi бойынша жүргiзiледi. 2. Бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын акциз төлеушiлер акцизді салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жерi бойынша төлейдi.3. Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан акцизделетін тауарлар импортталған жағдайда акцизді төлеу акциз төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша жүргізіледі.

Салық кезеңi Акцизге қатысты күнтiзбелiк ай салық кезеңi болып табылады. Салық декларациясы 1. заңда өзгеше көзделмесе, әрбір салық кезеңі аяқталған соң акциз төлеушілер өзiнің орналасқан жерi бойынша салық органдарына акциз жөнiндегі декларацияны есепті салық кезеңiнен кейiнгi екінші айдың 15-нен кешiктiрмей табыс етуге мiндеттi. 2. Акциз төлеушiлер декларациямен бiр мезгiлде акциз бойынша есеп-қисапты табыс етедi.

Импортталатын акцизделетiн тауарлардың салық базасы ҚР-ның аумағына импортталатын акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы импортталатын акцизделетін тауарлардың зат түріндегі көлемі, саны ретінде айқындалады.Кеден одағына мүше емес мемлекеттердің аумағынан импортталатын акцизделетін тауарларға акциздер, КО кеден заңнамасында және (немесе) ҚР-ның кеден заңнамасында кедендік төлемдерін төлеу үшін айқындалған күні кеден iсi мәселелері жөнiндегi уәкiлеттi орган белгілеген тәртіппен төленеді.

Акцизден босатылған акцизделетiн тауарлардың импорты Жеке тұлғалар Кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) ҚР-ның кеден заңнамасында көзделген нормалар бойынша импорттайтын акцизделетін тауарларға акциз салынбайды. 2. Мынадай импортталатын акцизделетін тауарлар: 1) жол бойы бағытында және аралық аялдама пункттерiнде халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын көлік құралдарын пайдалану үшiн қажеттi акцизделетiн тауарлар; 2) Кеден одағының кеден шекарасы арқылы өткізгенге дейiн бүлiнуi салдарынан бұйымдар және материалдар ретiнде пайдалануға жарамсыз болып қалған акцизделетін тауарлар; 3) шет елдiң дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкілдіктердің ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық персоналы қатарындағы адамдардың, олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, жеке пайдалануы үшiн әкелiнген акцизделетін тауарлар акциз төлеуден босатылады. Аталған тауарлар ҚР қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес акциз төленуден босатылады;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]