Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
madi_salyk.doc
Скачиваний:
81
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
512 Кб
Скачать

Жеке табес салығы салынатын обьектілері, ставкасы мен салық кезеңі қандай

Жеке табыс салығы бойынша салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушiлер болып табылады.Жеке тұлғаның: 1) төлем көзiнен салық салынатын табыстар; 2) төлем көзiнен салық салынбайтын табыстар түрiндегi табыстары жеке табыс салығы салынатын объектiлер болып табылады. Салық салу объектiлерi түзетулер ескерiле отырып, салық салуға жататын табыстар мен осы бөлiмде көзделген тәртiппен және мөлшердегi жағдайларда салық шегерiмдерi арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

Салық ставкалары. Салық төлеушiнiң табыстарына 10 проценттiк ставка бойынша салық салынады. Қазақстан Республикасындағы және одан тысқары жерлердегi көздерден алынған дивидендтер түрiндегi табыстарға 5 проценттiк ставка бойынша салық салынады.Салық агенттерiнiң төлем көзiнен салық салынатын табыстардан жеке табыс салығын есептеуi үшiн күнтiзбелiк ай салық кезеңi болып табылады. Төлем көзiнен салық салынбайтын табыстардан жеке табыс салығын есептеу үшiн салық кезеңi Салық Кодекстiң 148-бабына сәйкес айқындалады. 

Жеке тұлғалардың табыстарына салынатын салықтың принциптері:

• Резидент салық төлеушілер ел ішінде және елден тысқары жерде алған барлық табыстарынан салық төлесе, резидент еместер тек ел ішінде алған табыстарынан салықты «төлем көзінен» төлейді, яғни олардың салық жауапкершілігі шектеулі;

• салық салу барысында әр түрлі көздерден алған барлық табыстары негізінде жиынтық табысы анықталады;

• салық төлеушінің салық салу барысында өзіне, асырауындағы әрбір адамға салық салынбайтын минимум мөлшері беріледі;

• салық салу кезінде медициналық шығындар, әлеуметтік сақтандыруға төлеген жарналар, кәсіби шығындар жиынтық табыстан шегеріледі;

• салық сомасы үдемелі салық ставкасы негізінде анықталады;

• жұмыс істейтін ерлі-зайыптылар салықты бірге немесе бөлек төлеуіне болады.

Төлем көзінен салық салынатын табыстар б/ша жеке табыс салығын есептеу

 Салықты есептеу, ұстау және төлеу. Жеке табыс салығын есептеуді салық агентi төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша, салық салуға жататын табысты есебіне жазу кезінде жүргізедi. 2. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, жеке табыс салығын ұстауды салық агентi төлем көзiнен салық салынатын табысты төлеу күнінен кешiктiрмей жүргізедi. 3. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, салық агентi төленген табыстар бойынша жеке табыс салығын аударуды табыс төлеу жүзеге асырылған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей өзiнің орналасқан жерi бойынша жүзеге асырады. Салық агентiнiң құрылымдық бөлiмшелерi қызметкерiнiң табыстары бойынша жеке табыс салығын аудару құрылымдық бөлiмшелердің орналасқан жері бойынша тиiстi бюджеттерге жүргiзiледi.Заңды тұлға өз шешімімен оның құрылымдық бөлімшесі төлеген (төлеуге жататын) төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша өзінің құрылымдық бөлімшесін төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы бойынша салық агенті деп тануға құқылы. Бұл ретте заңды тұлғаның шешімі немесе мұндай шешімнің күшін жою мұндай шешім қабылданған тоқсаннан кейінгі тоқсаннан бастап күшіне енеді.Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше салық агенті деп танылған жағдайда, заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған тоқсаннан кейінгі тоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша салық агенттері деп танылған құрылымдық бөлімшелер осы Кодекстің 12-бөлімінің мақсаты үшін әлеуметтік салықты дербес төлеушілер болып танылады. 4. Депозитарлық қолхаттар бойынша табыстардан салықты есептеуді және ұстауды осындай депозитарлық қолхаттардың базалық активінің эмитенті жүргізеді. 

 Мемлекеттік мекемелердің салықты есептеу, ұстау және төлеу ерекшеліктері1. Мемлекеттік органның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері және (немесе) аумақтық органдары өздеріне бағынысты мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің табыстары бойынша салық агенттері ретінде қарастырылуы мүмкін. Жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері және (немесе) аумақтық (төмен тұрған) органдары өздеріне бағынысты мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің табыстары бойынша салық агенттері ретінде қарастырылуы мүмкін.Бұл ретте, осы бапта белгіленген тәртіппен салық агенттері деп танылған мемлекеттік мекемелер осы Кодекстің 12-бөлімінің мақсаты үшін әлеуметтік салық төлеушілер деп танылады.  Салықты төлеу салық агентінің орналасқан жері бойынша тиісті бюджеттерде жүргізіледі.2. Салық агенті жеке табыс салығын есептеуді, ұстауды және төлеуді осы Кодекстің 161, 163-167-баптарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізеді.3. Салық агенті жеке табыс салығы және әлеуметтік салық жөніндегі декларацияны осы Кодекстің 162-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде табыс етеді.

Төлем көзiнен салық салынатын табыстар: 1) қызметкердiң табысы; 2) жеке тұлғаның салық агентiнен түсетiн табыстары; 3) жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетiн зейнетақы төлемдерi; 4) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түрiндегi табыс; 5) стипендиялар; 6) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс. Төлем көзiнен салық салынбайтын табыстар: 1) мүлiктiк табыс; 2) дара кәсiпкердiң табысы;      3) жекеше нотариустар мен адвокаттардың табысы; 4) басқа да табыстар.

Қызметкердің табысы. Қызметкердің жұмыс беруші есептеген, көзделген салық шегерімдері сомасына азайтылған табыстары төлем көзінен салық салынатын табысы болып табылады. Сонымен қатар қызметкердің табыстарына: • жұмыс беруші материалдық, әлеуметтік игіліктер немесе өзге де материалдық пайда түрінде берген табыстар; • жұмыс беруші төлейтін ақшалай немесе заттай нысандағы кез келген табыстар жатады.

Қызметкердің заттай нысандағы табыстарына жататындар: 1) заттай нысандағы еңбекақы;

2) қызметкер алған тауарлар, қызметкердің мүддесін көздеп орындалған жұмыстар, қызметкерге өтеусіз негізде көрсетілген қызметтер; 3) қызметкердің үшінші тұлғалардан алған тауарлар (орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер) құнын жұмыс берушінің төлеуі; 4) қосылған құн салығы мен акциздердің тиісті сомасын қоса алғанда, заттай нысандағы тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны.

Қызметкердің материалдық пайда түріндегі табыстары: 1) қызметкерге сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) құны мен осы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сатып алу бағасы немесе олардың өзіндік құны арасындағы теріс айырманы; 2) жұмыс берушінің шешімі бойынша қызметкердің оның алдындағы қарызының немесе міндеттемесінің сомасын есептен шығаруды; 3) жұмыс берушінің өз қызметкерлерінің сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлық ақыларын төлеуге жұмсаған шығыстары; 4) жұмыс берушінің қызметкердің өз қызметіне байланысты емес шығындарының орнын толтыруға жұмсаған шығыстарды құрайды.

Қызметкердің төлем көзінен салық салынатын табысын анықтау кезінде салық жылы ішіндегі әрбір ай үшін шегерімге жатқызылады: 1) ҚР-ның заң актісінде табысты есептеудің тиісті айға белгіленген бір айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сома; 2) асырауындағы адам пайда болған айдан бастап қызметкердің асырауындағы отбасының әрбір мүшесіне айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сома. Аталған шегерімдер бір салық төлеушінің табысына — отбасы мүшесіне қолданылады. 3) жинақтаушы зейнетақы қорларына ҚР-ның заңдарында белгіленген мөлшерде төленетін міндетті зейнетақы жарналары; 4) ҚР –ның тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңында айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген сомасынан аспайтын мөлшерде өз пайдасына енгізген ерікті зейнетақы жарналары; 5) жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары өз пайдасына енгізетін сақтандыру сыйлықақылары; 6) Тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінде ҚР –ның резиденті - жеке тұлға ҚР-ның аумағында тұрғын үйді жөндеу, салу немесе сатып алу үшін алған тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге бағытталған сомалар.

Жеке тұлғаның салық агентінен алатын табысы 1) жеке тұлғаның ҚР-ның заңнамасына сәйкес салық агентімен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыстары;   2) жеке тұлға табысының төлемі, оның ішінде:жеке тұлға үшiншi тұлғалардан алған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнын салық агентінің жеке тұлғаға немесе үшінші тұлғаларға төлеуі; берешекті өтеу есебінен және (немесе) өтеусіз негізде жүргізілген жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету;борышты кешіру;мәміле шарттарының өзгеруіне байланысты есептен шығарылған тұрақсыздық айыбын қоспағанда, борышкерге қойылған талаптар мөлшерін азайту;репо операциялары бойынша сыйақы төлемі

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдері:1) салық төлеушілердің: ҚР- ның заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары; ҚР-ның заңнамасына сәйкес міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары;  ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт талаптарына сәйкес ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан; 2) ҚР-ның заңнамасына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған және ҚР-нан тысқары жерлерге тұрақты тұруға шығатын немесе шыққан ҚР-ның резиденттері жеке тұлғаларға; 3) ҚР-ның заңнамасына сәйкес зейнеткерлік жасқа толмаған және ҚР-нан тысқары жерлерге тұрақты тұруға шығатын немесе шыққан ҚР-ның резиденттері жеке тұлғаларға;4) ҚР-ның заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалған зейнетақы жинақтары түрінде жеке тұлғаларға жүзеге асыратын төлемдер салық салынатын зейнетақы төлемдері түріндегі табысқа жатады.

Мүліктік табыс Жеке тұлғаның салық салынуға жататын мүліктік табысына:    1) жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің СК-нің 180-1-бабында көрсетілген мүлікті өткізуі кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс;2) жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің СК-нің 180-2-бабында көрсетілген мүлікті (ақшадан басқа) жарғылық капиталға салым ретінде беруі кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс 3) дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғаның мүлікті салық агенттері болып табылмайтын тұлғаларға жалға беруден алған табысы;4) шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің СК-нің180-3-бабында көрсетілген өзге де активтерді өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс жатады.

Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушысы мен   адвокаттардың табысы Заң көмегін көрсеткені, нотариаттық іс-әрекеттер жасағаны үшін ақы төлеуді қоса алғанда, атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметті, нотариаттық және адвокаттық қызметті жүзеге асырудан алынған барлық табыс түрлері, сондай-ақ қорғау мен өкілдікке байланысты шығыстарды өтеуден алынған сомалар жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушысы мен адвокаттардың табысы болып табылады.

Жеке тұлғаның табысы ретінде мыналар қарастырылмайды: - ҚР заңнамасында белгiленген мөлшерлерде бюджет қаражаты есебiнен төленетiн атаулы әлеуметтiк көмек, жәрдемақылар мен өтемақылар;  - жеке тұлғаның өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды ҚР заңнамасына сәйкес өтеу;  - қызметкерлердің жұмысы жол бойында өтетін, жол жүру сипатына ие, қызмет көрсетілетін учаскелер шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты болатын жағдайларда – оларға осындай жұмыстың әрбір күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және мұндай төлемдерді есепке жазу күні қолданыста болатын 0,35 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі өтемақы төлемдері; - егер СК өзгеше белгіленбесе, қызметтiк, оның ішінде ҚР  заңнамасына сәйкес қызметкерді оқыту, оның біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы iссапарлар кезiндегі өтемақылар.- қызметкер басқа жерге жұмысқа ауысқан не жұмыс берушімен бiрге басқа жерге көшкен кездегi жол жүру, мүлкiн көшiру, күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге үй-жай жалдау бойынша құжатпен расталған шығыстар өтемақысы; - ҚР-ның азаматтарына, оралмандарға және ҚР-да тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы ҚР-ның заңнамалық актісіне сәйкес жария етілген мүліктің құны, оның ішінде ақша;- ҚР-ның заңнамасында белгіленген мөлшерде

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]