Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
madi_salyk.doc
Скачиваний:
81
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
512 Кб
Скачать

Мүлік салығын төлеушілер,салық салу обьектілері, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың мүлік салығының салық ставкалары,салық кезеңі

Салық төлеушiлер 1) ҚР аумағында меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектiсi бар заңды тұлғалар; 2) ҚР аумағында меншiк құқығында салық салу объектiсi бар дара кәсiпкерлер; 3) концессия шартына сәйкес концессия объектісі болып табылатын салық салу объектісін иеленуге, пайдалануға құқығы бар концессионер мүлiк салығын төлеушiлер болып табылады. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесінің орналасқан жерінде салық салынатын объектілер бойынша оны мүлік салығын дербес төлеуші деп тануға құқылы.

Мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды:1) өз ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау және қайта өңдеу процесінде тікелей пайдаланатын, меншік құқығында бар салық салу объектiлерi бойынша бiрыңғай жер салығын төлеушiлер. Өз ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау және қайта өңдеу процесінде тікелей пайдаланбайтын салық салу объектiлерi бойынша бiрыңғай жер салығын төлеушiлер мүлiк салығын осы бөлiмде белгiленген тәртiппен төлейдi; 2) мемлекеттiк мекемелер; 3) уәкiлеттi мемлекеттік органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары; 4) дiни бiрлестiктер.

Салық салу объектiсi Заңнамалық актіге сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсiпкерлерді қоспағанда, дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар үшiн ҚР аумағындағы: - техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген сыныптамаға сәйкес осындайларға жататын және негізгі құралдар құрамында есепке алынатын ғимараттар, құрылыстар немесе қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарына және ҚР бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жылжымайтын мүлікке инвестициялар; - техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген сыныптамаға сәйкес осындайларға жататын ғимараттар халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және ҚР бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес ұзақ мерзімді дебиторлық берешек ретінде ескерілетін, сатып алу құқығымен ұзақ мерзімді жалға алу шарттары бойынша жеке тұлғаларға берілген осындай ғимараттардың бөліктері; - иелік ету, пайдалану құқықтары концессия шартына сәйкес берілген, концессия объектiлерi болып табылатын ғимараттар, құрылыстар салық салу объектiсi болып табылады.

Салық салу объектiлерi болып табылмайды:1) СК 375 және 376-баптарына сәйкес жер салығын салу объектiсi ретіндегі жер; 2) ҚР Yкiметiнiң шешiмi бойынша консервацияда тұрған ғимараттар, құрылыстар; 3) ортақ пайдаланылатын мемлекеттiк автомобиль жолдары мен олардағы жол құрылыстары: бұрылу белдеуi; жолдардың конструкциялық элементтерi; жол жағдайы мен оны абаттандыру; көпiрлер; өткерме жолдар; виадуктар; жол тарамдары; тоннельдер; қорғаныш галереялары; жол қозғалысы қауiпсiздiгiн арттыруға арналған құрылыстар мен құрылғылар; су бұрғыш және су өткiзгiш құрылыстар; жол бойындағы орман алаптары; желiлiк тұрғын үйлер және жол пайдалану қызметiнiң кешендерi;   4) аяқталмаған құрылыс объектілері.

Салық ставкалары  СК өзгеше көзделмесе, заңды тұлғалар мүлiк салығын салық базасына 1,5 пайыз мөлшерлеме бойынша есептейдi.   Мүлік салығын салық базасының 0,5 процент ставкасы бойынша мына салық төлеушілер: 1) дара кәсіпкерлер; 2) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар есептейді.

Төменде аталған заңды тұлғалар мүлiк салығын салық базасының 0,1 процент ставкасы бойынша есептейдi: 1) дiни бiрлестiктердi қоспағанда, СК 134-бабында айқындалған заңды тұлғалар; 2) СК 135-бабында айқындалған заңды тұлғалар; 3) негiзгi қызмет түрi кiтапханалық қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын ұйымдар; 4) ғылыми кадрларды мемлекеттiк аттестаттау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындар;   5) мемлекеттiк меншіктегі және бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын су қоймаларының, су тораптарының және табиғат қорғау мақсатындағы басқа да су шаруашылығы құрылыстарының объектiлерi бойынша заңды тұлғалар; ) ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушi заңды тұлғалардың және шаруа немесе фермер қожалықтарының жерін суландыру үшiн пайдаланылатын гидромелиорациялық құрылыс объектiлерi бойынша заңды тұлғалар; 7) ауыз сумен қамту объектілері бойынша заңды тұлғалар.

Салықты есептеу мен төлеу тәртібі Салық төлеушiлер салықты есептеудi салық базасына тиiстi салық ставкаларын қолдану арқылы дербес жүргiзедi. Ортақ үлестiк меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша әрбiр салық төлеушi үшін мүлiк салығы мүлiк құнындағы оның үлесiне барабар есептеледi.  Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер салық кезеңі ішінде мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлеуге міндетті, олар салық салу объектілерінің салық кезеңінің басындағы бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша айқындалған баланстық құнына тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы айқындалады Бюджетке салық төлеу салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша жүргiзiледi. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер салық кезеңінің 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан және 25 қарашасынан кешіктірмей, салықтың ағымдағы төлемдерінің сомасын тең үлестермен енгізеді.

Салық кезеңi   Мүлiк салығын есептеу үшiн салық кезеңi СК 148-бабына сәйкес айқындалады.

Заңды тұлғалар үшiн салық кезеңi салық салу объектiлерiн пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға берген кезден бастап мұндай пайдаланудың аяқталу кезiне дейiн айқындалады.

Салық есептілігi Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын және декларацияны тапсыруға міндетті.Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкерлер салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына декларация тапсыруға міндетті. Мүлiк салығы бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабы есептi салық кезеңiнiң 15 ақпанынан кешiктiрiлмей табыс етiледi. Жаңадан құрылған салық төлеушiлер ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын салық органдарына тiркеу есебiне қойылған айдан кейiнгi айдың 15-інен кешiктiрмей табыс етедi. Салық кезеңi iшiнде мүлiк салығы бойынша салық мiндеттемелерi өзгерген кезде, ағымдағы төлемдердiң есеп-қисабы салық салу объектiлерi бойынша 1 ақпандағы, 1 мамырдағы, 1 тамыздағы және 1 қарашадағы жағдай бойынша тиiсiнше ағымдағы салық кезеңiнiң 15 ақпанынан, 15 мамырынан, 15 тамызынан және 15 қарашасынан кешiктiрмей табыс етiледi.  Декларация есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрілмей табыс етiледi.

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МҮЛІК САЛЫҒЫ Салық төлеушiлер Сәйкес салық салу объектiсi бар жеке тұлғалар жеке тұлғалардың мүлiк салығын төлеушiлер болып табылады. Мыналар жеке тұлғалардың мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды: 1) мерзiмдi қызметті өткеру (оқу) кезеңiндегі мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер; 2) меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiлерінiң жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткiштің 1000 еселенген мөлшері шегiнде - - Кеңес Одағының Батырлары, Социалистiк Еңбек Ерлерi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарын алған, үш дәрежелi Даңқ орденiмен және "Отан" орденiмен наградталған адамдар, "Ардақты ана" атағын алған, "Алтын алқа" алқасымен наградталған көп балалы аналар, жеке тұратын зейнеткерлер;Салық салу объектiсi Жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі ҚР аумағындағы тұрғын үйлер, үйлер, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар, сондай-ақ аяқталмаған құрылыс объектілері қоныстану, пайдалану күнінен бастап мүлік салығын салу объектісі болып табылады. Салық базасы Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша белгілейтін, мынадай тәртіппен айқындалатын салық салу объектілерінің құны жеке тұлғалар үшін тұрғын жайлар, саяжай құрылыстары бойынша салық базасы болып табылады: Қ = Қ б х S х К физ х К функц х К айм х К аек. өзг.Қ - салық салу мақсаты үшін мүлік құны,Қ б – тұрғын жайдың, саяжай құрылысының бір шаршы метрінің базалық құны, S – тұрғын жайдың, саяжай құрылысының шаршы метрмен көрсетілетін пайдалы алаңы, К физ - физикалық тозу коэффициенті, К функц - функционалдық тозу коэффициенті, К айм – аймаққа бөлу коэффициенті,К аек. өзг - айлық есептік көрсеткіштің өзгеру коэффициенті. Тұрғын жайдың, саяжай құрылысының бір шаршы метрінің ұлттық валютадағы базалық құны (Қ б) елді мекеннің түріне қарай мынадай мөлшерде айқындалады: Алматы*астана-60000,актау т№б-36000Салық мөлшерлемелері Салық базасы жеке тұлғалардың мүлiк салығы салық салу объектiлерiнiң құнына қарай, мынадай мөлшерлемелер бойынша есептеледi:

2 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда -салық салу объектілері құнының 0,05 пайызы .2. 2 000 000 теңгеден жоғары 4 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда-1000 теңге + 2 000 000 теңгеден асатын соманың 0,08 пайызы .3, 4 000 000 теңгеден жоғары 6 000 000 тенгеге дейін қоса алғанда -2 600 теңге + 4 000 000 теңгеден асатын соманың 0,1 пайызы .4. 6 000 000 теңгеден жоғары 8 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда -4 600 теңге + 6 000 000 теңгеден асатын соманың 0,15 пайызы 5, 8 000 000 теңгеден жоғары 10 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда -7 600 теңге + 8 000 000 теңгеден асатын соманың 0,2 пайызы

6, 10 000 000 теңгеден жоғары 12 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда-11 600 теңге + 10 000 000 теңгеден асатын соманың 0,25 пайызы Бюджетке салық төлеу жеке тұлғалардың мынадай салық салу объектілері:  1) құқығы алғаш рет ағымдағы салық кезеңінің алдындағы салық кезеңінің ішінде тіркелген салық салу объектілерін қоса алғанда, құқығы ағымдағы салық кезеңінің 1 қаңтарына дейін тіркелген объектілері;  2) пайдалану фактісі ағымдағы салық кезеңінің алдындағы салық кезеңінде анықталған, аяқталмаған құрылыс объектілері бойынша салық  салу объектілерінің орналасқан жері бойынша ағымдағы салық кезеңінің  1 қазанынан кешіктірілмей жүргізіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]