Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
madi_salyk.doc
Скачиваний:
81
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
512 Кб
Скачать

Диспозитивтік реттеу әдісінің мынадай өзіне тән белгілері болады:

1) салықтық қатынастағы тараптардың құқықтары мен міндеттері осы қатынастарды реттейтін салықтық заннамалық актілерінің және жазбаша шарт нысанында ресімделген екі жақтың келісімінің негізінде қалыптасады; 2) осыған орай салықтық қатынастар шартты сипатта болады және тараптардың екі жақтық міндеттемелерін білдіреді; 3) мемлекеттің салық төлеушіге тигізетін реттеуші ықпалы тек біржакты-өктем мәжбүрлеу нысанында ғана емес, сонымен қатар экономикалық ынталандыру мен материалдық мүдделеу арқылы қызықтыру нысанында көрініс табады; 4) диспозитивтік құқықтық реттеу әдісінің көмегімен реттелінетін салықтық қатынастардың заңи нысаны болып табылатын салықтық шарт екі тараптың өзара құқықтары мен міндеттерін туындатады; 5) салық органдары мен салық төлеушілердің құқықтары мен міндеттері аздап болса да теңестірілген және шарт сипатындағы жауапкершілікпен толықтырылуы мүмкін

Салықтық қатынастарды құқықтық реттеу - салықтық құқық субъектілерінің құқықтық мәртебелерін айқындауды, заңи фактілерге байланысты салықтық құқықтық қатынастардың туындауын, сондай-ақ салықтық қатынастарды құқықтық реттеу негізінде жатқан салық заңдарының императивтік, ұйымдастырушылық және диспозитивтік нормаларын колдануды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің және оның уәкілетті органдарының ұйымдастыру қызметтері болып табылады.

Салықтық құқықтың дерек көздеріне құзыретті әрі уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан салық жүйесіне және салық салуға байланысты шығарылған (қабылданған), құрамдарында салықтық құқық нормалары бар заңнамлық актілер мен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жатады.

Салықтың қандай түрлері бар

Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері

1) салықтар: корпоративтік табыс салығы; жеке табыс салығы;  қосылған құн салығы;  акциздер; экспортқа рента салығы; жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары; әлеуметтік салық;  көлік құралы салығы; жер салығы;  мүлік салығы; ойын бизнесі салығы;  тіркелген салық;     2) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер: мемлекеттік баж; алымдар; тіркеу алымдары; автокөлік құралының Қазақстан Республикасы аумағымен жүргені үшін алым; аукционнан алынатын алым; жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;  телевизия және радио тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алым;азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін алым;мыналар: жер учаскесін пайдаланғаны үшін;  үстіңгі көздерден су ресурсын пайдаланғаны үшін; қоршаған ортаға эмиссия үшін;  жануарлар әлемін пайдаланғаны үшін;  орманды пайдаланғаны үшін;  ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін;  радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін;  қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін; кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін;  сыртқы (көрінетін) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақылар қолданылады.

корпоративтік табыс салығы-ҚР-ның резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ ҚР-да қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе ҚР-дағы көздерден табыстар алатын резидент емес заңды тұлғалар корпоративтік табыс салығын төлеушілер болып табылады. Жеке табыс салығы-Жеке табыс салығы бойынша салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушiлер болып табылады.Қосылған құн салығын төлеушiлер:1) ҚР-да қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне тұрған мынадай тұлғалар: - дара кәсiпкерлер; - мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда, резидент – заңды тұлғалар; - қызметiн ҚР-да филиал, өкiлдiк арқылы жүзеге асыратын резидент еместер; 2) кеден одағының және (немесе) ҚР-ның кеден заңнамасына сәйкес ҚР- ның аумағына тауарларды импорттаушы тұлғалар.

Акциз-Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын, осы Кодекстің 279-бабында көрсетілген тауарларға акциз салынады. - спирттің барлық түрлері;- алкоголь өнімі;- темекі бұйымдары;- бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны; 6) микроавтобустарды, автобустар мен троллейбустарды қоспағанда, 10 немесе одан да көп адам тасымалдауға арналған, двигателінің көлемі 3000 текше сантиметрден асатын моторлы көлік құралдары;    экспортқа рента салығы- келісімшарттар шеңберiнде өндiрiлген шикi мұнай, газ конденсаты көлемiн экспорттайтын жер қойнауын пайдаланушыларды;мұнай және газ саласындағы уәкілеттіорган айқындаған көлемде және кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімімен бұрын орналастырылған шикі мұнайға экспорттың кедендік рәсімін қолданған шикi мұнайды, газ конденсатын экспортқа өткiзетiн жеке және заңды тұлғалар экспортқа рента салығын төлеушiлер болып табылады.

Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері мен салықтары - ҚР-ның заңнамасында айқындалған тәртіппен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттардың шеңберінде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізген кезде жер қойнауын пайдаланушылар СК белгіленген барлық салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлейді. ЖҚП арнаулы төлемдерi мен салықтары: 1) жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерiн;   а) қол қойылатын бонусты;   б) коммерциялық табу бонусын; в) тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдерді; 2) пайдалы қазбаларды өндіру салығын;   3) үстеме пайда салығын қамтиды. Әлеуметтік салықтар әлеуметтік мақсаттағы бюджеттен тыс нысаналы қорлардың, зейнетақы қорларының, әлеуметтік сақтандыру, жұмыспен қамту қорларының негізгі көзі болып табылады. Салық салу нысаны – еңбек міндеттерін орындағаны үшін төлемнің алуан түрлері.көлiк құралдары салық -Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiркеуге жататын және (немесе) есепте тұрған, тiркемелердi қоспағанда, көлiк құралдары салық салу объектiлерi болып табылады.жер салығы-  1. Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың нысаналы мақсатына және мынадай санаттарға: 1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге; 2) елдi мекендер жерлерiне; 3) өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлерге (бұдан әрi - өнеркәсiп жерлерi); 4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерiне, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерге (бұдан әрi - ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерi); 5) орман қорының жерлерiне;  6) су қорының жерлерiне;  7) босалқы жерлерге тиесiлiгiне қарай қарастырылады. 

Мүлік салығы- Салық төлеушiлер 1) ҚР аумағында меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектiсi бар заңды тұлғалар;  2) ҚР аумағында меншiк құқығында салық салу объектiсi бар дара кәсiпкерлер;Ойын бизнец салығыТөлеушілер   1) казино;  2) ойын автоматтары залы; 3) тотализатор; 

Тіркелген салық Тіркелген салықты төлеушілер: 1) ұтыссыз ойын автоматтарын;  2) ойын өткізуге пайдаланылатын дербес компьютерлерді;  3) ойын жолдарын (боулинг (кегельбан); 4) картты (картинг);  5) бильярд үстелдерін (бильярд) пайдалана отырып, қызмет көрсетулерді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар болып табылады.

Салықтық-құқықтық қатынастарының қалыптасуы,өзгертілуі мен тоқтатылу негіздері

Салықтық құқықтық қатынас – мемлекеттің салықтық қызметін жүзеге асыру барысында туындайтын, салықтық құқықтық нормамен реттелетін қоғамдық қатынас.

Салықтық қатынастар әрқашанда мүліктік (ақшаның өзін мүлік деп есептеуге болады) сипатта, сондай-ақ біржақты өктем сипатта болады.

Салықтық құқықтағы заңи фактілер: - салықтық құқықтық қатынастардың туындауын, өзгеруін және тоқтатылуын қамтамасыз ету; - салықтық-құқықтық реттеу әдісінің элементін; - ақпараттық және заңдылықты кепілдендіру функцияларын атқарады.

Салықтық құқықтық қатынастардын туындауы негізіне:

1) занды немесе жеке тұлғаның салық салуға жататын (кейде салық салуға байланысты) объектіні сатып алуы; 2) екі жакты (кейде үш жақты) салықтық шарттар жасасу; 3) заңды немесе жеке тұлғаның нәтижесінде салықтың не болмаса өзге міндетті төлемнің төлеушісі мәртебесіне ие болатын белгілі бір іс-әрекеттерді жүзеге асыруы; 4) салық салу мәселелеріне байланысты салық комитетінің немесе құзыретті қаржылық органның салық зандарына сай жекелей нормативтік құқықтық актілерді шығаруы жатады.

Салықтық құқықтық қатынастардың өзгеруі негізінде жатқан заңи фактілер:

- салық төлеушінің құқықтық мәртебесінің өзгеруі; - салық салу объектісінің немесе салық салуға байланысты объектінің өзгеруі; - салықтық міндеттеменің негізінде жаткан қаржылық-жоспарлық актінің өзгеруі;- бұрынырақ жасалынған салықтық шарттың белгіленген тәртіп негізінде өзгертілуі сияқты іс-әрекеттер мен мынадай оқиғалар: - салық төлеуші азаматтық отбасылық жағдайының өзгеруі; - салық төлеушінің белгілі бір жасқа жетуіне орай оған қатысты салық салу мән-жайларының заңға сәйкес өзгеруі; - салық телеушінің әлеуметтік жағдайының өзгеруіне байланысты оның мемлекет алдындағы салықтық міндеттемесінің заңға сәйкес өзгеріс табуы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]