Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
madi_salyk.doc
Скачиваний:
81
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
512 Кб
Скачать

Салық салу саласындағы мемлекеттік басқару органдары

Мемлекеттің салықтық құрылымының құқықтық негіздері - салықтарды алу мен жинауды жүзеге асыратын және де салық міндеттемелерінің орындалуына бақылау жасайтын (салықтық бақылау) мемлекеттік органдар жүйесін айқындайтын және осы органдардың құзыреттілігі мен өзара әрекеттестігін белгілейтін, салық құқығы жалпы бөлімінің институты.

Салық органдарының түрлері 1Тікелей салықтық (салық комитетінен тұратын салық қызметі органдары) 2Салықпен байланысты (кеден органдары, қазыналық органдар)

Салық қызметі органдары 1 Уәкілетті мемлекеттік орган (ҚР ҚМ салық комитеті) 2Салық органдары облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ уәкілетті органның ауданаралық аумақтық бөлімшелері жатады.

Салық қызметінің Міндеттері 1Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсу толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз ету; 2ҚР салық заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету 3ҚР салық саясатын іске асыруға қатысу 4өз құзыреті шегінде -ның экономикалық

қауіпсіздігін қамтамасыз ету;5БЖЗҚ МЗЖ есептеудің, ұстап қалудың және аударудың,МӘСҚ ӘА есептеудің және төлеудің толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету;

ҚР ҚМ Салық комитетінің құрылымы 1. Салық аудиті басқармасы 2. Ірі салық төлеушілер басқармасы 3. Әкімшілік басқармасы 4. ҚҚС  әкімшілендіру басқармасы 5. Адам ресурстары және салық қызметі органдарын жаңғырту басқармасы 6. Акциздерді әкімшілендіру басқармасы 7. Камералды бақылау басқармасы 8. Салық төлеушілермен жұмыс басқармасы 9. Ақпараттық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету басқармасы 10. Есепке алу, талдау және мониторинг басқармасы 11. Салықтық  заңнамаларды түсіндіру және жетілдіру басқармасы 12. Халықаралық салық салу басқармасы 13. Салық апелляциясы басқармасы 14. Өндірістік емес төлемдер басқармасы 15. Ведомстволық бақылау басқармасы 16. Салықтық қызмет қөрсету және салықтық процестерді үлгілеу басқармасы 17. Тауарларды импорттау барысында ҚҚС әкімшілендіру басқармасы 18. Заң басқармасы 19. Мамандандырылған басқарма 20. Мәліметтерді өндеу орталығын ұйымдастыру басқармасы

ҚР ҚМ - нің салық комитеті 1Мемлекеттің алдындағы салықтық міндеттемелердің орындалуына бақылауды қамтамасыз етеді;2Міндетті зейнетақы жарналарының толықтығы мен уақыттылығын, салықтар мен өзге де міндетті төлемдердің бюджетке түсуін қамтамасыз ету саласында сала аралық үйлестіру мен басшылықты жүзеге асырады

Жергілікті атқарушы органдар(кент, ауыл (село), аулылдық (селолық) округтер) - жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралы салықтарын, жер салығын жинауды ұйымдастырады

Жергілікті атқарушы билік органдарының салық салу саласындағы өкілеттіктері Көрсетiлген салықты жинауды ұйымдастыру кезiнде әкiмдер: 1) салық органдарынан салықтың сомасы туралы хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей көрсетiлген хабарламаны салық төлеушiге - жеке тұлғаға тапсыруды;  2) салық сомасы қолма-қол ақшамен төленген кезде салық төлеушiге - жеке тұлғаға осындай төлеу фактiсiн растайтын квитанция берудi;3) банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға ақша қабылдау жүзеге асырылған операциялық күннен кейiнгi келесi күннен кешiктiрмей, салық сомасын кейiннен бюджет есебiне жатқызу үшiн күн сайын өткiзудi қамтамасыз етедi. Егер күн сайынғы ақша түсiмi республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын он еселенген айлық есептiк көрсеткiштен кем болса, сондай-ақ елдi мекенде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым болмаған кезде ақша өткiзу үш операция күнде бiр рет жүзеге асырылады;

Салық қызметi органдары уәкiлеттi мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдармен өзара iс-қимыл жасайды, ҚР-ның заңнамасына сәйкес бiрлескен бақылау шараларын әзiрлейдi және қабылдайды, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етедi.Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар салықтық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындауда салық қызметі органдарына жәрдемдесуге міндетті.

Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператордың бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді алу және олар бойынша мәліметтер табыс ету жөніндегі өкілеттіктері СК ерекше бөлігінде айқындалады.    Салық органдары уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды СК белгіленген тәртіппен электрондық тәсілмен жүзеге асыруға құқылы.   Салық органдары салықтық тексеру барысында тексерілетін салық төлеушіге қатысты еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің ҚР-ның сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды алу жөнінде ҚР- ның Ұлттық Банкімен өзара іс-қимыл жасайды.

Салық органдарының лауазымды адамдарын материалдық қамтамасыз ету, құқықтық және әлеуметтік қорғау 1Салық органдары лауазымды адамының заңды талаптарын орындамау, салық органдары лауазымды адамының қызметтік жұмысына байланысты оны немесе оның отбасы мүшелерін қорлау, қорқыту, оларға зорлық-зомбылық жасау немесе олардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне қол сұғушылық, салық органдары лауазымды адамының қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіретін басқа да іс-қимылдар ҚР- ның заңдарда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады. 2 Қызметтегі жұмысын жүзеге асыруына байланысты салық органдары лауазымды адамының денсаулығына орташа ауыр зиян жасалған және келтірілген кезде, оған республикалық бюджет қаражатынан бес айлық жалақы мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді. Қызметтік міндеттерін орындауына байланысты салық органдары лауазымды адамының денсаулығы мен мүлкіне келтірілген нұқсан, сондай-ақ салық органдары лауазымды адамының отбасы мүшелері мен жақын туыстарының денсаулығы мен мүлкіне келтірілген нұқсан ҚР-ның заңнамасында сәйкес өтеледі.

Салық органдарының лауазымды адамы қызметтік міндеттерін орындау кезінде қайтыс болған жағдайда қаза тапқан адамның отбасына немесе оның асырауындағы адамдарға (мұрагерлеріне): 1) қаза тапқан адамның соңғы атқарған лауазымы бойынша республикалық бюджет қаражатынан он жылдық ақшалай табысы мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді; 2) ҚР-да мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы ҚР-ның заңнамасында белгіленген мөлшерде және тәртіппен асыраушысынан айрылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]