Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СОЖ арналан материалдар.doc
Скачиваний:
34
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
1.51 Mб
Скачать

Соөж арналған материалдар

1 - СОӨЖ Мен және басқа адам.

Менің Нұржамал деген есімім өте көркем...

- Сәлеметсіз бе? Қазақ халқы: «жүздің түсін білгенше, бірдің атын біл», - дейді. Бүгін сізді халқымызға кеңінен таныстырайын деп отырмыз. Менің аты-жөнім Элеонора Якия. «Әлия» журналының журналисімін. Ал сіздің аты-жөніңіз кім?

-Менің фамилиям – Үсенбаева. Есімім – Нұржамал.

-Сіз қайдансыз?

-Мен Қазақстанның оңтүстігіндегі Арыс қаласынанмын.

-Отбасыңыз, туып өскен ортаңыз туралы айтсаңыз?

-Ұстаздар отбасында дүниеге келгенмін. Анам кітапханада жұмыс істеді. Әкем тарих пәнінің мұғалімі, 40 жыл мектеп директоры болып қызмет атқарды, КСРО ағарту ісінің үздігі, қаланың құрметті азаматы, қалалық кеңестің депутаты болған адам.

-Ал, өмірдегі жолдасыңыз кім?

-Оның есімі-Төлеген Мұхамеджанов, күйеуім де шығармашылық адамы. Төлеген менің шығармашылық қуатымды өнерге арнауыма, қабілетімді дамытуға ақыл-кеңесін аямайды, әрдайым қолдау білдіріп отырады, мен де оны түсініп, ақылдасып, көмектесемін.

-Бала- шағаларыңыз бар ма?

-Иә, әрине. Қызымның есімі-Қарлығаш. Екеуіміз құрбылар сияқтымыз, ол менің журналистермен байланысымды реттеп, келіссөзерді жүргізіп, поштамды қабылдап отыратын мықты көмекшім.

-Сіз оңтүстіктің қызысыз, біраз уақыттан бері Астанада тұрасыз. Қысы қатты қаланың сіздің өміріңіздегі орны қандай?

- Отбасым осы қалада тұратындықтан болар, жер шарының қай түкпірінде жүрсем де Астанамды сағынамын.

- Әдемі қалпыңызды сақтап жүру үшін не істейсіз?

- Өмірде сұлу емес адам болмайды. Дегенмен адамның сыртқы келбетінің әдемілігін жанының сұлулығы мен айналаға деген мейірімділігі анықтайды деп ойлаймын. Менің Нұржамал деген есімім өте көркем ...

- Сонымен біз сізбен кеңірек таныстық. Мен өте қуаныштымын.

- Мен де танысқаныма қуаныштымын.

2 - СОӨЖ. Ата көрген оқ жонар

Ата – бабаларымыз ұлтты өздеріңдей еңбек сүйгіш, жауынгер, әнші, күйші, аңшы, құсбегі – бес аспап азамат етіп тәрбиелеуді мақсат еткен. Жігіттің бойына өнер мен еңбекті, адамгершілік қасиеттерді қатар сіңірген. Ер баланы бес жасынан бастап ат жалын тартып, азамат болғанға дейін мал бағу мен аң аулауға, отын шабуға, қора салуға, ағаштан, теріден, темірден түрлі тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауға, яғни қолөнер шеберлігіне баулыған. Әсіресе, әкелері мен аталары ұлдарға мал жаюдан бастап, шаруаның алуан тәсілдерін үйретіп баққан. Отбасындағы ұл тәрбиесінде әке мен аталардың рөлі ерекше. Әке үйдің басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым–қатынасы, өнер–білімі, ұл– баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін нысаны. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса: « Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, өнегелі жерден шыққан ғой» деп мадақтайтыны сондықтан. «Әкеге қарап, ұл өседі, шешеге қарап, қыз өседі»,

«Әке – бәйтерек, бала – жапырақ», «Жас – кәрінің көзі, кәрі– жастың тезі», «Ата – балаға сыншы» деген мақалдар мен пікірлер де халықтың өткен өмірінен туындаған.

3 - СОӨЖ. Қазақ отбасының салт–дәстүрлері мен әдет