Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СОЖ арналан материалдар.doc
Скачиваний:
34
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
1.51 Mб
Скачать

Темір жол станциясы

Біз қай темір жол станциясына жақындадақ?

Біздің поезд қай станциядан жүргелі тұр?

Үшінші көлік алаңына қалай жетуге болады?

Алматыға тура баратын поезд бар ма?

Мен алдын – ала билет алып қояйын деп едім.

Маған бір бағытты билет беріңізші.

Жүк тасушы, міне, менің жүктерім.

Біздің купе қайда?

Поездің жүруіне қанша уақыт қалды?

... қайда?

  • мейрамхана вагоны

  • темекі тартуға болатын вагон

  • әжетхана

Маған ... әкеліңізші

  • бір шыныаяқ шай

  • жастық, көрпе

Бұл қай станция?

Бұл жерде қанша бөгелеміз

Сөздік

аттану, жүру – отправляться

мейрамхана вагоны-вагон - ресторан

бір бағыттағы билет – билет в один конец

көлік алаңы – платформа

жүк тасушы - носильщик

темір жол – железная дорога

бару және қайту билеті – билет туда и обратно

12-СОӨЖ. Қазіргі жерлес ақын-жазушылар. (М.Қанғожин, З.Әлімжанов)

1 тапсырма. Мүталап Қанғожиннің өмірбаяны туралы мәлімет.

2 тапсырма. З.Әкімжановтың өмірбаяны туралы мәлімет.

3 тапсырма. М.Қанғожинның шығармаларынан өлке табиғатын суреттейтін үзінді

4 тапсырма. М.Қанғожинның өмірі мен шығармашылығына презентация жасаңыз

5 тапсырма. З.Әкімжановтың шығармашылығы жөнінде әңгіме.

13 Соөж Халықтық қолөнер. Қолөнер түрлері Зергерлік өнер

Қазақ халқының асыл мұрасы, үлкен өнерінің бір түрі - қолөнер туындылары. Қолөнер бұйымдарын жасауда шеберлер артына көптеген мұра қалдырып кеткен. Халық таланттарды қолөнер жұмыстарына биік талғаммен қарап, қолданылатын орнына қарай өзіндік нақыштарын дәлме-дәл таба білген. Қазақ халқының арасында дамыған қолөнер салалары - киіз басу, тоқыма тоқу, күнделікті тұрмыста басты орын алады. Ою-өрнекті киіз басу, әсіресе, ерекше ұлттық өрнектермен тоқылған алаша, сырмақтар, қолдорба, қоржындар жасау жоғары дәрежеге жетті. Қазақтың ұлттық қолөнер туындыларын көрнекті бұйымдарды кең-байтақ қазақ даласынан әрі асып, тіпті шетелдерге де әйгілі болды. Ұлттық оюдың адам баласына тигізер үлкен әсері бар. Ол адам ойын бір жүйеге келтіреді, сондай-ақ жүйке қызметін реттеп, ашуды, қайғыны басуға ықпал етеді.

Зергерлік өнер - өте ерте заманнан келе жатқан өнер. Оны барлық халықтар жоғары бағалап, ең қалаулы өнер етті. Он саусағынан өнер тамған шебер, алуан түрлі сәндік бұйымдар мен әшекей заттарды (сақина, сырға, білезік, қаптырма т. б.) алтынмен аптап, күміспен қаптап, зерлеп, ажарын, сәнін кіргізіп, айшықтап жасаушыадамды зергер дейді. 3ергер қазақ тіліне арабтардан ауысқан, ол тас қырлаушы, оның түр-түсін ажырата білуші деген мағынаны береді. Қазақтың ісмер әйелдері алтын жіппен зер тігуде зор табысқа жетті. Олар негізінен тұс кілемдер мен төсек жапқыштарға, сырт киімдерге зер тігумен айналысты.

Зергерлік шеберлік әкеден балаға мұра ретінде қалып отырған. Бұл бұйымдарды жасауға күміс, ақық, маржан, кейде лағыл, сапфир, меруерттер пайдаланылды.

Зергерлік бұйымдарды халық көп тұтынатын болғандықтан бұл өнер ел ішінде кең дамыған. Әсіресе, күміс және оның қоспалары арқылы жасалған зергерлік бұйымдар көп тарады. Күміс жұмсақ, оңай өңделетін металл және жарқыраған ашық түсімен көз тартады. Оның осы қасиеттерін зергерлер пайдаланады. Әйелдерге, қыздарға арналған шолпы, білезік, қапсырма, жүзік, сырға, түймелер, алқа, сәнді заттар, киіз үйдің керегесін, уық, шаңырағын, есігін әшекейлеу ерекше орын алды.

Тақырыпқа байланысты сөздiк

зергерлік өнер -ювелирное искусство

сәнді - нарядный,модный

бұйымдар -изделия

шебер -мастер

мұра - наследие

тұтынатын болғандықтан- поскольку была большая потребность

қоспа - смесь

шолпы - подвеска для волос

қапсырма - застежка

сырға - серьги

алқа - колье

өңделу - обрабатывать

көз тартады -привлекает внимание

білезік – браслет

аптау – покрывать тонким слоем;

қашау – вырубать, откалывать

әшекейлеу – разукрасить, наряжать

кестелеу – вышивать

айшықтау – нанести узор, украсить

өру – заплетать

тоқу – ткать, вязать

ОЮ - ӨРНЕК

А) Сұрақтарға жауап беріп, төмендегі мәтінді толықтырыңыз.

  1. Ою сөзінің синонимі

  2. Ою қандай мемлекеттік рәмізде кездеседі?

  3. Бұл рәмізде тағы қандай элементтер бар?

  4. Олар нені білдіреді?

  5. Қазақтың ою-өрнегі туралы не білесіз?

  6. Ою сөзі омоним сөз. Мағынасы қандай?

  7. Оюланған, оюлы, оюмен безендірілген деген сөздерді аударып, мағынасын түсіндіріңіз.

Ә) Мәтінді сөздік көмегімен аударыңыз.

Қазақтың ою-өрнегі туралы

ОЮ - ою-өрнектің бір түрі, Түрлі материалдар (мата, киіз, ағаш т. б.) мен асыл металдарды (алтын, күміс, мыс т. б.) ойып, бедерлеп немесе бір-біріне қиюластыру, кіріктіру арқылы жасалады. Негізінен үй - іші жиһаздарын (жүкаяқ, кебеже, сырмақ т. б.) безендіруде қолданылады. ОЮШЫ - өрнек, бедер жасаушы шебер. Ою өнері қазақ жерін мекендеген көшпелі тайпалар арасында ежелгі заманда-ақ дамыған. Өрнек үй жиһаздарына, киім-кешекке, қару-жарақ сабына т. б. салынған. Оюшы өнері жаңа дәуірдің талабына сәйкес қазір де қолданылады.

14 - СОӨЖ. Қазақ хандығының құрылу жүйесі

XV-XVI ғасырларда Қазақ хандығының мемлекеттік құрылысы жеті сатыдан қаланды:

Ауыл – туыстас, қандас, жақын адамдардан немесе бірнеше отбасынан құралған. Әрбір ауылдың басқаратын адамы болды. Оны ауылбасы деп атаған. Ауылбасы білгір, тәжірибелі, саяси беделге ие, ауқатты адам болған. Ауылбасының атқаратын міндеттері: ауылдастарының шаруашылығын басқару, маусымдық көші-қон уақытын белгілеу, дау-жанжалдарды әділ шешіп отыру, жоғарыдан келетін жарлықтарды орындау т.б.

Ата-аймақ – жеті атадан қосылатын бірнеше ауылдан құралды. Оны басқаратын адамды ақсақал деп атады. Ата-аймақтағы адамдар ақсақалдың ақыл-кеңестерін тыңдап, ол кісінің шешімін екі айтқызбай орындап отырған.

Ру – негізінен он немесе он бес аймақтан құралатын болған. Руды басқаратын басшыны рубасы деп атады. Рудың тағдыры рубасының тапқырлығы мен қабілетіне тікелей байланысты болған.

Арыс – бірнеше рудан құралады. Осы бірнеше рудан құралған арысты басқаратын адамды би деп атады. Бүкіл қауым бидің шешімін орындауға міндетті болды.

Ұлыс – бірнеше арыстан құралды. Ұлыстың билеушісі сұлтан деп аталды. Сұлтандар әдетте хандар мен ақсүйектердің әулетінен шыққан адам болды. Көбінесе хандар өздерінің ұлдарын және туыстарын ұлыстарға сұлтан етіп тағайындайтын болған. Сұлтандар ханды сайлауға қатысып, ханмен тікелей қарым-қатынас жасай алатын болған.

Жүз – бірнеше ұлыстардан құралды. Жүздің билеушісін Хан деп атады. Әрбір жүз өзінің ханын сайлайтын. Жүзді билейтін хандар тек қана хандар әулетінен шыққандар болуы талап етілді. Басқа жол заңсыздық деп табылды. Мысалы, жиырма жеті мемлекетті жаулап алып, бағындырған барлас руынан шыққан Ақсақ Темір билікті Шыңғыстың ұрпағы Тоғылық Темірден тартып алса да, өзін ханмын деп атай алмаған, өмір бойы Әмір болып өткен.

Хандық – үш жүзден тұрды. Хандықтың ең үлкен әміршісі Қаған (ұлы хан, яғни хандардың ханы) болды. Хандарды ақсүйек шонжарлардан сайлау қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ежелгі ата дәстүрі болды.

БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ!