Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СОЖ арналан материалдар.doc
Скачиваний:
34
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
1.51 Mб
Скачать

19 Соөж. Назарбаев университеті

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Nazarbaev University жобалау кезеңінің өзінде келешектің унаверситеті деп танылған болатын. Ұлыбритания мен АҚШ-тың үздік жоғары оқу орындарынан келген оқытушылар құрамы, қатаң конкурстық іріктеу, халықаралық стандарттар, гаранттардың шектеулі саны және қазақстандықтар үшін үйреншікті жағдайға айналған ақылы топтарға қабылдаудың жоқтығы- осылардың барлығы Nazarbaev University-ге қатысты Республикамыздың білім беру жүйесіндегі түбегейлі жаңа көрініс ретіндегі көзқарастың қалыптасуына жағдай жасады. Жоғары оқу орнындағы алғашқы оқу жылы 2010 жылдың 27 желтоқсанда басталды. Foundation бағдарламасы атты бірінші курсқа гранттар бойынша шамамен 500 студент қабылданды.

Жоғары оқу орнының академиялық және ғылыми мәселелер жөніндегі проректоры, ембридж уиверситетінің профессоры Энн ЛОНСДЕЙЛ мыныдай жаңалықпен бөліті:

  • Нәтежилері таңғаларлық: таңғаларлық: 32 студент бағдарламаны үздік бітірушілердің 65 пайыздымақтау грамоталарын алды. Студенттерді үш жыл бойы оқытып келген Foundation бағдарламасының оқытушыларының сөздерін мысал етінде айтып кеткім келеді. Олар қазақстандық студенттердің өте дарынды екендігін, жаңа білімдерді алуға ұмтылатындағын және қте білімқұмар екендігін атап өтуде. Қазақстанда Сіздердің үлкен қазынарыңыз бар, бұл қазына- Сіздердің жастарыңыз.

Бұл ретте Энн Лондсейл Foundation бағдарламасын нашар бағамен бітіргендердің саны – халықаралық деңгейдегі Жоғары оқу орындарының кқрсеткіштері бойыша мардымсыз екендігін атап өтті.

Foundation бағдарламасы мазмұнды, барлық шарттардың орындалуымен жетілдіріген дайындық курсы ретінде құрылған болатын. Бір жыл бойы студенттер «супер-интенсив» жүйесі боыйнша академиялық, ағылшын тілін, жалпы білі беретін пәндерді және «профильдік» пәндерді оқиды, ал бұл пәндер дайындық курсын бітірушілерге келешекте олардың таңдап алған факультеттерінде қажет болады. Nazarbaev University-дің атқарушы кеңесі төрағасының орынбасары Қадиша ДАИРОВАНЫҢ түсіндірүі бойынша,бірінші жалпы курс- Nazarbaev University-дің Ұлыбританаядағы және АҚШ-тағы әріптестері болып табылатын Жоғары оқу орындарының жоғары талаптарына студенттердің «сәйкес келе алуы» үшін енгізілген болатын, ал ондағы орташа 12жылға және тиісінше, 13 жылға созылады.

Foundation бағдарламасын бітірген студенттер үшін жаңа оқу жылы 29 тамызда басталады. Олар факультеттер бойынша немесе Nazarbaev University-де үйреншіті аталатын «мектептер» бойынша бөлу рәсімінен өтіп қойған.

  • Ең алдымен, бұл – инденерия мектебі. Сондай-ақ ғылым және технологиялар мектебі бар, ал ол сонымен қатар премедициналық бағдарламаны да қамтиды. Және де гуманиарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі,-деп айтып өтті Энн Лонсдейл.

Оның сөзінше, ғылым және технологиялар мектебін студенттердің басым бөлігі таңдады, кеңінен таралуы бойынша екінші орында - гуманиарлық және әлеуметтік ғылымдар, ал үшінші орында- инженерия мектебі. Студенттердің соңғы сәтке дейін өз таңдауын басқа факультеттің пайдасына өзгерту құқығы болады.

Ал дайындық курсына осы жылы жаңа шәкірттер кіріседі. Қадиша Даированың мәлімдеуінше, конкурс аяқталып қойды.

500 студент мемлекеттің есебімен, 9 студент- демеушілердің гранттарының есебімен оқитын болады,-деп түсіндірді атқарушы кеңес төрағасының орынбасары.

Конкурс бір орынға 8 адамды құрады. Оқұға түскендердің 138-і Астанадан, 60-ы Алматыдан, 54 адам- Қарағандыдаң, қалған 248 студент- елііздің түрлі аймақтарынан. Foundation-дегі оқу желтоқсан айының соңында басталады.

-Оқуға түскен студенттердің саны бойынша бірінші орынды Алматы қаласының О.Жәутіков аындағы республикалық арнайы физикалық-математикалық орта мектеп-интернаты иемденді (44 адам). Екінші орында- Астана қаласының қазақ-түрік лицейі, ол жерден 24 түлек қабылданды. Үшінші орынды «Назарбаев Интеллектуалдық мектебі» иемденді,- 19 студент,-деп атап өтті Қадиша Даирова.

Енді оқу бөлек факультеттерде немесе «мектептерде» басталатын болғандықтан Nazarbaev University-де студенттерге арналған тәлімгерлердің саны ұлғайтылды.

  • 40-тан астам оқытушы әртүрлі елдерден келді. Мен АҚШ-ты, Канаданы, Ресейді , Ұлыбританияны, Түркияны, Австралияны, Қытайды, Сингапурды, Арменияны, Малйзияны және Италияны атап өте аламын,- деп айтып берді Энн Лонсдейл.

Іріктеудің өлшемдері- жұмыс өтілі, академиялық үлгерім және марапаттар, сондай-ақ зерттеу жұмысы болды.

  • Оқытушылардың жақсы зерттеушілер, өз саласындағы ғалымдарболуы біз үшін өте маңызды болды,- деп атап өтті Энн Лонсдейл,- Сонымен қатар біз бес қазақстндық. Олардың жұмыс өтілі үлкен, сондай-ақ олар Жапонияда, Канадада және АҚШ-та сабақ берген.

Қазақстандық профессорлардың ішінен – экономист Зәуреш Атаханова, ол Канададағы Калғари университетінде сабақ берген, ал физик Жандос Өтеғұлов көп жылдар бойы Айдахо Ұлттық зертханасында жұмыс істеді және АҚШ-тағы Небраска университетінде сабақ берді. Сонымен қатар Жоғары оқу орнының өкілдері хабарлағанындай, 2012-2013 оқу жылы Nazarbaev University басшылығы коммерциялық негізде шетелдік студенттерді қабылдауға және басқа жоғары оқу орындарынан шәкірттерді ауыстыруға рұқсат беруге ниеттеніп отыр. Сондай-ақ халықаралық студенттер үшін университеттік стипендияларды жетілдіру жоспарлануда.

20-СОӨЖ. Атақты ғалым-жерлестері өмірінен