Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СОЖ арналан материалдар.doc
Скачиваний:
34
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
1.51 Mб
Скачать

«Қазақтар қайран қалдырды»

Самал ескен салқын автобуспен біз елдің бұрынғы астанасы, өзінің жасыл желегімен желпіген, өзіміз ынтыққан ыстық Алматының құшағына ене бердік. Оның зәулім үйлерінің, шіркеу мен мешіт мұнараларының, көшелерінің бар көркемдігін ағаштар көмкерген. Ал біздің жолбасшымыз өзінің әсем қаласы мен Президент Н.Назарбаев туралы әсерлі әңгіме желісін аяқтай бергенде біз Шымбұлаққа ат басын тіредік.

Бұл спорттың қысқы түрлерінің ең жайлы таулы ауданы және Медеу. 1974 жылғы дүние жүзі чемпионаттағы А.Кеулен-Деелстрдің алтын медалін еске салады. Бұл мұз айдыны 1700 метр биіктікте орналасқан, қазір мұнда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.Жақында Медеу жабық мұз айдынын айналып, Қазақстан әлемдегі мұзда ең шапшаң сырғанау мүмкіндігіне тағы да ие болады.Шымбұлақ шаңғы базасы бұдан да 1100 метр биіктікте екен.

Ми-8 тікұшағымен Шарын аңғарына дейін жетіп, одан әрі ұштық. Көз жеткісіз шөл дала үстінде қалықтап, біздің жолбасшымыз ұбап-шұбаған құмды жол сорабын нұсқады. «Бұл Қытай асатын жол» - деді ол.

Шарын аңғары- бұл Америкадағы Гранд аңғарының шағын көшірмесі. Осы арадан бізді тікұшақ Алтын Емелге-бұрын-соңды көрмеген, Қазақстанның ең көрікті де үлкен табиғи қорығына жеткен Купедегі шөл даланың көкжиекпен астасқан қарлы көрінісінен тынысың ашылғандай болады.

Пойызбен саяхат жасау

Менің атым Ксения. Мен Семейденмін. Мен медицина академиясының екінші курсында оқып жүрмін. Жазғы демалыста ата анама барып тұрамын. Олар Семейде тұрады. Семейге дейін ұшақ, пойыз және автобустар барады. Студент болған соң. ұшаққа отырмаймын. Билеті қымбат болғандықтан пойызбен жүремін. Өткен жолы да пойызға отырдым. Темір жол бекетіне кіріп, ең алдымен анықтама бюросына бардым.

- Кешіріңіз, Семейге дейін қандай пойыз жүреді? Қай кассадан билет сатып алуға болады? Қай платформаға шығуым керек? Қай жолдан жүреді? Купелі вагонға билет бар ма?

- Семейге екі жолаушылар пойызы жүреді. Біреуі жүрдек пойыз. Кестені қараңыз. Пойыздың келуі де, кетуі де анық көрсетілген. Бесінші кассадан билет сатып алыңыз. Купелі вагонға да, плацкарт вагонға да билеттер бар. Пойызыңыз екінші вагонға тоқтайды. Бірінші жолдан жүреді.

Келесі күні мен досыма билет алғыздым. Ол мені шығарып салуға темір жол бекетіне келді. Менің қол жүгім ауыр еді. Перон басы ығы-жығы халық: жүк көтерушілер, жолаушылар, шығарып салушылар, қарсы алушылар өте көп. Алтыншы вагонды іздеп келе жатырмыз.

- Мынау алтыншы вагон ба?

- Иә, алтыншы вагон. Мен жолсерікпін. Билетіңізді көрсетіңіз. Жолаушы кім?

- Мен. Билетім міне. Менің орным қай купеде? Орным жоғарыда ма, әлде төменде ме?

Жолсерік бәріне жауап берді. Мен төсек орын алып, төменгі орынға орналастым. Пойыз дәл белгіленген уақытында жүріп кетті. Жолаушылар бір-біріне сәтті сапар тіледі.

Сөйлесу үлгілері және сөздік

Саяхат жасау

Мен әуежайда қашан болуым керек?

Әуежайға қалай жетуге болады?

Ұшақ билеті қай жерде сатылады?

Бұл тура жететін рейс пе?

Біз қай әуежайға қонамыз?

Міне менің ...

  • билетім

  • төлқұжатым

  • жүгім

Артық жүкке қанша төлеуім керек

Қауіпсіздік белдігін тағуға көмектесіңізші

Біз ..қашан жетеміз?

Сөздік

әуежай – аэропорт

хабарлау – обьявлять

... келу – прибывать в ...

келуі – прибытие

отырғызу– посадка

белдік – ремень

билет тапсыру – зарезервировать билет

тіркеу – регистрация

тура баратын рейс – прямой рейс

әуесерік – стюардесса

қону – приземляться

жүк – багаж

артық жүк-перевес

орын – место

жүк қойма терминал