Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СОЖ арналан материалдар.doc
Скачиваний:
34
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
1.51 Mб
Скачать

Ғұрыптары. Салт-дәстүрлер мен ырымдар

Салт – кәсіпке, сенімге, тіршілікке байланысты әдет-ғұрып, дәстүр. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады. Уақыт өткен сайын салтқа өзгеріс еніп, өзгеріп, қоғамға байланысты бейімделіп келеді.

Жаңа қоғамдық қатынасқа сай келмейтін дәстүрлер ығысып, өмірге қажетті жаңалары дамып отырады.

Дәстүр – ұрпақтан-ұрпаққа ауысатын, тарихи қалыптасқан нормалар мен үрдістер. Ол – қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез-құлқының, іс-әрекетінің рухани негізі. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты, сондықтан мәдениеті дамыған ел дәстүрге де бай. Ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық, әділеттілік, мейірімділік сезімдері озық дәстүрлерге жатады.

Той– әдет-ғұрып дәстүрі. Дүние жүзінің барлық халықтары той жасайды. Қазақ халқының мәдени өмірінде той ежелгі заманнан бастап үлкен орын алған. Мысалы, қыз ұзату, үйлену, шілдехана, сүндет, наурыз тойлары. Қыз ұзату, үйлену, сүндет тойларына ат шаптыру (бәйге), балуан күрес, көкпар, қыз қуу сияқты ұлттық ойындар өткізіледі. Тойдың жақсы дәстүрлері бүгінде сақталған, үйлену тойында жар-жар айтылады, түрлі ұлттық ойындар ұйымдастырылады. Осы аталған мерекелердің басымы бала тәрбиесімен байланысты.

Бала тәрбиесіне байланысты салт – дәстүрлер:

Тұсау кесу– бала тәрбиесіндегі әдет-ғұрып, ырым. Баланың аяғын жіппен немесе қойдың піскен майлы ішегімен тұсап, бала-шағалы, аяғы жеңіл, ақкөңіл адамға кескізеді. Тұсау кесу құрметіне тағам дайындап, көршілерді жинап, жеңіл-желпі құрмет көрсетіледі. Тұсау кескен адамға сыйлық беріледі. Тұсауды ала жіппен кесу көне шаман дінінен қалған.

Тоқым қағар– қазақтың ескі дәстүрі бойынша, жас жігіт алғаш рет жолаушы жүргенде берілетін жолаяқ, кәде. Алыс жолға кеткен жігіт аман-есен келсін, тоқымы жерде қалмасын деген жақсы тілек білдіруге байланысты берген. Тоқым қағуға арнайы қой немесе қозы сойылады, болмаса қазы-қарта асылады.

Біле жүріңіз!

Салт-дәстүрлердің түрлері:

1. Діни әдет ғұрыптар

а) Ырымдар мен нанымдар (оң және теріс бата, күн жайлату, отқа май құю, алғыс-қарғыс, ауруды емдеу т.б.)

ә) Діни рәсімдер мен мейрамдар (намаз оқу, ораза ұстау, зекет-садақа беру, қажыға бару т.б.)

а) Үйлену тойы

ә) Бала тәрбиелеу дәстүрлері

б) Жерлеу салты

2. Кішкентай баланы жақсы көру, еркелету үшін қолданылатын сөздерді жазыңыз. Ата-анаңыз сізді еркелеткенде қандай сөздер айтады? Сол сөздердің қайсысы сізге ұнайды?

3. Жыр жолдарын толықтырыңыз.

Қаз бола ғой.....

Құтты болсын қадамың.

Жүгіре қойшы..........

Желбіресің тұлымның.

4– СОӨЖ. Жақсы дос-жан азығы

Жақсы дос – жан азығы. Досқа деген сыйластық сезімі – әр адамның бойында бар қасиет. Сыйластық сезім достар арасында берік орын алса, адам ешқашан жалғыздық көрмейді. Достардың бір-біріне деген құрметі зор болса, ол қиындықтан шығуда да, өмірдегі мақсатына жетуде де үлкен демеу болмақ. Ел арасында айтылатын мына бір аңыз есімізге түседі:

Ертеде, елімізде жаугершілік жиі болатын кезде, қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады. Кенет тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасап, елдің мал-мүлкін тонап, азаматтарын айдап әкетеді. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр, күздің қара суығын елеместен, өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскері оны бас салып ұстап, тұтқынның сұрауымен қолбасына алып келеді.

Жігіт қолбасына:

- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Бірақ менің беретін мал-мүлкім жоқ, тек өмірімді ғана бере аламын. Өмірімді алып, досымды босатыңдар, - деп өтінеді.

Қолбасы:

- Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сенің көздерің керек, екі көзіңді ойып аламын, - дейді оған.

- Ол да болсын, көзімді ал да, досымды босат, - дейді жігіт.

Жау жағы оның екі көзін ойып алып, досын тұтқыннан босатады. Әлгі жігіт тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, күлімдеп келе жатқан екен.

Мұны көрген жаудың қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты бетпе-бет ұрыста жеңу қиын екен» деп шешіп, әскерлеріне шегінуге бұйрық берген дейді.

Досының өмірі, бостандығы үшін ер жігіт көзінен айрылғанына қапаланған да жоқ, керісінше, досының қауіптен құтылғанына риза. «Дос – қияметтік» деген сөз осындай қасиеттің көрінісі ретінде қалса керек.

Ерте заманның шешені әрі ойшылы Цицерон: «Достық өз бойына қаншама сан алуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңізші! Қайда барсаңыз да, ол сізге қызмет етеді, ол барлық жерде бар, ол ешқашан мезі қылмайды, ешқашан да орынсыз килігетін жері болмайды, ол сәттілікке жаңа сәулет береді, ол ортақтасқан сәтсіздіктер де көп мөлшерде өзінің уытын жоғалтады», - деген.

Достар сыйластығы бір-біріне қалтқысыз сенген, риясыз сенім сезіміне ие болған адамдардың арасында болады. Ол үлкен өмір жолынан өткен, тәжірибеде жинақталған, қиындықта сыналған сыйластық болса, анағұрлым берік болмақ. Қазақта «Киімнің жаңасы, достың ескісі жақсы» деп бекер айтпаған. Бала шағынан бір-бірінің мінезін, әдетін, ой-өрісін біліп өскен достар арасындағы сыйластықтың орны бөлек, ол анағұрлым берік әрі түбегейлі.

5- СОӨЖ. Мамандық таңдаудағы жеті қадам.

Мамандық таңдау – адам өміріндегі ең жауапты кезең. Қалай десек те, ересек адам өмірінің үштен бірі жұмыста өтеді екен. Сіздің аптасына бес күн, сегіз сағат психологиялық дағдарыс пен сәйкессіздіктен шаршап, азапқа түсу-түспеуіңіз өмірлік тәжірибе жинамай тұрып, не істеу қажет екендігін шешкен таңдауыңызға тікелей байланысты. Талапкер үшін мамандық таңдаудың жеті басты қадамын ұсынуды жөн көрдік.

Бірінші қадам:

Байыппен бағдарлай біліңіз

Жас адамның бір тоқтамға келуіне қиялдың да әсері бар. Біреуді кинодағыдай романтикалық мамандықтар қызықтыруы мүмкін. Біреулер туғаннан маңдайына жазылған ата-анасының жолын таңдайды. Біреулер ЖОО-ға ең жақын досына немесе құрбысына серік болып барады, ал енді біреулер үйіне жақын оқу орнына құжат тапсыруға асығады.

Мамандық таңдау адам тағдырында көп нәрсені шешетіндіктен, оған атүсті қарау – жеңіл ойлылықтың белгісі. Сондықтан, бұл мәселенің шешімін мүмкіндігінше аса мән беріп, байыппен қабылдаңыз.

Екінші қадам:

Дұрыс шешім өз қолыңызда

Ең бірінші, бұл таңдауды өз бетіңізше жасау керектігін саналы түрде ұғыңыз. Ата-аналардың, достарыңыздың ықпалынан шыға алмай қалмаңыз. Олар не айтса да, бұл сіздің тағдырыңыз.

Үшінші қадам:

Бейімділігіңізді ескеріңіз

Бастапқыда өз қызығушылығыңызға назар аударыңыз. Немен айналысқанды қалар едіңіз? Қандай пәндер ұнайды? Бос уақытыңызда немен айналысқанды жақсы көресіз? Адамдармен, әсіресе, бөгде кісілермен оңай тіл табыса аласыз ба? Көп нәрсе сіздің бейімділігіңізге байланысты.

Төртінші қадам:

Өзіңізді сынақтан өткізіңіз

Бәрінен бұрын өзіңізді ой елегінен өткізіп көріңіз: өзімнен және өзімнің жұмысымнан нені қалаймын? Бес жылдан кейін өзімді қалай елестетемін? Барлық ақпараттарды пайдалана отырып, болашақ мамандығыңыз туралы көп мәлімет алуға тырысыңыз. Өзіңіз таңдаған мамандық иелерінің іс барысын көзіңізбен көру үшін сол кәсіпорын, мекемелермен танысуға шығыңыз.

Бағдарламашы болғыңыз келсе, компьютерлік ойындарды ғана қанағат тұтпай, ең болмаса бір қарапайым бағдарлама жасап көріңіз. Дайындық курстарына жазылсаңыз, тіпті жақсы. Ең дұрыс тәсіл – жазғы демалыс кезінде өзіңізді қызықтыратын саланың ең кіші қызметкері болып жұмысқа тұрсаңыз, таңдауыңыздың дұрыс-бұрыстығына көзіңіз анық жетер еді.

Бесінші қадам:

Сұранысты да назарда ұстаңыз

Болашақ мамандығыңыздың еңбек нарығында қаншалықты бағаланатынын білу де пайдалы. Қарапайым жол: бос орындарға жарияланған байқауларда, интернеттің еңбекке орналастыру сайтында қандай мамандарға сұраныс бар екенін қараңыз. Арнайы агенттіктер жүргізген болжамдардың да маңызы бар. Осы мәліметтерді ескере отырып, таңдаған мамандығыңызға қай жоғары оқу орнында, қалай даярлайтынын анықтаңыз.

Алтыншы қадам:

Мамандар не дейді?

Егер күдік-күмәннан арыла алмасаңыз, онда мамандардың көмегін пайдаланыңыз. Мұндай кезде психолог кеңесші мамандар жәрдемдесе алады. Сондай-ақ, қабілетіңіз бен бейімділігіңізді анықтауға көмектесетін арнайы психологиялық тестілер де бар.

Жетінші қадам:

Қорытынды шешім

Мәліметтерді жинастыра келіп, өзіңізге ұнаған негізгі позицияның тізімін жасаңыз. Одан кейін парағыңызды екіге бөліп, оң және кері жақтарын тізіп, сынақ тәсілін жүргізіңіз. Көңіліңізге қонбайтынын сызып тастаңыз. Тізімде үш пункт қалған кезде тағы да қосымша ой елегінен өткізіп, ең соңғы шешімді қабылдаңыз.

6- СОӨЖ . Ет тағамдары

Қазақ халқының ең жақсы көретін негізгі ас дәмдерінің бірі- ет. Одан түрлі тағамдар жасай біледі. Етті суға пісіріп те, буға пісіріп те, майға қуырып та, кесектеп турап, отқа қақтап та әзірлеген.

Қуырдақ.

Қуырдақ - өкпе-бауыр, ішек-қарын араластырып майға қуырған ұсақ ет. Қуырдақты көбінесе ірі қараның, түйенің қол етінен, қойдың мойын етінен қуырады. Қуырдақ кез келген малдың етінен жасалады. Қазақ дастарқанында қуырдақтың толып жатқан түрлері бар.

Сүр қуырдақ. Кепкен сүрді ұсақтап турап қайнатады. Содан соң сорпасын төгіп тастап қайтадан май салып қуырады. Алғаш қайнағанда сүр ет жұмсарып, тұзынан, ашыған ескі дәмімен тазарады.