Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СОЖ арналан материалдар.doc
Скачиваний:
34
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
1.51 Mб
Скачать

18 Соөж. Қазақстан және әлем

Қазақстан туралы халықаралық БАҚ-тарында.

«Қазақстан : Табысқа жету тарихы туралы әлемдік қоғамдастық көзімен» келіссөздерден, газеттерден үзінді

Герхард Шрейдер, ГФР канцлері: Қазахстан – ол екі себептен тартымды болып тұрған ел. Біріншіден, бұл ел осы бір Орталық Азиялық мазасыз аймақта маңызды тұрақтандырушы ролін атқарады. Екіншіден, бұл ел сан алуан табиғи бай ресурстарға ие.

Қазахстан Германия үшін маңызды экономикалық серіктес болып табылады.

Ричард Шелби, АҚШ сенатының басшысы: Қазақстан – үлкен болашағы бар тартымды ел және АҚШ үшін оның стратегиялық маңыздылығы аса мол энергетиялық қорларында.

«Вашингтон Пост» (АҚШ):Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрып, өмір сүріп жатыр. Қазақстандықтар бейбітшілікті, ұлтаралық татулықты көздің қарашығындай сақтайды.

Юсуф Зия Гексу, Измир провинциясының губернаторы: Қазақстан қысқа мерзім ішінде, әсіресе қоғамды демократияландыру және әлеуметтік-экономикалық дамыту саласында сүйсінерлік табыстарға жетті.

«Хералд Трибуне Интернационал» (Евроодақ):«Қазақстан – ислам оппозициясы жоқ бірден бір мемлекет. Себебі олардың елге енуіне мемлекет тарапынан үлкен тосқауыл бар».

Пржемысла Соботка,Чехия Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының бірінші орынбасары: Қазақстан дамушы экономикасы және инвестициялық тамаша әулеметі бар саяси тұрақты мемлекет.

«Франс интер» (Франция):«Соңғы кезде Қазақстан экономикасы 10% артты. Бұрынғы Кеңес Одағы құрамындағы елдердің «Шоқ жұлдызына» айналды. Евроодақ пен АҚШ конгресі еркін экономикалық аймақ статусын беруге келісті. Бұл статусты басқа елдер әлі күтуде».

«Финанс жаңалықтары» (Ұлыбритания):«Соңғы жылдарда Кеңес Одағының құрамында болған мемлекеттердің ішінде үлкен қарқынмен дамып, алда келе жатқан мемлекеттердің бірі – Қазақстан».

«Капитал» (Германия):«Қазақстан қалаларының көшелеріндегі зырлаған түрлі маркалы Мерседес көліктерін, дүкен сөрелері толған бұйымдарды көргенде құтты Батыс Еуропа елдерінде жүргендей сезінесің».

«Агентс Пресс» (Италия):«Шетел компанияларының қомақты қаржыларының ел экономикасын көтеруге тартылуы, халықтың тұрмыс дәрежесінің жақсаруы, банк жұмыс жүйелерінің бір қалыпқа түсуі, Дүниежүзілік Банктің берген бағасы бойынша Қазақстан алдыңғы қатарлы 20 елдің санына енді».

«Тюркиш Дэйли Ньюс» (Түркия):«Қазіргі Қазақстан Одақтан бөлініп шыққан Қазақстанға мүлдем ұқсамайды. Қазір Қазақстан батыстағы дүниежүзілік ірі компаниялармен қоян-қолтық жұмыс істеуде. Ел ішінде халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында түрлі реформалар жасалып, оның ішінде азаматтарының жалақысы жөнінде (ТМД елдерінің ішінде) жоғарғы көрсеткішке жетіп, іске асуда».«Известия» (Ресей):«Қазақстан көрші елдердің қатарынан қалмай келеді. Келешекте Қазақстан аяғына тік тұрып, жаңа «Азия жолбарысына айналады».

1.2 Тақырып. «Қазақстан және халықаралық қатынастар»

Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның (ЕҚЫҰ) толық мүшесі. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым тек қана еуропалық ұйым емес. Ол - өзіне мүше кез келген ел орналасқан аймақ үшін жауапты ұйым. Сондықтан Қазақстан ТМД аймағында дау-жанжалдарды реттеу мақсатында ЕҚЫҰ-мен ынтымақтасқан.

1994 жылы Қазақстан Ислам конференциясы ұйымының (ИКҰ) кезекті басқосуына бақылаушы ретінде қатысты. Ұйымның өкілдері Қазақстанға үлкен қызығушылық танытты. Басқосуда Арал мен Семей апаттарының зардаптарын жоюға көмек беру мәселесі қарастырылды. Білім беру жүйесін дамытуға өздерінің іс жүзінде әзір екендіктерін мәлімдеді.

Қазақстан өз тарапынан Азиядағы өзара бірлескен қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АБСШК) шақыру туралы бастама көтерді. АБСШК идеясы Азия құрлығында қалыптасқан күрделі жағдайларға байланысты туындаған болатын.

1994 ж. қазанда аймақтың 26 мемлекеттің, 3 халықаралық және аймақтық ұйымдардың өкілдері кездесу өткізді. Олардың ішінде ЕҚЫҰ өкілдері де болды. Осылайша Қазақстан бастамасын жүзеге асырудың алғашқы қадамы жасалды.

Қазіргі уақытта дүниежүзінің 110-нан астам елдерінде ҚР-дың елшіліктері бар. Қазақстанның сыртқы саясаты мемлекеттің қауіпсіздігі мен қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Қазақстанның ядролық қаруды таратпау жөнінде шартқа қосылуы, Лиссабон хаттамасына қол қоюы елдің беделін арттырды. Өз кезегінде АҚШ-пен демократиялық әріптестік туралы хартияға қол қоюы, АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Қытай тарапынан қауіпсіздік кепілдемесін алуы елдің егемендігі мен қауіпсіздігін нығайтты. Аумақтың тұтастығы мен шекараларының мызғымастығын қамтамасыз етті.