Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СОЖ арналан материалдар.doc
Скачиваний:
34
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
1.51 Mб
Скачать

Нан тағамдары

«Нан бар жерде - ән бар» деп қазақ қауымы астық егуді, оның дәндерінен, жармаларынан, талқандарынан алуан түрлі тағамдар жасауды меңгергенін IV-VI ғасырлық мұраларда кездесетін дән түйгіштер (келі-келсап), дән тазартқыштар (елеуіш), қол диірмен сияқты еңбек құралдары дәлелдейді. «Дәнді шашпа, нанды баспа», «Жерде жатқан бидай дәнін көрсең, түйенің үстінен еңкей де теріп ал!» деп халқымыз нанды аса құрметтеген.

Жанышқан тары. Ақтаған тарыны келіге салып сүтке, майға қаймаққа жанышады. Кейде жанышқан тарыға қант, мейіз қосады.

Ақ бауырсақ. Ең жоғарғы сапалы ақ ұннан май қосып илеп құйрық майға қуырылады. Көлемі өріктің үлкендігіндей. Ақ бауырсақ көбінесе арнаулы сый қонақтарға, дәрежелі адамдарға арнап пісірілген. Мұндай бауырсақты сүт пен майлы сорпаға илеген, кейде жұмыртқа қосып илеу түрі де бар.

Бәліш. Қамыр жаймаға малдың, құстың етін немесе балық орап пешке пісірген бүкпе нан. Оны да тұздықтап, бұрыштап, дәмдендіріп жасайды. Көне тілімізде бәлішті бүйрек, бүйрекше нан деп атаған сөздер кездеседі.

7- СОӨЖ. Дәрілік өсімдіктерді пайдалана білесіз бе?

Әдетте, аздап сырқаттансақ немесе суық тиіп тұмауратсақ, дәрігерге қарай жүгіреміз, оның қолынан алған қағаз арқылы дәріханаға келеміз. Қазір қалада не көп, дәріхана көп. Айнадай жарқыраған тап-таза, қазіргі заманға сай жабдықталған дәріханадан іздеген дәріңізді табасыз. Әрине, ол дәрінің қасында бағасы жазулы тұр. Баға сізді ойлантады. Басқа бір ретін іздей бастайсыз.

Әрі қымбат, әрі шетелден келген дәрілерге қарағанда, дәрілік өсімдіктер мен шөптер, сөз жоқ, арзан. Тек оны дұрыс пайдалана біліңіз. Халық медицинасында қандай да болмасын сырқаттан айығуға көмектесетін дәрілік өсімдіктер мен шөптер бар. Мәселен, шүйіншөпті алайық. Оның орысша атауы-«валериана». Шүйіншөп Қазақстанның көп аймағында өседі. Шүйіншөп-биіктігі бір жарым метрге жететін көпжылдық шөптесін өсімдік. Дәрілік шикізат ретінде оның тамыры мен тамырсабағы алынады. Дәрілік шүйіншөптің тұнбасы мен қайнатындысы жүрек-жүйке аурулары үшін, ұйқы қашқанда, кейде қан қысымы көтерілгенде, ауыр мен асқазанның ауруларында пайдаланылады.

Сіз, мүмкін «Алтай лекарственный» деген шөптің атын білетін боларсыз. Оның қазақша аты-жалбызтікен. Жалбызтікен көп аймақтарда өседі, биіктігі бір немесе бір жарым метрге дейін баратын өсімдік. Гүлдері өте әдемі. Жалбызтікен маусым айынан қыркүйек айына дейін гүлдейді. Ал дәрілік шикізат ретінде оның тамыры мен шөбі алынады. Жалбызтікеннің тұндырмасын және сығындысын тыныс жолдары ауруларына, асқазан мен бауырдың ауруларына пайдалануға болады. Оның тұндырмасымен тамақты шаюға, көзді жууға болады.

Жалбызтікеннің шөбінен қазіргі медицинада қолданылып жүрген «мукалтин» деген дәрі жасалады («Денсаулық» журналынан).

8 – СОӨЖ . Қысқы киімдердің күтімі

Қыста киетін сырт киімдердің тазалығы үлкен жауапкершілікті талап етеді. Көпшілік күн суықта киетін киімдерді жиі ауыстыра бермейтіні белгілі. Қысқы киімдер бағалы теріден тігілетіндіктен кірлегенде жуу қиын болады.

Әдетте, қысқы киімдердің көбі аңдар мен жануарлардың иленген терісінен тігіледі. Мұндай киімдерге күтіммен қарамаса, тез тозады. Тері тон мен бас киімді шешкен соң, қарұшқындарын немесе жаңбыр тамшыларын түсіру үшін және ұйпаланған жазу үшін сілкиді. Сондай-ақ оларды жуғаннан соң тегіс кебуі, сондай-ақ созылып, қалпын жоғалтпауы үшін ілгішке іліпқояды. Бір сырт киімнің үстіне екінші сырт киімді ілуге болмайды, сондай-ақ тері құлақшындарды ылғалды күйінде бірінің үстіне бірін қоюға болмайды. Егер түгі ұйпаланып қалса, оны жоғары жағынан бастап төмен қарай арнайы темір немесе тісі сирек кәдімгі тарақпен тараған жөн.

Теріден тігілген киімдерді салқын жерде сақтайды. Құлақшынға жағаға жаққан май дақтарын бензинге батырылған таза шүберекпен сүртеді. Ал терінің түгін бір бағытта: тым қатты ластанбаған теріні түктің бағытымен, түгі қысқы терілерді түктің бағытына қарсы сүрту керек.

Содан соң түкті кептіріп, тісі сирек тарақпен тарайды. Теріге тиген май, тер дағын мүсәтір спиртіне 3 шай қасық ас тұзын қосып тазалайды. Қоспаға батырылған шүберекпен немесе щеткамен түкті ысқылап, содан соң оны кептіріп тарайды. Ақ түсті терілерді картоп ұнымен тазалап, жақсылап сілкіп, тараған дұрыс.

Түкті жылтырату үшін сірке суына аз малынған шүберекпен сүрткен жөн. Егер теріден жасалған бұйымдардың терісі қатайып, созылғыштық қасиетін жоғалтса, сірке суы мен ас содасының қоспасына батырып, аз жұмсартуға болады.

Тері сырт киімдерді қыс аяқталған соң,келесі қысқа дейін жақсылап орап немесе сыртына целлофон кигізіп, киім ілгішке іліп қояды. Терісі бағалы тондарды күн көзіне жиі шығарып отыру керек. Қыстық сырт киімдерді химиялық жолдармен тазалайтын арнайы орындар бар. Бірақ бағалы тондарды химиялық тазартуға жиі берудің қажеті жоқ. Өйткені, бағалы сырт киіміңіз түрлі химикаттардың әсерінен тез тозуы мүмкін («Пайдалы кеңестер» журналы).

СОӨЖ 9-тақырыбы: «Туған қалам көрікті»

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: өзара пікірлесу, әңгімелесу, ой толғау,бақылау

Талқылауға арналған сұрақтар:

    1. жерлес ақын-жазушылардың шығармаларынан Қызылжар туралы қосымша

мәлімет алып,сол үзінді-мәтіндермен жұмыс жасау;

2) мәтінге қатысты сөздік құрастыру;

3) жер-су, ықшамаудан атауларын теріп жазып, шығу тарихын жазыңыз;

4) рөлдік ойын. Қаланың көрнекі жерлеріне саяхат.

5) ситуативтік тапсырма: «Туған жердің қадірін шетте жүрсең білесің».

6) қаланың жаңа салынып жатқан үйлері мен ғимараттары туралы әңгімелеу.

7) «Менің көшем- менің мақтанышым» тақырыпқа альбом, слайд жасау.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. А.Т.Мұхамеджанова, Ғ.Қ.Қожағұлова, Т.А.Сауытова, Б.Ы.Батырова, Д.Б.Сансызбаева. «Қазақ тілі» пәнінің оқу-әдістемелік кешені (кәсіби-бағдарлы деңгей).

2. Жоғары оқу орындарына арналған «Практикалық қазақ тілі», Алматы, 2006ж.

3. Саутова Т.А. Қазақ тілі. Бастауыш және жалғастырушы деңгей. Петропавл: Северный Казахстан,2011.

4. «Солтүстік Қазақстан облысы» энциклопедиясы.

10 – СОӨЖ. І. Табиғат байлықтары

«Қазақтар қайран қалдырды»

Самал ескен салқын автобуспен біз елдің бұрынғы астанасы, өзінің жасыл желегімен желпіген, өзіміз ынтыққан ыстық Алматының құшағына ене бердік. Оның зәулім үйлерінің, шіркеу мен мешіт мұнараларының, көшелерінің бар көркемдігін ағаштар көмкерген. Ал біздің жолбасшымыз өзінің әсем қаласы мен Президент Н.Назарбаев туралы әсерлі әңгіме желісін аяқтай бергенде біз Шымбұлаққа ат басын тіредік.

Бұл спорттың қысқы түрлерінің ең жайлы таулы ауданы және Медеу. 1974 жылғы дүние жүзі чемпионаттағы А.Кеулен-Деелстрдің алтын медалін еске салады. Бұл мұз айдыны 1700 метр биіктікте орналасқан, қазір мұнда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жақында Медеу жабық мұз айдынын айналып, Қазақстан әлемдегі мұзда ең шапшаң сырғанау мүмкіндігіне тағы да ие болады. Шымбұлақ шаңғы базасы бұдан да 1100 метр биіктікте екен.

Ми-8 тікұшағымен Шарын аңғарына дейін жетіп, одан әрі ұштық. Көз жеткісіз шөл дала үстінде қалықтап, біздің жолбасшымыз ұбап-шұбаған құмды жол сорабын нұсқады. «Бұл Қытай асатын жол» - деді ол.

Шарын аңғары- бұл Америкадағы Гранд аңғарының шағын көшірмесі. Осы арадан бізді тікұшақ Алтын Емелге-бұрын-соңды көрмеген, Қазақстанның ең көрікті де үлкен табиғи қорығына жеткен Купедегі шөл даланың көкжиекпен астасқан қарлы көрінісінен тынысың ашылғандай болады.

1.Оқыңыз. Жаңа сөздерің мағыналарын түсіндіріңіз.

2.Мына сол жақ бағанадағы сөз тіркестерін оң жақ бағанадағы баламаларымен сәйкестендіріңіз.

ІІ. Қызыл кітап

1. Мәтінді оқыңыз.

Жер бетіндегі хайуанаттар мен өсімдіктер миллиондаған жылдар бойы даму барысында қалыптасты. Адамдардың шаруашылық әрекетіне байланысты жер бетіндегі организмдердің тіршілік жағдайы тез өзгере бастады. Әсіресе жабайы жануарлар көп қырылды, себебі адам баласы аң аулаудың неше түрлі тәсілін қолданды. Мысалы, ХІХ ғасырда жер бетінен жануарлардың 10 түрі жойылса, ХХ ғасырдың бірінші жартысының өзінде-ақ 40 түрі құрып кетті. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау мақсатында 1962 жылы Халықаралық табиғат пен табиғи ресурстарды қорғау одағы құрылды. Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар, айырықша қорғау шараларын қолдануды қажет ететін жануарлар мен өсімдік түрлері тіркелген арнайы кітап «Қызыл кітап» деп аталады. Алғаш рет Халықаралық «Қызыл кітап» 1966 жылы басылып шықты. «Қызыл кітапқа» енген түрлер екі категорияға бөлінеді. А тобы жойылып кету қаупі төнген түрлері, Б тобы сирек кездесетін түрлерді қамтиды.

Қазақстан ғалымдары да республикамыздың «Қызыл кітабын» жазды. Бұл «Қызыл кітап» екі бөлімнен тұрады. Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі 1978 жылы жарық көрді. Кітапта сүтқоректілердің 31 түрі, құстың 43 түрі, балықтың 4 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 8 түрі енгізілген. Ал екінші «Қызыл кітап» 1981 жылы жарық көрді. Оған құрып кету қаупі бар 308 түрлі өсімдік тіркелген.

2. Мәтінге сұрақтар құрастырыңыз

3. Мәтін бойынша жоспар құрастырыңыз.

ІІІ. Қазақстан қорықтары

  1. Мәтінді оқыңыз.

Дүние жүзінің әр түрлі елдерінде құрылған қорықтардың қорғау тәртібі, атқаратын қызметі мен негізгі бағыты әр түрлі. Сондықтан қорғауға алынған жерлерді қорықтар, қорықшалар, резерваттар, ұлттық парктер, табиғат ескерткіштері деп бөледі. Қазір дүние жүзінің 124 елінде 2600 –ден артық ірі қорық бар екен. Олардың ішіндегі ең үлкені Гренландия ұлттық паркі. Оның жер көлемі 7 млн гектар. Біздің республикамыздың жалпы 784,1 мың гектар жерді алып жатқан 7 қорық бар. 50-дей аңшылық қорықша, 42 зоологиялық және 24 ботаникалық бақтар мен қорықша, 24 табиғат ескеркіші бар.

Қорық- ерекше қорғауды қажет ететін тұқымы құрып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін табиғи күйінде сақтайтын жер. Мысалы, Барсакелмес қорығы-құланды, Қорғалжын қорығы –қоқиқазды, Үстірт қорығы – дала қойын, Алматы қорығы –Тянь-Шань шыршасын сақтап, көбейту мақстаныда құрылған.

  1. Мәтін бойынша сөздік құрастырыңыз.

  2. Мәтінге сұраулы сөйлемдер жазыңыздар.

11 – СОӨЖ. Саяхат.Туризм