Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СОЖ арналан материалдар.doc
Скачиваний:
34
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
1.51 Mб
Скачать

Атақты ғалым-жерлестері өмірінен Байкен Әшімов

1917 жылы 10 тамызда бұрынғы Ақмола облысы, Көкшетау уезі, Шабақбай ауылында қазіргі СҚО Айыртау ауданында дүниеге келген. Б.Әшімов – мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері(1977), Петропавл қаласындағы ФЗО мектебін бітірген. Ленинград қолданбалы зоология институтын(1957), КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін (1969) бітірген.1938-1941 жылдары армия қатарында болды. 1941-1942ж. Айыртау ауданының орта мектебінің мұғалімі болды. 1942-1945ж. екінші дүниежүзілік соғысқа қатысты. 1945-1961ж. Айыртау, Зеренді аудандарында және Көкшетау облысының партия комитетінде басшы қызметін атқарды. 1961-1970ж. Қарағанды, Талдықорған облыстарын басқарды. 1970-1984ж. Қазақ КСР Мин.Кеңесінің, 1984-1985ж. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының төрағасы болды. Тың жерлерді игеру және Қазақстанның ауылдық жерлерінің экономикасын көтеру жұмыстарына белсене араласқан. Осы кезеңдерде Қазақстанда Қазақ газ өңдеу зауыты, Ақтау пластмасса зауыты, Қарағанды резина-техникалық бұйымдар зауыты, Павлодар мен Шымкент мұнай өңдеу зауыттары және т.б. салынды. 4 мәрте Ленин, 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, 2 мәрте 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және медальдармен, Монғолия ордендерімен, Польшаның ең жоғарғы әскери құрмет белгісі «Вертути Милитари» орденімен марапатталған.

1. Мәтінді оқып, есте сақтаңыз.

2. Мәтін бойынша «Сандар сөйлейді» әдісін қолданым кесте сызыңыз.

Ұлы ғалымдар және олар ашқан жаңалықтар.

1-тапсырма. Смағұл Садуақасов жайлы мәтінмен танысып, мәтіннен кейін берілген тапсырмаларды орындаңыз. (Қазақ тілі. С.Иманқұлова, Н.Егізбаева, Ғ.Иманәлиева, Ш.Рамазанова, Б.Омарова, К,Мұқадиева, Алматы.2008, 188-190 б.)

21-СОӨЖ. Қоғам және жастар

Жастар – біздің болашағымыз

1-тапсырма.

Жақшадағы сөзді аударыңыз, оқыңыз.

2004 Жылдың 7 шілдесінде Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік «Жастар саясаты туралы» Заңы қабылданды.

Жастар ұйымы - негiзгi (цель) әлеуметтiк, мәдени, бiлім беру (задачи) және жастардың (права), заңды (интересы) қорғауға бағытталған өзге де мiндеттердi шешу, рухани және өзге де қажеттiлiктерiн қанағаттандыру болып табылатын, мүшелерi (қатысушылары) жастар (представители) болып табылатын заңды тұлғалар қауымдастығы (одағы), қор, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiк нысанында құрылған коммерциялық емес, мемлекеттік емес ұйым;

2-тапсырма.

Берілген мәтіннің мазмұнына сәйкес келетін суретті көрсетіңіз. Мәтінге ат қойыңыз.

1.2. 3.

Мемлекет жастар проблемаларын шешуде әлеуметтік жағынан қолдауда кешенді түрде бірқатар бағдарламаларды қабылдап, қолдау көрсетуде. Айталық, студенттер «Жасыл ел» мен студенттік құрылыс жасақтарында жазғы демалыстарын тиімді пайдаланып еңбек етсе, бір жағынан елімізді абаттандырып, жердің көркеюіне өз үлестерін қосуда.

«Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының «Жас Отан» қанаты да маңызды бастамаларды қолға алып отыр. Мәселен, жастарды мемлекеттік басқару жүйесіне тарту бағытында «Жас Отан» жастар қанаты жастардың кадр резервін дайындауды қолға алуда. Демек, болашақ мемлекет басқарушы жастарды мемлекеттік қызметке даярлау мемлекет үшін маңызды болмақ.

Шығармашыл жастарды қолдауда «Дарын», «Жас қанат» т.б. іс-шаралар, байқаулар ұйымдастырылып, талантты жастардың бастамаларын ынталандыруда атаулы жеңілдіктер мен стипендиялар тағайындалуда, үкіметтік емес ұйымдар да дарында жастардың қабілетін жетілдіріп, өз мүмкіндіктеріне қарай әр түрлі жобаларды жүзеге асыруда.

Жастар ұйымдары еліміздің әлеуметтік секторында балсенділік танытып, мемлекеттік тапсырыспен әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда. Мәселен, нашақорлықпен күрес, СПИД, темекі шегуге қарсы акция, конференция, дөңгелек үстел т.б. ұйымдастырып, салауатты өмір салтын насихаттауда.

3-тапсырма.

www.nkzu.kz сайтынан М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттерінің қандай жастар ұйымына кіретіні, «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде оқыған, оқитын студенттер жайлы, т.б. статистикалық мәлімет дайындаңыз.

4-тапсырма.

«Қазақ елі» әнін үнтаспадан тыңдап, бос орындарды тиісті сөздермен толықтырыңыз. Әнді топпен, жеке, не жұп болып шырқаңыз.

__________________________________

__________________________________

__________________________________

__________________________________