Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor Динара.doc
Скачиваний:
217
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
698.88 Кб
Скачать

1.Анохин бойынша функцональды жүйе.

Адам физиологиясы тұрғысынан қарағанда дене тәрбиесінің жаттығулары организмнің функционалды қызметі мен жұмыс істеу қабілетін арттырады. Кейінгі физиологиялық түсінікте дене тәрбиесі жаттығуларының орындалу механизмі “физиологиялық белсенділік” арнасымен дамитын алдын – ала берілген бағыттағы мақсаттағы қозғалыс дейді. Ал, П.К. Анохин қозғалыс ерекшелігін түсіндіре келіп “функционалдық жүйе” тұғырнамасын ұсынады. Бұл тұғырнама бірінші жағдайда шартты рефлекстің негізінде пайда болып сонан соң өз қабілетінің бағдарлауын реттейді десе ал, Н.А. Бернштейннің айтуынша “физиологиядағы еркін қозғалыс деп аталатын қозғалыстың мәнінде рефлективтік қозғалыс” деп тұжырымдайды (рефлективті қозғалыс сыртқы әсер арқылы пайда болатын қозғалыс). Дене тәрбиесі жаттығуларының мәнін түсіну үшін ескеретін жағдай, әрбір кез – келген жаттығуды белсенді орындау организмнің функционалды деңгейінің түріне ауысыуына әкеліп соғады. Ал олардың ауысу мөлшері жаттығулардың ерекшеліктері мен орындаушылардың дайындық сапасына қарай әртүрлі болады. Дене жаттығулары педагогикалық тұрғыдан адамның мүмкіншіліктерін дамытуы мен қозғалысты білу, жаттығу әдістерінің қалыптасуын құрайды. Дене жаттығуын бұл көзқараспен қарай отырып тек қана биологиялық аймақта ғана емес, сонымен қатар адамның мінез – құлқына санасына тағы да басқа ғамалиясына әсер ететінін ескереді. Жаттығулар мазмұнының ерекшеліктері көлеміне тығыз байланысты болады. Дене тәрбиесі жаттығуларының көлемі оның ішкі және сыртқы құрылысын құрайды. Жаттығудың сыртқы құрылысы қозғалыстың кеңістіктегі динамикалық және уақыт өлшемдерінің, тұрақты байланыста болуы, ал ішкі құрылысы жаттығуларды орындағандағы организм функцияларының бір – біріне тығыз байланыстылығы. Дене жаттығуларының көлемі мен мазмұны бір – бірімен органикалық байланыста болады. Бірақ та жаттығулардың мазмұны көлеміне қарағанда маңызды орын алады. Мазмұнның элементтері өзгерген уақытта дене жаттығуларының көлемі де өзгереді, ал көлемі өз жағынан мазмұнға үлкен әсер етеді. Дене жаттығуларының жетілмеген түрлері организм функциясының даму мүмкіншілігіне кедергісін тигізеді. Ал керісінше, жетілген жаттығулар түрлері адам организмінің мүмкіндіктерін толық пайдалануға септілігін тигізеді (егер дайындықтары бірдей жарысқа қатысқан болса, шаңғы тебудің әдісін тиімді пайдаланған спортшы 10 – 20% күшін аз жұмсап, шаңғы тебу әдісін жете игере алмаған шаңғышының алдында өзінің басымдылығын көрсете алады). Дене тәрбиесі жаттығуларының көлемі мен мазмұны тығыз байланыста болғанымен олардың арасында қарама – қайшылықтарда көп болады. Сондықтан да олардың арасындағы қатынастарды жақсы түсіну, дене тәрбиесін кең көлемде пайдалануға бағыт береді.

2. Қалқанша маңы (қалқансерік) бездері гормондарының кальций алмасудағы рөлі.

Қалқансерік бездерін алып тастау ми қыртысының негізгі динамикалық үрдістері қозу мен тежелу сияқты шартты рефлекстік қызметінің бұзылуына әкелетіні анықталған.Атап айтқанда жас адамдар,екіқабат және емізулі әйелдер организмінің кальций және фосфорды қажетсінуі жоғарылайды.Кальций өте қажетті өйткені ол кез келген тірі құрылымның құрамына кіретін негізгі қосылыс.Кальций қан ұюына қатысатын негізгі компоненттің бірі.Ол қозу мен жиырылу үрдістерін байланыстырады көптеген ферменттердің белсенділігін реттеуде маңызды роль атқарады.сондықтан оның қанқа жүрек еттерінің қызметтерінде қан тамырларының кернеуін сақтауда маңызы зор.Қалқансерік бездерінің гипоқызмет кезінде байқалатын тартылыс,әртүрлі спазмофилияның болуы паратгормонның жетіспеуінен және соған байланысты рефлекстік доғаның барлық дерлік буындарының әсіресе ет пен жүйке аппаратының қозуының күшеюінен туады.Кальцийді реттеуші гормондар-паратгормон,тирокальцитонин және катокальцин.Сонымен қатар витамин Д-Д3 гормондық түрінің маңызы да өте зор.Қандағы Са деңгейінің өзгеруі паратгормонның жасалып бөлінуінің негізгі реттеушісі болады.

3 Бүйрек — Зәр түзе отырып, қаннан шығатын бөлінділерді сүзетін, арқа жотадан төмен орналасқан, асбұршаққа ұқсас үлкен мүше. Оның жоғары полюсінде эндокрин бездері -қыртысты және ми қабатынан тұратын бүйрек асты бездері орналасқан.Адам бүйрегінің массасы-150 г. Бүйрек ұлпасы сыртқы қоңырқай түсті қыртысты қабаттан және ішкі бозғылт түсті ми затынан тұрады.Ми затында ұштары бүйрек астауына бағытталған пирамидалар орналасқан.Бүйректің ішіндегі қуыс бүйрек астауы деп аталады.Бүйректе түзілген несеп жинағыш түтікшелер арқылы астауға келіп, одан зәрағар бойымен қуыққа жиналып,зәр шығару өзегі арқылы сыртқа шығады. Бүйректің ерекшелігі қанмен жақсы қамтамасыз етілуі: бүйрек арқылы тәулігіне 1500-1700 л қан ағады.Бұл дегеніміз - әрбір 5 минут сайын қан тамырлары арқылы айналатын барлық қан бүйрек арқылы өтеді деген сөз.Осы кездеорганизм ұлпаларында үнемі түзілетін, тіршілік әрекетінің зиянды заттары қаннан бөлінеді.

Бүйрек — адам мен омыртқалы жануарлар организмінде несеп түзетін және оны шығаратын жұп орган. Ересек адамда әрбір бүйректің салмағы 120—200 г-дай, ұзындығы 10—12 см, ені 5—6 см, қалыңд. 3—4 см-дей болады. Бүйрек іш қуысында, омыртқабағанасының екі жағында — соңғы кеуде омыртқасы және жоғ. бел омыртқа тұсында орналасады. Бүйректің ішкі жиегінде бүйрек қақпасы бар, сол арқылы бүйрекке артерия мен жүйке талшықтары өтеді. Қақпа бүйректің ішіне тереңдеп еніп, көлемді қуыс — бүйрек қойнауына айналады. Онда кіші, үлкен бүйрек тостағаншалары және бүйрек түбегі, қан тамырлары, жүйке талшықтары орналасады. Бүйректі майлы шандыр қабаты жауып жатады. Бүйрек беткейі қыртыс заттан, терең қабаттары — милы заттан тұрады. Қыртыс зат тұтас болып келеді, ал милы зат пирамида тәрізді 10 — 15 үшбұрышты денелерден құралған. Бүйректің анатомиялық құрылым бірлігі нефрон деп аталады. Олардың саны 1 млн-дай. Нефрон әр түрлі бүйрек өзекшелерінен түзіледі. Нефрон өзекшелерінің екі бүйректегі жалпы ұзындығы 100 км шамасында болады. Нефрон арқылы зат алмасу процесінде пайда болатын организмге қажетсіз және зиянды заттар сыртқа шығарылады. Пирамиданың бүйрек қойнауына ашылатын ұшы бүйрек бүртігін құрайды. Осы бүртіктегі түтіктер арқылы несеп бүйрек қойнауындағы 8 — 9 кіші бүйрек тостағаншаларына құйылады. Екі-үш кіші бүйрек тостағаншалары өзара қосылып, үлкен бүйрек тостағаншаларын түзеді. Олар өзара бірігіп, бүйрек түбегін құрайды. Осы бүйрек түбегі біртіндеп жіңішкеріп, бүйрек қақпасы тұсында несепағарға жалғасып, қуыққа жиналған несеп сыртқа шығарылады. Бүйрек түбегінің қабырғасы суды, тұзды, көмірсуларын өткізеді де, қандағы ақуызды өткізбейді. Несепке белоктыңараласуы бүйректің ауруға шалдыққаны. Организмдегі барлық қан бүйрек арқылы сүзіліп, тазарады.

18-билет

1-сурак.

Парабиоз туралы ілім

деп тірі ұлпаның күшті немесе үзақ тітіркендіруге тіршілік белгілерін (қозғыштық, өткізгіштік) уақытша, қайтарымды сипатга жоғалтуымен жауап беруін айтады. Бұл ілімнің негізін орыс ғалымы Н.Е.Введенский (1901) салған. Ол ұзаққа созылған тітіркендіру әсерімен нерв талшықтарында шектелген, таралмайтын қозу үрдісін, пайда болу зандылықтарын ашып, қозғыш ұлпаларда функционалдық өзгерістердің белгілі жүйемен әртүрлі сатыларда өрбитінін анықталған.  Парабиоз үш сатыда дамиды. Оның алғашқы сатысында нервті тітіркендіргенде күші мен жиілілігі әр түрлі тітіркендіргішке ет бірдей күшпен жиырылу арқылы жауап береді. Лабильділік өзгерісіндегі бұл сатыны Н. Е. Введенский теңестіру, немесе трансформациялау сатысы деп атаған. Осыдан кейін препарат күшті және жиі тітіркендіргішке әлсіз күшпен, ал әлсіз және сирек тпіркендіргішке - күшті реакциямен жауап береді. Бұл күйді бұрмалау, немесе парадоксалъдық саты деп атайды. Одан әрі препарат ешбір тітіркендіргішке жауап бермейді. Бұл тежелу сатысы. Тітіркендіргіш әсері одан әрі жалғасса, тежелу сатысы тереңдеп, тіршілік белгілері жойылады, парабиоз күйі қалыптасады. Ал тітіркендіргіш әсері тиылса, біртіндеп ұлпаның бастапқы функционалдық күйі қалпына келеді. Парабиоздан ұлпа кері тәртіппен шығады: алдымен ол тежелу сатысына, содан кейін бұрмалау және теңестіру сатыларына көшіп, біртіндеп оның қалыпты функционалдық күйі орнығады. Тітіркендіргіш әсері тиылмай, жалғаса берсе, парабиоз тіршіліктің тоқтауына - өлімге алып келеді,  Парабиоз сатылары тіткендіргіштің күшті әсерінен ұлпаларда туындайтын функционалдық өзгерістердің, онымен байланысты өтюзгіштіктің төмендеуі салдарынан дамиды. Парабиоздың теңестіру сатысы ұлпаның альтерацияланған (еліткен) бөлігінің тітіркендіргіш әсеріне үйлесімді жауап қайтара алмауынан туындайды. Ұлпаның альтерацияланған бөлігі жиі, немесе күшті, тітіркендіргіштерге өз лабильділігіне сәйкес әрекет сипатын өзгерте жауап қайырады, сондықтан жауап-реакция күші тенгеріледі.  Парабиоздың бұрмалау сатысында лабилділікгің одан әрі төмендеуі салдарынан альтерацияланған бөлікке күшті тітіркеніс толық (абсолютгі) рефрактерлік жағдайында жетеді де, пессимумның туындауына себепкер болады. Бұл бөліктен тек әлсіз, сирек тітіркеністер ғана өтеді, себебі ол рефрактерлік күйдің салыстырмалы немесе экзальтациялық сатысында әсер етеді. Осыдан күшті, немесе жиі, тітіркендіргіш - әлсіз, ал әлсіз, немесе сирек, тітіркендіргіш - күшті жауап тудырады,  Тежелу сатысы лабильділіктің одан әрі төмендеп, толық рефрактерлік күйдің ұзара түсуімен байланысты туындайды. Мұндай жағдайда әрбір тітіркендіргіш әсері толық рефрактерлік кезеңмен сәйкес келеді де, қозу альтерацияланған бөлікген өткізілмейді. Осы жерге келіп жеткен қозу толқыны өзі ғана өшіп қоймай, сол жерде тітіркендіргіш әсерінен туындаған қозуды да өшіреді. Ұлпаның альтерацияланған бөлігі қозуды өткізбегенімен, өзінің қозғыштығын жоғалтпайды. Сондықтан, ұлпаның мұндай бөлігінде ерекше, ұзақ мерзімді сатылы қозу үрдісі туындайды. Н.Е.Введенскийдің парабиоз туралы ілімі қозу мен тежелудің өзара тығыз байланысты үрдістер екенін анықтауға мүмкіндік берді. Бұл екі құбылыс организмнің тітіркендіруге қайтаратын жауабының екі түрлі бейнеленуі. Олардың туындауы ұлпаның лабильділігіне байланысты. Лабильділік жоғары болса тітіркендіргіш әсерінен пайда болған қозу толқыны еш өзгеріссіз тарайды, ал ұлпа лабильділігі төмендесе - қозу үрдісінің өткізілуі нашарлап, тежелу үрдісі пайда болады. Қозғыш ұлпада шектелген, таралмайтын қозу үрдісі туындаса, шектен тыс қозу саддарынан тежелу үрдісі пайда болады. Демек, қозу мен тежелу үрдістерінің негізі бір, тежелу - қозу үрдісінің дамуындағы белгілі бір сапалық сипаты өзгеше саты. Қозу мен тежелу қозғыш ұлпа әрекетінің екі түрде бейнеленуі.

2.Үлкен және кіші қанайналым шеңберлері. Қанның қантамырлармен қозғалуы. Адам денесінде қан тарататын тамырлардан екі тұйық жүйе - үлкен және кішіқанайналым шеңбері түзіледі.Үлкен қанайналым шеңбері.Үлкен қанайналым шеңбері -жүректің сол жақ қарыншасынан қолқа артериясы қантамырынан басталады. Оттекке қаныққан қан алдымен қолқаға, одан ірі және ұсақ артерия ұантамырларына жеткізіледі. Қан қсақ артерия қантамырларымен ішкі мүшелерге, жүректің өзіне, бұлшықеттерге, сүйектерге барады. Мүшелерде артерия қантамырлары тарамдалып, қылтамырларға бөлінеді. Қылтамырлардың жұқа қабырғалары арқылы қан дене жасушаларына қоректік заттар мен оттекті таратады. Жасушалардан көмірқышқыл газын қажетсіз өнімдерді жинап,вена қанына айналады. Вена қаны вена қантамырлармен жүректің оң жақ жүрекшесіне құяды.Үлкен қанайналым шеңбері —> жүректің сол жақ қарыншасынан басталып —> дене жасушаларына қан таратады —> жүректің оң жақ жүрекшесімен аяқталады. Үлкен қанайналу шеңбері деп аталу себебі - қан бүкіл денеге таралып, қайтадан жүрекке келеді.Кіші қанайналым шеңбері.Кіші қанайналым шеңбері - жүректің оң жақ қарыншасынан өкпе артериясы қантамырынан басталады. Ондағы вена қаны өкпе артериясы қантамыры арқылы өкпеге келеді. Өкпеде артерия қантамырларынан түзілген қылтамырлар торында газ алмасады. Қан оттекке қанығып, көмірқышқыл газынан тазартылады да, вена қаныартерия қанына айналады. Одан төрт өкпе вена қантамырлары арқылы артерия қаны жүректің сол жақ журекшесіне құйылады. Қан сол жақ жүрекшеден сол жақ қарыншаға өтіп, қайтадан үлкен қанайналым шеңберінің қантамырларына бағытталады.Кіші қанайналым шеңбері —> жүректің оң жақ қарыншасынан басталып —> өкпеге қан тартады —> жүректің сол жақ жүрекшесімен аяқталады.Кіші қанайналым шеңбері деп аталу себебі - қан тек өкпеге барып, оны оттегімен байытылады да қайтадан жүрекке келеді. Бұл қанайналым шеңберін кейде өкпелік шеңбер деп те атайды.Оттегіне қаныққан қан — артерия қаны (алқызыл түсті таза қан), көмірқышқыл газына қаныққан қан - вена қаны (қоңырқай қызыл түсті қан).Жүрек қанды қолқа артериясы қантамырынан бөлінетін қантмырлардан алады. Жүрекке қан басқа мүшелермен салыстырғанда көбірек келеді, өйткені ол өмір бойы жұмыс атқарып тұрады. Жұрек жұмысының ерекшелігін анықтау үшін электрокардиография әдісі қолданылады. Жүрек бұлшықеттерінің жұмысын қисык сызық аркылы жазып алатын аспапты электрокардиограф деп атайды. Электрокардиограф арқылы жүректің бұлшықеттерінің жұмысы жазылған қисық сызық электрокардиограмма(ЭКГ) деп аталады. Жүректің бұлшыкеттері қанмен қамтамасыз етілмегенде (қан ұйып қалғанда) жүрек бұлшықеті өлі еттенуіне (инфаркт миокарда) шалдығуы мүмкін. Қанның үлкен және кіші шеңберінде айналу уақыты 23—27 секунд.Үлкен қанайналым шеңберінде қан барлық мүшелерге оттегі мен қоректік заттарды тасиды. Кіші қанайналым шеңберінде - қан оттекке қанығып, көмірқышқыл газдан тазартылады. 3Қан айналым жүйесін организмде сорап (насос) қызметін атқаратын жүрек пен қан тамырлары — артериялар (қызыл тамырлар), веналар (көк тамырлар) және капиллярлар (қыл тамырлар) құрайды. Қанды жүректен ұлпалар мен мүшелерге тарататын тамырларды артериялар, ал олардан жүрекке алып келетін тамырларды — веналар деп атайды. Ұлпалар мен мүшелерде жіңішке артериолалар мен венулалар бір-бірімен капиллярлар арқылы жалғасады.

Барлық омырқалыларда қан айналым жүйесі тұйық жүйе. Ол үлкен (жүйелік) және кіші (тыныстық) қан айналым шеңберлерінен түрады.

Қан айналым жүйесінің сол қарыншадан қолқамен басталып, оң жүрекшеде қос қуыс венамен аяқталған бөлігін үлкен (жуйелік) қан айналым шеңберідеп атайды. Жүректен басталған қолқа артерия тамырларына тармақтала

келіп, ұсақ тамырларға — артериолалар мен тек микроскоппен ғана көрінетін капиллярлар түзеді. Капиллярға келген артерия қаны өзінің құрамындағы оттегіні Ұлпалар береді де, зат алмасу процесі нәтижесінде ұлпаларда түзілген көмір қышқылгазды сіңіріп, вена қанына айналады.

19-билет

1.Тыныс алу жүйесіне сипаттама.Тынысалу деп ауадан оттегін сіңіріп, көмір қышқыл газын шығыруын камтамасыз ететіп өзара байланысты көптеген урдістерді айтады. Оттегінің қатысуымен организмде тотығу үрдісі өтеді. Құрамныдағы органикальқ заттардың тотығуы нэтижесінде жасушалар мен тіндерде тіршілікке қажет энергия пайда болады. Тынысалу негізінен бес) кезеңнен тұрады:1)сыртқы тынысалу - ауадағы газдарды (атмосферадан) өкпеге әкеліп, өкпеден (тотыққан) қайтадан атмосфераға шығарып тұру;2)өкпе көпіршіктеріндегі (альвеолалардағы) газдар мен қан құрамындағы газдардың алмасуы;3)газдардың өкпеден тінге, тіннен өкпеге қан ағынымен тасымалдануы;4)тін мен қан арасында газ алмасуы;iшкі тынысалу 5)Сыртқы тынысДемалу жене демшығару механизмі. Сыртқы тьнысалу, яғни газ­дардың ауадан өкпеге өтуі, өкпеден қайта атмосфераға шығарылуы екі кезеңнен: демалу (инспирация) жэне демшығарудан (экспирация) тұрады. Инспирация мен экспирация тipi организмде өзара жымдасып үйлесім тапқан, өмipi бойы бірiНен соң бірi кезекпен келіп алмасып отырады. Ауаны өкпеге тартып алып, ондағы газ алмасуына қатысқан ауаны тысқа шығару үшін өкпе бірece улғайып (кеңейіп), бірece тарылып тұруға тиіс. Бірақ альвеола (alveola - ұяшық) қабырғасында ет талшықтары болмағандықтан өкпе кеңейіп не тарылып көлемін өзi өзгерте алмайды, бұл үрдіс көкірек қуысының ұлгайып-тарылуына байланысты. өкпе сыртындағы ауамен қатыспайтын көкірек қуысында орналасқан. Сыртынан өкпе висцеральдьқ (агзалық) жене парие- талъдъқ (жакршупык) екі кабықпен қоршалған. Висцеральдьқ плев­ра өкпе тінімен 6iTe байланысқан. Өкпе түбіріне жеткен жерде париетальдьқ плевраға айналады да көкірек қуысын iшкі жағынан астарлап кемкереді, ондағы тіндермен 6iTe қиылысады. Плевра қабыктарының арасында плевралық қуыс деп аталатын саңылау тәрізді өте тар (5-10 мкм) кеңістік бар. Онда плевра қабықтарының iшKi 6eттерін майлап өзара үйкеліс кедергісін азайтатын аздаған шырышты сұйықтық болады. Плевралык кеңістік 6iTey, оның ішінде ауа болмайды, сондықтан да плевра кабықтары дем алған сәтте бірiНен-бірi айырылып алшақтай алмайды. Осыған орай көкірек қуысы кеңейген кезде париетальдық плевра висцеральдық плевраны өзіне тартып өкпені созады. Сол кезде оның ішіндегі қысым азаяды, сондықтан қысымы жоғары| сырттағы ауа өкпеге кіріп, оны одан әpi кернеп кеңейтеді. Дем шығарған сәтте көкірек қуысы тарылады да өкпе қысымы жоғарылағандықтан ауа сыртқа шығады, өкпе кішірейеді. Сонымен өкпенің кеңейіп-тарылуы көкірек аумағының өзгеруіне, яғни тынысалу еттерінің жиырылып, босауына байланысты.

2. Рефлекс(лат reflexus — кері қайтарылған, шағылысқан) — ағзаның ішкі немесе сыртқы тітіркендіргіштер әсеріне орталық жүйке жүйесінің қатысуымен қайтаратын жауабы. Рефлекс туралы түсінікті алғаш рет ұсынған француз философы Р.Декарт (15961650). Ол Рефлексті санаға тәуелсіз, жан әрекетінің нәтижесі деп есептеді. “Рефлекс” терминін жүйке жүйесі физиологиясына чех ғалымы Й.Прохаска (17491820) енгізді. Бұл ілімді орыс ғалымдары И.М. Сеченов пен И.П. Павлов одан әрі дамытты.

Ол бес бөлімнен тұрады:1.қабылдаушы құрылым-рецептордан;2.қозуды орталыққа жеткізетін афференттік жүйкеден ;3.аралық нейрондардан тұратын орталықтан;4.қозуды орталықтан эффекторға апаратын эфференттік жүйкеден; 5. Жауап беруші құрылым-эффектордан тұрады.

Белгілі бір рефлекс қабылдағышы орналасқан аймақты рецептивтік өріс деп атайды.Рефлекс түрлері: Морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне қарай рефлекс бірнеше топқа бөлінеді:

1.Қабылдағыштардың орналасуына қарай экстероцептивтік , интероцептивтік рефлекстер болып ажыратылады. Экстерорецепторлар дене сыртында : теріде , ауыз , көздің кілегей қабықтарында орналасқан, сырттан келіп тітіркендіруші әсерлерді қабылдайды. Интерорецеторлар ішкі ағзаларда , тіндерде , қантамырларында , ал проприорецептор сіңірде , буын қабында орналасқан.

2.Жүйке жүйесінің түрлеріне қарай рефлекстер денелік , вегетативтік болып бөлінеді.

3.Рефлекстер қатысатын ми бөліміне қарай жұлын, сопақша ми,ортаңғы ми,аралық ми, алдыңғы ми рефлекстері болып бөлінеді.

4. Қимыл – әрекетіне қарай жұту , кірпік қағу, жөтелу, қимылдау рефлекстері болып ажыратылады.

5.Орталықта туатын үрдістер түріне қарай қоздырушы, тежелуші рефлекстер болады.

6.Павлов барлық рефлекстерді шартсыз , шартты деп бөлген

7. Рефлекстік доғаның орталық бөлімінде қатысатын нейрондар санына қарай екі, үш және көп нейронды рефлекстер болып та бөлінеді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]