Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor Динара.doc
Скачиваний:
217
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
698.88 Кб
Скачать

3. Кеуде қаңқасы.Ми сауыты

Кеуде қуысының қанқасы — кеуде торы 12 арқа омыртқасы, 12 жұп қабырғалар, алдыңғы жағында жалғыз төссүйектен құралады. Қабырғаның алдыңғы шеті шеміршекті болады. Жоғарғы 7 жұп қабырғалар (шын қабырғалар) шеміршек арқылы төссүйекпен байланысқан. Келесі жұп қабырғалардың шеміршек шеттері өзара қосылып, доға түзеді. Қабырғалар омыртқалармен буын арқылы қозғалмалы, төссүйекпен шеміршек арқылы шала қимылдап байланысады. Қабырғалардың 11,12-жұптарында (жетім қабырғалар) шеміршек болмағандықтан, алдыңғы шеттері бұлшықеттердің арасында бос жатады. Қабырғалар тыныс алу мен тыныс шығағанда кеуде қуысы көлемінің ұлғайып, кішіреюіне әсер етеді. Кеуде қуысында орналасқан мүшелер: жүрек, өкпе, ірі қантамырлар, кеңірдек, ауатамырлар, өңеш және жүйкелер. Кеуде торының пішіні жынысына, жас ерекшеліктеріне, дене бітіміне, дамуына байланысты. Кеуде торының жоғарғы және төменгі тесігі болады. Жоғарғы тесігі артқы жағынан бірінші арқа омыртқасының денесімен шектеледі. Бүйірі — бірінші жұп қабырғалармен, алдыңғы жағы төстіктің жалпақ бетімен бітеді. Жоғарғы тесік арқылы өңеш, кеңірдек ірі қантамырлар мен жүйкелер өтеді. Жануарлармен салыстырғанда денесін тік ұстап, тік жүруіне байланысты адамның кеуде қуысы екі жағына керіліп, кеңейген. Бас сүйек(cranіum) — адам мен омыртқалы жануарлар басының қаңқасы. Онда ми, көру, есту органдары, ас қорыту және тыныс алу органдарының сыртқы мүшелері орналасады. Барлық омыртқалыларда Бас сүйек екі бөліктен тұрады: ми сауыты және бет бөлігі. Ми сауыты — маңдай сүйек, жұп тас төбе, самай сүйектері мен шүйде сүйегінің (қарақұстың) бір жартысынан құралады да, күмбез сияқты, миды жауып тұрады, ал, мидың астында шүйде сүйегінің екінші жартысы, сына тәрізді сүйектер жатады. Мидың астыңғы бөлігіндегі үлкен шүйде тесігі арқылы жұлын өтеді. Қарақұс осы тесіктің екі жағындағы өсінділер арқылы буындасып, бас қаңқасын омыртқамен байланыстырады. Ал Бас сүйектің бет бөлігінде жақ сүйектер, бет, таңдай, тіл асты сүйектері, мұрын, көз шұңқыры және ауыз қуыстары болады. Сөйтіп, адамның бас қаңқасы 23 сүйектен тұрады. Басқа сүйектер сияқты оларда қан тамырлар, жүйке талшықтары өтетін саңылаулар және бұлшық еттер бекитін бұдырлар, төмпешіктер болады. Бас сүйек шеміршек және жамылғы сүйек түрінде ұрықтың 2 айлығында пайда бола бастайды. Жаңа туған нәрестеде Бас сүйектің жіктері әлі сүйектенбеген, былқылдақ күйде болады. Төбе сүйектерінің аралығындағы осындай жікті “еңбек” деп атайды. Оның бекуі 1,5 жаста, ал жалпы Бас сүйектің өсуі 23 — 25 жаста аяқталады. Бас сүйек ми сауытының өлшемдеріне байланысты қысқа — брахикранды, орташа — мезокранды, ұзын — долихокранды болып бөлінеді. Осыған орай, ғылымда ми сауыты неғұрлым ұзын болса, соғұрлым адам ақылды келеді деген бұрыс пікір болғаны да мәлім.

5-билет

1.Жүйке орталығы,оның физиологиялық қасиеттері. Нерв жүйесі — информацияны жылдам жеткізетін және басқаруды жүзеге асыратын күрделі ұйымдасқан әрі жоғары дәрежеде маманданған жүйе. Оның негізгі құрылымдық бірлігі — нерв клеткасы — нейрон.Адам организмі күрделі де өзара тығыз байланысқан жүйелерден, органдардан және тканьдерден тұратын жоғары ұйымдасқан биологиялық супер жүйе болып есептеледі. Осы-күрделі құрылымда ерекше рольді орталық нерв жүйесі — ми мен жұлын атқарады. Ол адам организміндегі барлық клеткаларды, ткаиьдерді, органдарды, бұлардың жүйелерін, өзара байланыстырып функциональдық біртұтастықта ұстайды. Орталық нерв жүйесінің қызметтері арқылы - барлық органдар мен тканьдерде болатын рецепторлар тітіркенген кезде туатын афферрнтті (орталыққа тепкіш) импульстер қабылданады, олардың анализі мен синтезі жүреді (өңделеді) және түрлі шеткі органдардьщ әрекетін тудыратын немесе тоқтататын, болмаса олардың тонусын сақтауға көмеқтесетін эфференттік (орталықтан тепкіш) импульстер пайда болады. Орталық нерв жүйесі жеке организмнің қоршағаң ортаға бейімделуін оның барлық қызметтерінің ең жетілген реттелуін және үйлесімді, бірлескегі түрде іске асуын қамтамасыз етеді.Орталық нерв жүйесінің түрлі органдар әрекетін нақты бақылауы нерв орталықтары мен шеткі органдар арасында екі жақты байланыс болғандықтан іске асады. Қандай да болмасын эфференттік импульстерден орындалатын әрекеттен жұмые атқарушы органдардағы рецепторлар тітіркенеді де афференттік импульстер туады; ал олар тиісті әрекеттің нәтижесі туралы орталық нерв жүйесін хабарлайды (кері афферентация). Адамның да психикалық әрекеті мен басқа да барлық әрекеттері орталық нерв жүйесінде жүретін процестерге негізделген. Айтылып отырған аса жауапты да күрделі қызметте билеуші роль ми үлесіне тиеді.

2.Жүрек бұлшықетінің қасиеттері. Жүрек — іші қуыс бұлшықетті мүше. Ересек адам жүрегінің салмағы 250-300 грамм. Жүрек кеуде қуысының сол жағына таман орналасқан. Оның дәнекер тканінен түзілген жүрек қабы қаптап тұрады. Жүрек қабының ішкі беті жүректі ылғалдайтын және жиырылу кезінде үйкелісті кемітетін сұйықтық бөліп шығарады. Жүрек бұлшықеті (гр. myocardiummys — бұлшықет, kardia — жүрек) - жүректің жүрекшелері мен қарыншаларының бұлшықет қабығы (миокард). Жүрекшенің бұлшықет қабығы беткей және терең ет қабаттарынан тұрады. Беткей ет қабатының кардиомиоциттері көлденеңінен орналасады. Ол оң және сол жүрекшелерді сыртынан қаптап, оларға ортақ қабат болып келеді. Терең ет қабаты әрбір жүрекшеде жекелей орналасады. Бұл қабаттың кардиомиоциттері ұзынынан орналасады. Жүрек қарыншаларының бұлшықет қабығында айқын байқалатын бес ет қабаты болады. Олардың сыртқы беткей және ішкі бұлшықет қабаттарын қиғаш жатқан кардиомиоциттер, ал ортаңғы үш ет қабаттарын сегіздік тәрізді иіле орналасқан жүрек ет жасушалары түзеді.

3.Аяқ және қол сүйектері.Буындары. Аяқ суйектеріне жататындар: ортан жілік, асықты жілік, шыбық сүйек, толарсақ, аяқ ұшы және башпай сүйектері . Асықты жілікпен қатарласа тұратын жіңішке сүйек - шыбық (садақ) сүйек деп аталады. Ортан жіліктің жұмыр ұршық басы жамбас ойысына кіріп тұрады. Толарсақта 7 сүйек бар, оның ең ірісі - өкше сүйегі. Табанды қысқа бес сүйектер құрайды. Қол саусақтары сияқты аяқтың башпайлары да, үлкен башпайдан басқасы 3 қысқа сүйектен құралған. Қол және аяқ сүйектері бірімен-бірі қозғалмалы (буын арқылы) байланысқан. Мысалы, шынтақ буыны, тізе буыны және т. б. Аяқ ұшы сүйектерінің дұрыс қалыптаспауынан көбіне жалпақ-табандылық ауытқуы пайда болады . Оған аяқ бұлшықеттерінің өлсіз дамуы да әсер етеді. Бұл кезде аяқ ұшы сүйектерінің күмбезденіп орналасуы ауытқып, табан сүйектері жерге толық тиіп тұрады. Жүргенде, жүгіргенде аяқтың бұлшықеттері тез шаршайды.Жалпақтабандылықты болдырмау үшін өкшесі бар аяқ киім кию керек. Қол қаңқасы - иық белдеуі мен қол сүйектерінен тұрады. Иық белдеуіне екі бұғана мен екі жауырын сүйектері жатады. Жауырын-ның пішіні үшбұрышты үш қырлы, жұқа әрі жалпақ сүйек.Бұғананың бір шеті төссүйекпен, екінші шеті жауырынмен байланысады. Қол сүйектеріне жататындар: тоқпан жілік, кәрі жілік пен шынтақ сүйегі (білек), қол басы сүйектері. Кәрі жілік шынтақ сүйегімен қатарласа орналасқан. Тоқпан жіліктің ішкі қуысын жілік майы толтырып тұрадыҚол басы суйектеріне - білезік, алақан және саусақ сүйектері жатады. Білезікте (запястья) 2 қатар орналасқан 8 сүйек, алақанда 5 сүйек, саусақтарда 14 сүйек болады. Саусақ сүйектерінің - бас бармақтан баскасының әрқайсысында 3 қысқа сүйек (фаланги), ал бас бармақта екеу болады

6-билет

1.Мектеп жиһаздарына қойылатын талаптар. Балалардың дене тұлғасының дұрыстығын гигиеналық негіздеу. Оқу-тәрбие мекемелерін , қажетті жиһаздармен қамтамасыз етудің және оны тиімді пайдаланудың өсіп келе жатқан балалардың денсаулығын сақтауда, барлық оқу-тәрбие процессінің тиімділігін жоғарылатуда маңызы өте зор.Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінің негізгі бөлмелерінің жиһаздарына қойылатын гигиеналық талаптар, антропомерия, гигиена, физиология ғылымдарының жетістіктеріне негізделеді және жиһаздардың әрқайсысының қолданылуына қарап анықтайды.Негізгі талаптардың бірі – жұмыс столы мен орындықтардың баланың бой ұзындығы мен дене пропорциясына міндетті түрде сәйкес келуі.Бұл талаптардың сақталуы балалардың дене бітімі дамуының үйлесімді болуына, дене тұлғасының дұрыс қалыптасуына, қызмет қабілетінің ұзақ уақыт жоғары болуына жағдай жасайды; Сонымен қатар, көз анализаторы мен тірек-қимыл аппаратының бұзылыстарының профилактикалық шаралары ретінде де өте маңызды роль атқарады. Бұл талаптар сақталмағанда жұмыс істеу жағдайының қолайсыздығы арта түседі: дене кейіпінің еңкіштігі ұлғаяды, оның ассиметриясы дамиды, “дене мүсінінің” бұлшық еттеріне түсетін жүктеме көбейіп, ауырлық орталығы ауысып, дене тұлғасының тұрақсыздығына әкеліп соғады, балалар сабақта тыныш отыра алмай, артық қимыл-қозғалыстары көбейеді және т.б. Оқушының дене бітімінің дамуы мен ақыл-ой қызмет қабілетінің дұрыс қалыптасуы үшін сабақта отырғандағы дене тұлғасының дұрыстығы қажет.Ғылыми мәліметтер бойынша бас пен дененің кеуде бөлігінің алға қарай біраз еңкіш болып келгені дұрыс. Дененің еңкіштігі аздаған немесе орташа болып келеді. Аздап еңкіштік кеуде бөлігінің, белге қарағандағы бұрышы 1700-қа жуық, ал орташа болғанда бұл бұрыш 1600-қа жуық болып келеді. Статикалық және биомеханикалық тұрғыдан дене тұлғасының аздаған еңкіштігі, ауырлық орталығының амплитудасын онша көп ауыстырмайтындықтан дұрыс болып саналады. Орташа және одан көбірек еңкіштік ауырлық ортасының алға қарай ауысып, оның қозғалу амплитудасын кеңейтіп жібереді. Мұндай жағдайда арқа, мойын бұлшық еттеріне жүктеме түсетіндіктен, тыныс алу қозғалыстарының амплитудасы тарылып, пульс жиілігін біршама жоғарылатып, көз көруін нашарлатып, веналық қан тамырлардың қызметін төмендетіп, омыртқа аралық шеміршектердің алдыңғы жағының жаншылуына әкелетіндіктен бірқатар патологиялық өзгерістер туғызуы мүмкін.Балалардың сабақ кезіндегі дене тұлғасының дұрыстығын анықтау үшін дене кейіпінің жағдайына әсер ететін бірнеше мағлұматтарды ескеру қажет және осыған байланысты физиологиялық, патофизиологиялық, психофизиологиялық белгілерді бөліп қарауға болады.Дене тұлғасының жағдайына баға беруге арналған физиологиялық белгілерге дене қалпын сақтауға қатысатын бұлшық еттердің белсенділігінің дәрежесі жатады. Дене тұлғаның дұрыстығы қан айналуы мен тыныс алу реакцияларымен де анықталады.Түрегеліп тұрғаннан көрі, отырған жағдайдағы дене тұлғасы энергия шығыны тұрғысынан алғанда біршама қолайлы болып келеді: тірек аудунының кеңдігімен, ауырлық орталығының біршама төмендеу келетіндігімен, соған сәйкес дене тұрақтылығы гемодинамикалық ыңғайлылығымен сипатталады.Дененің тепе-теңдігі мықты, жүрек, қан-тамыр, тыныс алу, ас қорыту, есту және көру анализаторларының қызметі жақсы болған жағдайдағы дене тұлғасы дұрыс деп саналады.Патофизиологиялық белгілерге дене тұлғасының ассиметриясы және соған сәйкес бұлшық ет белсенділігінің ассиметриясы мен партаға отырған кезде немесе верстакта жұмыс істеген кезде дененің кеуде бөлігінің еңкіштігі жатады.Сүйек-бұлшық ет жүйесінің шартты түрдегі ыңғайсыздығы организмде қажу дамуын жеделдетіп, соған байланысты әр түрлі өзгерістерге (дене тұлғаның еңкіштігі, сколиоздар, иық пен жауырынның ассиметриясы т.с.с.) дамуына әкеліп соғады.Психофизиологиялық белгілерге дене тұлғасының құймшақ маңайы және санның артқы бөлігімен субъективті байланысы, ұзақ уақыт мазасыздыққа, көру жұмысы кезінде көзден жұмыс бетіне дейінгі қолайлылық жпғдайына баға беру жатады. Оқу процесінде техникалық оқу құралдарын пайдалануға байланысты психофиологиялық белгілердің маңызы арта бастады.Баланың сабақ кезінде столға дұрыс отыруы, баланың басының, столдың жазық бетіне еңкеюінен пайда болады, мұнда еңкею бұрышы 25-510, кеуде жағы 41-620, бүкіл дене 85-1000 болуы керек. Ол үшін мектеп жиһаздарының негізіг бөліктерінің - стол мен орындықтың биіктіктерінің қатынасының дұрыстығы міндетті түрде сақталуы қажет.Бұл қатынастар дифференция, орындық арқалығының ара қашықтығы және орындықтың ара қашықтығы көлемдері арқылы анықталады.Дифференция - столдың артқы қырынан (тігінен алғандағы) орындыққа дейінгі ара қашықтық. Бұл аралық иықтың шынтаққа дейінгі ұзындығына 5-6см қосқанға тең болуы керек. Дифференцияның 2см өзгеруі мүмкін. Одан жоғары болуы оқушы жазу жазғанда оң жақ иығы көтеріліп тұруына, соған байланысты дене ассиметриясы дамып, омыртқа бағанының қисаюына жағдай жасайды. Одан төмен болуы дененің еңкіштенуіне, көздің дәптер немесе кітаптан дұрыс ара қашықтығының бұзылуына әкеліп соғады.Орындық арқалығының ара қашықтығы - столдың артқы қырынан (көлденеңінен) орындық арқалығына дейінгі аралық, бұл аралық көкірек қүысының алдыңғы-артқы диаметрінен 5см жоғары болмауы керек. Орындық арқалығының ара қашықтығы жоғары болса оқушы орындықтың арқалығын, қосымша тірек ретінде пайдалана алмайтындықтан ауырлық орталығы алдыға қарай ауысады, төмен болса стол беті көкірек қуысына тіреліп, тыныс алу, қан айналу қызметі бұзылып, жұмыстағы дене тұлғасы қолайсыз болып, статикалық жүктеме жоғарылап, қажудың басталуы жеделдеп, қызмет қабілеті төмендейді.Орындықтың дистанциясы - столдың артқы қыры мен (көлденеңінен) орындықтың алдыңғы қырының аралығы. Орындықтың дистанциясы - теріс болуы керек, яғни орындықтың отырғышы столдың астына 4-8см кіріп тұруы керек; «Нөлдікң, әсіресе «оңң дистанцияда, оқушы столға қарай еңкейіп, алдына қарай созылып отыруға мәжбүр болады. Жұмыстағы дене тұлғасы қолайсыздыққа ұшырап, статикалық жүктеме жоғарылап, қажудың дамуы жеделдейді. «оңң дистанция оқушы орнынан тұрып, столдан шығуы үшін ғана қажет. «Терісң дистанцияның «оңң дистанцияға ауысуы стол қақпағын ашу немесе орындықты жылжыту арқылы жасалады.

2.Лейкоциттер,оның жіктелуі,түрлері,маңызы. Қанның ақ түйіршіктері немесе лейкоциттер – ядросы бар және белсенді амеба тәрізді қозғалатын түссіз қан жасушалар. Қанның 1 мм3 көлемінде 6-8 мың лейкоциттердің алуан түрлі (лимфоциттер, моноциттер, базофилдер, эозикофилдер және нейтрофилдер) болады. Олар қызыл сүйек майында, лимфа түйіндерінде және көк бауырда пайда болады.Лейкоциттер — ақ (түссіз), ядролы қан торшалары. Сүйек майында қүрылады. Қан мен ұлпаларда әртүрлі қызметтер атқарады, тәнді және тәнсіз иммунді реакцияларға, қабынуларға қатынасады. Көп ядролы лейкоциттер нейтрофилді, эозинофилді және базофилді гранулоциттер жатады.Олардың тіршілік ету мерзімі – бірнеше күн. Лейкоциттердің қорғаныш және қалпына келтіру қызметі олардың қанда антиденелерді құрып, бактериялардың өзіне сіңіріп, жою қабілетіне байланысты. Қан тамырладың қабырғалары арқылы өтіп лейкоциттер қан ағымы арқылы организмнің ұлпа, жасушалар аралығына өте алады да дененің зақымданған жерлерінде жинала алады. Бұл жерде олар жиналған аяқтарымен организмдегі әр түрлі микроорганизмдерді, көне жасушаларды өзіне сіңіріп, жойып тұрады. Оларды жою барысында лейкоциттер өздеріде өліп кетеді.Түйіршіксіз лейкоциттер: 1. Лимфоциттер - диаметрі 8-10 мкм-ге жететін лейкоциттердің ішіндегі ең ұсағы болғанымен ядросы ірі. Цитоплазмасында түйіршіктері болмайды, баяу қозғалады. 2. Моноциттер - қанның түссіз жасушаларының ішіндегі ең ірісі - диаметрі 12-20 мкм, ядросының пішіні таға тәрізді, цитоплазмасы түйіршіксіз. Моноциттер өте қозғалғыш, бактерияларды тез қармап асады. Дені сау адамның қанында лимфоциттер 25-30%, моноциттер 5-10% болады.Лейкоциттер сүйек кемігінде, лимфа түйіндерінде, айырша безде және көкбауырда түзіледі. Қанда таңертеңгі ашқарында (тамақ ішпегенде) аздау болып, тамақтанғаннан кейін көбейеді. Тіршілік ету ұзақтығы 5-9 тәулік. Эритроциттер сияқты лейкоциттер де көкбауыр мен бауырда жойылады. Медицинада қандағы лейкоциттердің 2 түрі ажыратылады.Біріншісі – гранулоциттер немесе теңбіл лейкоциттер (олардың цитоплазмасында теңбіл дақтар бар). Гранулоциттер цитоплазмалық теңбілдердің боялу ерекшеліктеріне сәйкес базофильдерге, эозинофильдерге және нейтрофильдерге бөлінеді.Өз кезегінде нейтрофильдер ядро формасына қарай таяқшаядролық және сегментядролық болып келеді.Лейкоциттердің екінші түрі – агранулоциттер немесе теңбілсіз лейкоциттер. Лейкоциттердің бұл түрінде цитоплазмада теңбіл болмайды.

3.Буындардың классификациясы. Буын— бір сүйекпен екінші сүйекті жалғастыратын аралық. Сүйектер бір-бірімен кірігіп немесе қозғалмалы болып жалғасады. Тірі организмдерде Буын 3 түрлі рөл атқарады: дене қалпының сақталуына жәрдемдеседі; дене бөліктерінің өзара орын ауыстыруына қатысады; дененің кеңістіктегі орын алмастыру (локомоция) мүшесі болып табылады. Әрбір буында буындасатын сүйектердің буын беттері; буын қылшықтары және буын қуыстары болады. Буын қапшықтарын 2 қабат қоршап тұрады. Оның ішкі қабатынан буын сары суы бөлініп шығады да, ол Буын аралығын сылап, қозғалуын жеңілдетеді. Буын қапшығының сыртында болатын сіңірлер сүйектерді берік жалғастырып тұрады әрі мүшені белгілі бір бағытпен қозғалтады. Пішіні жағынан Буын беттерін геометириялық айналу денелері ретінде (мысалы, бір осьті айнала қозғалатын цилиндр, екі осьті эллипс, үш және одан көп осьті айнала қозғалатын шар) қарастыруға болады. Осының нәтижесінде осьтер арқылы Буындарда көптеген қозғалыс түрлері орындалады. Мысалы, бүгілу, жазылу, жақындату, қашықтату, айналу, т.б. Адам денесіндегі Буынды және буын ауруларын зерттейтін медицина салаларын артрология, синдесмология деп атайды. Адам денесінде 230 ден астам буындар бар.

7-билет.

1.Аралық ми. Құрылысы және қызметі.Аралық миға көру төмпешігі (таламус), төмпешікасты( гипоталамус), төмпешікүсті (эпиталамус) құрылымдары жатады. Аталған құрылымдар ІІІ ми қарыншасын жан-жағынан қоршап, оның қабырғасын құрады.

Таламус көп ядролы, көлемі және қызметі жағынан ең көрнектісі. Ол арқылы ми қыртысына әртүрлі сезім серпіністерін өткізетін жүйке талшықтары өтеді. 40 шақты ядролардан тұрады. Бұлар қызметінің маңызына қарай арнамалы,бейарнамалы,ұластырушы,қозғалтқыш деп бөлінеді. Арнамалы ядроларына жұлынның өрлеуіш жеке талшықтары арқылы дене қабылдағыштарынан келетін түрлі сезімдік ақпараттармен бірге көзден, құлақтан шығатын сезім серпіністері жиылып, одан әрі ядролардың талшықтары арқылы ми қыртысына жеткізіледі. Бейарнамалы ядролар ми қыртысына тұтас активті әсер етеді, оның қозғыштық қасиетін, ырғақты электрлік белсенділігін реттейді. Бұл ядролардан ми қыртысына барған серпіністер қыртыс қозғыштығын жоғарылатып, арнамалы жолдарынан келген әсерлерге қыртыс жауабын күшейтеді. Ұластырушы ядроларға түрлі серпіністер таламустың арнамалы жолдарынан келіп түседі.Бұлар жоғары анализдік, синтездік үрдістеріне, ми қыртысының бірлестіруші қызметіне қатысады. Қозғалтқыш ядроларға мишықтан және қыртысасты базальдық ядролардан серпіністер келіп түседі және ми қыртысының қозғалтқыш зонасына проекциялық серпіністер жеткізеді. Сондықтан бұл ядролар қимылды реттейтін жүйе қатарына кіреді.

Гипоталамус көру төмпешігі астында орналасқан көп ядролы құрылым. Гипоталамус орталық жүйке жүйесінің құрылымдары мен бірге шеттегі ағзалар, тіндермен екі жақты(афференттік және эфференттік) байланысының арқасында организмнің көптеген әрекеттерін реттей алады.Ішкі ағзалардың қызметіне гипоталамус вегетативтік жүйке жүйесі және эндокриндік бездер арқылы әсер етеді. Ол жүрек-тамыр,ішкі сөлініс бездері, ас қорыту, бүйректер қызметін,зат алмасуын,несепті шығаруын реттейді.Мұнымен қатар ішкі орталық және дене қызу тұрақтылығын сақтайды.

3-сұрақ. Омыртқа жотасы

Омыртқа жотасы – тұлғаның негізгі тірегі. Адамда омыртқалардың саны 32-35, олар: 7 мойын омыртқа; 12 арқа омыртқа; 5 бел омыртқа; 5 сегізкөз омыртқа; 4-5 құйымшақ.

Омыртқаның құрылысы - әр омыртқаның денесі мен доғасы болады. Омыртқа доғасының көптеген (бір арқа, екі бүйір, екі үстіңгі және екі астыңғы буындық) қанаттары бар. Омыртқа доғасы иіліп, денемен тұтасқан.Омыртқалардың дәл ортасындағы кең қуыста жұлын орналасады. Мойын омыртқалардың пішіні жағынан басқа омыртқалардан біршама айырмашылықтары бар: омыртқа денесі кішілеу, бірінші мойын омыртқаның (ауыз омыртқа) денесі болмайды, ортасындағы қуысы үлкен әрі үшбұрышты. Мойын омыртқаларының біріншісі бассүйекпен байланысып, басты бұруға қатысады. Денеге күш түсуіне байланысты 3-мойын омыртқадан бастап 7-омыртқаға дейін пішіндері сәл өзгереді. Омыртқа денесі ұлғайып, арқа өсіндісінің ұшы (7-омыртқадан басқасы) екіге ажырап ашаланады. Мойын омыртқаларының денелері кішілеу, сопақша пішінді,үстіңгі және астыңғы беттері біршама ойыстанған. Бел омыртқалары көлденең өсінді тесігі мен қабырғааралық шұңқыршаларының болмауымен ерекшеленеді.

2-сұрақ. Тітітркендіргіш заңдары.Хронаксия. Реобаза

Тітіркендіргіш дегеніміз өз әсерімен тірі ұлпаларда қозу процесін тудыратын ішкі немесе сыртық орта факторлары,агенттері. Олар бірнеше принцип негізінде жіктеледі. Табиғатына байланысты тітіркендіргіш химиялық(қышқылдар,сілтілер,тұздар),физикалық(механикалық ,термиялық, электрлік, сәулелік), биологиялық (микробтар, вирустар, гормондар) болып бөлінеді. Ұлпалар мен жалпы организмге ететін әсерінің мәніне қарай тітіркендігіш үйреншікті(адекватты) және (инадекватты) болып бөлінеді. Табиғи жағдайда әсер ететін тітіркендіргіштерді үйреншікті д.а. Табиғи жағдайда әсер етпейтін тітіркендіргіштерді – тосын тітіркендіргіш дейді.

Хронаксия деп тінді қоздыратын екі реобазаға тең күш әсерінің ең қысқа уақытын айтамыз.Қозғыш тіннің хронаксиясы қысқа болады.Оның мөлшері хронаксиметр аспабымен өлшенеді. Хронаксиметр аспабымен адам тіндерінің әрбәр морфологиялық элементтерінің қозу дәрежесін өлшеуге болады.

Реобаза немесе қозу табалдырығы деп қозу үрдісін тудыратын тітіркендіргіш күшінің ең аз өлшемін айтады. Тін неғұрлым қозғыш болса, оның қозу табалдырығы соғұрлым төмен болады. Тітіркендіргіш ретінде электр тогы қолданылса, табалдырығын реобаза дейді

8-билет.

1-сұрақ. Орталық жүйке жүйесіндегі тежелу

1862 жылы М.И.Сеченов «Орталықтағы тежелу» атты тақырыпта тәжірибе жасап,орталық, жүйке жүйесінде қозумен қатар тежелу де болатынын дәлелдеп берген. Орталықтағы тежелу шеткі ағзалардың қызметін әлсіретеді не тоқтатады. Нейрондар қозған сәтте онда зат алмасуы, тотығу үрдісі күшейеді, бірақ қуат қоры азаяды, заттардың ыдырауынан пайда болған өнімдер көбейеді. Тежелу қозу сияқты белсенді үрдіс.Орталық жүйке жүйесінде туатын тежелу үрдістері пайда болу механизмдеріне қарай пресинапстық, постсинапстық, пессималдық және қозудан кейінгі тежелулер болып 4-ке бөлінеді. Орталық жүйке жүйесінде тежелу арнайы тежеуші нейрондары қозған кезде басталады. Жұлыннан Реншоу жасушасы табылды.Бұл жасуша жұлын мотонейронының айналасында орналасқан. Оны мотонейрон аксонының бұтағы қоздырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]