- •1 Билет
- •1.Синапстар, оның түрлері. Химиялық және электрлік синапстардың ерекшеліктері.
- •1.Рефлекс.Рефлекторлық доға,оның бөлімдері.
- •3. Кеуде қаңқасы.Ми сауыты
- •2 Әрекет потенциалы, фазалары
- •10 Билеті
- •2.Синапстарда импульстың химиялық жолмен берілу ерекшеліктері.
- •3.Бұлшық ет жүйесінің қызметі, антагонисті және синергисті бұлшық еттер
- •11 Билеті
- •1.Нейроглияның түрлері, оның қызметі.
- •2.Лимбиялық жүйе. Құрылымы мен қызметі.
- •3.Ас қорыту жүйесі, маңызы, қызметі. Ағзалары.
- •12 Билеті
- •2.Аталық жыныс бездері гормондарының қызметі. Екінші жыныс белгілері.
- •1.Ересек адамның электроэнцефалограммасы.
- •1.Гипоталамус және оның вегетативті реттелу қызметіндегі маңызы
- •1.Анохин бойынша функцональды жүйе.
- •2. Қалқанша маңы (қалқансерік) бездері гормондарының кальций алмасудағы рөлі.
- •3. Қан айналу жүйесіне жалпы шолу. Кіші және үлкен қанайналым шеңберлері.
- •20 Билет
- •2. Қаңқа бұлшық етінің функцианальдық жүйесінің жалпы сипаттамасы, түзілу жолдары мен ерекшеліктері.
- •3.Сыртқы және ішкі секреция бездері. Аралас бездер, ерекшеліктері
- •1.Аш ішектергі астың қорытылуы. Мембраналық ас қорыту.
- •2.«Моторлы бірлік» жайында түсінік.
- •24 Билеті
- •25 Билеті
- •1 Ет ұлпасы классификациясы. Олардың ерекшеліктері
- •27Билет
- •1.Көздің өткірлігі. Көздің аймағы. Дальтонизм.
- •3. Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі, нейрон оның бөлімдері. Нейроглия. Синапс.
- •28 Билет
- •2. Павлов бойынша ожж-дегі темпераменттің жіктелуі.
- •3. Жұлынның құрылысы мен атқаратын қызметі. Жұлынның бөлімдері, жұлын нервтері. Рефлекторлық доға
- •29 Билет
- •3.Сезім мүшелеріне жалпы шолу. Қасиеттері, олардың маңызы. Есту және тепе – тендік мүшесі. Олардың құрылысы.
- •30 Билеті
- •3.Дәм сезу анализаторы. Дәм сезу мүшесі құрылысы, дамуы. Иіс сезу анализаторының перифериялық, өткізүші және орталық бөліктері.
3. Жұлынның құрылысы мен атқаратын қызметі. Жұлынның бөлімдері, жұлын нервтері. Рефлекторлық доға
Жұлын - орталық жүйке жүйесіне жатады. Жұлын цилиндр пішінді омыртқа жотасының өзегінде орналасқан, ұзындығы 42-45 см, салмағы 34-38 г. Жоғарғы шеті сопақша мимен жалғасады, төменгі шеті екінші арқа омыртқаға дейін созылын жатады. Жұлынның алдыңғы және артқы жағында ұзынынан созылған тік жүлгелері болады. Ол жұлынды оң және сол жақ жартыға бөліп тұрады. Жұлынның дәл ортасында іші жұлын сұйықтығына толы жұлын өзегі бар. Өзектің айналасында пішіні көбелекке ұқсаған жұлынның сұр заты бар. Сұр заттың сыртын ақ заты қоршап жатады. Сонымен жұлын құрылысында ақ заты сыртында, сұр заты ішкі жағында орналасады.
Жұлынның қызметі: жұлын екі түрлі қызмет атқарады: рефлекстік және өткізгіштік Рефлекстік қызметі: жұлынның әр жерінде жүйке орталығы бар. Жүйке орталығы деп жұлынның түрлі бөлімінде орналасқан қандай да болмасын мүшенің жұмысын реттейтін жүйке жасушаларының жиынтығын айтады. Мысалы, тізе рефлексі орталығы жұлынның бел бөлімінде; зәр шығару орталығы сегізкөз бөлімінде және т.б.
Өткізгіштік қызметі орталыққа тебетін (өрлеу, қозуды миға жеткізу) және орталықтан тебетін (қозуды мидан жұлын арқылы мүшелерге жеткізу) өткізгіш жолдардан тұрады. Орталыққа тебетін өткізгіш жолдармен қозу миға беріледі. Орталықтан тебетін өткізгіш жолдар арқылы қозу мидан жұлынның төменгі бөлімдеріне, одан мүшелерге өтеді.
Жұлынның бөлімдері: Жұлын 31 сегментке бөлінген. Әрбір сегмент бір-бірімен тығыз байланысқан, алайда араларында бірашама алшақтық байқалады. Себебі, жұлынның бір түбірі бұзылса не кесілсе оған сәйкес дене сегментінде сезім және қозғалыс функциялары толығынан жойылмайды. Белла-Мажанди заңы брйынша жұлынның артқы түбірлері афференттік жүйкелерден, ал алдыңғы түбірлері эфференттік жүйкелерден тұрады.
Жұлын нервтері:
Жұлын нервтері - жұлыннан шығатын жүйке талшықтарынан құралған. Құрамында сезімтал және қозғалтқыш жүйке талшықтары болғандықтан, жұлын жүйкелерін қызметі жағынан аралас жүйкелерге жатқызады. Жұлын жүйкелері омыртқа өзегінен шыққан бойда-ақ байланыстырғыш (симпатикалық) және жұлын қабықтарына арналған қайтарма (сомалық) тармақтарды бөліп, сұр байланыстырғыш (симпатикалық) тармақтарды қосып алып, содан соң, адамда алдыңғы және артқы, жануарларда вентральды және дорсальды (сомалық, симпатикалық жүйке талшықтарынан құралған) тармақтарға ажырайды. Жұлынжүйкелерінің дорсальды тармақтары (адамда — артқы тармақтар) омыртқа бағанынан жоғары (адамда — омыртқа бағанының артқы жағында) орналасқан дене бөліктерін (сүйектер, бұлшықеттер, буындар, тері, олардың тамырлары), ал вентральды тармақтар омыртқа бағанынан төмен (адамда — алдыңғы жағында) жатқан дене бөліктерін жүйкелендіреді. Аталған тармақтар өз кезегінде латеральды (беткей орналасқан мүшелерге) және медиальды (терең жатқан мүшелерге) тармақтарға тарамдалады. Жұлын жүйкелері омыртқа бағаны бөлімдеріне сәйкес: мойын, көкірек, бел, құйымшақ және құйрық жүйкелері болып бөлінеді. Олардың саны мойында 8-жүп, құйрықта 5-6 жүп, қалған бөлімдерде адам мен жануарлардың омыртқалар санына сәйкес келеді. Алдыңғы (қол) және артқы аяқтарды жүйкелендіретін жүйкелер жұлын жүйкелерінің вентральды (адамда — алдыңғы) тармақтары түзетін: иық, бел және құйымшақ жүйке тораптарынан шығады.Рефлекторлық доға
Рефлекторлық доға (рефлекторная дуга); (лат. рефлехұс — шағылысу) — сыртқы және ішкі әсер етуші факторларға организмнің жауап беру реакциясы кезінде пайда болған жүйке толқынының жүретін жолы.
Рефлекторлық доғаны кем дегенде сезімтал, байланыстырғыш (аралық), қозғалтқыш нейроциттер тізбегі құрайды. Рефлекторлық доға қабылдағыш аппараттан (рецептордан), орталыққа тепкіш (афферентті) жолдан, орталықтан (жүйке жүйесіндегі орталықтар нейроциттерден тұрады), орталықтан тепкіш (эфферентті) жолдан, жауап беру мүшесі (эффектор) бөлімдерінен құралады. Қарапайым рефлекторлық доға жұлын арқылы тұйықталады, ал күрделі рефлекторлық доға жүлын және мидың қатысуымен іске асады.