Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor Динара.doc
Скачиваний:
217
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
698.88 Кб
Скачать

1.Рефлекс.Рефлекторлық доға,оның бөлімдері.

Орталық жүйке жүйесінің негізгі қызметі- рефлекс.Рефлекс сөзін тұңғыш рет қолданған францу философы Рене Декарт 1664 ж. Оған ғылыми сипаттама берген шех ғалымы Прохаска 1817ж. Рефлек туралы ілімді одан әрі дамытып,рефлекстік теорияны пайымдағандар орыс ғалымдары И.М.Сеченов, И.П.Павлов,П.К.Анохин

Рефлекс дегеніміз орталық жүйке жүйесінің сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге қайтаратын күрделі жауабы.Рефлекстің морфологиялық негізі – рефлекстік доға,яғни қозуды рецепторлардан жүйке орталығына,онан шеткі ағзаға жеткізетін жол Ол бес бөлімнен тұрады: 1 Қабылдауыш құрылым-рецептордан; 2 қозуды орталыққа жеткізетін афференттік жүйкеден; 3 аралық нейрондардан тұратын орталықтан; 4қозуды орталықтан эффекторға апаратын эфференттік жүйкеден; 5 жауап беретін құрлымы - эффектордан тұрады.Рефлекс доғасы, жүйке доғасы — рефлекс процесіне қатысатын жүйкелік құрылымдар жиынтығы. Бұл терминді 1850 жылы ағылшын ғалымы М.Холл ұсынған. Рефлекс доғасы жүйке жүйесінің функциялық негізі болып табылады; қарапайым (екі нейронды, жалғыз синапсты) және күрделі (көп нейронды, бірнеше синапсты) болып бөлінеді. Рефлекс доғасының күрделілігі оның құрамына енетін аралық нейрондар санына байланысты. Ең қарапайым доға бес буыннан: рецепторлар, орталыққа тепкіш жүйке, жүйке орталығы, орталықтан тепкіш жүйке және атқарушы орган — эффектордан тұрады. Рефлекстік доға бүтін болған жағдайда ғана рефлекстің қызметін атқарады,яғни доғаның бүтіндігі бұзылса рефлекс бір жола жоғалып кетеді.Соңғы кезде рефлекстік доға мен қатар рефлекстік шеңбер деген ұғым қолданылады.Рефлекстік шеңбердің доғадан бір бөлімі артық болады.

2.Қан және лимфа.Плазманың құрамы. Қан (гр. haemo ;лат. sanguis — қан) — организмдегі ішкі сұйық ортаның бірі. Ол қантамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық мүшелердің клеткаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды. Организмдегі биологиялық әрекетшіл заттардың гуморальдық реттелу қызметі қанның қатысуымен іске асады. Қан организмнің инфекциядан қорғаныш реякциясын қамтамасыз етеді.Ағзаның ішкі ортасына қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа жатады Лимфа-адам денесіндегі екінші сұйық орта. Қанның қызметі:адам ағзасында қан әрбір мүшені, дененің әрбір жасушасын бірімен-бірін өзара байланыстырады;оттегін өкпеден ұлпаларға жеткізіп, көмірқышқыл газынан тазарта-ды;қорек заттарды асқорыту мүшелерінен ұлпаларға жеткізеді;ағзаның соңғы қажетсіз өнімдерін бүйрекке және т. б. мүшелерге тасымалдайды;дене температурасының тұрақтылығын сақтайды;ағзаны зиянды микробтардан қорғайды;ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондарды тасымалдайды;жасушаларда қышқылдың, судың деңгейін реттейді;қорғаныштық қызмет атқарады (қанды ұйыта алады). Қанның құрамы. Қан дәнекер ұлпасының сұйық түрі. Ағзада болатын қанның мөлшері адамның дене салмағына байланысты 4,5-5 л. Қанның құрамы — плазмадан{55%) және қан жасушаларынан (45%) тұрады . Ересек адам организмінде шамамен бес литр қан болады. Қан — ағзадағы дәнекер тканінің бір түрі. Оның негізгі бөлігі клетка аралық сұйық зат — плазмадан құралады. Плазмадан қан жасушалары — эритроциттер мен лейкоциттер және қан пластинкалары — тромбоциттер болады. Тромбоциттер сүйектің кемік майындағы клеткалардан түзіледі. Олардың жетілуі, қорға жиналып, бұзылуы басқа мүшелерде өтеді. Қан плазмасы (қан сарысуы) — қанның сарғыштау түсті сұйық бөлімі. Егер қанды ыдысқа құйып тұндырса, ыдыста 3 қабат айқын білінеді. Соның ең үстіңгі сарғыш түсті мөлдірлеу қабаты плазма. Ал астыңғы қызыл түсті қабаты — қан жасушалары. Плазманың құрамында 90-92% су; 7-8% нәруыз (белок); 0,12% глюкоза; 0,7 0,ұ% май; 0,9% тұз болады. Бұлардан басқа сүтқышқылы, ферменттергормондар бар. Плазмадағы нәруыздар (7-8%) 3 топқа бөлінеді: альбуминдер (4,5%); глобулиндер (1,7-3,5 %) және фибриногендер (0.4). Фибриноген нәруызы қанның ұюына қатысады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]