Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor Динара.doc
Скачиваний:
217
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
698.88 Кб
Скачать

1 Ет ұлпасы классификациясы. Олардың ерекшеліктері

Бұлшықет ұлпасы — адам мен жануарлар организмдерінде жиырылу қызметін атқарып, қимыл-қозғалыстарды іс жүзіне асыратын ұлпа. Омыртқалы жануарлар денесінде бұлшықет ұлпасының үш түрі болады. Олар: бірыңғай салалы ет ұлпасы, көлденен жолақты бұлшықет ұлпасы және жүрек бұлшықет ұлпасы. Бірыңғай салалы ет ұлпасы — пішіні үршық сабына ұқсас, екі ұшы үшкірленген, жуандау орта түсында бір ядросы болатын жолақсыз миоциттерден (ет жасушаларынан) тұрады. Ол ішкі мүшелердің, қан және лимфа тамырларының етті қабықтары мен қабаттарын түзіп, еріксіз жиырылады (оның жұмысын автономды вегетативтік жүйке жүйесі реттейді). Жолақты қаңқа бұлшықет ұлпасын бұлшықет талшықтары (миосимпласт) құрайды, ерікті жиырылады. Оның жұмысын сомалық жүйке жүйесі реттейді. Жолақты жүрек бұлшықет ұлпасы кардиомиоциттерден (жүрекет жасушаларынан) құралған, еріксіз жиырылады (жұмысын автономды вегетативтік жүйке жүйесі реттейді).[1] Бұлшықет ұлпасы миоциттері мен миосимпласттарындағы жиырылу процесін 16 асыратын протеин жіпшелері — миофибриллалар актин және миозин миофиламенттерінен құралған.Бұлшықеттер адам ағзасындағы әр түрлі қозғалыстарды қамтамасыз ететін тірек-қимыл жүйесінің белсенді бөлігі. Бұлшықетттер-бұлшықет ұлпасынан ,тығыз және кеуекті дәнекер ұлпалардан, қантамырлары мен жүйке талшықтарынан тұрады.Бұлшықет ұлпасын құрылысына қарай бірінғай салалы , көлденен жолақты, жүректің бұлшықеттері деп бөлінеді. Бірінғай салалы бұлшықет ішкі мүшелерді( ішек, қарын, қантамырлар, қуық т.б) астарлап жатады. Көлдене жолақты бұлшықет дейтін себебі бұлшықет талшықтары көлдененінен жолақтанып жатады. Талшықтарының пішіні цилиндр тәрізді, диаметірі-0,1 мм ,ұзындығы бірнеше ондаған мм-ге жетеді. Жүректің бұлшықеті құрылысы жағынан көлдене жолақты, қызметі жағынан бірінғай салалы бұлшықетке ұқсайды.Яғни оның жиырылуы адамның еркінен тыс болады

2.Үлкен мидың жартышарының қыртыс затына сипаттамасы . Ми жарты шарлары мидың ең жоғары және филогенездік тұрғыда ең жас бөлімі.Сыртынан ол жалпы қалыңдығы 1,5-4,5мм шамасын құрайтын сұр затпен қапталған.Оны үлкен ми ұыртысы деп атайды.Ми қыртысы мидың ең күрделі құрлымы,ол түрлі сенсорлыұ тітіркеністерді қабылдап,өңдеп, әрекеттерді қалыптастыратын сигналдарды тудыратын организмнің күрделі мінез-қылығын үйлестіріп бағыттап отырады.Морфологиялық тұрғыдан ми қыртысы орасан көп 12-18милярд нейрондардан олардың өсінділері мен синапстарынан нейрология торшаларынан құралған. Ми қыртысын құрайтын нейрондар пішіні мен қызметіне байланысты бірнеше топқа бөлінеді.Олардың бірін пирамидалыұ торшалар құрайды.Олар ми қыртысы беткейінде вертикаль орналасұан және үшбұрыш пішіндес болады.Бұл торшалардан жоғары қарай Т-тәрізді тармақталған дендрит,ал төменгі табанынан аксон басталады да,ол ми қыртысының басқа аймақтарына бағытталатын немесе қыртыстан басталатын төмендеу жолына қосылады.Қыртыс нейрондарының келесі жолын майда жұлдызша торшалар құрайды. Олардың өсінділерінен қыртыстық байланыстар тұзеледі.Нейрондардың үшінші тобын шүйкелк торшалар түзеді. Олардың аксондары горизантальді не тік бағытта жайыладыАнатомиялық тұрғыда ми қыртысы төрт бөлікке –маңдай төбе шүйде және самай бөлінеді.Бұл бөліктердің әркайсысы сезімтал жалғастырушы аймақтарға бөлінеді.Ми қыртысының арнаулы афференнтік жолдар тірелетін жерлерін сезімтал аймақ дейді.ОЛарға соматосенсорлық көру,есту,дәм сезу аймақтары жатады.

3.Жүйке жүйесіне жалпы шолу. Орталық жүйке жүйесі. Перифериялық жүйке жүйесі. Мидан шығатын нервтерЖүйке жүйесі - адам мен жануарлар организмдерінің қоршаған ортаға бейімделуін реттейтін жүйе. Жүйке жүйесін зерттейтін морфологияның бөлімін гр. neurologia (грек, neuron — жүйке, жүйке жасушасы; logos — ілім) деп атайды. Жүйке жүйесінің қызметтері рефлекстер арқылы іс жүзіне асады. Орталық жүйке жүйесі ми мен жұлыннан тұрады. Ж ұ л ы н омыртқа өзегінде орналасқан, ұзындығы ересек адамда жарты метрге жуық, салмағы 37-38 г. жұлынның жоғарғы жағы сопақша мимен жалғасады да төмеңгі ұшы шашақтанып омыртқа тұсында бітеді. Жұлын арасы қосылып кеткен симметриялы оң және сол жақ екі жарты бөлімдерден тұрады.Адамның жұлыны 31-33 сегменттен (лат. сегментум -бөлік, кесінді) тұрады: 8 мойын, 12 кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз және 1-3 құйымшақ бөлімдері. Әрбір бөлімнен қос-қостан шыққан нерв түйіндері екі жұлын нервтеріне айналады (орталыққа тебетін немесе сезгіш және орталықтан тебетін немесе қозғаушы нервтер). Жұлын омыртқа жотасынан қысқалау болғандықтан аталған бөлімдер омыртқаның аттарына сәйкес келмейді. Жұлын нервтері жұлын өзегінен шығып (І-жұптан басқасы) дененің терісін, аяқ-қолдарын, дене тұлғасының еттерін нервпен қамтамасыз етеді. Әрбір бөлім дененің өзіне тән жерлерін нервтендіреді.Жұлын 10 жасқа келгенде екі есе ұзарады. Оның өсуі алғашқы жылы өте күшті болады да, 2-3 жасқа келген баланың жұлыны14 гболады (жаңа туған нәрестеде не бары 2,8 -2,9 г), 4-6 жасқа келгенде жұлынның дамуы аяқталуға жақын деуге болады. Дегенмен оның толық жетілуі 20 жаска жуықтағанда аяқталады. Осы мерзімде жұлын 8 есе көбейеді. Адамның м и ы орталық жүйке жүйесінің ең негізгі маңызды бөлігі. Одан 12 жұп нервтер шығып, миды көптеген ішкі мүшелермен, беттің, мойынның еттерімен, тілмен, көзбен байланыстырады және сезім мүшелерінен келетін мәліметтерді жеткізеді. Бұларға I иіс, II көру, III көз қимылдатқыш, IV шығыршық, V үшкіл, VI бүру, VII бет, VIII дыбыс, IX тіл-жұтқыншақ, X кезеген, XI қосымша, XII тіласты нервтері жатады.Адамның миы ми сауытында орналасқан. Ми сопақша ми, көпір, мишық, ортаңғы ми, аралық ми және екі ми сыңарларынан тұрады. Перифериялық нерв жүйесі жұлын , бассүйек нервтерінен және вегативті нерв жүйесінің перифериялық бөлігінен тұрады. Негізінен нерв жасушаларының өсінділері мен жекелеген нерв түйіндерінен тұрады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]