Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor Динара.doc
Скачиваний:
217
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
698.88 Кб
Скачать

2.«Моторлы бірлік» жайында түсінік.

Етті тікелей өзіне не жүйке арқылы әсер ете отырып қоздыруға болады. Бұлшықеттің жиырылуы оның сырттан келіп түскен тітіркеніске жауабы. Бір эфференттік жүйке тармақталып көптеген ет талшықтарымен түйісіпсоншама мионевралдық түйіспе құрады. Бұұл бұлшықеттің қозғалтқыш бірлігі(моторлық бірлігі) боп саналады. Қозғалтқыш бірлігіндегі ет талшықтарының жалпы саны 3-6-дан 2000-ға дейін жетеді. Мысалы, саусақ бүгетін бұлшықеттің қозғалтқыш бірлігінде 10-25, дене мен қол етінде 500, балтыр етінде 2000 ет талшығы болады. Қозғалтқыш бірлігіндегі ет талшықтары жүйке талшығынан келген серпініске түгелдей бір езгілде жиырылады. Жылықандыларда тез және баяу жиырылатын моторлық бірлікер болады. Тез жиырылатын еттер ақ еттерде,ал баяу жиырылатын қызыл еттерде кездеседі.

3.Орталық және шеткі қан жасаушы ағзалар.3. Қызыл жілік майы гемопоэздің және иммуногенездің орталық мүшесіне жатады. Оның құрамында қанжасаушы дің жасушаларының басым көпшілігі орналасып, лимфоидты және миелоидты қатардың жасушаларының дамуы өтеді. Эмбриогенезде қызыл жілік майы жалпақ сүйектерде екінші айда, түтікшелі сүйектерде төртінші айда пайда болады. Ересек адамдарда ол түтікшелі сүйектердің эпифизінде, жалпақ сүйектердің кеуекті затында, бас сүйектерінде орналасады. Орналасқан аймақтарының әр жерде болғанына қарамастан қызыл жілік майы қызметін атқаруы кезіндегі жасушалардың орын ауыстыруы мен реттеу механизімінің нәтижесінде бірегей мүше болып табылады. Қызыл жілік майының салмағы 1,3-3,7 кг (дене салмағының 3-6%) болады. Екінші орталық қан жасаушы мүше — тимус. Онда Т-лимфоциттердің антигенге тәуелсіз дамуының ақырғы сатылары жүреді. Тимус келесі қызметтерді атқарады:1.Тимус иммуногенездің орталық мүшесі, өйткені онда Т-лимфоциттердің антигенге тәуелсіз дифференцировкасы (мамандануы) өтеді2.Тимуста Т-лимфоциттердің дифференцировкасына қажетті тимозин, тимопоэтин, тимустық сарысу (сывороточный) факторы т.б. гормондар бөлінеді; кальцийдің алмасуына әсер ететін гормон, инсулин тәрізді фактор, өсу факторы т.б. өндіріледі.

Иммуногенездің шеткері мүшелерінде иммуноқабілетті жасушалардың антигендермен кездесуі жүреді. Осыдан кейін негізінде лимфоциттердің антигенге тәуелді дифференцировкасы жататын иммундық реакциялар басталады. Оның нәтижесінде антигендерді бейтараптандыратын эффекторлық жасушалар туындайды. Егер антигеннің жойылуы жасушалық иммунитет реакцияларында өтетін болса, эффекторлық жасуша болып цитотоксиялық Т-киллерлер табылады. Гуморалдық иммундық жауапта антиген өндіретін эффекторлық жасушалар – плазмоциттер болады.

Лимфалық түйіндер лимфа тамырларының бойында орналасып, лимфаға түскен антигендерді сүзу арқылы оны тазалайды.

24 Билеті

Тоқ ішектің қызметі және маңызы.

Аш ішекте қорытылмай, сіңбей қалған ас қалдықтары мықын ішектен соқыр ішекке өтеді. Мықын ішек пен бүйен жалғасқан жердегі сфинктер мен қақпақша химусты мықын ішектен тоқ ішекке сығымдап өткізеді, бірақ химустың кері қайтуына, яғни тоқ ішектен мықын ішекке кайтып оралуына тосқауыл болады. Тоқ ішектің ішкі қабаты – кілегейлі қабық көптеген көлденең орналасқан қатпарлардан тұрады. Мұнда микробүрлер, бүрлер, ойықтар, ойық жерлерде кілегей зат (муцин) шығаратын тостаған (бокал) тәрізді жасушалар көп. Тоқ ішек құрылысы сөл шығаруға, көптеген заттардың қанға сіңуіне бейімделген. Тоқ ішек сөлінде фермент болмайды, бірақ аш ішектен келіп түскен химус құрамындағы ферменттер қоректік заттар қалдықтарын тоқ ішекте одан әрі ыдырата береді. Аш ішектен тоқ ішекке тәулігіне 2-4 литрдей химус өтеді. Химус құрамындағы су қанға тоқ ішекте сіңеді. Тоқ ішектегі перистальтикалық және кері перистальтикалық қимылдар бұған қажетті жағдай туғызады. Олар химусты тоқ ішек бойымен әрлі-берлі жылжыта отырып, оны мұнда ұзақ уақыт сақтайды, ішектегі гидростатикалық қысымды ұлғайтып, қанға судың сүзілуін тездетеді. Осы айтылғандардың салдаынан химус қойылады да нәжіске айналып жылжып, тік ішекке жетеді. Адам тәулігіне бір рет үлкен дәретке отырады. Тоқ ішекте көптеген микроорганизмдер бар, олар аш ішекте ыдырамай сол күйінде тоқ ішекке өткен клетчатканы ыдыратады. Адам үшін клетчатка қоректік заттар қатарына жатпайды, бірақ ол – тоқтық сезім тудырып ішек қимылын үдетеді. Тоқ ішекке келіп түскен белоктарды шірітетін микробтар да бар. Шіру нәтижесінде тез қанға сіңетін улы заттар (индол, скатол) түзіледі. Олар қанға сіңіп, қақпа венасы арқылы бауырға барып жетеді. Бауырда олардың уыты қайтады (дезинтоксикация). Улы заттар шектен тыс көп болса, түгелдей бейтараптай алмауы мүмкін. Мұндай жағжайда адам өз денесінде пайда болған заттармен біртіндеп улана бастайды (аутоинтоксикация). Тағаммен бірге келіп түскен белок мөлшері шектен тыс көп болса және бауырдың дезинтоксикалық қызметі төмендесе адамның өзін – өзі улауы асқынуы мүмкін. Белок шірітетін микробтармен қатар тоқ ішекте сүт қышқылы түзілуін қамтамасыз ететін, ашу үрдісін күшейтетін микробтар тобы да кездеседі. Олардың саны рациондағы сүт тағамдарының (әсіресе, қышқыл) мөлшеріне байланысты. Тоқ ішекте ашу үрдісі күшейіп сүт қышқылы көбейіп кетсе, шіру үрдісі бәсеңсейді. Бұл мәліметтер күн тәртібіне пайдалы тағамдар таңдау мәселесін қояды. Тоқ ішектің микрофлорасының тағы да бір пайдасы витамин «К» синтездеу. Микрофлораның өзгеруі көптеген заттардың тоқ ішекте сіңуіне де әсер етеді. Қалыпты микрофлора патогенді микробтардың өсуіне кедергі жасайды. Бірақ бактерияларға қарсы қолданылатын дәрілерді (антибиотиктерді) мөлшерден тыс ішу стафилакоктың көбеюіне әкеліп соғуы мүмкін. Тоқ ішекте нәжіс қалыптасады. Оның құрамында денеге сіңбеген ас қалдықтары, шіру, ашу барысында пайда болған заттар, көптеген микроорганизмдер болады. Нәжісті сыртқа шығару ас қорыту жүйесінің экскрециялық қызметі. Нәжісті шығару (дефекация) рефлексті тік ішек қабылдағыштарының тітіркенуінен басталады. 2.Орталық жүйке жүйесінің координациялық қызметінің негізгі принциптері. Орталық жүйке жүйесінің ең көрнекті және маңызды қызметінің бірірефлекстерді келістіру, үйлестіру, координациялау. Мысалы, оң аяқты бүгетін еттердің орталығы қозып тонусы көтерілсе, дәл сол сәтте бүгілен аяқты жазатын еттердің орталығы тежеледі және жұлынның екінші жартысы ндағы аталған қарама-қарсы үрдістер туады, яғни бүгу орталығы тежеледі, ал жазу орталығы қозады. Сондықтан оң аяқ бүгілгенде сол аяқ жазылады.Осының арқасында адам жүре алады.Адам бір сәтте тамаұты шайнап және жұта алмайды, өйткені шайнау мен жұту орталықтары бір мезгілде қозбайды. Бәреуі қозғанда,екіншісі тежеледі. Осының арқасында тыныстың екі кезеңі өмір бойы бір-бірін ауыстырып отырады.Орталық жүйке жүйесі де қозу мен тежелуі үрдістерінің тууы мен сөнуінің, орталықтардың қарым-қатынасын үздіксізсіз жөнге келтіріп үйлестіріп отырады. Рефлекстерді келістіріп үйлестіруде орталық жүйке жүйесіндегі субординация құбылысы мен қозудың өткізу ерекшеліктері әсіресе жинақты қозу, конвергенция мен окклюзияның маңызы өте зор. Бұлар мен қатар орталық жүйке жүйесіндегі кездесетін бірнеше құбылыстар (принциптер) рефлекстерді үйлестіру негізін құрады: қозу мен тежелудің жайылысы (иррадиациясы), бір жерге шоғырлануы (концентрациясы), үрдістердің индукциясы мен реципроктық тежелу, доминаттық қозу, кері байланыс, соңғы жалпы жол. Орталықтағы қозу сол жерде қалмай, қызметі байланысты басқа орталықтарға жайыла бастайды.Қозудың жайылуын қозудың жайлысы дейді.Қозу мен қатар оның айналасындағы орталықтарда тежелу туып, қозу үрдісін жан-жағынан қоршап оны кері қарай алғашқыда пайда болған жеріне шоғырланады (концентрация). Қозу сияқты тежелу де орталықта жайылады, одан соң жиналады.Жүйке үрдістерінің бұл қасиеті ми сыңарлалары қыртысында да кездесетін И.П.Павлов әдейі қойылған тәжәрбиеде жәлелдеген. Қозу мен тежелудің жайылысы мен шоғырланысы тітіргендіргіштің күшіне байланысты. Торлы құрылым жүйке үрдістерінің жайылысы мен шоғырлануын реттейтін орталық болып саналады Жүйке орталығында пайда болған бір үрдіс екінші қарама-қарсы үрдістің тууына себепкер болады. Бұл индукция құбылысы. Жүйке жүйесіндегі қозу тежелуді, тежелу қозуды тудырады. Мәселен, жұлынның бір сегментінің жартысында бүгу орталығы қозады. Мұнымен бірге екінші жартысындағы жазу орталығы қозып, бүгу орталығы тежеледі. Келесіде осы орталықтағы үрдістер бірін-бірі алмастырады. Осыған орай индукция бір мезгілде және бір дәйекті кезекті болып екі түрге бөлінеді. Индукция себебін пайда болған тежелуді Ч. Шерингтон репрокциялық (жегілген немесе қосарланыс) тежелу деп атаған. Репрокциялық тежелудің арқасында бір сәтте орталықта қарама-қарсы қозғалтатын қимыл рефлекстері тумайды. Бұл құбылыс рефлекстердің бір-бірімен үйлесуін қамтамасыз етеді.Осыған орай дем алған сәтте дем шығарылмайды, ауыздағы ас шайналып тұрғанда жұтылмайды, бүгілген аяқ дәл сол арада жазылмайды т.т Көпке дейін репрокциялық (жетілген)тежелудің пайда болу механизмі белгісіз еді Д.Ж. Экклс жұлын орталықтарында кездесетін бір мезгілі индукцияның Реншоу жасушалары тәрізді аралық тежелу жасушалардың қатысымен туатын анықтады. Мысалы, бүгу орталығына арналған серпініс сол орталықты қоздырумен туатын анықтады. Мысалы, бүгу орталығына арналған серпініс сол орталықты қоздырумен қатар қызметі қарама-қарсы орталықты, аралық тежеуші нейрондарды да сол сәтте қоздыру арқылы тежейтінңн көрсетті. Доминаттық қозу (лат. dominantus-үстемдік ) Белгілі бір жағдайда уақытша бір орталық үстемдік қызметін тоқтата алады. Бұл орталықтың ерекше қасиеттері бар; 1.Өте қозғыш келеді. Қозу табалдырығынан төмен күштерге жауап береді.2.Басқа орталықтарға бағытталған серпіністерді өзіне тартып, өзіндегі қозуды күшейтеді де, басқа орталықтардың қызметін тежейді 3.Қозу созыңқы болады4. Қозудың күші, жиілігі тітіркенгіштіктің күші мен жиілігінен көп артық. Сәл тітіркендіргішке күшті жауап береді. 5.Қозу тез жинақталады. Бұл орталық керексіз рефлекстерді тоқтатып тастайды. Организмге өте қажеттілерін тудырады. Сөйтіп, оның организмді дегеніне, алдына .қойылған мақсатына жеткізуде маңызы зор әдетте үстем қозу ұзаққа созылмайды, тіршілікке қажет қызметі орындалған соң оның үстемдігі жоғалады, билігі тоқтайды. Өте тұрақты үстем қозу сау адамда кездеспейтін ой пікірлердің пайда болуына әкеліп соғуы мүмкін.

3 Иммунды жүйе, бөлімдері, маңызы, ағзалары

Иммунды жүйе — барлық лимфоидты организмдер мен организмдегі торшалар жинағы. Ерекше иммундық қорғаныс механизмдеріне жауапты. Иммунды жүйе сүйектік қызыл кемігі, лимфа безі, айыршық безі (тимус), кұстардық фабрицнев қапшығы, көкбауыр, сондай-ақ тыныс алу және ас қорыту жолдарындағы топталған лимфоидты тканьдар кіреді. Иммунды жүйе ең басты мүшесінің қызметін әртүрлі лимфоциттердің субпоппуляциялары және лимфоциттердің кейбір тармақтары атқарады, олар макрофагтармен қосылып, иммунологиялық жауаптың негізі — антиденелер түзу және сезімталдығы күшейтілген лимфоциттердің жиналуын қамтамасыз етеді, ал бұлар бөтен антигендерді таниды, қорытады және жояды.Кемік майы қабырғаларда, омыртқаларда, жіліктердің шеміршекті ұштарында және т. б. сүйектерде кездеседі. Ол организмде өмір бойы сақталады да, одан үнемі қан жасушалары түзіліп отырады. Ересек адамның сүйектерінде кемік майының мөлшері шамамен 2,5-3 кг. Кемік майы екі түрлі. Оның біріншісі - қысқа және жалпақ сүйектердің кемікті қуыстарындағы қызыл түсті кемік майы. Екіншісі - түтік пішінді сүйектердің (жіліктердің) ішкі қуысындағы сарытүсті жілік майы.Иммундық жүйенің шеткі мушелеріне - бадамша бездер, лимфа түйіндері, көкбауыр, соқырішек және т. б. жатады. Жұтқыншақтың сілемейлі қабығында 6 бадамша без шоғырланған. Оларды жұтқыншақ лимфа сақинасы деп те атайды. Ол арада жұп таңдай, жұп түтікті, сыңар жұтқыншақ және сыңар тіл, бадамша бездері орналаскан. Бұл бадамша бездер организмге тамақпен түскен зиянды микробтарды жоюға қатысады. Лимфа түйіндері көбіне ірі қантамырлардың маңында болады. Адам организмінде 460-қа жуық лимфа түйіндері бар. Олар шоғырланып жатады.Көкбауыр - құрсақ куысының жоғары бөлігінің сол жағындағы 9-11 қабырғалардың тұсында орналасқан сыңар мүше. Оның ұзындығы шамамен 10-14 см, ені 6-10 см, қалыңдығы 3-4 см, салмағы 150- 200 г. Көкбауырда қан жасушалары түзіледі әрі уақытша сақталады. Сонымен бірге көкбауырда тіршілігін жойған эритроциттер жиналады. Иммундық мүшелер организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын және генетикалық тұтастығын қамтамасыз етеді.Иммундық жүйенің жалпы сипаттамасы Иммундық жүйе организмнің жұқпалы ауруларға және табиғи жай заттардың зиянды әсеріне қарсы тұру қабілеттілігін қамтамасыз етеді, қызметті қалпынан өзгергенде адам ауруларға тез ұшырайды. Иммунитет - организмнің жұқпалы ауруларға қарсы тұру, бөтен заттарды, вирустарды, бактерияларды танып зиянсыздандыру қасиеті.Адамда екі түрлі иммунитеті болады:1.іштен туа біткен иммунитет2.жүре пайда болған иммунитет Іштен туа біткен иммунитет - бөтен бөлшектерге қарсы организмде ең бірінші қорғаныш реакциялары қалыптасады. Іштен туа біткен иммунитет бөтен заттың немесе бөлшектің түріне ерекшелігін көрсетпейді. 1 Іштен туа біткен иммунитеттің негізгі жасушалары:2макрофагтар,

3моноциттер 4.нейтрофилдер.

Организмге бөтен зат түскенде аталған жасушалар мембраналардың сыртқы жағында орналасқан рецепторлармен оларды байланыстырып жұтып алады да ыдыратады.Іштен туа біткен иммунитеттің реакцияларын қалыптастырады:1.сулы ортада еритін факторлар, цитокиндер, мысалы, интерферондар, интерлейкиндер т.б. қосылыстар.2комплемент жүйені активтендіретін қосылыстар.Иммундық жүйенің қызметіИммундық жүйенің қызметі:организмнің бөгде заттар мен бөлшектерге қарсы тұру қабілеттілігін күшейтеді; организмнің генетикалық тұрақтылығын сақтайды; организмді жұқпа аурулардан қорғайды, қатерлі ісіктердің түзілуін бақылайды;ауыстырып отырғызған мүшеге қарсы организмнің жауабын қалыптастырады;басқа қызметтер атқарады.Иммундық жүйенің мүшелері басқа мүшелермен өзара әрекеттеседі.Иммундық жүйенің қасиеттеріИммундық жүйенің қасиеттері:1.жоғары ерекшелігі, бөгде қосылыстар мен бөтен микроорганизмдерге қарсы ерекше реакцияларды қалыптастырады.2организмнің өзінің қосылысын танып, бөтен заттан айыру қабілеттілігі.Өте сирек кездесетін құбылыс – иммундық жүйенің әсері организмнің өзінің қалыпты ұлпаларының жасушаларына қарсы бағытталады, нәтижесінде адамда аутоиммундық аурулар дамиды.Иммундық жүйенің жауабы есте сақталады, Антигенмен организм қайта кездескенде иммундық жүйенің реакцияларының жылдамдығы және тиімділігі жоғары болады, антиденелердің деңгейі тез жоғарылайды.

Антигендердің ең бірінші акцепторлары ретінде лимфоциттер қызмет атқарады. Лимфоциттер лимфалық түйіндерінде орналасады.Иммундық жүйе мүшелеріИммундық жүйе мүшелері:1орталық иммундық жүйе мүшелері:oтимус (айырша без), сүйек кемігі;1перифериялық иммундық жүйе мүшелері:көкбауыр,лимфа түйіндері,әр түрлі ішкі мүшелердегі лимфоидті ұлпа жиынтықтары.Тимуста – Т-лимфоцитер дамиды, жіктеледі және жетіледі.Сүйек кемігі – бағана жасушалар түзілетін мүше. Бағана жасушалар иммундық жүйе жасушаларының, оның ішінде лимфоциттердің негізгі көзі.Көкбауыр – қанағымына түскен бөгет ақуыздар, бұзылған формалық элементтер, микроорганизмдер үшін күшті фильтр ретінде қызмет атқарады.Лимфа түйіндері – лимфоциттер түзілетін шеткі қантүзу мүшесі. Лимфа түйіндерінде фагоцитоздың көмегімен бөгде заттар залалсызданады, Т- және В-лимфоциттер, антиденелер түзіледі. Лимфа түйіндері қорғаныш және қантүзу қызметтерін атқарады. Иммундық жүйенің жасушалары:лимфоциттер,фагоциттер,базофилдер,бағана жасушалар,тромбоциттер,басқа жасушалары, мысалы ұлпа жасушалары.Барлық жасушаларының тегі – плюропотентті бағана жасушалары

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]