Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor Динара.doc
Скачиваний:
217
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
698.88 Кб
Скачать

3. Қан айналу жүйесіне жалпы шолу. Кіші және үлкен қанайналым шеңберлері.

Қан айналым жүйесі жүрек пен қанайналымының үлкен және кіші шеңберінен тұрады. Бұл жүйенің кіндігі-жүрек насос тәрізді қанды сығымдап қантамырларына айдайды. Үлкен шеңбер- сол қарыншасынан –қолқадан басталады. Қан қолқадан артериаларға одан әрі капилярларға жетеді. Онда қан құрамындағы оттегі тіндерге , ал ондағы көмірқышқыл газы қанға өтеді де, артериалық қан вена қанына айналады.

Вена қаны капилярлардан жіңішке венулаларға одан әрі веналарға ,жоғарғы және төменгі венаға жетеді де, сол арқылы жүректің оң жүрекшесіне құйылады.

Кіші шеңбер оң қарыншадан шығатын өкпе сабауынан басталады. Осыдан шыққан қан көмір қышқыл газға бай веналық қан. Бұл өкпе көпіршіктеріне қарай артериалар арқылы ағып отырып өкпе капилярларына жетеді,осы сәтте қандағы көмір қышқыл газ өкпеге, ал оттегі керісінше , қанға өтедіде веналық қан артериалық қанға айналады. Одан әрі артериалық қан әр өкпеден ек1-ек1ден жұптасып шығатын төрт вена арқылы ағып отырып сол жүрекшеге құйылады. Кіші шеңбер 4 өкпе венасымен аяқталады.

20 Билет

1. Тыныс көлемдері. ӨТС және қалдық ауа маңызы. 1 мин ішінде өкпе арқылы өтетін ауаның көлемі тыныстық көлемі деп аталады. ТМК 1 мин ішінде өкпеге келіп түсетін оттегімен сыртқа шығарылатын көмір қышқылы мөлшерінің ара-қатынасына яғни зат алмасу қарқынына байланысты.ТМК әдетте орта есеппен 6-9 л болса, ал ауыр , қара жұмыс істеген адамда 100-120 л-ге жетеді.ТМК қ.ж-да шығарылған ауаны Дуглас қабына жинап, газ санақшасынан өткізу арқылы өлшенедеі немесе қалыпты тыныс ауасының көлемін минуттық тыныс жи1л1г1не көбейту арқылы анықталады.ТМК өкпенің желдетіліс мөлшерін ,өкпе желдетілісін көрсетеді.

ӨТС(өкпенің тіршілік сыйымдылығы)-терең дем алып , іле-шала терең дем шығарған кезде сыртқа шығатын ауаның көлемі . ӨТС ересек адамда 3500-5500 мл. ӨТС қарт адамда аз , оның қабырға шеміршектері қатайып, өкпесінің серпімді қабілеті төмендейді, сондықтан демді ішке тартқанда кеуде қуысы онша кеңеймейді, өкпесі керегінше жазылмайды.Күш салып терең дем шығарған сәтте 1000-1500 мл ауа сыртқа шықпай өкпеде қалып қояды.Мұндай ауа – қалдық ауа деп аталады. Қалдық ауа мен резервтік демшығару ауасы қалыпты дем алып, дем шығарған кезде әрдайым өкпеде қалып отырады.Мұндай екі түрлі ауа қосындысын функциялық қалдық ауа деп аталады,

ФҚА=ҚА+РДША(Резервтік дем шығару ауасы)

2.Көлденең жолақты жүрекет ұлпасыКөлденең жолақты жүрекет ұлпасы (лат. textus muscularis striatus cardiacus ) жүректің ортаңғы етті қабығы — миокардты құрайды. Көлденең жолақты жүрекет ұлпасы ет жасушалары — кардиомиоциттерден тұрады. Кардиомиоциттер қызметіне байланысты жұмысшы кардиомиоциттер және өткізгіш кардиомиоциттер болып екі түрге бөлінеді.

Жұмысшы кардиомиоциттер Жұмысшы, немесе жиырылғыш кардиомиоциттердің ұзындығы 100-150 мкм, көлденең ені 10-20 мкм, пішіні цилиндр тәрізді ұзынша болып келеді. Жүрекет жасушасының екі ұзын ұштарындағы кардиомиоциттер сарколеммасы тым майда келген, пішіні саусақ тәрізді өсінділер түзеді. Көрші кардиомиоциттер өздерінің ұштарындағы осы саусақ тәрізді өсінділері арқылы бір-бірімен өзара тізбектеле байланысып, ұзынша келген бұлшықет талшықтары тәрізді құрылымда түзеді. Кардиомиоциттер ұштарындағы өсінділерінің бір-бірімен қатпарлана байланысқан жерін ендірме дискілер деп атайды. Жұмысшы кардиомиоциттің сопақша келген ядросы жасушаның орталық бөлігінде, ал оның миофибриллалары кардиомиоцит цитоплазмасының шеткі жағына ығыса орналасады. Диаметрі 1-3 мкм миофибриллалардың құрылысы бұлшықет талшықтары миофибриллаларының құрылысына ұқсас. Кардиомиоциттердің жалпы органеллалары ядролардың екі ұштары маңында орын тебеді. Органеллалардың ішінде митохондриялар жақсы жетілген. Олар миофибриллалар айналасында тізбектеле орналасады. Агранулалы эндоплазмалық тор да жоғары деңгейде жетілген. Олар кардиомиоцит цитоплазмасының шеткі жағында, сарколемманың астында орналасып, бір-бірімен жалғасып жатқан кең қуысты өзекшелер (цистерналар) түзеді. Агранулалы эндоплазмалық тор өзекшелері де, миофибриллалардың аралықтарында ұзынынан жатады. Миоглобиндер кардиомиоцит цитоплазмасында біркелкі таралған, қосындылардан гликоген дәншелері, липид тамшылары және липофусцин пигменті кездеседі. Жануарлардың жасына байланысты липофусциннің саны көбейе береді. Бұл пигментті "қартаю пиг- менті" деп те атайды. Кардиомиоцит плазмолеммасы телофрагма (Z-сызығы) деңгейінде жасушаның ішіне қарай қатпарлана еніп, кең қуысты көлденең түтікшелер (tubulus transversus) түзеді. Бұларды Т-түтікшелер деп атайды. Бұл түтікшелердің бұлшықет талшықтарындағы Т-түтікшелерден айырмашылығы жасушаның ішіне қарай Т-түтікшелермен бірге, оларды сыртынан қаптаған плазмолемманың негіздік жарғағы қосарлана енеді. Көлденең жолақты жүрекет ұлпасы еріксіз жиырылады. Өткізгіш кардиомиоциттерӨткізгіш кардиомиоциттер мөлшері жағынан жұмысшы кардиомиоциттерге қарағанда ірі келеді. Олардың орташа ұзындығы 100 мкм, көлденеңі 50 мкм. Бұл кардиомиоциттердің цитоплазмаларында жалпы органеллалардың барлығы да бар. Бірақ, кардиомиоцит миофибриллалары аз болып келеді және олар жасушаның шеткі жағында сирек орналасады. Кардиомиоцит плазмолеммасы Т-түтікшелер жүйесін түзбейді. Өткізгіш кардиомиоциттер бір-бірімен тек ұштарымен ғана емес, бүйір беттеріндегі аралық өсінділері арқылы да байланысады. Ендірме дискілердің құрылысы қарапайым келеді, плазмолемманың саусақ тәрізді өсінділері және олардың аралықтарындағы десмосомалар мен нексустар жұмысшы кардиомиоциттерге қарағанда нашар жетілген. Өткізгіш кардиомиоциттердің негізгі қызметі — жүйкелер арқьлы келген қозу толқындарын (импульстерін) жұмысшы кардиомиоциттерге жеткізу. Өткізгіш кардиомиоциттер жүректің жүйке-ет өткізгіш жүйесін құрауға қатысады.

3. Жүрек — іші қуыс бұлшықетті мүше. Ересек адам жүрегінің салмағы 250-300 грамм. Жүрек кеуде қуысының сол жағына таман орналасқан. Оның дәнекер тканінен түзілген жүрек қабы қаптап тұрады. Жүрек қабының ішкі беті жүректі ылғалдайтын және жиырылу кезінде үйкелісті кемітетін сұйықтық бөліп шығарады. Жүрек бұлшықеті (гр. myocardiummysбұлшықет, kardiaжүрек) - жүректің жүрекшелері мен қарыншаларының бұлшықет қабығы (миокард). Жүрекшенің бұлшықет қабығы беткей және терең ет қабаттарынан тұрады. Беткей ет қабатының кардиомиоциттері көлденеңінен орналасады. Ол оң және сол жүрекшелерді сыртынан қаптап, оларға ортақ қабат болып келеді. Терең ет қабаты әрбір жүрекшеде жекелей орналасады. Бұл қабаттың кардиомиоциттері ұзынынан орналасады. Жүрек қарыншаларының бұлшықет қабығында айқын байқалатын бес ет қабаты болады. Олардың сыртқы беткей және ішкі бұлшықет қабаттарын қиғаш жатқан кардиомиоциттер, ал ортаңғы үш ет қабаттарын сегіздік тәрізді иіле орналасқан жүрек ет жасушалары түзеді. Жүректің құрылысы оның атқаратын қызметіне сай келеді. Ол тұтас арқылы екі — сол жақ және оң жақ бөлікке бөлінген. Ал жүректің әр бөлігі бір-бірімен жалғасқан екі бөлімнен: жоғарғы — құлақшадан және төменгі — қарыншадан тұрады. Сонымен, адамның жүрегі бүкіл сүтқоректі жануарлардікі сияқты төрт камералы: ол екі құлақшадан және екі қарыншадан тұрады.Қарыншаға қарағанда құлақшаның қабырғасы әлдеқайда жұқа. Бұл құлақша жұмысының оншалықты көп болмауына байланысты. Ол жиырылған кезде қан қарыншаларға өтеді. Қарынша бүкіл тамырларды бойлай қан айдап, көп жұмыс атқарады. Көп жұмыс істейтіндіктен, сол жақ қарыншаның бұлшық еті оң жақ қарыншаның қабырғасынан қалың болады. Әрбір құлақша мен қарыншаның шекарасында жақтаулы қақпақшалар болады, олар сіңір талшықтары арқылы жүректің қабырғасына бекінеді. Бұл жақтаулы қақпақшалар.Құлақша жиырылғанда қақпақшаныыңы жақтаулары қарыншаның ішіне қарай салбырап, босап қалады. Сондықтан қан құлақшадан қарыншаға еркін өтеді. Қарынша жиырылғанда қақпақшаның жақтаулары тығыз жабылып, құлақшаның кіре беріс жолын бітейді, сондықтан қан тек бір бағытта — құлақшадан қарыншаға қарай ағады, одан қан тамырларына барады

21- билет

Ауыз қуысындағы асқорыту процессі.

1. Жеген тамақ ауыз қуысынан бастап қорытылады, мұнда  тамақтың дәмі, температурасы, басқа да қасиеттері анықталады. Сұйық  тамақ бірден жұтылады, ал қою тамақ шайналып ұсақ талады, сілекеймен араласып ас қоймалжыңына айналады. Асты шайнау ас қорытудың алғашқы кезеңі. Астың әрі қарай қорытылуы оның шайналу дәрежесіне сай болады. Егер ас жеткіліксіз шайналса, онның құрамындағы қоректік заттар толық қорытылмайды, сіңуі де нашар болады. Кейбір мәліметтерге қарағанда, шала шайналған астың 35-40% қорытылып үлгермей, организмнен сыртқа айдалады. Сондықтан тамақты мұқият  ұзақ  шайнайтын адамдарға азғантай тамақ жеткілікті болады да, шала шайнайтын кісіге ондай мөлшер жеткіліксіз болады. Тамақты шайнап, ұсату – ауыз қуысының негізгі қызметі. Шайнауға қозғалмалы орналасқан төменгі жақ сүйегі мен қозғалмайтын үстіңгі жақ сүйегінде орналасқан тістер, тіл және үрт қатысады. Тістер тамақты шайнап ұсақтайды, тіл шайналған асты қозғалтып, сілекеймен араластырады да, жұтқыншаққа қарай жылжытады. Ауыз қуысында шайналып жұмсарған, жылытылған, сілекеймен араластырылған ас қоймалжыңын тіл көтеріп таңдайға тақап қысады. Ал таңдай доғасы оны жұтқыншаққа қарай ысырады. Бұл кезде жұмсақ  таңдай мен тілшік жұтқыншаққа қарай көтеріліп, оның қуысының мұрын  бөлімін ауыз бөлімінен бөліп тастайды. Сонда жүтылған ас мұрын  қуысына кетпей, өңешке бағытталады. Бұған  көмекейдің көтерілуі де көмектеседі. Тілдің түбірі көмей қақпақшасын үстінен басып, көмейді жауып тастайды. Ас қоймалжыңы өңешке қарай қозғалады. Жұтқыншақ көтеріліп, өңештің кіре берісіндегі сфинктер еті босап, өңеш жолы ашылады да, жұтқан ас өңешке кіреді. Өңештің қабырға еттері жиырылып асты қарынға ысырады. Бұл кезде қарынның кіре берісіндегі сфинктер ашылып, асты қарынға өткізеді.

2. Сезімтал жүйке ұштары (рецепторы); (receptores, лат. receptos — қабылдағыш) — сезімтал жүйке талшықтарының соңғы сезгіш ұштары.-Сезімтал жүйке ұштары организмнің сезім мүшелерінде орналасады. Денедегі орналасу орындарына байланысты сезімтал жүйке ұштары экстерорецепторлар (көру, есту, дәм, иіс, тері сезімдері), интерорецепторлар (ішкі мүшелерде, қан және лимфа тамырларында) және проприорецепторлар (тірек-қимыл мүшелерінде) болып бөлінеді. Тітіркендіргіштердің табиғатына байланыста механорецепторлар, барорецепторлар, хеморецепторлар, терморецепторлар, фоторецепторлар болады. Құрылыс ерекшеліктеріне байланысты сезімтал жүйке ұштары: бос және қапталған сезгіш жүйке ұштарына бөлінеді.Бұлар көбінесе эпителий және дәнекер ұлпаларында болады. Қапталған сезімтал жүйке ұштарын сыртынан нейроглия және дәнекер ұлпасының тақташылары қаптап жатады

Экстерорецепторлар (лат. exter - сыртқы және receptor — қабылдайтын) — сыртқы дүние заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерінің бейнесі болып табылатын түйсіктер. Экстерорецепторларға көру, есту, иіс сезу, дәм сезу, тері түйсіктерінің рецепторлары жатады

ЙНТЕРОРЕЦЕПТОРЛАР, интероцепторлар — организмнің, ет, сіңір, буын жүйелерінде және ішкі органдарында (жүрек, лимфа және қан тамырларында, тыныс алу, ас қорыту жүйелерінде т. б.) болатын рецепторлар.

3. Эндокриндік жүйе — ағзаның гуморальды реттелуінде маңызды рөл атқарады. Бұл жерде гуморальды реттелу дегеніміз — қанның құрамындағы гормондар және минералдық заттардың әсерлері арқылы организм қызметінің реттелуі. Ол ағзаның ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі секреция бездері шығарған заттар гормон деп аталады. Бездер бөлген гормондар қанның ағысымен ішкі мүшелерге және мүшелер жүйелеріне келіп, олардың жұмысына әсер етеді.Организмде бездерді үш топқа бөледі:Сыртқы секреция бездері (бауыр, сілекей, ұйқы және ішек бездері);Ішкі секреция бездері (гипофиз, эпифиз, қалқанша без, қалқанша маңы бездері, тимус, бүйрек үсті бездері);Аралас секреция бездері (жыныс бездері, ұйқы безі).Эндокриндік жүйенің қызметіАғзаның гуморальды реттелуіне қатысады және барлық мүшелер мен жүйелердің қызметін бақылайды.Ішкі тұрақтылықты, яғни, гомеостазды қамтамасыз етеді.Жүйке және иммундық жүйелермен қосыла отырып: өсуді;ағзаның дамуын;жыныстық жетілуін және репродуктивті қызметін;энергияны сақтауды бақылып қамтамасыз етеді.Жүйке жүйесімен бірігіп гормондар: эмоционалды реакциялардың;адамның психикалық мансабынның қамтамасыз етілуіне қатысады.Гормондар — ішкі секреция безінің қанға бөліп шығаратын және дененің түрлі әрекетін реттейтін биологиялық заттар. Әр гормон белгілі бір мүшеге әсер етеді. Гормондардың барлығы бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс істейді. Гормондар химиялық құрамына қарай аминдер, нәруыздар, стероидтар және май қышқылдары болып келеді.

Гормондардың қасиеті:Гормондар дистантты түрде әсер етеді;Арнайы әсер;Био-физиологиялық белсенділік;Әр түрге арнайшылық;Тек тірі жасушаларға әсер ету.Эндокриңді бездер (эндокринные железы); (glandula endocrinae, лат. glandula без, грек, endon — ішкі, krino — бөлу) — инкреттерін (гормондар) организмнің сұйық ішкі ортасына (қан, лимфа, ұлпа сұйығы) бөлетін бездер. Бұл бездер тек секрет бөлетін соңғы бөлімдерден тұрады, шығару өзектері болмайды және қан тамырларына өте бай келеді. Эндокринді бездер (ішкі секреция бездері): орталық және шеткі эндокринді бездер болып екіге бөлінеді. Орталық эндокринді бездерге: гипоталамус, гипофиз және элифиз, ал шеткі эндокринді бездерге: қалқанша, қалқанша маңы, бүйрекүсті бездері жатады. Бұлардан басқа организмде қосарлана қызмет атқаратын аралас бездер де болады. Оларға: жынысбездері, ұйқы безі, плацента және тимус (айырша без) жатады. Эндокринді бездер гормондары организмнің сұйық ішкі ортасы арқылы дене мүшелерінің дамуы мен қызметін, олардағы зат алмасу деңгейін гуморальды реттеуге қатысады.[Гипоталамус — аралық мида орналасқан ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық. Әдеби тұрғыда айтатын болсақ: гипоталамус ішкі секреция бездерінің «композиторы». Гипоталамус пен гипофиз тығыз байланыста жұмыс істеп, Гипоталамус-гипофиздік жүйені құрайды. Гипоталамус гипофиз безін реттейді, ал гипофиз ағзадағы барлық басқа бездердің жұмысын реттейді. Олар нейрогормондар бөліп рефлекстік және гуморальдік реттеуді жүзеге асырады. Гипоталамус гипофизге әсер ететін статин (гипофиздың гормон түзуін тежейді) және либерин (гипофиздің гормон бөлу белсенділігін арттырады) гормондарын бөледі. Окситоцин және вазопрессин гормондары гипофиздың артқы бөлігінде жиналады.Гипофиз және Эпифиз Гипофиз — аралық мида орналасқан ішкі секреция бездерінің ең негізгі жетекші орталығы. Әдеби тұрғыда бұл гормон ішкі секреция бездерінің «дирижері» болып саналады. Гипофиз - сопақша пішінді, салмағы 0,5-0,7 г. Гипофиз гормондарының барлығы химиялық құрамы бойынша пептидті (нәруызды). Гипофиз үш бөліктен тұрады: алдыңғы, артқы, ортаңғыҚалқанша без — мойынның алдыңғы жағына орналасқан. Ол өзара байланысты екі бөліктен тұрады. Қалқанша без қанның құрамындағы йодты сіңіріп, жинақтайды. Йод бұл без гормондарының құрамына енеді. Қалқанша бездің тироксин (тетрайодтиронин, Т4) деп аталады. Сонымен қатар кальцитонин және трийодтиронин3). Тироксин дененің өсу және даму, зат алмасу (нәруыз, май) әрекеттері мен жүйке жүйесінің қозуына әсерін тигізеді. Қалқанша без зат алмасуға, адамның өсуіне, дене салмағына, қимылына және ой еңбектерінің дамуына әсер етеді.Қалқанша маңы бездері — қалқанша бездің жоғарғы және төменгі жағына жанаса орналасқан. Без паратгормон бөледі. Паратгормон - күрделі құрылысты зат. Ол денедегі кальций мен фосфаттардың алмасуын, тағамның ішектен қанға тез сіңірілуін, зәрмен бірге шығарылуын реттейді. Кальция алмасудың реттелуі паратгормонның және D дәруменінің қатысуымен болады. D дәрумені жетіспегенде сүйектің құрамында кальций азайып, оның қаттылық, мықтылық қасиеті төмендейді.

22 ЕМТИХАН БИЛЕТІ

1.Асқазандағы астың қортылуы.Қарын сөлі,оның қыщқылының маңызы.

Қарын дегеніміз ішек-қарын түтігінің кеіейген жері. Оның сыйымдылығы 2-4 литрдей,сырт пішіні мүйізге ұқсайды. Қарын бірнеше бөлікткен тұрады.Өңешпен қарынның қосылған жері кардиа деп атайды. Қарынның жоғарғы жағы уүмбез тәрізді жоғарғы қарай көтеріңкі келеді,бұл-қарын күмбезі,қарын мен он екі елі ішектің қосылған жері пилорус деп,ал қарынның қақпақшаға жалғасқан бөлігі-пилорустік бөлік болып саналады. Қарынның алдыңғы және артқы беткейі,жоғарғы және төменгі шеттері болады. Жоғарғы шеті дөңестеу,ал төменгі шеті ойыстау келген.Жоғарғы шетін қарын тұйығы,төменгі шетін қарын ойығы деп атайды.Қарыннан пилорустан басқа бөлігі қарын денесі деп аталады.

Қарын құрсақ қуысының жоғарғы жағында орналасқан. Оның күмбезі сол жақта,қабырғаларының ішкі бетінде,пилорус оң жақта бауырдың астанда.Қабырғасы жалпы ішек-қарын түтігіне тән 3 қабаттан,ішкі-шырышты,ораңғы-біріңғай салалы ет,сыртқы-серозды қабаттан тұрады.

Қарынның шырышты қабығында көлденең созылған қатпарлар,ойық және жазық жерлер бар.Онда қарын бездері орналасқан.Безде түрлі без жасушалары гландулоциттер бар.Негізі гландулоцитттер сөл ферменттерін,айнала қоршалған гландулоциттер тұз қышқылын,қосымша жасушалар шырышты зат-муцин шығарады.Осы жасушалардан бөлінген заттар қарын сөлінің құрамына енеді.

Қарын сөлі,оның қышқылының маңызы.Адамда қарын бездері тәулігіне 2-2,5 литрдей сөл шығарады. Ол түссіз,реакциясы қышқыл зат.Меншікті салмағы судан аз-ақ ауыр(1,008) құрамында 0,5-3,5% құрғақ зат бар. Осмос қысымы,қанның осмос қысымыны тең (7,5 атм). Қарын сөлінде Na,K,Ca хлоридтері,сульфаттары,фосфоттары бар. Әсіресе тұз қышқылы көп (0,3-0,5%).Сөлде органикалық заттар-ферменттер мен муцин бар. Қарын бездерінің негізгі гландулоциттері пепсиноген ферментін бөліп шығарады.Адам қарнында гастриксин көбірек.Бала қарны сөліндегі сүт ірітетін фермент-химозин деп аталады.Қарны сөлінде кездесетін липаза ферменті-тек эмульсияланған майға ғана әсер етеді.Қарын сөлінде көмірсуды гидролиздейтін фермент болмайды.Бірақ ас тұзы кышқылына шыланғанша ас кесегінің ішінде сілекейдің амилаза ферменті крахмал мен глюкозаны дисахаридтерге,ал мальтаза-мальтозаны 2 молекулалы глюкозаға ыдыратады.

Қарны сөлінде шырышты-муцин бар. Ол қарынның шырышты қабығын жауып тұрады да тұз қышқылынын бейтараптайды.

Қыщқылдың маңызы.

1.Пепсиногенді пепсинге айналдырады.

2.айналасын қышқылдандырып,пепсиннің әсерән көбейтеді.

3.Белоктарды жұмсартып,олардың ішіне фермент енуін жеңлдетеді.

4.Микорбтарды жояды.

5.Қарындағы астың 12 елі ішекке өтуіне септігін тигізеді.

6.химозиннің сүт белогіне тигізетін әсерән жеңілдетеді.

7. Просекретин гормонын секретинге айналдырып ұйқы безінің сөлі шығаруын күшейтеті.

8.Қарын сөлінің өзін-өзі реттеуін қамтамасыз етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]