Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor Динара.doc
Скачиваний:
217
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
698.88 Кб
Скачать

1.Аш ішектергі астың қорытылуы. Мембраналық ас қорыту.

Ащы ішектің ұзындығы ересек адамда шамамен 3 м, Асты қорытатын ферменттер ащы және мықын ішектердің кілегейлі қабатының либеркюн бездерінде де өндіріледі. Ішек сөлінде энтерокиназа, аминопептидаза, дипептидаза, белсенділігі аз протеолит тобына жататын липаза, нуклеаза, фосфатаза, карбогидраза тобына жататын мальтаза, амилаза, лактаза және инвертаза ферменттері бар. Бұлар ащы ішектің қабырғасында ғана әсер етеді де ішек қуысына құйылмайды.Ұйқы безі балаларда 1 жастан 5-6 жасқа дейін жақсы дамиды. Мұның көрсеткіштері физикалық көрсеткіштері 11-13 жаста, ал қызметі 15-16 жаста ересектермен теңеседі. Осындай өсу және даму қарқындары бауырда да байқалады. Ішек бүрлерінде астың қорытылуы. Ішектің қабырғасының кілегейлі қабатында биіктігі 1-2 мкм цилиндр іспетті ішек эпителиінің микробүрлері болады (34-сурет). Олардың саны оте көп — 1 мм2 ішектің қабырғасында 50 мыңнан 200 миллионға дейін микробүрлері болады. Микробүрлердің арасындағы қуыстарда ішек сөлінің ферменттері көптеп шоғырланған, олардың концентрациясы ішек қуысындағы сөлдегіден анағүрлым жоғары, сондықтан мұнда ас қорыту өте күшті жүреді. Сонымен қатар, микробүрлердің беті астың қорытуынан пайда болған заттардың қанға және лимфаға сіңуін қамтамасыз етеді.Ас қорытудың екінші кезеңін мембраналық ас қорыту деп атайды (А. М. Уголев). Мембраналық ас қорыту процесі ішектің кілегей қабығының құрылымдық ерекшелерінің нәтижесінде атқарылады. Ішектің кілегей қабығының ішкі бетіңде бүрлер мен микробүрлер болатынын баяндап өткенбіз. Осы құрылымдарды көмкеріп тұратын мембрана құрамында күрделі ферменттік жүйе болады, сонымен қатар мембрана беткейіне ішек қуысынан да ферменттер тұтылады. Алдын ала ішек қуысында өңделген қоректік заттар молекуласы ішек қабырғасымен жанасқан кезде оларға микробүрлер тұтқан, не олардың мембранасы құрамына енген ферменттер әсер етіп, толық қорыту (ыдырату) процестерін жүргізеді. Бұл процесс гликокалис (шырышты тор) қабатында, мембрана беткейінде және микробүрлер мембранасының өзінде атқарылады. Соңцықтан да ас қорытудың бұл кезеңін жанаспалы, немесе қабырға беткейіндік, ас қорыту деп те атайды. Сонымен, мембраналық ас қорыту процесін не химус құрамынан тұтылған ферменттер (α-амилаза, дисахаридаза, аминопептидаза, сілтілік фосфатаза т.б.) жүргізеді. Мембраналық ас қорыту қоректік заттарды ыдырату және сіңіру процестерін ұштастырып, әлдеқайда жылдамдатады. А.М.Уголев мәліметтеріне сәйкес қорытудың бірінші (қуыстық) сатысының үлесіне қорытылған заттардың 20-50 пайызы, ал соңғы (мембраналық) сатысының үлесіне 50 — 80 пайызы тиеді. Түйеде қуыстық ас қорьтту процесінің қарқыны мембраналық процестер қарқынынан кем түспейді (Е.Б.Бегаилов).Мембраналық ас қорыту механизмінің биологиялық маңызы оте зор. Ас қорытудың бұл сатысы микробсыз, пәк (стерильді) жағдайда жүреді. Оның себебі кілегейлі қабықтың бокал тәрізді Жасушалары бөлген шырыш микробүрлер үстінде гликокалис деп аталатын мукополисахарид торын (шырышты тор) түзеді. Бұл тор елеуіш — сүзгі қызметін атқарып, микробүрлер ауданына қоректік заттардың ірі, полимерлік молекулаларын, микроорганизмдерді өткізбейді. Полимерлік қосылыстар гликокаликске түтылған ферменттердің әсерімен майдаланғаннан кейін микробүрлер ауданына өтіп, мембраналық ас қорыту нәтижесіңде қарапайым қосылыстарға ыңырайды. Түзілген мономерлер кеңістікке шашырамай осы мембрананың тасымалдаушы жүйесінің әрекетімен кілегейлі қабық Жасушаларынан өтіп, не қанға, не лимфаға сіңеді. Демек, асты қорьтту және сіңіру процестері бір-бірімен үпттасын, ас қорытту барысында босанған мономерлер тек организмнің өз мұқтаждығына ғана пайдаланылады. Бұл механизм ферменттерді үнемдеп, тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Мембранаға жабысқан ферменттер химусқа бөлінбейді, орта езтерістерінің әсеріне үшырамайды, сондықтан олардың белсенділігі айнымайды. Мембраналық ас қорыту механизмі әмбебап, қарапайым бір Жасушалы организмге де, жоғары сатыда дамыған организмдерге де тән құбылыс .

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]