Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor Динара.doc
Скачиваний:
217
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
698.88 Кб
Скачать

2 Әрекет потенциалы, фазалары

Белгілі бір тінде тітіркендіргіштің әсерінен қозу үрдісі пайда болған сәтте туатын потенциал – әрекет потенциалы.Тін қозған кезде мембраналық потенциалдың мөлшері біртіндеп төмендеп барып жоғалып кетеді де потенциалды тіркейтін аспап 0-ді көрсетеді. Мембрананың сыртындағы заряд қарама-қарсы өзгеріп потенциал қайта пайда болады. Заряды өзгерген потенциал күшейіп,еғ жоғарғы шың дәрежесіне жетеді. Одан әрі мембраналық потенциал бастапқы қалпына келеді. Осыған орай әрекет потенциалын мембраналық потенциалдың тін қозған сәттегі өзгеруі деп те атайды. Әрекет потенциалы пайда болғанда жасуша мембрананың сырты оң зарядталады. Мембраналық потенциалдың жоғалып барып қайта көтеріліп шың дәрежесіне жету кезеңін әрекет потенциалының деполяризация кезеңі деп аталады. Бұдан соң біртіндеп төмендеп, реполяризация кезеңі болады. Әрекет потенциалының пайда болуы мембрананың натрий және калий иондарына өткізгіштігі өзгеруіне байланысты. ӘП әр кезеңінде иондардың мембрана арқылы өту жылдамдығы, өту-өтпеуі, өтетін иондардың түрі мен бағыты әртүрлі болады.

3-сұрақ.

Бұлшық еттер.

Адам организмнде бұлшық еттердің екі түрі болады – бірыңғай салалы және көлденең-жолақты . Көлденең-жолақты бетке жүрек бқлшық еттері де жатады.Бірыңғай салалы бұлшық ет ішкі мүшелерде (қабырғааралық, өңеш, асқазан, ішек)болады. Ұршық тәрізді клеткалардан тұрады.

Көлденең-жолақты бұлшық ет қаңқа сүйектеріне бекиді, дененің кеңістікке орналасуын және ұозғалысын қамтамасыз етеді. Қаңқа бұлшық еттің 400түрі болады. Қаңқа бұлшық еттері орналасуына байланысты бас,қаңқа,аяқ-қол болып бөлінеді. Бұлшық ет пішініне, атқаратын қызметіне, орналасқан жеріне байланысты алуан түрлі, олар ұзын, қысқа, жалпақ болып келеді. Көбіне, ұзын бұлшық ет қол мен аяқта, қысқа бұлшық ет омыртқа бағанасы бойында, жалпақ бұлшық ет іште, кеудеде орналасқан. Кейбір ұзын бұлшық ет түрлі сүйектерден басталады да екі басты, үш басты және төрт басты болып келеді. Бұлшықеттер адам ағзасындағы әр түрлі қозғалыстарды қамтамасыз ететін тірек-қимыл жүйесінің белсенді бөлігі. Бұлшықеттің катысуымен адам кеңістікте қозғалып, дененің тепе-тендігін сақтайды. Кеуде куысын құрайтын қабырғалардың арасындағы бұлшықеттер мен көкет(кеуде мен құрсақ қуысын бөліп тұратын ет) тынысалу козғалысына қатысады. Жұтыну, дауыстың шығуы, көздің козғалуы, ішкі мүшелер жұмыстарының барлығы бұлшыкеттердің жиырылу, босаңсу әсерінен болады. Сүйектермен бірлесіп денеге пішін беріп, денені тік ұстауға көмектеседі.

9-билет

1.Сопақша мидың қызметі мен ондағы орталықтар. Сопақша ми); (лат. medulla oblongatamedulla — миoblongata — сопақша) — мидың жұлынмен шекарасыз жалғасатын, пішіні сопақша келген артқы бөлігі. Оның алдыңғы жағы ми көпірімен жалғасады.Сопақша мидың төменгі бетінде вентральды орталық саңылау (лат. fissura mediana ventralis) мен оның екі бүйіріндегі латеральды вентральды сайлар (лат. sulcus lateralis ventralis) арқылы бөлінген: оң және сол сопақша ми пирамидалары (лат. piramis medullae oblongatae) білеуленіп көрініп тұрады.

Сопақша ми пирамидалары үлкен ми қыртысын жұлынның қозғалтқыш орталық - тарымен байланыстыратын пирамидалы жүйке талшықтары аларынан (лат. fasciculus cerebro-spinalis) құралған. ( Сопақша ми пирамидаларының пирамидалы жүйке тал тары будаларынан құралған өткізгіш жолдары - жұлынның бүйір арқаншаларына отер алдында, оң ми пирамидасының жүйке талшықтары жұлынның сол жақтағы бүйір арқаншасына, ал сол ми пирамидасының жүйке талшықтары жұлынның оң жақтағы бүйір арқаншасына бағытталып, жүйке талшықтарымен алмасады да, пирамидалар айқасын (лат. decussacio pyramidum) жасайды.Сопақша мидың құрылысы біршама жүлынның құрылысына ұқсас, яғни сыртқы жағында — ақзат, ішкі жағында — сүрзат орналасады. Ол ақзаттық аралықтар арқылы көптеген сүрзаттық аралшықтарға, яғни сопақша мидың сүрзаттық орталықтарына (ядроларына) бөлінеді.Бұлар организмнің тіршілігіне тым қажет вегетативтік орталықтар құрайтын нейроцитгер ядролары. Аталган вегетативтік ядроларга:жүрек согу,тыныс алу,тер бөлу,сілекей бөлу,шайнау,жұту, сору,көз жасын бөлу,ас қорыту сөлдерін бөлу,құсу,кекіру,күйіс қайтару,тұшкіру,жөтелу,көз жыпылықтау орталықтары жатады.Сопақша мидың сүрзаты — вегетативтік ядролардан басқа, қызметіне сәйкес топтасқан нейроциттер перикариондарынан (нейроциттер денелерінен) құралған мижүйкелерінің сезімтал және қозғалтқыш сүрзаттық ядроларын түзеді. Бұлардың араларында бір-бірімен жалгасып жатқан пішіні әр түрлі нейроциттерден және олардың жүйке талшықтарынан құралған торлы құрылым (лат. formatio reticularis) болады. Бұл құрьшым сопақша мидан ортаңғы мига, одан әрі аралық миға дейін созылып жатады. Торлы құрылым — аталған ми бөлімдері орталықта- рын өзара байланыстырып, үйлестіру қызметін атқарады. Бұған коса, ол тыныс алу және жүрек-тамырлар жүйесінің орталығы қызметін де атқарады.[1]

2.Рецепторлар. Олардың жіктелуі және маңызы.Адамның тіршілігі сыртқы ортамен тығыз байланысты. Қоршаған ортада болып жатқан ақпараттар ағынын жүйкелер сезімтал ұштары (рецепторлар) арқылы қабылдайды.Тітіркендіргіш (түршіктіргіш, қоздырғыш) әр түрлі заттардың (ине, ыстық, суық, қатты дыбыс және т. б.) денеге (ағзаға) әсері. Рецептор сезім мүшелерінің (анализаторлардың) шеткі бөлімдері, ол сыртқы және ішкі деп 2-ге бөлінеді. Сыртқы рецептор (жүйке ұштары) терінің үстіңгі (беткі) қабатында болады, тітіркендіргіштерді сыртқы ортадан қабылдайды. Мысалы, қолдағы теріге инемен әсер етсе, адам дереу қолын тартып алады. Ішкі рецепторлар ағзаның ішінде, ішкі мүшелерде (жүрек, ішек-қарын, қантамырлары және т.б.) болатын құбылыстарды хабарлайды.

Адамда 5 түрлі сезім мүшелері бар, олар: көру мүшесі - көзесту мүшесі - құлақиіс сезу мүшесі - мұрын; сипап сезу (түйсіну) мүшесі - тері; дәм сезу мүшесі — тіл. Сезім мүшелері қоршаған ортаның белгілі бір тітіркендіргіштерін ғана қабылдайды. Мысалы, құлақ - тек дыбысты, көз - тек жарықты және т. б. Сезім мүшелері мимен және өзара бірімен-бірі тығыз байланысып, бірін-бірі толықтырып тұрады.

Сыртқы және ішкі тітіркенуді қабылдап талдайтын сезімтал жүйкелер жиынтығын физиолог ғалым И.П.Павлов анализатор деп атады. Сезім мүшелерін кейде сенсорлық жүйе деп те атайды (латынша - сезу, түйсіну).

3Аяқ бұлшықеттеріАяқ бұлшықеттері - жамбас белдеуі және аяқтың (санның, балтырдың, аяқ ұшының) блұшықеттері деп бөлінеді. Жамбас белдеуіндегі өте жақсы дамыған бұлшықеттерге - бөксенің үлкен, ортаңғы және кіші бұлшықеттері жатады. Аяқ бұлшықеттерінде санның төртбасты бұшықеттері мен балтырдың үшбасты бұлшықеттері жақсы дамыған. Санның төртбасты бұлшықеттері жамбас буынында аяқты бүгеді, ал тізе буынын жазады. Балтырдың үшбасты бұлшықеттері тізе буынын бүгу, жүру, жүгіру, аяқ басын қимылдату қызметін атқарады.Бұлшықеттердің ең басты физиологиялық қасиеті-жиырлығыштық. Әрбір тітіркендіргішке бұлшықеттерге қысқару, жуандау арқылы жауап қайырады, соңынан қайта қалпына келеді. Бұлшықеттерге әсер ететін тітіргендіргіштер- жылу,суық,электр тогы, химиялық заттар. Осылардың барлығына бұлшықеттер жиырылу арқылы жауап қайтарады. Дене ьұлшықеттерді тітіркендіру орталық жүйке жүйесінен берілетін жүйке қозу толқынының қатысуымен болады. бұлшықеттер жиырылғанда энергия жұмсалады. Бұлшықеттердің жұмысын жүйке жүйесі басқарады.Бұлшықеттердің ең басты физиологиялық қасиеті - жиырылғыштық. Әрбір тітіркендіргішке бұлшықеттер қысқару, жуандау арқылы жауап қайырады, соңынан қайта қалпына келеді. Бұлшықеттерге әсер ететін тітіркендіргіштер - жылу, суық, әлектр тоғы, химиялық заттар. Осылардың барлығына бұлшықеттер жиырылу арқылы жауап қайтарады. Денеде бұлшықеттерді тітіркендіру орталық жүйке жүйесінен берілетін жүйке қозу толқынының қатысумен болады. Бұлшықеттер жиырылғанда энергияжұмсалады. Бұлшықеттердің жұмысын жүйке жүйесі басқарады.

Қол бұлшықеттері

Дельта тәрізді бұлшықет. Ол иық буынын жабады. Ол 3 бөліктен тұрады: алдыңғы, ортаңғы, артқы. Әрбір бөліктің өзінің қимылдайтын бағыты болады.

Бицепс. Қолдың алдыңғы жоғары жағында орналасқан. Қолды шынтақ буынымен бүгеді.

Трицепс. Қолдың арты жоғарғы жағында орналасқан. Қолды шынтақ буынымен жазады.

Саусақтарды жазғыштар мен бүккіштер. Олар саусақ қозғалысымен бағытталады.

Бұғана – төс-емізік бұлшық еті. Бұлшықет біржақты жиырылғанда мойын, бас сол бағытта қисайып айналады, екі жақты жиырылғанда бас тік ұсталады, күшпен жиырылса бас артқа тартылады.

Мойының түп жағында орналасқан сатылы бұлшықет. Омыртқа қозғалысына көмектеседі.

Трапеция тәрізді бұлшықет. Ол – арқаның жоғары тұсындағы жалпақ бұлшықет. Ол жауырынды көтеріп, түсіріп, басты артқа бұру қызметін атқарады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]