Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor Динара.doc
Скачиваний:
217
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
698.88 Кб
Скачать

3. Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі, нейрон оның бөлімдері. Нейроглия. Синапс.

Жүйке жүйесі - адам мен жануарлар организмдерінің қоршаған ортаға бейімделуін реттейтін жүйе. Жүйке жүйесін зерттейтін морфологияның бөлімін гр. neurologia (грек, neuron — жүйке, жүйке жасушасы; logos — ілім) деп атайды. Жүйке жүйесінің қызметтері рефлекстер арқылы іс жүзіне асады Нейрон дегеніміз жүйке жасушасы. Ол жүйке жүйесі құрамындығы жеке бөлік , сол жүйенің морфоәрекеттік негізі.Нейрондардың арасын нейроглия толтырады. Ол нейрондарды жан – жақты қоршайтын құрылым. Нейрондар пішіні көлемі жағынан әртүрлі. Бірақ қай нейрон болсада да , ол дене және өсінділерден тұрады. Нейрон денесінде протоплазма, ядро, басқа жасушаларға тән органоидтар және тек нейронда кездесетін тигроид заттар болады . Нейрон талшықтары ұзындығына қарай аксон , дендрит болып екіге бөлінеді. Аксон нейронның , ұзын ал дендрит қысқа талшығы. Әр нейронда бір таксон , бірнеше дендрит болады. Дендрит аксонға қарағанда көп тармақты болып келеді. Аксонның нейрон денесінен басталатын жері аксон төмпешігі деп аталады. Төмпешікте тигроид заттар мен миелин қабығы болмайды. Аксон төмпещігінің қозу қабілеті өте жоғары. Нейроглия деп нейрондар аралығын толтыратын жасушаларды айтады. Глия грек сөзі желім деген мағынада . расында да олар нейрондардың денесі мен талшықтарына жабысып тұрады.глиондар екі түрлі – астроциттер және олигодендроциттер. Бұлардың аксоны болмайды және өзара түйіспелер құрайды. Синапс дегеніміз - нейронның бұлшық ет талшықтарымен түйіскен жері. Жүйке синапсын - нейронның қысқа өсінділері түзіледі. Безді синапс. Синапс арқылы сигналдардың берілуі химиялық заттар - медиаторлар арқылы іске асады. Жүйке импулстарының жүру жылдамдығы 0, 5 - тен 120 м/сек жылдамдықпен жүреді. Синапстар қоздырушы, екіншісі тежеуші. Синапстар зақымданатын болса нейрон қаншалықты қозады, ол жүйке жүйесіне берілмейді.

28 Билет

Есту анализаторлары. Дыбыс қабылдау механизмі.

Есту анализаторлары: Есту анализаторлары- мағынасы жағынан адамның екінші дистанциялық анализаторы (талдағышы) болып саналады. Адам есту мүшесі арқылы коршаған ортадан әр түрлі дыбыстарды қабылдап талдайды. Есту мүшесі дыбыстарды анықтап ажыратуға көмектеседі. Адамдармен сөз арқылы қарым-қатынас жасайды. Еңбек майданында да есту мүшесінің алатын орны ерекше. Есту мүшесі дыбыс пен тепе-теңдікті сезеді.

Құрылысы: есту мүшесі - құлақ. Құлақ 3 бөлімнен тұрады: сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ.

1) Сыртқы құлаққа құлақ қалқаны, мен сыртқы дыбыс жолы жатады. Құлақ қалқаны ауадағы дыбыс тербелістерін құлақтың ішіне бағыттайды. Сыртқы дыбыс жолдарының ішкі шеті жұқа, тығыз, керілген дабыл жарғағымен бітеді. Сыртқы дыбыс жолдары арқылы дыбыс толқындары дабыл жарғағына, содан соң ортаңғы құлаққа өтеді. Дабыл жарғағы сыртқы құлақты ортаңғы құлақтан бөліп тұрады.

2) Ортаңғы құлақ дабыл жарғағынан кейін басталады, ол самай сүйегінің ішінде орналасқан. Ортаңғы құлақтың ішінде ауа болады. Ортаңғы құлақ қуысы есту түтігі арқылы жұтқыншақпен жалғасады. Адам есінегенде, жұтынғанда есту түтігінің өзегі жұтқыншаққа ашылады, жай уақытта жабық болады. Ортаңғы құлақтың қуысында бірімен-бірі буын арқылы байланысқан 3 дыбыс сүйекшелері (балғашық, төс, үзеңгі) орналасқан. Үшеуін косқандағы салмағы шамамен 0,05 г. Сүйекшелердің сырты сілемейлі қабықшамен қапталған. Балғашық, төс, үзеңгі деген атаулар пішіндері осы заттарға ұқсайтындықтан қойылған. Балғашық сүйегінің жіңішке шеті дабыл жарғағымен бітісіп кеткен. Жуандау шеті буын арқылы төс сүйекшесімен, ол үзеңгі сүйекшесімен қозғалмалы байланысады. Бұл сүйекшелер ортаңғы құлақтың қуысы арқылы дыбыс толқынын өткізеді. Дабыл жарғағының тербелісі алдымен осы үш сүйекке, содан соң ішкі құлаққа беріледі. Ортаңғы құлақ куысындағы қысым атмосфера қысымымен бірдей. Қысым кенеттен төмендеп немесе жоғарылап кетсе, құлақ бітеліп уақытша естімей қалады (әсіресе бұл ұшқанда байқалады). Мұндай жағдайда жиі-жиі жұтыну керек. Адам жұтынғанда ортаңғы құлақ куысындағы қысым атмосферадағы ауа қысымымен теңеседі.

3) Ішкі құлақтағы куыстар мен иірім өзекшелерден тұратын күрделі жүйені шытырман (лабиринт) деп атайды. Мұндағы шытырманның сыртқысы - сүйекті, ал ішкісі - жарғақты шытырман деп аталады. Шытырмандар - есту мен тепе-теңдік мүшелері. Сүйекті шытырманның ішінде жарғақты шытырман орналасады. Жарғақты шытырманның қабырғалары жалпақ эпителиймен қапталған жұқа дәнекер тақташадан (пластинка) түзілген. Жарғақты шытырманның ішінде лимфа сұйықтығы болады. Оралма тәрізді ширатылған ұлу-дене - есту мүшесі. Бұл ұлудененің куысы сұйықтыққа толы болады. Ұлуденедегі сезімтал жасушалар дыбыс толқынын кабылдап, козуды есту жүйкесіне өткізеді. Қозу есту жүйкесі арқылы ми қыртысының самай бөлігіндегі есту орталығына жеткізіліп, талданып жинақталады.

Дыбыс толқынының таралу жолы: Дыбыс толқыны —» дабыл жарғағының тербелісі —» есту сүйекшелерінің тербелісі —» ұлуденедегі сұйықтықтың тербелісі —» есту рецепторының тітіркенуі —» жүйке қозу толқынының пайда болуы.

Дыбыс қабылдау механизмі.

Дыбыс тербелістері үзеңгі арқылы сопақша терезенің мембранасына беріледі және иірімді түтігінің жоғарғы, төменгі арналарындағы перилимфаны тербеліске келтіреді. Ол дөңелек терезеге жетіп оның мембранасын ортаңғы құлақ қуысына қарай ығыстырады.

Кіреберістік мембрана өте жұқа болғандықтан, жоғарғы және орталық арналардағы сұықтық тербелісі мембранамен бөлінбегендей біркелкі келеді және екеуі де біртұтас жалпы арна болып есептеледі.

Жалпылай есептелетін жоғапғы арнаны төмендегіден бөліп тұрған негізгі мембрана серпімді келеді. Жоғарғы және ортаңғы арналардың сұықтқтары арқылы толқын тәрізді тарайтын дыбыс тербелістері осы мембрананы қозғалысқа келтіреді, сөйтіп сол арқылы төменгі арнаның перилимфасына беріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]