Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor Динара.doc
Скачиваний:
217
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
698.88 Кб
Скачать

29 Билет

Бүйректің қызметі. Нефрондағы фильтрация және реобсорбция процесстері.

Бүйректің қызметі:Ағзадағы қан әрбір 5 минут сайын бүйрек арқылы өтеді. Қан ағзаның жасушаларынан жиналған зиянды заттарды бүйрекке әкеледі. Керексіз заттардан қанды тазартатын - бүйрек.

Бүйректің ең негізгі қызметі - сүзгіштік. Қанмен келген улы заттар, тұздар, артық су бүйректе бөгеліп сүзіліп калады. Сүзіліп тазарған қан вена қантамырларымен жүрекке карай ағады.

Қан мен басқа да сұйықтықтың құрамын реттейді.

Бүйректе зәр (несеп) түзіледі.

Ағзаның ішкі ортасы құрамының тұрақтылығын сақтайды.

Су мен тұздың мөлшерін реттейді.

Қандағы тұз концентрациясы мен жасушалардан ағып өтетін сұйықтықтардың осмостық қысымын реттейді. Дене сұйықтығындағы тұздың концентрациясы жасуша ішіндегі концентрациясынан артық болса, су жасушаданшығып, жасуша бүрісіп калады.

Нефрондағы фильтрация және реобсорбция процесстері (этого нету)

2. Қозудың жүйке талшықтары бойынша өткізілу заңдылықтары ( үш заң). Қозу үрдісінің жүйке бойымен таралу ерекшеліктерін ұозуды өткізу заңдары деп те атайды. 1заң. Жүйке талшықтарының морфологиялық және физиологиялық бүтіндік заңы бойынша жүйкені созса, қысып шаншыса, кессе,кептірсе,оның морфологиялық құрылысы бұзылып зақымданады. Мұндай жүйке талшығы қозуды өткізбейді.Мұнымен бірге кейбір ұйықтататын,есірткі заттар әсерінен де қозуды уақытша өткізбейді.Бқл заттар жүйке құрылымын бұзбайды,тек оның физиологиялық қасиеті – өткізгіштігі,заттың әсері тоқтағанша бұзылады да, онан соң қайта қалпына келеді.

2заң. Қозуды екі жақты өткізу заңы.

Жүйкенің орындайтын қызмет түріне қарамастан, оның қай-қайсысы болса да,тітіркендірілген жерден бастап қозу үрдісін екі жаққа қарай өткізеді.Оны бақаның шонданай жүйкесіне жасаған тәжірибесінен көруге болады. Денеден бөлініп алынған жүйкенің екі жақтағы ұшына әрекет потенциалын тіркейтін аспапты бекітіп, қақ ортасынан тітіркендіріп қоздырса,екі аспап та сол жерге әрекет потенциалының жеткенін көрсетеді.Мұны қозу үрдісісінің екі жақты өтуімен ғана түсіндіруге болады.

3заң. Қозуды жеке өтізу заңы

Әрбір шеттегі жүйке құрылымында жүздеген-мыңдаған жүйке талшықтары болатыны белгілі. Олай болғанымен де әрбір талшық қозуды қатар жатқан талшықтарға жаймай, тек өз бойымен өткізіп, тек өзімен ғана байланысқан ет талшықтарына тұр-тура жеткізеді. Бір эфференттік жүйке талшығы бұтақталып 3-3000-ға дейін ет талшықтарымен байланысады.

3.Сезім мүшелеріне жалпы шолу. Қасиеттері, олардың маңызы. Есту және тепе – тендік мүшесі. Олардың құрылысы.

Сенсорлық жүйе, сезім мүшелері (органы чувств, сенсорные органы); (органұм сенсұұм, лат. органон — мүше, ағза; сенсұұм — қабылдау, сезу) — ішкі және сыртқы ортаның түрлі әсерлерін қабылдайтын сезім жүйесі талдағыштардың (анализаторлардың) шеткі бөлігі, яғни рецепторлар.

Рецепторлар денеге әсер етуші тітіркендергіштердің белгілі бір нақты түрін ғана қабылдауға бейімделген. Олар денедегі орналасу орындарына байланысты: экстерорецепторлар және интерорецепторлар болып екіге бөлінеді. Экстерорецепторлар - организмге қоршаған сыртқы ортадан келетін тітіркендіргіш әсерлерін қабылдайды.

Оған дәм сезімі, иіс сезімі, сипап сезу, көру, есту және тепе-теңдік сақтау рецепторлары жатады. Интерорецепторлар — ішкі мүшелерде, ұлпаларда, қан және лимфа тамырлары қабырғаларында орналасып, осы мүшелерден келетін тітіркеністерді қабылдайтын сезімтал құрылымдар. Олар организмдегі зат алмасуды қамтамасыз ететін мүшелердің үйлесімді қызмет атқаруын реттейді. Интерорецепторлардың жеке арнайы түрі — проприорецепторлар. Олар тірек-қимыл аппараты мүелеріне (қаңқа сүйектері, бұлшықеттер, буындар) әсер ететін тітіркендіргіштерді қабылдайды.

Адамда 5 түрлі сезім мүшелері бар, олар: көру мүшесі - көз; есту мүшесі - құлақ; иіс сезу мүшесі - мұрын; сипап сезу (түйсіну) мүшесі - тері; дәм сезу мүшесі — тіл. Сезім мүшелері қоршаған ортаның белгілі бір тітіркендіргіштерін ғана қабылдайды. Мысалы, құлақ - тек дыбысты, көз - тек жарықты және т. б. Сезім мүшелері мимен және өзара бірімен-бірі тығыз байланысып, бірін-бірі толықтырып тұрады.

1. Көру мүшесі (органұм вісае; гр. органұм — мүше, лат. віса — көру) — құрылысы күрделі көру талдағышының (анализаторының) жарықты қабылдағыш шеткі бөлімі. Ол көз алмасынан, көру жүйкесінен, көздің қорғаныс және көмекші мүшелерінен тұрады.

2. Адам есту мүшесі арқылы коршаған ортадан әр түрлі дыбыстарды қабылдап талдайды. Есту мүшесі дыбыстарды анықтап ажыратуға көмектеседі. Адамдармен сөз арқылы қарым-қатынас жасайды. Еңбек майданында да есту мүшесінің алатын орны ерекше. Есту мүшесі дыбыс пен тепе-теңдікті сезеді.

3Иіс сезу - заттың иісін қабылдау. Иісті қабылдайтын иіс сезу жасушалары мен рецепторлар мұрын қуысының сілемейлі қабықшасының жоғарғы жағында орналасады. Рецептор жасушалары шеткі қысқа өсінділер (15-20 мкм) мен ұзын орталық өсінділерден тұрады. Жасушаның денесі сілемейлі қабықшаға тереңірек еніп жатады. Иіс сезу жасушаларының шеткі өсінділерінің ұшы кеңейіп, жуандап, онда 10-12 үшкір түктер орналасады. Бұл түктер иісті заттардың молекулаларымен өзара әрекеттеседі. Иісті заттардың молекулалары мұрын қуысының сілемейлі қабығының беткі жағында болады. Бұл молекулалар мұрынның сілемейлі қабығындағы бездерден бөлінетін сұйықтықта ериді. Еріген заттар иіс сезу түктері мен оның жуан ұшын тітіркендіреді. Қозу иіс сезу жүйкесі арқылы ми қыртысының маңдай бөлігінде болатын иіс сезу орталығына өтеді. Осы орталықта заттың иісін сезу талданады. Иіс сезу мүшесінің рецепторлары тек газ тәрізді заттарға ғана тітіркенеді.

Иіс сезу анализаторы иіс сезу рецепторларының жиынтығынан, иіс сезу жүйкесінен және иіс сезу орталығынан құралады. Тағамның сапасын айыру, ауадағы зиянды газдардан сақтану үшін иіс сезудің маңызы зор.

4.Дәм сезу мүшесі ауыз қуысына түскен заттың дәмін қабылдайды. Дәм сезу рецепторлары тілдің ұшында, артқы бөлігінде, жиегінде, жұмсақ таңдайда, жұтқыншақтың артқы жағында орналасады. Дәм сезу рецепторлары тағамның химиялық құрамын жақсы сезеді. Әсіресе тәтті, ащы, тұзды, қышқылдың әсерін сезеді. Тілдің сілемейлі қабықшасында дәм сезу емізікшелері мен бүртіктері болады. Бүртік жасушаларының ұшында 40-50-дей жіңішке түтікшелер орналасқан. Тамақ заттары дәм сезу жасушаларының түтікшелерін тітіркендіреді. Қозу дәм сезу рецепторларынан тілге келетін жүйке талшығы арқылы сопақша миға, одан ортаңғы мидағы көру төмпешіктері мен ми қыртысына беріледі. Тілде сезімтал рецепторлар біркелкі орналаспайды. Мысалы, тілдің ұшы тәттіні, артқы бөлігі ащыны, жиегі қышқылды, ұшы мен жиегі тұздыны сезеді.

5.Сипап сезу Сипап сезу (түйсіну) арқылы заттың пішінін, қаттылығы мен жұмсақтығын, тегістігін, жылы-суықтығын анықтайды. Терінің сыртқы және нағыз тері қабатында орналасқан рецепторлардың пішіндері мен қызметі әр түрлі. Біреуі жанасуды, екіншісі жылуды, үшіншісі суықты, төртіншісі ауырғанды қабылдайды. Жанасуды қабылдайтын рецепторлар терінің сыртқы қабатында, алақан мен саусақ ұшында көбірек болады. Тері арқылы суықты, жылуды, жанасуды, ауырғанды сеземіз. Затты ұстап, саусақпен сипағанда тері рецепторларындағы козу миға беріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]