Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции каз УПП 1-15.docx
Скачиваний:
158
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
339.84 Кб
Скачать

5 Маневр жұмысын мөлшерлеу.

Маневр жұмысын мөлшерлеу маневр жүрісінде жеке элементтерге бөлінген. Жеке элементтердің уақыт шығынының қосындысы, маневр түрлерін қарастырып, маневр жұмысының жалпы мөлшерін бекітеді.

Маневр жұмысының қарапайым элементі жарты рейіс, станса жолдарымен локомотивтің вагондармен немесе вагонсыз бағытын өзгертпей жүруі. Маневр құрамы немесе локомотивтің вагонсыз стансаның бір жолынан екінші жолына бағытын өзгертіп жүруі маневр рейісі деп аталады. Локомотивтің вагон мен жүруі жартырейіс және рейіс жұмысы болады, ал вагонсыз жүруі – бос жүріс болады.

Белгіленген уақыт мөлшерін жеке маневр операцияларын орындау үшін хронометраждық бақылау жүргізіледі немесе аналитикалық есептеудің көмегімен табады.

Хронометраждық бақылау әдісін қолдана отырып маневрдің жарты рейісін мына формуламен анықтайды:

tжр=а+вm ,

мұндағы а, в – маневр құрамындағы бір вагонның және локомотивтің жүрісіне сәйкес уақыт шығынын сипаттайтын, уақыт параметрі.

Аналитикалық әдіспен жарты рейістің ұзақтығы келесі шартпен орындалады:

tжр=0,06*lж.р./Vор ,

мұндағы Vор – маневр жүрісіндегі орташа жылдамдық 15 км/сағ;

lж.р. – маневрдің жарты рейісінің ұзындығы, м;

Жолаушылар құрамы мен вагонның маневр жұмысындағы технологиялық мөлшері келесі жағдайда анықталынады.

1. Транзиттік топтағы жолаушылар пойызын өңдеу уақыты және жолда аялдамау қатынасындағы вагон топтарын тіркеу mтір уақыты:

t=5,4+0,105* mтір қос ,

жолда аялдамау қатынасында вагон топтарын ағыту mағыту уақыты:

t=10,7+0,285* mағыту+ Тқос ,

вагон топтарын ауыстыру уақыты (ағыту және тіркеу)

t=12,3+0,36* mтір+0,6* mағыту+ Тқос ,

мұндағы Тқос – маневр локомотивін техникалық парктен және басқа маневр операцияларын орындау үшін жинауға және жіберуге қатысты, локомотив-мин қосымша шығыны (кесте 2).

  1. Нақты санаттағы пойыздарды құрастыратынжоба бойынша стансада есептелінетін жолаушылар құрамын құрастыру. Құрамды құрастырудың жалпы уақыты, мин.:

Тқжр*tжр+ Тқос ,

мұндағы Кжр – құрамға вагондарды белгілі бір тәртіпте қоюға қажетті жарты рейс саны;

Комбинаторлық тәсілді пайдалана отырып құрамды құрастыруды есептеудің ұзақтығы (Бесқұдық стансасының әдісімен) методикалық көрсеткіштің 1-ші қосымшасында көрсетілген.

Кесте 2.

Қосымша маневр операцияларын орындайтын уақыт мөлшері.

Операция

Уақыт мөлшері, мин

Маневр жұмысын жасауға бұйрық алу немесе оны жасағандағы туралы хабарлау

0,3 бір операцияға

Бағыттама қосымындағы кезекшінің көмегімен бағыттаманы бұру:

Кез-келген жүйедегі бағыттама құлпының ашық немесе жабық болуы.

Бағыттама ұшын бекітпе-ақ бағыттама ұшына тоспаны бекіту

0,25 бір операцияға

0,05 бір операцияға

0,18 бір операцияға

Бағыттама қосымының кезекшісінің көмегіменен, бағыттаманы бұру

1,0 бір операцияға

Жүріс кезінде еш кедергісіз жүру үшін вагонды тексеру

0,16 бір вагонға

Вагонды бекіту үшін тежегіш башмагын қою және оны алу

0,04 бір вагонға

Тежегіш тұтқасын ажырату

0,12 бір вагонға

Тежегіш тұтқасын біріктіру

0,13 бір вагонға

Маневр құрамындағы вагонның автотежегішін тексеру және қосу

3+0,14 т бір құрамға

Маневр құрамына немесе локомотивке вагон тобын тіркеу

0,3 бір топтағы вагонға

Маневр құрамынан немесе локомотивтен вагон тобын ағыту:

Нақты белгіленусіз ағыту

Нақты белгілеу арқылы ағыту

0,9 бір топтағы вагонға

2,1 бір топтағы вагонға

Өту қашықтығы

1,0 әрбір 100 м-ге

3. Жөндеп-дайындайтын депоға құрамды берер кезде тартым жолда құрамды қайта құрастырады және істен шыққан вагонды жөндеу үшін ағытып, басқа вагонмен ауыстырады, вагондарды залалсыздандырады, резервтегі вагондардан береді, егер вагон-мейрамханасын қамтамасыз ету базасы жөндеп дайындау депосында және жөнелтетін паркінде орналаспаса, онда жүк және пошта вагонын, вагон-мейрамханасын ағытып алады.

Құрамды қайта құрастыруда локомотив-минуттың, жалпы шығыны мына формуламен анықталынады:

Тқ.қ.реза.т.қою ,

мұндағы: Трез – резервтегі парктен қабылдау паркінің жолына вагондарды қою (Трез= tжр);

Тқою – сәйкес операцияларды орындағанда ағытылған вагондарды қояды (Тқою= t=а+вm; а, в коэффициентінің мәні l қатысты);

Та.т. – құрамды қайта құрастырғанда вагонды ағыту және тіркеу уақыты.

Та.т. =Л+Уqтобқ ,

мұндағы: Л, У – ағытқанда (тіркегенде) қойылатын вагондар санына қатысты нормативтік коэффициент, бұл коэффициентердің мәні 3 кестеде көрсетілген;

qтоб – құрамнан ағытылған (тіркелген) вагон топтарының саны;

Тқос – қосымша маневр жұмыстары жасалатын уақыт ұзақтығы.

Құрамды қою уақыты (техникалық стансаның қабылдау паркінің перрон жолдарына жинау

және жөнелту паркінің перрон жолдарына құрамды отырғызуға беру):

Тқою= tқос+ tж.р.қос ,

мұндағы: tқос – келесі операциялардың орындалу уақыты: маневр жұмысына тапсырма беріледі, локомотивті тіркеу, құрамды тексеру және қажет болған жағдайда автотежегішті тексеру және тежегіш башмактарын қою;

tж.р. – құрамды бергенде (жинағанда) жарты рейістің ұзақтығының қосындысы.

Кесте 3.

Тепловозбен электровоз маневр жасағанда вагондарды ағытып (тіркеудің) технологиялық уақытын есептейтін Л және У коэффициентінің мәні.

Маневрда қойылатын вагондар саны

Л

У

1

2-5

6-10

11-15

4,19

13,46

13,81

14,18

0,63

1,76

3,80

5,45

Құрамды машина жуатын машинадан өткізу ұзақтығы (алыс және қаламаңындағы құрамдар үшін есептелінеді):

Тв.ж.м.=қос ,

мұндағы: m – жолаушылар пойызының құрамындағы вагондар саны (берілгені 6 қосымшада).

lв – жолаушылар вагонының ұзындығы (lв=25м);

Vв.ж.м. – құрамды вагон жуатын машинадан өткізу жылдамдығы (Vв.ж.м.=0,8...1,0 км/сағ).

(18)-(26) формуладан алған мәндер ең үлкен мәніне дейін дөңгелектетіліп толық минутпен алынады.