Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции каз УПП 1-15.docx
Скачиваний:
158
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
339.84 Кб
Скачать

2 Жолаушылар легін ұйымдастыру.

Жолаушылар легін ұйымдастыруға қойылатын талаптар: жолаушыларды қабылдап, жөнелткенде операциялардың нақты орындалуы, жолаушылар легін қарамақарсы кездесуін болдырмау; вокзал маңайында жолаушылардың пойыз алаңдарына және керісінше өтуіне ыңғайлы және қысқа болуы керек; жүк пен поштаны тасымалдағында жолаушылардың жүру жолдарын қоршау.

Вокзал қызметтерін пайдаланбайтын жолаушылар бірден платформадан вокзал маңындағы алаңдарға шыға алады.

Жолаушыларға пойыз туралы барлық ақпарат былай беріледі: отырғызу уақыты, құрамда вагондардың орналасу тәртібі, платформа нөмірі және басқалары.

Құрастыру стансасында пойыз құрамы немесе құрам айналымы жөнелтуге дейін, жолаушыларды отырғызға 20 мин ерте беріледі жөнелтуге 5 мин қалғанда диктор отырғызудың аяқталғанынын хабарлайды. Келетін пойыздар туралы ақпарат стансаға келуіне 5-10 мин қалғанда беріледі.

Жолаушыларді мінгізіп-түсіру, олардың қауіпсіздігін сақтау ең маңызды шаруа. Вокзал бастығының станса кезекшісінің көмекшісі жолаушылардың қауыпсыздігін сақтауды жауапкершілікке алады.

Бақылау сұрақтары:

Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ)

Оқу-әдістемелік әдебіет

М.З.Соловейчик, Т Сотникова. «Организация пассажирских перевозок» Мәскеу, 1983-239бет.

Эксплуатация железных дорог. Мәскеу, 1986-382бет.

А.П. Артынов, Н.У. Дмитриев « Пригродные пассажирские перевозки» , Москва, Транспорт, 1985 – 159 б.

З.С. Бекжанов, С.В. Богданович, Н.Ж. Берикбаев «Жолаушы тасымалын басқару» пәні бойынша курстық және дипломдық жобалауды орындау бойынша әдістемелік нұсқама.. Алматы, 1999-35 бет.

№ 11 Дәріс

Тақырып: Анықтама – хабарлау жұмысы жолаушыларға мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдатыру (1 сағат)

Дәрістын максаты: анықтамалық мәліметтер, жолаушылар ақпараты, визуальді ақпарат (көзбен көретін) радиолық ақпарат, анықтамалық бюро. Ана мен бала бөлмесі, демалатын бөлме, қосымша қызметтер және қоғамдық тамақтану.

Мазмұн:

1 Негізгі мәліметтер.

  1. Көзге көрінетін хабарландырулар.

3 Радио хабарландыру.

4 Анықтама бөлімі.

5 Ана мен бала бөлмесі.

Глосарий: Ақпарат құрылғыларын пайдаланады; анықтама мәліметтері

1 Негізгі мәліметтер.

Анықтама мәліметтері мазмұныны қарай вокзалдың нақты жағдайларын көрсетеді. Жолаушыларға хабар беру радио байдланысының көмегімен анықтама бөлімдері арқылы және көрінетін анықтамалар арқылы ұйымдастырылады. Пойыздар жүрісі кестесіндей барлық өзгерістері, жолаушыларды тасымалдау жағдайын және вокзал жұмыскерлерінің жұмысын анықтама бөлімдері уақытында хабарлап отыру қажет.

Вокзалда әр түрлі ақпарат құрылғыларын пайдаланады: көзбен көретін, радио хабарламасы, көзге көрінетін тақталар, автоматты жүйеде басқаратын «экасис» анықтама жүйесі, телефон арқылы анықтама беру.

2 Көзге көрінетін хабарландырулар.

Олар ғимараттын орналасуы мен жолаушыларға қызмет көрсету бекеттерімен, пойздар кестесімен, жүру құжаттарымен қол жүйін тасымалдаудың құны мен тәртібін, пойыздағы бос орындар туралы мәліметтермен таныстырады.

Көзге көрінетін хабарландыру: вокзал жоспары, темір жол қатынасындағы бағыттар және пойыздардың жүру бағыттары, пойыздың кестесі, жүру құжатының құнымен қызмет түрлерін (бала мен ана болмесі, дем алу болмесі, қол жүгін сақтау, тасу, алдын-ала билет сату), әр түрлі көрсеткіштерді көрсетіп қояды.