Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции каз УПП 1-15.docx
Скачиваний:
158
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
339.84 Кб
Скачать

3 Радио хабарландыру.

Жолаушылар платформасына қоршалған ғимараттын ішінен радиостудия арқылы хабарлайды. Радиостудиясы станса кезекшісімен, станса диспетчерімен, вокзал кезекшісімен, вокзал бастығымен тікелей телефон байланысында болады. Радио арқылы мынадай ақпараттар береді:

Пойыздың кешігуы, келуі және жөнелтілуі: техникалық қауіпсіздіктін сақталу тәртібі; қызметтік; жолаушыларға ақылы хабарлама беру. Возал бөлімшелеріндегі негізгі жұмыс тәртібін, жолаушыларды тасымалдау тәртібін және тағы басқа тұрақты мәтінде магнитофон жазбасы арқылы пайдаланды. Радио анықтамасын және хабарландыруларды мемлекеттік тілде береді, қажетті кезде шет тілдерінде де хабарлайды

4 Анықтама бөлімі.

Анықтама болімі жолаушыларға барлық қызмет түрлері туралы анықтама береді, пойыздың келумен жөнелту уақыты, жүту құжатының құны, ауыстырып міну бекеті, билет кассасының жұмысы, тапсырыс беру бөлімі, жүк бөлімшесі, жүру бекетінде аялдау тәртібі. Жолаушылардың өтініші бойынша пойыздардың кешігуы туралы жазбаша анықтама береді.

Анықтама бөлімінде анықтама деректері болады: жолаушылар қатынасындағы темір жол көрсеткіштері, пойыздар жүрісі кестесінің кітабы, тарифтік көрсеткіштер № 4,5 жүру құжатыны мен қол жүгін тасымалдау қуны есептелген кесте, ұшақ бағыттарының кестесі және тағы басқа. Осы құжаттардың ішінен жолаушыларға қажетті сұрақ бойынша көшірмесін береді. Жолаушылардың сұранысын қорытындылаы отырып анықтама хабарламаларының түріне қарай таратады және бөлімдерде оларға анықтама береді. Жолаушылардың ең көп сұрағы пойыздар жүріс кестесіне байланысты болады, олардың жөнелтіліуы, келуі және елді мекндкрден өтуі.

Вокзал хабарландырулары былай таратылады:

  1. Пойыздың келуы туралы сұрау – 23,8 %

  2. Пойыздың жөнелтілуы туралы сұрау – 23,4%

  3. Жүру құны – 6,2 %

  4. Телефонмен анықтама алу – 4,9 %

  5. Пойыздың жүру уақыты туралы – 6,8 %

  6. Ұшақ, автобус туралы анықтама алу –0,7 %

  7. Келетін платформаның нөмірі –1,0 %

  8. Жүру бағыты туралы – 1,6 %

  9. Пойыздың тақтағандағы аялдау уақыты – 0,9%

  10. Жеңілдіктер туралы анықтама – 0,9 %

  11. Билеттеің жарамдылық уақыты –0,9 %

  12. Пойыздағы орын туралы анықтама –2,1%

  13. Қаламаңындағы қатынаста жүруы –22,5 %

  14. Пойыздың кешігуі – 2,0 %

Жолаушыларға мәдени-тұрмыстың қызмет көрсетуді ұйымдастыру. Вокзалды жолаушыларға мәдени-тұрмыстық, тазалық жағдайларының бәрі де болуы қажет. Мұнда тамақтандыруды, жолаушыларға ана мен бала бөлмесінде қызмет көрсету, дем алу бөлмесі, жүк тасушылардың қызметі, шаштараз, дәрігер бөлмесі және тағы басқа ұйымдастырылады.

5 Ана мен бала бөлмесі.

Ана мен бала бөлмесінде алдымен 10 жасқа дейін балалары бар, жолаушыларға қызмет көрсетіледі. Бала мен ана бөлмесінде, қабылдау бөлімі, сырт киімді ілетін киім ілгіш және қол жүгін сақтайтын орын, жуынатын жер, тазаланған шкаф, бала киімдерін жуатын және кептірілетін орын, балалардың дем алу бөлмесі. Қажетті заттар болады. Бөлмелер балалар төсекорнымен жабдықталған, тез бұзылатын тамақтарды сақтайтын тоңазытқыш, балаларға арналған оқұлықтар мен ойыншықтар мен жабдықталған. Тәрбиешілер балалармен әр түрлі ойындар ұйымдастырып, кітап оқытады.

Вокзалдағы жолаушыларды тамақтандыруға мейрамханалармен асханалар жұмыс істейді, олар пойыздың келу, жонелту, кезендеріне қарай түрлі тамақтар дайындайды. Вокзалдағы дем алу бөлмелерінде транзиттік жолаушылардың ішінде алдымен Ұлы Отан соғысына қатысушылармен мүгедектерге қызмет көрсетеді. Бос орындар болғанда вокзалға түнде келген жолаушыларды да қабылдайды. Дем алу бөлмесінде бір тәуліктен артық болуға болмайды, Кезекшіден орын алу үшін жүру құжатымен, төл құжатын көрсетуі қажет. Жолаушылыр төсек-орынды поайдаланған үшін ақы төлейды, оған квитанция белріп, оның теріс жағында төсектін нөмірі жазылады. Оған төсек жабдықтарын, киім-кешектерін қоятын шкаф және тағы басқа қажетті заттар беріледі.

Вокзал территориясында және вокзал маңайындағы алаңдарда жолаушылардың қол жүгін алып жүретін жүк тасушылары болады, және олар платформаны, жолдарды тазалауға. Және басқа да шаруашылық жұмыстарын жасауға міндетті. Жүк тасушылардың жұмыс графигі пойыздардың жүріс кестесімен байланысты ірі вокзалдарда олардың қызметті қажетті жерлерге қояды: батапқы кіре беріске, қол жүгін сақтайтын орындарға, жүк ғимараттарыенда, күту залында. Жұмыс уақытында олардың алдында нөмірлері болуы шарт.

Әрбір келетін пойызға график бойынша тобымен жүк тасушыларды таратады, әрбір пойыздың вагондарына кезекпен қызмет көрсететін жүк тасушылар қарастырылған. Жүк тасушылар жөнелтілетін жолаушылардың жүгін купеге дейін алып келуге міндетті. Жүк тасығаны үшін арнайы ақы төленеді.

Дәрігерлік үлкен және орташа вокзалдарды болады. Вокзалда ауырған немесе қайғылы оқиғаға ұшыраған долаушыларға алғашқы көмек көрсетуы керек; жолаушылардың қиын жағдайында ауруханаларға орналастыру; ауру жолаушыларға жүру құжатын алып беруге көмектесуыі керек. Дәрігерлік бекеттерде тәулік бойына дәрігерлер кезекшілікте отырады. Олар шұғыл жағдайларда вокзал бастығына бағынады, ал олардың штаты дәрігерлік-тазалық бөліміне қарайды.