Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции каз УПП 1-15.docx
Скачиваний:
158
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
339.84 Кб
Скачать

Бақылау сұрақтары:

Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ)

Оқу-әдістемелік әдебіет

Эксплуатация железных дорог. Мәскеу, 1986-382бет.

А.П. Артынов, Н.У. Дмитриев « Пригродные пассажирские перевозки» , Москва, Транспорт, 1985 – 159 б.

С.В. Богданович «Управление пассажирскими перевозками на ж.д. транспорте» Оқу құралы. Алматы, 2000-47бет.

З.С. Бекжанов, С.В. Богданович, Н.Ж. Берикбаев «Жолаушы тасымалын басқару» пәні бойынша курстық және дипломдық жобалауды орындау бойынша әдістемелік нұсқама.. Алматы, 1999-35 бет.

№ 12 Дәріс

Тақырып: Вокзалдағы жолаушыларға билет-кассасында қызмет корсету (1 сағат)

Дәрістын максаты: Билеттік кассалар жұмысы, жол жүру құжаттарының тіркелуі және билеттік кассалардың есебі, ұзақ және жергілікті қатынас билеттік кассалары санының анықталуы.

Мазмұн:

1 Негізгі жұмыс тәртібі. Билет кассасының жұмысы.

2 Орталықта басқаруда пойызға билет сату.

Глосарий: Билет; билеттік кассалар; кассир.

1 Негізгі жұмыс тәртібі. Билет кассасының жұмысы.

Билет кассасының жұмысын тиімді ұйымдастыру олардың вокзалда орналасуы ыңғайлы болу керек, жүріс түрлеріне қарай, кассирдің жұмыс орнын дұрыс орналастыру, жаңа құрылғыларды пайдалану, билет сатқанда тәртіб бойынша жетілген әдіспен жұмыс істей отырып, автоматты-механикалық құрылғыларды пайдалану.

Кассаның түрлері қаламаңындағы бөлімдердің тікелей және жергілікті қатынаста жолаушыларға қызмет көрсету санына қатысты болады. Кассирдің жұмыс орнында арнайы да, ыңғайлы деректер болады: көмекші есептеу кестесі, арақашықтық анықтамасы, жүру билетінің құны, темір жол сызбасы, тарифтік басқару, сондай –ақ т,.б. болады. Билет кассасының жұмысы пойыздардың жүріс графигіне байланысты болады. Билет сатуды дұрыс ұйымдастыру. Билет сатуда, жұмыскерлердің еңбек өнімділігін өсіру, автоматты-механикалық операцияларды пайдалану; белгіленген стансадан түсіру, тарату, есепке алу; жүру құжаттын алуға жолаушылардың ең аз кететін уақыты; қаражаттық сақтауы және толығымен түсуі; жолаушылар вагонының сыйымдылығын арттыру.

Жүру құжаттардың кассада дайындайды: тапсырыс бөлімі, алдын-ала, тәуліктік(транзиттік) сату. Жүру құжатын жарамсыздандырып, алыс жолға жүретін пойыздардың тікелей плацкартына дайындайды. Жолаушыларға тіркейтін вагондарға және ауысып мінбейтін вагондарға билет сатады, ол вагондар белгіленген стансаға дейін барады. Алдын-ала билет сатудын келесі түрлері қолданылады: тікелей плацкартта, кері қайтуда, тапсырыс бойынша үйге, қонақ үйге, мекемелерге, шипажайға, жаппай дем алу орындарына жеткізіп береді. Билет кассирінің уақыты белгіленген графикпен кезекшілікпен жүргізіледі, кезекші барлық құжаттарды тексеріп алады, қосымша ақы төлеу, билет бланкілері, карточкаларды қабылдап алады.

Кассирден орын алу үшін алдымен, транзиттік жолаушылар билеттін жарамдылығын, белгілі стансада пойыздын тоқтауы, вагон түрі мен пойыздың нөмірі, орындар санын билет кассирінен анықтап біліп алады. Кассир жүру қашықтығын анықтай біліп алады. Кассир жүру қашықтығыгн анықтай отырып жүру құжатының қағазын дайындайды, ауысып міну бекетімен жүру құжатының құнын жолаушығыа хабарлайды. Содан кейын кассир диспетчерден орындар санын сүрайды. Орын беретін кассирден отырғызу орындары туралы хабар алған соң, кассир орындарды жұмыс жұрналына жазып қояды және билетті дайындайды. Кассир жүру құжатын дайындаған сон жолаушымен есептеседі, онда пойыздың, вагоннын, орынның нөмірін және жөнелту уақытын айтады, ал алдын-ала сататын кассадан жөнелтілетін күнін айтады.