Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции каз УПП 1-15.docx
Скачиваний:
158
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
339.84 Кб
Скачать

№ 15 Дәріс

Тақырып: Халықаралық тасымалдау. Жолаушылардың жүру тәртібі (1 сағат)

Дәрістын максаты: Темір жол бағыттарының жолаушылық қозғалыс құрамын және өткізу қабілеттерін елдің тасымалдағы сұраныстарын едәуір толық және сапалы қанағаттандыру кезіндегі тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін іс-шаралар.

Мазмұн:

1 Халықаралық тасымалдаудың келісім-шарты.

2 Жолаушыларды тасымалдаудың жалпы шарты.

Глосарий: Тасымалдау шарты; құжаты купон кітапшасы; жолаушы билетті.

1 Халықаралық тасымалдаудың келісім-шарты.

Екі мемлекет арасында жүк пен жолаушыларды тасымалдағанда жүру құжаты мен жүру жағдайлары бірдей болғанда, тікелей қалықаралық қатынаста келісім-шартқа қол қойғандар үшін бірдей болады.

Ауысып міну және жүк тиеу қатынасында шекаралық стансаларда жолаушылар ауысып мінеді, бір мемлекеттін вагонынан келесі мемлекеттін вагонына жүктерді ауыстырып тиейді. Вагондарға жүкті ауыстырып тиемейтін шекаралық стансаларда тіркемені бір колеядан екінші колеяға ауыстырып қояды.

Тасымалдау шарты тасымалдау құжатымен жүру тәртібіне қатысты, жолдың міндеттері мен зат түрлері, халықаралық қатынаста және басқа жағдайларда тасымалдауға болмайды, тасымалдауға қатысты қызмет қөрсету, халықаралық келісім-шартқа сәйкес келісілген халықаралық жолаушылар қатынасындағы келісім-шартта, темір жол көлігінің өкіліттері мен министрліктер қол қойып қорытындылайды, олар көп жақты және екі жақты болады.

ТМО жолдарында жүру құжаттарын сату. Шетелге шығатын Қазақстан азаматтары мен шетелдіктерге жүру құжатын "Интурист" мекемелер сатады, сондай-ақ темір-жол стансасының кассирлері де сатады. Олар басқару жолдарымен Қазақстандағы көлік министрлігін белгілі көрсеткіштері мен тарифтеріне, тәртібіне, келісім-шарттарына толығымен сәйкес келу керек.

Сатылған жүру құжатымен мекемелер «Интурист» мемлекеттік комитетіне ай сайын белгілі бір формада есеп беріп отырады, онда тасымалдауға қатысқан жолдармен есептеседі.

Жолаушылардың жүру құжаты купон кітапшасы болады, олар қатты қағаздан жасалған ашық қызыл түсті болып келеді, оны жүру құжаты ретінде пайдаланады. 2-ші, 3-ші, 4-ші беттерінде халықаралық қатынаста жүру шарттарын көрсетелді. Сыртқы бетін бөлек мөрлейді жіне соған қажетті жүру құжаттарын жапсырады. Купон кітабының жарамдылығы билет-купонымен бару үшін 2 ай, ал қайту үшін 4-ай және барып-қайту үшін 4-ай.

Плацкартты вагонмен жүргенде әрбір жолаушының өз орындары болады, темір-жол билетінен басқа, плацкарттағы орынға осы плацкарттан беріледі. Мұнда Төсек-орынды жолаушы тегін қолданады. Плацкартты билеттің жарамдылығы жүруге байланысты болады.

Жолаушы билеттің жарамдылығымен жүрісін жолшыбай стансада тоқтатып басқа уақытта жүруіне болады. Стансада тоқтағандығы туралы белгі соғудың қажеті жоқ. Жолаушы жолда аялдаған жағдайда, плацкартта билеттің жарамдылығын жойып, жүрмеген қашықтықтағы ақшасы қайтарылмайды. Қолданбаған билетті шағыммен қосып билетті белгіленген белгісімен бергенде төленген ақысын қайтарады. Жолғалған билет үшін төлеген ақыны бермейді. Қол жүгінің жалпы салмағы үлкендер үшін 35кг, 10 жасқа дейінгі балалар үшін 15кг артық болмау керек. Дипломатиялық поштаны жеке купеде, дипломатиялық курьерлер 200кг салмақта тасиды, қол жүгі одан жоғары болғанда жүк тарифімен төлейді және қол жүгі түрінде дайындайды.