Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции каз УПП 1-15.docx
Скачиваний:
158
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
339.84 Кб
Скачать

Бақылау сұрақтары:

Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ)

Оқу-әдістемелік әдебіет

С.А. Алпысбаевтың жалпы редакциалануымен«Организация работ по обслуживанию пассажиров на железнодорожном транспорте»Оқу құралы.- Алматы:М. Тынышпаев атындағы ҚазККА, 2005.

А.П. Артынов, Н.У. Дмитриев « Пригродные пассажирские перевозки» , Москва, Транспорт, 1985 – 159 б.

С.В. Богданович «Управление пассажирскими перевозками на ж.д. транспорте» Оқу құралы. Алматы, 2000-47бет.

4 Модуль – Багаж және жүк багажы тасымалын ұйымдастыру № 14 Дәріс

Тақырып: Жүк тасымалын ұйымдастыру жүк тасымалының жалпы ережелері (1 сағат)

Дәрістын максаты: Кемінде екі елдің аймағы бойынша бірдей шартта бір жол жүру немесе тасымалдау құжаттары бойынша жүзеге асырылатын багаждардың (жүк багаждарының) тасымалдануы, тасымалдау шарттары. ТМД жолдарындағы жол билеттірінң сатылуы.

Мазмұн:

1 Жүкті жеткізу.

2 Жук тасымалын жоспарлау.

3 Жүк-багажбен атқарылатын операциялар.

Глосарий: Жүк багаждарының; орын саны, салмақ, қаптау түрі; жүк атауы (үй заттары); белгіленген станция, мекн жай.

1 Жүкті жеткізу.

Жолаушылардан тасымалға алынатын жүктін жалпы массасына шектеу келтірілмейді. Жүк массасы, қаптамасы, қасиеттері оларды вагонда ыңғайлы етіп орналастыруға сәйкес болу керек. Әрбір жүк орынының массасы 80 кг, ал ұзындығы 3м –дан аспауы керек. Жолаушылардан жүкті қабылдау жүк квитанциясымен хатталады, оның бір нұсқасы жолаушыға беріледі. Басұқа жолаушылардың жүктеріне зиян келтіретін жарылғыш, улы, өздігінен жанатын және басқа да заттарды тасымалдауға тыйым салынады.

Жұк арқылы құжаттарды, ақшалай соманы және басқа да құнді заттарды тасымалдауға болмайды. Билет бар болса жүкті алдын-ала тапсыруға болады, бірақ поедің жүруінен 20 мин бұрын тапсыруы тиіс.

Жүкті жеткізу уақыты поездың станцияға дейін жүру уақытымен анықталады. Жүктін жекеленген орны 5 кг аз және 80 кг-нан аспауы керек, бөлінбейтін зат – 300кг.

Көкөніс пен жемістерді қайта тиеусіз тасымалдайды. Әрбір қабылданған жүк үшін жолаушығпа квитанцияға беріледі, және жолақы билетінде «жұк қабылданды» деген белгі қойылады. Жолаушының келісімі бойынша жүкті басқа да маршрутпен жіберуге болады. Жүктін әрбір орны маркерленеді.

Егер жүк дер кезінде станцияға келмесе, жолаушының жүк квитанциясының артында станцияның әкімшілік өкілі жыл, ай және күні көрсетілген штемпель қояды, және «жүк келген жоқ» деген белгі қойылады. Содан кейін жолаушыдан жүк келу туралы ескерту хат жіберу үшін адресі алынады. 10 тәулік откеннен кейін жүк жоғалтылған деп саналып, жолаушы жүк құнының қайтарулының талап етеді.

Жүк құнын станция басшысы төлеуі керек. Келген жүкті ақысыз келу күнін санамағанда 1 тәулік сақтайды. Жүк 1 тәуліктен аса сақталса белгілі айыппул тоөленеді, 30 тәулік ішінде алынбаған жүк сауда орталықтарына беріледі.

Жүкті өткізіп, оның құндылығын анықтаған кейін жолаушы №5 тарифтік басқару бойынша төлемақы төленеді. Төлем жөнелту алдында алынады.

Хаттау кезінде құжатта мыналар көрсетіледі: орын саны, салмақ, қаптау түрі; жүк атауы (үй заттары); белгіленген станция, мекн жай.