Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каза яз-1 прод.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
351.74 Кб
Скачать

VII бөлім Ұлт тарихына айналған ұлы тұлғалар

19-САБАҚ

Лексикалық тақырып: Сәкен Сейфуллин

Грамматикалық тақырып: Үстеу және оның түрлері

Лексикалық минимум: сағым, қиял-ғажайып, елжіреу, тіл сындыру,ыза,кек.

1-тапсырма. Мәтінді оқып,бяяндаңыз.

Сәкен Сейфуллин

Қазақтың үш бәйтерегіне айналған көрнекті жазушылар, қазақ әдебиетін қалыптастырушы Сәкен, Бейімбет, Ілияс – үшеуі де 1984 жылы өмірге келіп, 1938 жылы өмірден өткен.

Сәкен Сейфуллин 1984 жылы бұрынғы Ақмола облысы, Ақмола уезі, Нілді болысының Бірінші ауылында (қазіргі Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданы) туған. Сарыарқаның сағымды даласы, мөлдір сулары, толқыған Нұра, Есіл өзендерінің бойы, алыстан көз тартқан Аба, Ор тауларының бауыры – болашақ ақынның балалық шағы өткен, жаз жайлауы рахатын көріп, алтыбақан теуіп, ақсүйек ойнаған, қыстың боранды ұзақ түндерінде қиял-ғажайып, ерлік оқиғаларға толы батырлар жырын естіп, мың түрлі сырмен адам жүрегін елжіретер ән мен күй тыңдаған, айт пен тойдың қызығын көріп, айтыс пен бәйгені қызықтаған алтын бесік, ыстық ұясы.

Табиғатынан дарынды жаратылған мөлдір қара көз, толқынды қара шашты, қырмұрын, қайратты ұлдарын Сейфолла мен Жамал азан айтып қойған Садуақас деген есімінің орнына, еркелетіп Сәкен атап кеткен.

Сөзге шешен, домбырашы, саятшы, аңшы Сейфолланың көп істері, әрекет-қимылы, мінез-қалыбы болашақ ақынның өр, қайсар, әділ болып өсуіне әсер етеді. Еркелікті білмейтін, орынсыз күлкіге, жылауға жоқ тұрымтайдай бала шешесі Жамалдың ертегілерін тыңдаудан жалықпайды. Ауыл молдасынан тілін сындырып, арабша хат танып, қисса-хикаяны өзі оқитын деңгейге жеткен Сәкенді «Орысша тіл үйрен, орысша оқу үйрен», - деп Нілді зауытына жібереді. Тоғыз жасынан ауылдан кетіп, Кенішке келген Сәкен бір орыстың сиырын бағып, пешке тас көмір жағып, су әкеп, әр түрлі жұмыстар істей жүріп, әуелі сол үйдің кемпірінен бір жыл орысша үйреніп, екі жыл зауыт мектебінде оқиды. Кешке кеш жатып, кеш оянған ұйқыдағы жайбарақат ауылда болса, бүгін түтіні аспанға шаншылған зауыт, сан алуан машиналарды жүргізіп, тас қопарып жатқан жұмысшылар, жатақ үйлер, ауыр тұрмыс, тартысты өмір суреттері алғыр, зерек, есті бала жүрегіне ыза, намыс, кек болып байланады. Кейін олар ақынның көптеген шығармаларына арқау болады.

Сәкен қарбалас, аласапыран күндер тынышталып, бейбіт өмір арнасына түскен шақта негізгі өмірлік мұраты қаламгерлік екенін әбден ұғады. Оның қаламынан «Асау тұлпар», «Домбыра», «Экспресс», «Тұрмыс толқынында», «Көкшетау», «Альбатрос», «Қызыл ат», «Социалстан», «Жер қазғандар», «Айша», «Жемістер», «Бақыт жолына» драмалары туды. «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары», «Батырлар», «Қазақ әдебиеті» зерттеу еңбектері – қазақ фольклоры мен әдебиетіне қосылған үлкен ғылыми әрі тәрбиелік мәні жоғары туындылар. «Тар жол тайғақ кешу» атты тарихи мемуарлық романы – 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы, төңкеріс жылдарының көрінісін нақты дерекпен, объективті тұрғыда көрсететін туынды.

2-тапсырма. Мәтінге жоспар құраңыз.

3-тапсырма. Лексикалық минимумда берілген сөздердіің мағынасын ашыңыз.

Грамматикалық сілтеме: Қимылдың, іс әрекеттің әр түрлі белгісін, амал-тәсілін, мекенін, мезгілін, себебін, мақсатын, т.б. сипаттарын білдіретін сөздер үстеу деп аталады. Үстеулер мағынасына қарай 7-ге бөлінеді.

  1. мезгіл үстеу: бүгін, былтыр

  2. мекен үстеу: ілгері, кейін

  3. сын-қимыл үстеуі: әрең, ақырын

  4. мөлшер үстеуі: соншалық, бірталай

  5. күшейткіш үстеу: тым, өте

  6. мақсат үстеу: әдейі, қасақана

  7. себеп-салдар үстеуі: босқа, амалсыздан

4-тапсырма. Мәтін құрамынан үстеуді тауып, мағынасына қарай айқындаңыз.

5-тапсырма. С.Сейфуллиннің шығармасынан берілген үзіндіден үстеулерді тауып, тіркескен сөзімен бірге теріп жазыңыз. Үстеудің қай түрі екенін айтыңыз.

Түн мұнарына батқан айнала енді тым-тырыс болды. Кейіннен келе жатқан ешбір дыбыс білінбейді. Айша шабдар атты тоқтатып, артына қарады. Біраз жүрген соң, тағы да жан-жағына қарап тұрды. «Қасқыр! Жын! Шайтан!» деген сезімдер бірін-бірі қуалап, жүрегі лезде тыпырлағандай болды. Қыңсылаған, ұлыған дыбыс енді оңынан, солынан, алдынан айнала шығып, тіпті жақындап қалған сияқты болды. Жақыннан бір обо көрінді. Айша ақырын жанына келді. Кісі емес, обаның басында отырған бүркіт екен. Бүркіт жан-жағына мойын бұрып, қанатын сілкіп алды да, Айшаға қарады.

6-тапсырма. Өзіңіздің қатты қорыққан кезіңізді есіңізге түсіріп, құрымында үстеу қатысқан шағын сюжетті әңгіме жазыңыз.

7-тапсырма. Берілген үстеу сөздерді мағынасына қарай топтап жазыңыз.

Тым, мүлде, әдейі, жорта, соашалық, шалқасынан, кенеттен, шикілей, құсша, әрең-әрең, ретімен, бірталай, енді, кілт, ауызба-ауыз, лажсыздан, таңертең, қалт, жоғары-төмен.

20-САБАҚ

Лексикалық тақырып: Бейімбет Майлин

Грамматикалық тақырып: Үстеудің сөйлемдегі қызметі

Лексикалық минимум: іргелі, делебе, бейнет, әуес, саңлақ, шежіре, тынымсыз, құмар.

1-тапсырма. Мәтінді оқып, баяндаңыз.

Бейімбет Майлин

Қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы қазақ дәуірін бастаған «алыптар тобында «ірі ақын, іргелі прозаик және драматург Беймбет Майлинның орны өзгеше, бөлек.

Бейімбет (Бимағамбет) Жармағамбетұлы Майлин 1894 жылы қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданы, Майлин кеңшарында туған. Екі жасында әкеден жетім қалған Бейімбет бір байдың сауыншысы боп жүрген анасының қолында тәрбиеленеді. Жетіге жеткен соң өзі де сол байдың қозысын бағып, кейін атының делебесін ұстайды. Бейнет пен жоқшылықтың ащы дәмін татқан жас бала кәрі әжесінің жылы құшағында бұйыға тербеліп отырып, зар сырын жанымен ұғатын. Әжесі көне жырларды көп білетін, өзі де аздап өлең шығаратын ақынжанды адам екен. Соның әсері болса керек, Бейімбет жастайынан өнерге құмартып, өлеңге әуестенеді.

Қалам қызметіне ерте араласқан Майлинның ширек ғасыр ішінде жазған таңдаулы поэзиялық, прозалық, драмалық шығармалары – біздің бүгінгі сөз өнерімізге қосылған қымбат қазына. «Мырқымбай», «Шұғаның белгісі», «Раушан – коммунист», «Ауыл мектебі» т. б. шығармалары сол дәуірдің шындығы мен тарихынан сыр шертетін туындылар.

Қазіргі қазақ әдебиетінің негізгі жанрларын қалыптастырып, дамытуға сіңірген ерекше еңбегін, бүгінгі қазақ ауылының жаңа тарихындағы жиырмасыншы-отызыншы жылдардың көркем шежіресін жасауда атқарған айрықша қызметін өз алдына қойғанда, Бейімбет Майлин өзінен кейінгі қолына қалам алғандарға анық екі қырымен өнеге: 1) «Талант – еңбек» деп Горький айтқандай, саңлақ суреткер өлшеулі ғана шығармашылық ғұмырында өлшеусіз еңбек сүйгіштігімен «Жазушылық – жазу, жақсы жазу, жақсы жаза алсаң қалам құрғатпай жазу» екенін тынымсыз іс-әрекетімен қолма-қол дәлелдеп кетті; 2) «Әңгіме – шеберлік мектебі» деп Федин айтқандай, қазақтың Чеховы секілді қысқа новеллалардың нағыз үлгісін көрсетті.

2-тапсырма. Мәтін бойынша жан-жақты сұрақтар қойыңыз.

3-тапсырма. Лексикалық минимумда берілген сөздерді мәтіннен тауып, баламасын басқа синонимдері арқылы бере отырып, сөйлемді қайта жазыңыз.

Грамматикалық сілтеме: Сөйлемде үстеу негізінен пысықтауыш қызметін атқарады.Мысалы: Кешеден бері күн райы күрт бұзылды.

Жіктеліп келіп, баяндауыш қызметін де атқарады. Мысалы: Біз төмендеміз.

Кейде үстеу атау септікте тұрып, заттанып келіп, бастауыш қызметінде жұмсалады. Мысалы: Еріншектің ертеңі таусылмас.

Күшейткіш үстеулер сапалық сын есімдермен тіркесіп келіп, күрделі анықтауыш қызметінде жұмсалады. Мысалы: Мәжіліске ең таңдаулы адамдар келмек.

4-тапсыырма. Мәтін құрамындағы үстеулердің қызметін айқында.

6-тапсырма. Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» әңгімесін оқыңыз.

21-САБАҚ

Лексикалық тақырып: Ілияс Жансүгіров

Грамматикалық тақырып: Шылау және оның түрлері

Лексикалық минимум: қайнар, таным, мән, қиял, үлгі, дарын, әсте, қазына, көзқарас, ықпал.

1-тапсырма. Мәтінді оқып, баяндаңыз.

Ілияс Жансүгіров

Қазақ жаңа әдебиетінің бастау қайнарында тұрған құдіретті талант иелерінің барлығына ортақ қасиет – көп қырлылық. Бұл ерекшелікті ақын, драмашы, прозашы Ілияс Жансүгіров бойынан да көруге болады. Оның поэзиясы ұлттық әдебиеттің классикалық байлығының қатарына жатады. Ақын шығармаларының танымдық, тәрбиелік мәні зор. Ол адамның ойына ой, сезіміне сезім қосады, қиялына қанат бітіреді, адамгершілік идеяларды толғайды.

Ілияс Жансүгіров 1984 жылы қазіргі Талдықорған облысы, Ақсу ауданында туған. Анасынан ерте қалған Ілиясты әкесі Жансүгір еркелетіп, жақсы үлгі көрсетіп, тәрбиелеп өсіреді. Ілиястың әкесі ескіше хат танитын, батырлық жырларды, тарихи оқиғаларды жақсы білетін, әңгімеші, домбырашы, ұста болған.

Табиғатынан аса дарынды туған, бір естіген әнді, тартылған күйді, бір жырланған дастанды қолма-қол қағып алып, әсте ұмытпайтын Ілияс, ең алдымен, халық әдебиетінің бай қазынасын бойына сіңіріп, өзі де сал, сері болып, айт пен той, қыз ұзату мен тамашаның көл-дария қызығына батып, келіннің бетін ашып, өлгенге жоқтау шығарып беріп, ел ішінде Жансүгірдің ақын ұлы атанады.

1927 – 1937 жылдар арасында поэзия, проза, драматургия, сын, аударма салаларында жиырмадан астам кітап шығарып, артына бай мұра қалдырды. Оның лирикалық шығармалары «Дала», «Күй», «Күйші», «Құлагер» поэмалары, «Жолдастар» романы, «Кек», «Түркісиб», «Исатай-Махамбет» пьесалары - өлмес туындылар.

Қазақ поэзиясының жүйрігі, ақындықтың құлагері атанған Ілияс Жансүгіров репрессияға ұшырап, 1938 жылы опат болды.

2-тапсырма. Мәтінге жоспар құрыңыз.

3-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақ үлгілерін құрыңыз.

Грамматикалық сілтеме: Шылаулар – лексикалық мағынасынан айрылу нәтижесінен туған сөздер. Шылау сөздер білдіретін мәні мен сөйлемде атқаратын қызметіне қарай септеулік шылау, жалғаулық шылау, демеулік шылау болып үшке бөлінеді.

Септеулік шылаулар: үшін, сайын, туралы, арқылы, жайлы, сияқты, тәрізді, дейін, шейін, қарай, таман, бері, бұрын, бірге, соң, кейін, қарай, жуық, тарта, гөрі, әрі, қатар. Септеулік шылаулар белгілі бір септік тұлғалы сөзбен тіркесіп келіп, соған қосымша мән үстейді.

Жалғаулық шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді салаластыра байланыстырады.

Жалғаулық шылаулар: мен (бен, пен, менен, пенен, бенен), да (де, та, те), және,әрі, бірақ, алайда, дегенмен, әйтпесе, әйткенмен, сонда да, бірде, біресе, әлде, кейде, не, немесе, я, яки, себебі, өйткені, сондықтан, егер, егер де.

Демеулік шылар сөзге я сөйлемге қосымша мән үстейді. Олар: ма (ме, ба, бе, па, пе), ше, -ақ, -ау, -ай, ғана,

-мыс, түгіл, тұрмақ, қой, -ды (-ді, -ты, -ті).

4-тапсырма. Мәтіннен шылауларды тауып, тіркесіп тұрған сөзімен бірге көшіріп жазыңыз.

5-тапсырма. Берілген шылауларды мағынасына қарай топтап жазып, қай сөзбен тіркесе алатынын мысалдар арқылы дәлелдеңіз.

Пен, –ау, бірақ, таман, секілді, ғана, әлде, ма, -ақ, тұрмақ, өйткені, сондықтан, гөрі, қатар, ше.

6-тапсырма. І. Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасын оқыңыздар.