Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каза яз-1 прод.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
351.74 Кб
Скачать

II бөлім. Менің Оаным – Қазақстан

2-САБАҚ

Лексикалық тақырып: Қазақстанның рәміздері

Грамматикалық тақырып: Сөздің тура және ауыспалы мағынасы

Лексикалық минимум: шұғыла, бейнелеу, нақыш, арқау, нышан, пішін, ұғым, тәрізді, асқақ, кие.

1-тапсырма. Мәтінді оқып, баяндаңыз.

Қазақтан Республикасының Мемлекеттік Туы

Мемлекеттік ту он екінші сайланған Қазақстан Республикасы жоғары Кеңесінің 7-ші сессиясында 1992 жылы 4 маусымда қабылданған. Авторы – суретші Ш.Н.Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Ту сабының тұсынан ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Күн, шұғыла, қыран және өрнек бейнесі – алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының қатынасы – 1:2

Елтаңба – елдігіміздің белгісі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының ең басты жүгін көтеріп, оған негізгі арқау болып тұрған – шаңырақ. Ол – Елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ әлемнің тұтастығын, ошақтың амандығын білдіреді. Шаңырақ бейнесі – бүкіл қазақ елі үшін тіршіліктің, шексіз өмірдің нышаны. Шаңырақ- киіз үйдің дөңгелек пішінді төбе бөлігі. Көшпенділер киіз үйді әлемнің кішірейтілген үлгісі деп таныса, шаңырақты соның ең маңызды, ең қастерлі бөлігі ретінде құрметтеген. Көшпелі түркілерде қалыптасқан түсінік бойынша шаңырақ – үй, ошақ, отбасы, Отан деген ұғымдарды білдіреді. Қазақтың киіз үйі де, оның шаңырағы да күн, ай, жер пішіндес дөңгелек, шеңбер тәрізді. Елтаңбамыздың да пішіні сондай. Елтаңбадағы ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ - халқымыздың асқақ арманға, биік мақсатқа ұмтылысы мен еркіндігінің белгісі. Айрықша күш-қуаттың, күн нұрынан дарыған ғажайып қасиеттің иесі. Желден жүйрік жануарды серік етіп, тұлпардың тұяғымен ұлы даланы дүбірлеткен ата-бабаларымыз жылқыны ерекше қастерлеген. Оны төрт түліктің киесі деп таныған. Халқымыздың бүкіл тұрмыс-тіршілігі жылқымен тығыз байланысты.

Елтаңбадағы тағы бір нышан – Жұлдыз. Әр адамның өміріне бағдар беретін өз жұлдызы болады. Осындай жұлдыз мемлекетке де қажет. Елтаңбадағы бесбұрышты жұлдыз Күн мен Айды, Жұлдызды кие тұтатын халқымыздың «бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманын арқалап тұрғандай. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары – Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

2-тапсырма. Лексикалық минимумда берілген сөздердің синонимдерін табыңыз.

3-тапсырма. Мәтін мазмұнына қатысты қандай сұрақтар қойған болар едіңіздер? (10 түрлі сұрақ құрастырыңыз.)

Грамматикалық сілтеме: : Сөздің ең бастапқы негізгі атау болған мағынасын тура мағына дейміз. Мысалы: көз – адамның, аңның, жануардың көру мүшесі.

Сөздің ауыспалы мағынасы дегеніміз – ауыстырып қолданудан пайда болған келтірінді мағынасы.

Мысалы: істің көзі, көзімдей көр, көз бол.

4-тапсырма. Мәтіндегі қарамен жазылған сөздердің мағыналарын анықтап, сол сөздерді тура және ауыспалы мағынада жұмсай атырып, сөйлемдер құраңыз.

5-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін тура және ауыспалы мағынада қолданып, сөйлем құраңыз.

Темір күрек-темір тәртіп, алтын сағат-алтын астық, қоңыр сиыр-қоңыр жел, жылы су- жылы сөз, суық күн- түсі суық, күміс қасық-күміс күлкі.

6-тапсырма. Мына мақалдардың мағыналарын ашып, ауыспалы мағынада жұмсалған сөздерді айқындаңыз.

Ер қанаты – ат.

Жылқыны мінсең, үсті жел,

Ішсең, қымызы – бал,

Жесең, еті – бал.

Жүйрік атқа жел қамшы.

Көлдің көркі – құрақ,

Жігіттің көркі – пырақ.

7-тапсырма. Түсіндірме сөздікте мына сөздердің мағыналары қалай түсіндірілген, салыстырып көріңіздер.

Арғымақ, пырақ, сәйгүлік, тұлпар.

3-САБАҚ

Лексикалық тақырып: Астана - бас қала

Грамматикалық тақырып: Тұрақты сөз тіркестері Лексикалық минимум: кемеңгер, ауқымды, үндеу, дербес, қоныс, кемел, игі,зәулім, келбет, торап.

1-тапсырма. Мәтінді оқып, баяндаңыз.