Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каза яз-1 прод.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
351.74 Кб
Скачать

Арал тағдыры – адам тағдыры

Ұлан-ғайыр Арал теңізінің тартылуы адамзат өміріне үлкен қауіп туғызып отыр. Арал теңізінің тартылуы еліміздегі күріш өсірумен байланысты. Оны суға толтырып тұратын Сырдария мен Әмудария сулары күріш пен мақта егуге бөлінді. 1940 жылдары «күміс дән» өсіру екі есеге ұлғайтылды. Арал теңізін толтырып тұратын су миллион гектар жерді суғаруға мыңдаған километр каналдарға құйылды.

Егін өнімі күннен-күнге өсе түсті. Керісінше, 1960 жылдары Арал теңізінің суы екі есеге дейін төмендеді. Дүние жүзінде су көлемі жағынан үшінші орында тұратын Арал теңізі адам айтқысыз зардапқа ұшырады. Бір жыл ішінде су деңгейі 38 см-ге төмен түсті. Адамзаттың көз алдында Арал теңізі 640 куб км. суынан айырылды. Арал теңізі екіге бөлінді. Үлкен Арал және Кіші Арал. Арал теңізі қаладан мүлдем алыстап кетті. Шаңқылдаған шағалалар мен корабльдердің даусы мүлдем естілмейтін болды.

Арал теңізі өзінің қатынас және шаруашылық кәсібінен айрылды. Арал теңізіндегі шөгінді тұздар теңіз маңындағы тоғайлар мен қара сексеуілдің тұқымын жойды. Жердің тұздануы мал бағуға кесірін тигізді, бұл аймақта мал өсіру қиындап кетті. Теңізге шөккен тұздар Арал маңындағы елді мекендердің егін кәсібімен шұғылдануына кедергі келтірді. Топырақ тұзданып, егін шықпай қалды. Арал теңізінің тартылуы, Арал апаты тек Орта Азия мен Қазақстан халқының қасіреті емес, бұл – бүкіл әлем үшін үлкен қауіп.

2-тапсырма. Мәтін бойынша диалог құрыңыз.

3-тапсырма. Лексикалық минимумда берілген сөздерді мәтіннен тауып, баламасын басқа синонимдері арқылы бере отырып, сөйлемді қайта жазыңыз.

Грамматикалық сілтеме: Заттың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табын зат есім деп атаймыз.

Зат есім көптеледі, септеледі, тәуелденеді, жіктеледі.

4-тапсырма. Мәтіннен зат есімдерді тауып, тұлғасына қарай талдаңыз.

5-тапсырма. Өлең жолдарынан септік, тәуелдік және жіктік жалғаулы зат есімдерді табыңыз.

Білем мен қасиетті ана сырын,

Шырқырап бөбегіне жаны ашырын,

Тимеймін балапанға, мен де сондай,

Біреудің әлдилеген баласымын.

Отанның ұрпағымыз, түлегіміз,

Отаннан тыныс алған жүрегіміз.

Арналған ұлан-байтақ Отан үшін

Ар, намыс, қасиетті тілегіміз.

6-тапсырма. Берілген сөйлемдердегі көптік жалғаулы сөздерді құрамына талдаңыз.

Біз көшесіне кіргенде, ауыл әбігер екен. Көрпе-жастық, тостаған, самауырлар тасыған жас әйелдер, еркектер қарбаласады. Есепшілер, малмен көз ашқан бақташылар, қариялар тағы талай ырымдарды айтып жүрді. Қанша жұрт жұмыстан қалып, қанша уақыт сергелдеңге түскелі жатыр. Бұл күндері басқа әндер ұмыт болып кеткен.

7-тапсырма. Экологиялық апат аймақтары, Арал теңізінің қазіргі жай-күйі туралы мәлімет жинақтаңыз.

7-САБАҚ

Лексикалық тақырып: Қазақстандағы қорықтар

Грамматикалық тақырып: Зат есімнің сөйлемдегі қызметі

Лексикалық минимум: түйісу, шоғырлану, байырғы, сирек, ұйымдастыру, аймақ, қылқан, көлем, қалыптасу,баяу.

1-тапсырма. Мәтінді оқып, баяндаңыз.

Қазақстандағы қорықтар

Қазақстандағы тұңғыш қорық – Ақсу-Жабағылы қорығы. Ол 1926 жылы Қазақ АССР Халық Комиссарлар Кеңесінің қаулысы бойынша құрылған. Бұл қорық Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас, Ленгір және Жамбыл облысының Жуалы аудандары түйіскен Талас Алатауының Өгем, Піскен тауларына жалғасқан жерінде орналасқан. Осы өңірде мүктің 80 түрі, қынаның 60 түрі, күрделі өсімдіктердің 1200-ге жуық түрі, соның ішінде бұтаның 62 түрі, ағаштың 16 түрі кездеседі.

Жер жағдайының және ауа-райының осындай құбылмалылығы жер шарының әр түрлі ендіктерінде мекендейтін сан алуан құстар мен аңдардың осында шоғырлануына жағдай туғызған. Бұған қорықтағы 42 түрлі аң мен 240 түрлі құстың ішінен Сібір арқарлары мен тау ешкілерінің, Орта Азия аюының, Алтай маралының, Тайга көкектері мен Тундра торғайларының, Гималай бұлбұлының, тағы басқа да сол сияқты көптеген аңдар мен құстардың қорықтың байырғы «тұрғындарына» айналғандығы дәлел бола алады. Сонымен қатар қорықта өте сирек кездесетін аңдар мен құстар да баршылық. Мәселен, Менизбир суыры дүние жүзінде тек Ақсу-Жабағылы қорығында кездеседі.

Алматы қорығы. Алматы қаласынан 25 км жерде Алатау қойнауында, Талғар өзендерінің құйылысында Алматы мемлекеттік қорығы орналасқан. Бұл қорық алғашқы рет Іле Алатауындағы Кіші Алматы орман шаруашылығының территориясында 1931 жылы ұйымдастырылды.

Қазір қорықтың 89,6 мың га жері бар. Бір-бірінен оқшау жатқан екі бөлімшеден тұрады. Оның бірі – Іле Алатауының орталық бөлігінде орналасқан таулы аймақ (көлемі 71,7 мың га), екіншісі Қалқан шөлді аймағы (көлемі 17,8 га). Осы бөлімшеде тамаша табиғат ескерткіші «Әнші тау» бар. Алатауға сән беріп тұрған қылқан жапырақты ормандар 1400-2800 метр биіктікте кездеседі. Ормандағы негізгі ағаш түрі – Тянь-Шань немесе Шренк шыршасы. Бұл - өте баяу өсетін, қалыптасуы үшін көп жылдарды керек ететін ағаш. Қорықта шыршалы орман көлемі – 5,3 мың гектардай.

2-тапсырма. Мәтін бойынша тезис құрыңыз.

3-тапсырма. Мәтін бойынша деңгейлі сұрақтар құрастырыңыз.

Грамматикалық сілтеме: Зат есім сөйлемде 5 түрлі қызмет атқарады.

Бастауыш: Қазақстандағы тұңғыш қорық – Ақсу-Жабағылы қорығы.

Баяндауыш: Бұл - өте баяу өсетін, қалыптасуы үшін көп жылдарды керек ететін ағаш.

Анықтауыш: Қазір қорықтың 89,6 мың га жері бар.

Толықтауыш: Бір-бірінен оқшау жатқан екі бөлімшеден тұрады.

Пысықтауыш: Мәселен, Менизбир суыры дүние жүзінде тек Ақсу-Жабағылы қорығында кездеседі.

4-тапсырма. Мәтіннен бастауыш пен баяндауыш қызметін атқарып тұрған зат есімдерді тауып, сол зат есімдерді тұрлаусыз мүшелер қызметінде жұмсай отырып, сөйлем құраңыз.

5-тапсырма. Берілген сөйлемдерде зат есімдер қандай қызмет атқарып тұрғанын анықтаңыз.

Кедей ауылдың сыртында ойнап жүрген бір топ бала бұл көрініске таңырқай қалыпты. Екі күннен соң көл мұзының көбесі сөгіліп, сең жүрді. Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі. Елді сағынып келген Абай мен Ерболға енді алдарынан шыққан мына хабар аса көңілді көрінеді. Келген күннің ертеңінде Абай шешесімен ұзақ әңгімелесіп отырып, өздері кеткеннен бергі ел ішіндегі жаңалықтарды есітті.

6-тапсырма. Табиғат сөзін бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш қызметінде жұмсай отырып сөйлемдер құраңыз.

7-тапсырма. Қазақстандағы барлық қорық түрлері туралы мәлімет жинақтаңыз.