Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каза яз-1 прод.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
351.74 Кб
Скачать

IV бөлім. Өнер алды – қызыл тіл

8-САБАҚ

Лексикалық тақырып:Қазақ – қандай халық

Грамматикалық тақырып: Сын есім. Сын есімнің мағыналық түрлері

Лексикалық минимум: кемеңгер, көсем, тәлім, кесім, кемел, тұтас, ұшқыр, айғақ, жарқын, көрін.

1-тапсырма. Мәтінді оқып, баяндаңыз.

Қазақ – қандай халық

Қазақ – сөз қадірін өз қадірім деп білген халық. Кеңдігін де, елдігін де, кеменгерлігі мен көсемдігін де сөзге сыйғызған халық. Оның тарихы да, тағдыры да, тәлімі мен тәрбиесі де, даналығы мен дала көңілі де сол сөзде жатыр.

Қазақ тарихында сөздің орны ерекше. Бітпес даудың кесімі де, шешімі де сөз болған. Терең ақыл, кемел ой, арман-мұрат – бәрі сыйған сиқыр сөздің бағасын біреу білсе, қазақтай-ақ білсін. Оның рухы, жан құпиясы, төзім-сезімі сөз құдіретімен тұтас, туыс. Сондықтан да қазақ халқы үшін сөзден өткен күш, құдірет жоқ, тоқтам жоқ. Халқымыздың « Сөз тапқанға қолқа жоқ», «Аталы сөзге арсыз ғана тоқтамайды»,- деуінің мәнісі де осында жатыр.

Қазақ – ұшқыр ойды қастерлеген, ғасырлар бойы сөз мұрасын қорғаштап, сөз асылын жоғалтпай келген, ардақтысы да, аяулысы да сөз болған халық. Бұның айғағы ретінде ғасырлар бойы ауыздан-ауызға тараған әдеби мұраларымызды айтуға болады. Мақал-мәтелдер мен жұмбақтар, айтыс өнері – шешендігіміздің жарқын көрінісі.

2-тапсырма. Мәтін құрамындағы қазақ халқының болмыс-бітімін танытатын сөздерді топтастырып, оның әрқайсысын дәлелдеп беріңіз.

3-тапсырма. Мәтінде кездесетін мақал-мәтелдердің мәнін өз сөздеріңізбен түсіндіріңіздер.

Грамматикалық сілтеме: Заттың сын-сипатын, түсін, көлемін, дәмін білдіріп, қандай? қай? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табын сын есім дейміз. Сын есім мағынасына қарай сапалық және қатыстық болып екіге бөлінеді. Түбір күйінде тұрып сындық белгіні білдірсе, сапалық сын есім, ал басқа сөз таптарына жұрнақ жалғану арқылы туындаған сын есімді қатыстық сын есім дейміз. Мысалы: үлкен үй - сапалық сын есім, ақылды қыз – қатыстық сын есім.

4-тапсырма. Мәтінде кездесетін сын есімдерді мағыналық түрлеріне қарай бөліп, ішіне-сыртына стратегиясы арқылы сапалық сын есімдерді ішіне, қатыстық сын есімдерді сыртына жазыңыз.

5-тапсырма. Төмендегі нақыл сөздердегі сын есімге талдау жасап, нақыл сөздерлің мәнін ашып түсіндіріңіз.

Ақылды әрі адал адамға жақындауға талпын, ақылды әрі өтірікші адамннан сақ бол, адал әрі ақымақ адамды ая, өтірікші әрі ақымақ адамнан аулақ қаш. Байлық пен баянды денсаулық, дос пен тілі тәтті әйел, тіл алғыш ұл мен пайдалы білім – бұл ғаламдағы алты игілік осы. Дос - жаманшылықта, батыр - шайқаста, адал - қарызын қайтаруда, әйел - кедейлікте, туыс-туған - кемдік-тарлықта танылады. (Үнді нақылдарынан).

6-тапсырма. Төмендегі синоним сын есімдердің қандай зат есімдермен тіркесетінін тауып, онымен сөйлем құрастырыңыз.

Аса қадірлі, өте құрметті, аяулы; даусыз, талассыз, шүбәсіз; қояндай қорқақ, су жүрек; ғаламат білгір, терең білімді, данышпан, оқымысты.

7-тапсырма. Қ.Мырзалиевтің «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» атты өлеңін оқып, мәнін ашып, негізгі идеясын айқындаңыз.

9-САБАҚ