Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каза яз-1 прод.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
351.74 Кб
Скачать

Лексикалық тақырып: Айтыс – атадан қалған мұра

Грамматикалық тақырып: Сын есімнің сөйлемдегі қызметі

Лексикалық минимум: бәдәуилер, әуелі, қалжың, тапқыр, шарт, тың, талап, ұтымды, мақам, дарын.

1-тапсырма. Мәтін мазмұнын баяндаңыз.

Айтыс – атадан қалған мұра

Ақындар айтысы – арабтың бәдәуилері мен қазақ, қырғыз елінде ғана кездесетін ақындық өнердің ерекше түрі. Көшпелі қазақ тұрмысында ақынға «Ақын» атағын әперетін ең басты байқау- айтыс болған. «Ақын» атану үшін ол өзінің ақындық күшін көп алдында таныту керек; ол үшін әуелі айт пен тойда қыздар мен жігіттер бірер ауыз қалжын өлең шығарысып айтысудан бастап үйренуі керек. Қыз бен жігіт айтысында немесе жұмбақ айтысында оза шауып бәйге алған, ақындығымен, тапқырлығымен көптің көзіне түскен қыз бен жігіт қана үлкен айтысқа шығуға құқылы болған. Айтысқа түсуші ақынға қойылар шарт, біріншіден, тыңнан ой құрап, құрастырып өлең шығару болса, екіншіден, айтысушы қарсы ақынның аяқ астынан қойған талап, сұрағына өлеңмен ұтымды жауап беруі қажет. Үшіншіден, ақындар өлеңді мақамына келтіріп, домбыраға қосып айту керек. Белгілі әдебиетші Е.Ысмайылов: «Қазақтың ақыны әрі өлеңді өз жанынан шығаратын поэт, әрі әсем сазды орындаушы –певец, әрі ел, жер тарихын баяндаушы - әңгімелеуші, бір сөзбен айтқанда, тоқсан тоғыз өнерді бойына жинаған дарынды талант иесі» деп, ақындық өнерді аса жоғары бағалаған.

2-тапсырма. Қазақ халқының дарындылығы басқа қандай өнерінде көрініс береді?

3-тапсырма. Мәтінге жоспар құрыңыз.

Грамматикалық сілтеме: Сын есімнің сөйлемдегі негізгі қызметі – анықтауыш.Мысалы: Терең ақыл, кемел ой, арман-мұрат – бәрі сыйған сиқыр сөздің бағасын біреу білсе, қазақтай-ақ білсін.

Бастауыш: Аталы сөзге арсыз ғана тоқтамайды.

Баяндауыш: Қазақ тарихында сөздің орны ерекше.

Толықтауыш: Білімдіден шыққан сөз

Талаптыға болсын кез.

Пысықтауыш: Айтысушы қарсы ақынның аяқ астынан қойған талап, сұрағына өлеңмен ұтымды жауап беруі қажет.

4-тапсырма. Мәтінде кездесетін сын есімдердің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.

5-тапсырма. Заттанған сын есімдерді тауып, қызметін анықтаңыз.

Оның сұлу көздерінің ақ-қарасы әлі де тап-таза. Соқырдың өзіне қадалған жалғыз көзі еріксіз жауап айтуды күтіп тұрғанын аңғартты да, Сармолла Абай жайын айтып берді. Көсеуі қысқаның қолы күйер. Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп. Жаманға жақыным деп сырыңды айтпа, көпке шашар. Үлкенге сый-құрмет, кішіге жол көрсет.

6-тапсырма. Жақсы сөзін 5 түрлі сөйлем мүшесі қызметінде жұмсап, сөйлемдер құраңыз.

7-тапсырма. Ақындар айтысының қандай түрлерін білесіздер? (Мәлімет жинақтаңыз).

10-САБАҚ

Лексикалық тақырып: Шешендік өнер

Грамматикалық тақырып: Сан есім. Сан есімнің мағыналық түрлері

Лексикалық минимум: жаратылыс, бейім, қиыннан қиыстыру, бедер, нақыл, кесім, бітім, өркен жаю.

1-тапсырма. Мәтінді оқып баяндаңыз

Қазақтық би -шешендері

Қазақ халқы - жаратылысынан шешендік өнерге бейім халық. Оның қиыннан қиыстыра, төтенен төге сөйлейтін тапқыр да ақылды, бейнелі де бедерлі, аталы да баталы, нақыл, қанатты ойлары жөнінде өзіміз де, өзгелер де таңдай қағып айтудамыз.

Бұрынғы кезеңде би-шешендер даулы мәселені түйінді төрт –ақ ауыз сөзбен тындырып отырған. Тыңдарғанда да хатсыз, харарсыз, ауызша жүзеге асып, бітіп жатқан. Ертедегі бір бидің өзі осы күнгі соттың да, прокурордың да, милицияның да, қаншама мекеме, ұйым басшыларының да қызметін атқарып келген.

Атқарғанда да ол билердің кесімі, бітімі көпшіліктің көзінше ашық аспан астында айдан анық жария боп отырған. Билер өзінің сөзін, билік шешімін «Ал, халайық, бұған не дейсіңдер, ризамысыңдар?» деп көпшілікке салып мақұлдасар еді. Сондықтан да халық өзінің от ауызды, орақ тілді, қара қылды қақ жара билік айтатаын шешен билерін ханнан бетер қадірлеп, сыйлап, олардың айтқан кесімді, бітімді сөздерін жадында сақтап келген.

Әсте қазақтың шешендік өнері, билік құру дәстүрі Әз- Жәнібек ханның, Жиренше шешеннің тұсында өркен жайып, Әз Тәуке ханның кезінде биік шыңға көтерілсе керек. Атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің даңқы осы кезде бүкіл қазақ даласына жайылды. Үш жүздің басын біріктіріп, Түркістан шаһарында хандық, билік ордасын құрған. Тәуке ханның кезінде билер кеңесі құрылып, ол жыл сайын Түркістан, Сайрам шаһарлары маңындағы Битөбе, Мәртөбеде өтіп отырған. Билер кеңесінде үш жүздің атақты билері бас қосқан.

2-тапсырма. Мәтін бойынша 8 сұрақ құрыңыз.

3-тапсырма.Мәтіндегі ойға тірек болған сөздерді топтастырыңыз.

Грамматикалық сілтеме: Сан есімнің мағыналық түрлері

Сан есімнің түрлері

Сұрақтары

Жасалу жолдары

Мысалдары

Есептік сан есімдер (количественные числительные)

Қанша? неше?

бір, екі, үш, қырық, елу

Реттік сан есімдер (порядковые числительные)

Нешінші? қаншасыншы?

-ыншы, -інші, -ншы, -нші

Бірінші, оныншы, мыңыншы

Жинақтық сан есімдер (собирательные числительные)

Нешеу?

-ау, -еу

біреу, жетеу, алтау

Болжалдық сан есімдер (предположительные числительные)

Қанша? неше? қаншадай? Нешеге жуық?

-дай, дей, -тай, -тей

-даған,

-деген,

-таған,

-теген

-ер,

елудей, отыздай

ондаған, жүздеген

бірер

Топтау сан есімдер (разделительные числительные)

Нешеден? қаншадан?

-дан, -ден, -тан, -тен,-нан, -нен

Он-оннан, бір-бірден, жүз-жүзден

4-тапсырма. Мәтінде кездесетін сан есімдерге талдау жасаңыз. Ол сан есімдерді басқа мағыналық түрлеріне айналдырып сөйлем құраңыз.

5-тапсырма. Жаттығуды көшіріп жазып, сан есімдерді мағынасына қарай талдаңыз.

Жетісу облысында 1891 жылы 64 мектеп, медресе болып, оларда 1251 бала оқыған. 1895 жылы 74 мектеп, медресе және 9086 оқушы, 1897 жылы 88 мектеп, медресе, 12835 оқушы болған. Семей облысында 1884 жылы 10 мектеп, медресе болып, бұларда 615 бала оқыған. 1888 жылы 12 мектеп, медресе, 761 оқушы, 1895 жылы 17 мектеп, медресе, 900 оқушы болған.

6-тапсырма. Жаттығудан сан есімдерді тауып, мағынасына қарай талдаңыз.

Құттыбай ауылы күздіке екі жырылып қонды: төрт-бес үй Алтаймен бір бөлек, бес-алты үй Асанмен бір бөлек. Бір мың тоғыз жүз тоқсан екінші жылы республикада табиғат қорғау ісіне төрт жүз жиырма миллион сом ақша жұмсалған. Төрт-төрттен қатар түзеген жасөспірімдер жүзінен қуаныш табы сезіледі. Үйге жиырма шақты қонақ жиналды. Екеуінің үйлері де көрші. Екеудің үлесі үшеуге үнем.

7-тапсырма. Шешендік сөздердің түрлері туралы мәлімет жинақтаңыз.

11-САБАҚ

Лексикалық тақырып: Шығармашылық жұмыс

Грамматикалық тақырып: Сан есімнің сөйлемдегі қызметі

«Мен өз ұлтымды мақтаныш етемін!» деген тақырыпта шығарма жазыңыз.

(Жоспар міндетті түрде құрылуы тиіс.)

Грамматикалық сілтеме: Сан есімнің сөйлемдегі негізгі қызметі – анықтауыш. Мысалы: Әнші Біржанның «Адасқағынан» бастап, 21 әнді бірінің соңынан бірін орындап шықты.

Бастауыш: Жетеуі кіріп келгенде, үйдегілердің бәрі аңтарыла қарады.

Баяндауыш: Оның жасы жиырма бесте.

Толықтауыш: Ақылмен мыңды, ақырумен бірді көндіресің.

Пысықтауыш: Ұлпан өзіне керектінің бәрін төрт-төрттен алып жатыр.

Тапсырма. Шығарма соңында кез келген сан есімді алып, барлық мағыналық түрлеріне қоя отырып, сөйлем құраңыз.