Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каза яз-1 прод.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
351.74 Кб
Скачать

Астана - бас қала

Тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының құрылысы ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басындағы күллі кеңістіктегі ең бір ауқымды кемеңгерлік жоба ретінде тарихқа енуі даусыз. «ХХ ғасырдың шиеленісі тарихында біз тұңғыш рет өз мемлекетіміздің астанасы туралы дербес шешім қабылдадық, - деді Қазақстан халқына үндеуінде Н.Ә.Назарбаев, - Ұлттық тарихымызда тұңғыш рет біз өз таңдауымыз – көне Сарыарқаның киелі аспаны астында қоныс тепкен жаңа астанамыз туралы мәлімдейміз».

Астана – бүгін өскелең қала, кемел де келісімді ойлардың, ізгі ниет пен игі тілеудің қаласы. Астана жер бедері жағынан да қолайлы. Айталық, Есілдің мәрмәр жағалауынан зәулім ғимараттар салуға да, қаланың орталық бөлігінде еуропалық үлгідегі тұрғын үйлер тұрғызуға да орын жетеді.

Астана – еліміздің бас қаласы - Отанымыздың астанасы. Қала іргесі қаланғаннан Ақмола деп аталатын, кейінен Целиноград, ал 1992 жылдан бастап қайтадан Ақмола болды. Жаңаша келбет пен саяси мәнге ие болған Қазақстанның жаңа астанасы жұртшылықтың талап – тілектеріне сәйкес 1998 жылдын 6 мамырында Астана деп аталды. Бұл көрікті де үлкен қала Есіл өзенінің оң жағын ала жайғасқан. Қаланың іргесі өткен ғасырдың бас кезінде әскери бекініс ретінде қаланды. Астана еліміздің нақ ортасында, аса маңызды жолдардың торабынлда орналасқан. Республиканың кез келген жерімен қатысуға қолайлы. Астананың мұнда көшірілуінің бір себебі осында жатыр.

2-тапсырма. Мәтін мазмұны негізінде жоспар құрыңыз.

3-тапсырма. Астана қаласындағы «Бәйтерек» құрылысының тарихы туралы не білесіз?

Грамматикалық сілтеме:

Тілімізде ойды бейнелеп, әсерлеп айту үшін қолданылатын арнайы сөз тіркестері бар. Ондай тіркестегі құрамындағы сөздердің орын тәртібі берік, тұрақты болады, орнын ауыстыруға болмайды. Сондықтан оларды тұрақты тіркестер немесе фразеологиздер деп атайды. Мысалы: қас пен көздің арасында.

4-тапсырма. Астана қаласының келбетін тұрақты тіркестер арқылы сипаттаңыз.

5-тапсырма. Берілген тұрақты тіркестердің қай сөзге балама болып тұрғанын анықтаңыздар.

Үлгі: Тайға таңба басқандай – анық, қой аузынан шөб алмайды – жуас.

Төбе шашы тік тұрды, бетінен оты шықты, қабағынан қар жауды, іші-бауыры елжіреді, аузынан суы құрыды, талағы тарс айырылды, бір ұрты – қан, бір ұрты – май, салы суға кетті, қас пен көздің арасында, тепсе, темір үзеді.

6-тапсырма. Сараң, жылдам, батыр, ақкөңіл, қорқақ, әдемі сөздерінің мағынасында жұмсалатын тұрақты тіркестерді тауып, сөйлем құраңыз.

7-тапсырма. «Ел Ордасы – Астана» деген тақырыпта ой толғау жазыңыз.

4-САБАҚ

Лексикалық тақырып: Көне Тараз тарихы

Грамматикалық тақырып: Сөздік құрам мен сөздік қор

Лексикалық минимум: деректер, әйгілі, айрықша, айғақ, сәулет, аумақ, дәір, құнарлы, ықпал.

1-тапсырма. Мәтінді оқып, баяндаңыз.

Көне Тараз тарихы

Нақтылы деректер бойынша осыдан жиырма ғасырдай бұрын дүние жүзіне әйгілі сонау Тынық мұхиты жағалауларынан бастап ертедегі Рим қабырғаларына дейін созылған керуен жолы – Жібек жолының бойында пайда болған сәнді сарайлары бар Талас-Тараз қаласының тарихта айрықша орны бар. Оның жаугершілік заманда талай рет талқандалып, талай рет қалпына келген қала екенін дәлелдейтінін айғақтар аз емес. Көне парсы-араб деректері бойынша Тараз қаласы кезінде өлкеміздің саяси-экономикалық және мәдени орталығы болып, батыс пен шығысқа танылыпты. Бізге жеткен тарихи деректерге сүйеніп, Тараз қаласының орнын қазіргі Тараздың орталық базары екенін тұңғыш рет болжаған М.Е. Массон деген көрнекті ғалым екен. Сонан соң қаланың орны орталық базар екенін академик А.Н. Бартольд ғылыми жағынан дәлелдеп шықты.

Қаланың цитодель, шахристан және рабат деп аталған аудандары қазіргі қазақ қаласындағы орталық базардың аумағында болған. Онда мұсылмандардың сәулетті мешіті мен шығыс моншасы сияқты айрықша көз тартатын ғимараттар бар екен. Қаланың өз ақшасы да болған.

Қарахандар әулеті дәуірінде Таразда сәулет өнері кең құлашын жаяды. Осы кезде Қараханның (Әулие атаның), Бабажы-хатынның, Айша бибінің кесенелері пайда болады. Осы тарихи маңызы бар ғимараттардың құрылысында және өңдеуінде гипс, алибастр, оюлы терракота, қабырғаларға жапсырылған плиткалар пайдаланылған.

Тараз қаласының гүлденуіне оның табиғаты бай, жері құнарлы алқапты, «Ұлы Жібек жолының» бойында орналасуы зор ықпалын тигізді. Жазба деректер және археологтардың айтуы бойынша керуендердің арасында ғалымдар, жазушылар, дипломаттар сапар шегіп келеді екен.

2-тапсырма. Тараз тарихы туралы не білесіз? Өз білетіндеріңізді толықтырып айтыңыз. Айша бибі кесенесінің тарихы туралы не білесіз?

3- тапсырма. Лексикалық минимумда берілген сөздердің мағыналарын анықтап, синонимдер қатарын құрыңыз.

Грамматикалық сілтеме: Тіліміздегі барлық сөздер жиынтығын сөздік құрам құрайды. Бір тілде сөйлейтін жалпы халыққа түсінікті сөздер жиынтығын сөздік қор дейміз.

4-тапсырма. Мәтінннен көнерген сөздерді табыңыз.

5-тапсырма. Өз мамандықтарыңа байланысты 10 термин 6атыстырып, сөйлем құраңыз.

6- тапсырма. Туған жер, туған ел, Отан туралы 10 мақал-мәтел жазыңыз.

7-тапсырма. «Туған өлкем – қандай көркем». Эссе жазыңыз.